Ж. Жабаев Өтеген батыр дастаны

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән мұғалімі: Тұрымбетова Аружан Тілеубекқызы

Сыныбы:

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Ж.Жабаев «Өтеген батыр» дастаны

Сабақтың мақсат-міндеттері:

а) білімділік:

Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты мәлімет беру.

ә)дамытушылық:

Сауатты жазуға, мәдениетті сөйлеуге, сөздік қорын молайтып, өз ойын еркін әрі жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.

б) тәрбиелік:

Сабақ барысында ізгі қасиеттерге, еңбекқорлыққа, батырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Сатылай кешенді талдау

Сабақтың типі:

Аралас

Сабақтың түрі:

Дәстүрлі

Сабақтың әдістері:

Түсіндіру, сұрақ- жауап

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Қосымша оқулық

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Қазақ тілі, тарих

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының

назарын сабаққа

аудару;

-оқу

құралдарының

дайындығын

тексеру

-амандасу;

-кезекшілік

міндеттерін

атқару;

-сабаққа

дайындалу;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

М.Жұмабаевтың «Қысқы жолда» өлеңі жатқа сұралып, сатылай кешенді талдау жасалады.

ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық:

Өткен сабақты пысықтау арқылы жаңа сабақпен байланыстырамын

Күннің ретін, жаңа сабақтың тақырыбын жазып, сабақ тыңдауға кірістіру.

ІV. Жаңа материалды түсіндіру:

а) жаңа ұғымға байланысты жұмыс

Ж.Жабаев 1486 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданына қарасты Хантауы баурайында дүниеге келеді. Жамбылдың бала кезінде шығарған өлеңдері бүкіл Жетісу өңіріне даңқы жайылған Сүйінбай ақынға ұнайды. Сүйінбай жасөспірім Жамбылға мынадай кеңес береді: «Сенің өлеңдерің ақиқат пен әділдікті айтатын болсын, жырларың өзіңнің айналаңда болып жатқан оқиғалар жөнінде болсын, жекелеген адамдарға емес, бүкіл халыққа жағатын болсын» Сүйінбайдан бата алған Жамбыл ұстаз өсиетіне өмір бойы адал болған. Ақынның: «Менің пірім-Сүйінбай»-деуі де содан.

Жамбыл хат танымаған. Ақынның 1930 жылдарға дейінгі өлеңдері ел аузынан және есінде қалғандарын өзінің айтуымен жазылып алынған, барлығы-елудей. Азулы ақын бай мен молда, болыс пен старшындардың елге қиянатын, парақорлығын әшкерелейді. Мысалы, Мәңке дейтін болыстың жылқы ұрлаған ұрылардан мал алып, параға жығылғанын бетіне басады.

Жамбыл туындыларының мазмұны бай, тақырыбы сан алуан. Соның ішінде ақынның қомақты көркем саласы-сатиралық өлеңдері. Жамбылдың үлкен сатирашы ақын екені оның «Кәдірбайдың төбеті», «Кәкімге», «Сәт сайланарда» ж.т.б.

Жамбыл шығармашылығында айтыс қомақты орын алады. Жамбыл-айтыстың асқан шебері. Ол өз кезеңінің аатақты ақындарымен айтысып, бірде-бірінде жеңілмеген. Жамбыл мен Құлманбет айтысы-күрделі, мазмұны кең айтыс. Ешқашан жеңіліп көрмеген Құлманбетті Жамбыл ақын жеңеді. Жамбылдың Отаншыл жырларының ішінде дастандары ерекше орын алады. Бұл қатарда оның «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Заман ағымы» сынды ұзақ жырлары бар. «Өтеген батыр» дастаны-қиял-шындығы аралас қызық туынды. Мұнда халық арасында жақсы қоныс іздеу арманынан туған «Жерұйықты»іздеу немес «Жиделі Байсынды» іздеу идеясы жырланған.

ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма

Ақынның өлеңін мәнерлеп оқытып, тәрбиелік мәнін ашу арқылы оқушы пікірін ортаға саламын.

V.Жаңа білімді бекіту:

Оқушыларға сұрақтар жазылған қима-қағаздар таратып, жауап алу арқылы сабақты бекітемін.

  1. Жамбылдың қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны

  2. Жамбылдың қандай шығармаларын білесің?

  3. Жамбылдың ұстазы туралы не білесің?

VІ. Үйге тапсырма:

Ж.Жабаев өмірі мен шығармашылығын зерттеу

VІІ.Бағалау:


Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушы білім дәрежесіне орай бағаланады.

Қойылған баға күнделікке түседі






© 2010-2022