Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары: Ертегілер елінде

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өскемен қаласының әкімдігінің «№16 орта мектебі»

коммуналдық-мемлекеттік мекемесі



Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер елінде...»

Сынып: 5 «Б»








Құсанова Ботагөз Қаршығақызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі




















Өскемен, 2012 жыл














Күні

4-күн

4-сабақ

Сабақтың атауы

Ертегілер елінде...

Сілтеме

Оқулық, әдістемелік құрал

Жалпы мақсат

Ертегілерді қайталау барысында толық кешенді талдауға, кейіпкер бейнесін толық аша білуіне, сыни тұрғыдан ойлауына бағыттау.

Оқу нәтижелері

Ертегілер бейнесіне кешенді талдау жасауға үйрету. Сыни тұрғыдан ойындағысын еркін, нақты жеткізе білуіне дағдыландыру.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

* Ертегілердің мазмұнын білуі.

* Ертегіге толық сатылай кешенді талдау жасай алуы.

* Кейіпкерлер бейнесін толық аша білуі.

Тапсырмалар

1.Мағынаны тану.

3.Ой-толғаныс.

Ертегілер еліне саяхат.

2. ауызша жұмыс.

4.Сәйкесін тап.

5.Дидактикалық бірліктерді ірілендіру.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,болжау,талдау,топтастыру, мағынаны тану, дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қима қағаздар, ертегінің аттары жазылған плакат, слайдтық суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру .

1. Ауа -райын болжау арқылы көңіл-күйлерін анықтау.

2. Үй тапсырмасын тексеру арқылы саяхатқа рұқсат қағазын алу.

2. Мағынаны тану.

Ертегілер елінде...

Топтық жұмыс( сұрақ-жауап)

  1. Хайуанаттар елі

  2. Қиял-ғажайып елі

  3. Шыншылдық елі

  1. Қасқыр,түлкі,сиыр,ит,қоян ерт егінің қай түріне тән кейіпкерлер?

  2. Үзінді қай ертегіден? «...Бала жүріп келеді. Кербестіні басы ауған жағына қарай еркіне қоя береді. Осымен бірнеше күн жүреді...»

  3. Ертегідегі сырттандарды атаңыз.

  4. Таусоғар,Желаяқ,Саққұлақ,Самұрық құс қай ертегінің кейіпкерлері?

  5. «Ер Төстік» ертегінің қай түріне жатады?

  6. Бұл ертегідегі басты кейіпкер?

  7. «Ертеде Мадан деген хан болыпты.Оның ақылы,тапқырлығы өзінің заманындағы көп хандардан артық екен...» деп басталатын ертегі

  8. Ертегінің қай түрі?

  9. «Аяз би» қалай аяқталады?

3.Болжау

1. Қиял-ғажайып ертегілер мен шыншыл ертегілердің айырмашылығы және ұқсастығы қандай? Венн диаграммасы бойынша

2. Ертегі қалай тараған? Неге?

3. Ертегіде не бейнеленеді?

Сергіту сәті.

Тапсырма. «Ой саласы» Әр топ кез келген топқа сұрақ дайындау, сұрақтар саны 3 сұрақтан кем болмауы тиіс.

Тапсырма.әр топқа парақшалар тарату, үзінділер жазылған. Қай ертегіден алынған үзінді екенін анықтау.

1.Бір мезгілде тау қаңбақтай ұшып, тас бұршақтай жауады. Шалқұйрықтың құйрығына қазандай қара тас орала кетеді. Шалқұйрықтың шапқан салмағына шыдамай қара жер қақ иайырылады. ( «Ер Төстік» ериегісі)

2. Мен жаман- жақсы болсам да, үйіңізге келген қонақ едім. Хандардың ішер асы - жал мен жая аузыңызға түспей, нан, көже түсіп, аспазшыға жібердіңіз. Салттыңызға тарттыңыз. Сіздің аталы хан екеніңізді содан байқадым. («Аяз би» ертегісі)

Тапсырма. Сәйкесін тап.

Тапсырма . «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Сырттандар», «Аяз би» ертегілеріндегі кейіпкерлерді орналастыру. Әр топқа кейіпкерлер жазылған қима қағаздар беру.

Топтық жұмыс. «Елес жетелеу» стратегиясы «Ертегілер еліне саяхат» ( 2 минут көздерін жұмып ертегі елестету және әңгімелеп айту)

Бағалау: деңгейлік тапсырмалар парағы, яғни бағалау парағы арқылы топ басшысы өз тобындағы оқушыларды жекелей бағалайды және топтар бірін - бірі бағалайды.

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Сабақ барысындағы жұмысы

Топтық тапсырмалар бойынша жұмысы

Қорытынды баға

Мұғалім бағасы

Үйге тапсырма: Баяғы өткен заманда...ертегі жазып келу.

Рефлексия. Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім...


© 2010-2022