Ел бірлігі – Бұқар толғауларының басты тақырыбы. «Бірінші тілек тілеңіз» өлеңі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: Г.Бахтыгереева

Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Б. Аққошқарова

Күні: 22.12.2014

Пәні: қазақ әдебиеті

Класы: 9

Тақырыбы:

Ел бірлігі - Бұқар толғауларының басты тақырыбы. «Бірінші тілек тілеңіз» өлеңі

Мақсаты

Бұқар жырау, оның өмір жолы мен шығармашылығы жөнінде түсінік беру, шығармаларына тән ел бірлігі мәселесіне тоқталу, Бұқар жырау дәуірі, сол кездегі халық тұрмысымен таныстыра отырып, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін дамыту.

Күтілетін нәтиже

Бұқар жырау шығармаларының тақырыбын аша алады, танысады, құндылығына көз жеткізе біледі, өз ойларын жүйелі сөзбен жеткізуге бейімделеді;

Түйінді идеялар

«Айнала алмай ат өлсін,

Айыра алмай жат өлсін,

Жат бойынан түңілсін,

Бәріңіз де бір енеден туғандай болыңыз» Бұқар жырау.

Сабақ кезеңдері:

Сабақ барысы

Бағалау

ресурстар

  1. Кіріспе

1.Амандасу. Көңіл-күйлерін сұрау

2.Психологиялық тренинг

3.Топқа бөлу.

Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады.

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ - деген сөзді кім айтып еді?

Смайликтер


  1. Тұсаукесер

Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Зымыран сұрақтарына» жауап алу.

1) «Жоғары қарап оқ атпа,

Жуық түсер қасыңа...»- кімнің сөзі?

2) Қазтуған жыраудың қандай жырларын білесің?

3) Жыраулар поэзиясы қай кезеңнен басталады? Оның басты өкілдері кім?

4) «Көшпенділер философы» деген сөз кім туралы айтылған? Бұл сөзді кім айтты?

5) «Айналайын Ақ жайық

Ат салмай өтер күн қайда,

Еңісі биік боз орда

Еңбекке кірер күн қайда», - деп арман айтқан қай жырау?

6) Есім ханның «қолына сүйесін; қолтығына демесін» болған кім еді?

7) Балпаң, балпаң кім баспас,

Басарға балтып шыдамас,

Батырмын деп кім айтпас,

Барарға жүрек шыдамас. Кімнің жыры?

8) Жыраулар поэзиясынан қандай ой аңғарылады. Ерекшелігі қандай?

9) ХVIII ғасырдағы тарихи жағдай қандай болды?

10) Бұқардың өмірі мен жыраулық өмірі туралы кім сыр шертеді?

11) Бұқар аталарыңның қандай өмір туралы толғаулары бар?

12)Ақын толғауларында қандай әлеуметтік мәселелер көтерілген?

Жетон арқылы бағалау

Сұрақ жазылған парақшалар

  1. Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

Бұқар жырау толғауларын үлкен төрт топқа бөлуімізге болады.ДЖИКСО әдісі арқылы жаңа сабақты меңгерту

1-топ: Өмір жайлы талғаулары.

2-топ:Адам өмірінің кезеңдері жайлы.

3-топ:Ел бірлігі жайлы.

4-топ:Абылай ханға арнаған толғаулары жайлы

Шығармашылық жұмыс

1. «Бірінші тілек тілеңіз» өлеңіндегі он бір тілектің мағынасын аштыру.

1. «Керей қайда барасың?» өлеңіне талдау жасаңдар.

2. Бұқар өлеңдеріндегі мақал-мәтел, нақыл боп кеткен сөздерді тауып, олардың бүгінгі күні қандай мәні бар екенін айтып беріңдер


Екі жұлдыз, бір тілек


Кесте

  1. Қорытынды

Бұқар толғауларының өзектілігі неде? Топтастырып жазу.

Үш шапалық

Қосымша оқу

Үйге тапсырма

1-деңгей. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы 2-деңгей. Мәнжазба дайындау 3-деңгей. Сыныптан тыс материал жинақтау, «Бірінші тілек тілеңіз» өлеңін жаттау

Рефлексия

«Бүгінгі сабақ қалай өтті?»

Не сәтті өтті?

Нені дамыта аласыз?

Топтық, жұптық жұмысқа төселдіре аламын.

Не сәтсіз өтті?

Нені өзгерткіңіз келеді?

Оқушылардың тапсырманы өз бетімен орындауда ізденуіне, жұмыстануына ықпал етуді.









Төле би сөзі:

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

Қазыбек би сөзі:

Тату болса - ағайын жақын,

Ақылды болса - апайың жақын.

Бауырмал болса - інің жақын.

Сыйлас болса - нағашың жақын.

Әйтеке би сөзі:

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқыласа сөз қиын,

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаса серт қиын.







«Қыз Жібек» жыры бойынша тест тапсырмасы

1. Базарбайдың Төлегеннен бұрын қанша ұлы болды?

А.6. Ә.7. Б.8. В.9.

2. Базарбайдың ұлдары қалай опат болды?

А. Жол апатына ұшырады. Ә. Жау қолында қалды. Б. Оба ауруына ұшырады. В. Шетінеп кетті.

3. Төлеген мен Сансызбайдың арасы неше жас?

А.9. Ә.5. Б.3. В.7.

4. Төлеген қай жасында қалыңдық іздеуге шықты?

А.10. Ә.11. Б.12. В.13.

5. Төлеген өзіне лайық қалыңдық барын кімнен естиді?

А.көршісінен Ә.анасынан Б.досынан В.саудагерден

6. Ақжайық елі қанша күндік жол болды?

А.1 айлық. Ә.70 күндік Б.100 күндік В.тәуліктік

7. Төлеген елден қанша жорға алып шығады?

А.40 Ә.100 Б.200 В.250

8. Төлеген мен Жібекті таныстыруға кім себепші болады?

А.Шеге Ә.Қаршыға Б.Қасындағы қосшылары В.Жібектің жеңгесі

9. Жібектің әкесі кім?

А.Сырлыбай Ә.Тоқтарбай Б.Қарабай В.Сарыбай

10. Жібектің қанша ағасы бар?

А.3 Ә.6 Б.7 В.5

11. Төлеген Шекті елінде қанша уақыт болады?

А.1 ай Ә.2 ай Б.3 ай В.6 ай.

12. Төлеген кімнің қолынан қаза табады?

А.Қаршыға Ә. Бекежан Б. Қалмақ В. Қарақшы

13. Төлеген өлген соң, Жібекті кім айттырады?

А.Бекежан Ә.Қорен Б.Шеге В. Сансызбай



© 2010-2022