Қазақ тілі пәні 7 сынып ауыспалы өткен шақ

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Қазақ тілі 7 сынып

17.02.2016 жыл


Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың етістік шақтары туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы жаңа тақырып туралы түсініктерін бекіту.

3.Дамытушылық: Оқушылардың дүниетандарын кеңейту, морфологиялық талдау жасау дағдыларын дамыту.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды сабақтың мазмұны арқылы ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабактын әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте сызбалар, слайдтар

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. 134-жаттығу

2. Бұрынғы өткен шақ

3. Үлестірме қағаздармен жұмыс ( О.Байзақованың карточка сұрақтары)

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1.Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.

1. Асан ауылға жиі баратын.

2. Сен кітапханаға қашан баратын едіңдер?

2.Оқушыларға лингвистикалық білім беру.

Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Асан ауылға жиі баратын. Седер кітапханаға қашан баратын едіңдер?Бірінші сөйлемде бару қимылының болып кеткенін байқасақ, екінші сөйлемде бару қимылының әлі болмағанын, бірақ болуға тиісті екенін аңғарамыз.

Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі) жұмсалады. Ал ауыспалы келер шақ тікелей жіктелмейді, тек еді көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады.





Ауыспалы өткен шақтың жіктелу үлгісі

Жақ

Жекеше

Көпше

І

ІІ

ІІІ

Көретінмін, қарайтынмын, баратын едім

Көретінсің, қарайтынсың, баратын едің

Көретінсіз, қарайтынсыз, баратын едіңіз

Көретін-, қарайтын-,

Баратын еді-

Көретінбіз, қарайтынбыз, баратын едік

Көретінсіңдер, қарайтынсыңдар, баратын едіңдер

Көретінсіздер, қарайтынсыздар,

баратын едіңіздер

көретін-, қарайтын-, баратын еді-

3.Оқушыларға етістіктің шақтары туралы слайд кесте көрсету. Кестедегі берілген мысалдарды топпен талдау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс.

1) Оқулықтағы лингвистикалық анықтамамен таныстыру.2) Жаттығулар орындау.

136-жаттығу.Оқып шығып, ауыспалы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, олар қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.

Тұратын, оқитын, қайтатын, көрінбейтін, соғатын, алатын, қарайтын, кететін.

138-жаттығу.Мәтінді көшіріп жазып, етістіктерді шақ түрлеріне қарай талдаңдар.

Екі соқа

Бір заводтан екі соқа істеліп шықты. Біреуі егіншінің қолына түсті. Егінші онымен жер жырта бастады.

Екінші соқа еш қимылсыз аулада жатты.

Арада бірнеше ай өткен соң, екі соқа кездесіп қалды. Жұмыс істеген соқа күмістей аппақ болып жалтырап тұр. Ал қимылсыз жатқан соқа жалтырап тұрған соқадан:

Сен неге мұнша жалтырап, әдеміленіп кеткенсің? - деп сұрайды.

Мен еңбек еттім. Еңбек кімнің де болса шырайын кіргізбей ме? - деп жауап береді.

  • Тапсырма. Барлық шаққа (жарыс ойыны). Оқулықта берілген ойын шарты арқылы тапсырманы орындап, ойынды жалғастыру.

IV. Үйге тапсырма беру:

1. 137-жаттығу

2. Ауыспалы өткен шақ

V . Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VI. Сабақтың аяқталуы.


© 2010-2022