Презентация по казахскому языку на тему Батыр баян

Раздел Другое
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян»поэмасын талдау
Сабақтың мақсаты:
а) Мағжан поэмаларына талдау жасау, әдебиет теориясымен ұштастыру, поэманың тарихилығы, ақынның образ жасаудағы шеберлігі.
ә) Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, сөз астарына үңіліп мағынаны түсіндіру, түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға үйрету.
б) Туған жерге деген сезімдерін қалыптастыра отырып, сүйіспеншілігін арттыру, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: іскерлік дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, бейнетаспа, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы: І ұйымдастыру кезең
ІІ өткенге шолу
ІІІ үй жұмысы түйіндеме арқылы тексеру
Сызба
ІҮ жаңа тақырып М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасын талдау
«Батыр Баян» - ақын шығармаларының ішіндегі ең әсерлі, ақынның ғажайып суреткерлік талантын мейлінше танытқан поэма. Ақын поэма жазудағы мақсатын былай түсіндіреді:
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл қолым емес кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да.
... Ертегі уатпай ма баланы да.
Сөз сиқыры ғой, жазбай ма жараны да.
Иә, сөз құдіретін түсінген адамға ақын монологының айтары мол. Бұл жолдардан заман бейнесі де, ақынның ауыр күрсінісі де, сөз құдіретін бағалау да көрініс тапқан.
Бұл поэма - өршіл рухта жазылған психологиялық поэма. Баянның батырлығы, оның махаббаты, адамгершілігі, ашуы қызғанышы, ыза - күйігі, өкініші, қалмақтан кек алуы, ажалы шығарманың он бойында ақынның алмас тілімен жарқырай ашылған.

1 - тапсырма.
І Түйіннің тоқсан түрлі шешуі бар,
Әдемі ертегідей баяғыда.
Әдемі өткенді ойлап айнымасам,
Сұм өмір күшті уын аяды ма?
Ақынның жаны неге жаралы? Ақын өмірі сол кездің аур шындығын поэманың басындағы ақын монологын, яғни өз күй - сезімін толғаудан көріне ме?

ІІ Ертегі уатпай ма баланы да,
Сөз сиқыр ғой, жазбай ма жараны да.
Поэманың құдіретті тіліне көңіл аудар, сөз құдіреті туралы өз пікірің?

ІІІ Көкшенің көз жіберсем алабына,
Сарыарқа - сары дария қиыры жоқ.
Кез болсын қандай қыран талады да,
Ішінде сары дария көз тоқтатар.
Көкшетау - Сарыарқаның аралы да.
Күні кеше бұғы, маралы қойша өрген өлке неліктен асау, ерке аңдарынан жұрдай? Жел өтпейтін қызыл ағашы бүгіндер неге жап - жалаңаш?
Мағжан поэмаларында кейіпкерлері тарихи тұлға болып келуі жайдан жай емес. Ақын кейіпкерлер арқылы қазақтың бар болмысын аша білген. Сөзіміз дәлелді болу үшін тағы бір поэмаға ойысып көрелік.

2 - тапсырма
І. Поэманың кейіпкерлеріне талдау
Күндерде сонау қара тапсырған ел,
Тағдырын Абылайдай данасына.
Поэмадан Абылай бейнесін аш.«Ежелден Абылайда екі сөз жоқ» деген сипат Абылайдың қандай қасиетіне берілген баға?
ІІ. «Жиылды өңшең ноян ығай - сығай». Поэмада ақын батырлар образының галереясын жасау үшін қандай сөз қолданыстарын пайдаланған?
ІІІ. Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат,
Баянсыз қанатымды қалай жаям...
... Бірін айт, бәрін айт та - Батыр Баян,
Туғанда «Алашым!» - деп еңіреп еді.
Баян образы поэмада қалай сомдаған? Мысалдармен дәлелде.
Поэманың тілі
Эпитеттер
Сұм өмір, қу өмір, қыран көз, тас жүрек, Бұйра сыпсың қарағай, найза қия, толқыны тұңғиық жыр, сұм садақ
т. б
Теңеулер.
Ертегідей, Меккедей, ашуы жауған қардай, жолбарыстай, көшкен бұлттай, қара тастай, жібектей, оқ жалындай, аш бөрідей, судай тасты, ақ сұңқардай.
Метафоралар:
Өмір абақты, сөз сиқыр, Сарыарқа - сары дария, Бурабай - Арқа аралы, тілің шаян, шаңы - бұлт, көкжал қарт қыран.

Бекіту.
Арқаның селі, желі, шөбі,
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас Ой тұжырым жасау.

Не көрсем де, алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім - деп ақын айтпақшы рухшыл алаш ұлында отты жалын әр кеудеге сәуле төгуі тиіс.
Бағалау.
Үйге:
«Баянның іздері мәңгілік, халыққа сәуле боп тарайды» тақырыбына шығарма жазу.

© 2010-2022