Сабақтың тақырыбы: Мезгіл бағыныңқы сабақтас

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Қоянды ауылы

Қоянды орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Кенжетай Бердігүл

Күні:

Сыныбы:

Пәні:

Сабақтың тақырыбы: Мезгіл бағыныңқы сабақтас

Бүгінгі сабақтың мақсаттары:

Білім беру:Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарымен таныстырып, жаттығу арқылы талдай білуге үйрету.

Тәрбие беру: Оқушыларды іскерлікке, ізденіске,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Дамыту: Сөйлеу тілдерін жетілдіру, шығармашылық

қабілетін дамытуға ықпал жасау;

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: баяндау, талдау, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: кесте, сызба, кітап, тақта, бор.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау

3. Жаңа сабақ

Мезгіл бағыныңқы сабақтаста бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіреді. Сұраулары: қашан? Қашаннан бері? Қай кезде? Басыңқыдан бағыныңқыға қойылады. Бағыныңқыларының баяндауыштары есімшеден, көсемшеден, шартты райдан және -ысымен, -ісімен жұрнақтары арқылы жасалады.

Мезгіл бағыныңқы

Мен айт +

1

Жатыс септігі есімше/ -ғанда, -генде, -қанда, -кенде

ол жазды

2

Барыс септ есімше/ -ғанға, -кенге, -қанға, -кенге+дейін, шейін

ол жазды

3

Шығ с ес/-ғаннан, -геннен, -қаннан,-кеннен+кейін, соң

ол жазды

4

Септ шыл тірк арқ/ -ған, -ген, -қан,-кен +сайын

ол жазды

5

Мезг үст/ -ған,-ген,-қан,-кен +кезде, сәтте, уақытта

ол жазды

6

(-ған,-ген,-қан,-кен) + ша,-ше

ол жазды

7

Есімшенің болымсыз түрінен кейін бұрын үстеуі келуі/ -ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе +с+бұрын

ол жазды

8

-ысымен,-ісімен, -сымен, -сімен

ол жазды

9

-арда, -ерде, -рда

ол жазды

10

-ғалы,-гелі, -қалы, -келі

ол жазды

11

-ғаннан, -геннен, -қаннан, -кеннен + бері

ол жазды

12

Шартты райлы етістіктің жіктік жалғауы /-са, -се

Ол келсе, сабақ аяқталыпты.

Белгілері:

1.Мезгіл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқысы басыңқыдағы істің, оқиғаның мезгілін білдіруі қажет.

2. Басыңқыдан бағыныңқыға қашан? Қай кезде? Қашаннан бері деген сұраулар беріледі.

3. бағыныңқының баяндауыштары әр түрлі, - шек қоюға болмайды. Дегенмен шылау тіркескен есімшелер: -гелі формалы көсемше; -ысымен, -ғасын формалы етістіктер мезгіл бағыныңқы мағына туғызады.

4. Компоненттерінің арасын үтір арқылы ажыратады.


Кубизм.

1. Анықта. Оқыған шығармаларынан мезгіл бағыныңқыға мысал жинап, талда.

2. Салыстыр.Мезгіл пысықтауышты жай сөйлем, ыңғайлас салалас және мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді тақтаға қатар жазғызып, салыстыра, әрқайсысының өзіндік белгілерін, ұқсастық жақтары мен айырмашылықтарын көрсете талдау.

Мысалы:

1. Қорқақтар үшін қауіп бар да, батырлар үшін мәңгілік өшпейтін атақ бар.

2. Айғай өте ұзаққа созылды және ешнәрсені түсінерліктей болмады.

3. Ойыңмен байланыстыр. Берілген компоненттерді толықтырып, мезгіл бағыныңқы сөйлем құраңдар.

Оқулықпен жұмыс. 132-жаттығуды берілген шарты бойынша орында.

Сабақты бекіту: сұрақ-жауап

Үйге тапсырма: 133-жаттығу

Бағалау:


© 2010-2022