Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғаймыз

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғаймыз.Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғаймыз.Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғаймыз.Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғаймыз.Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғаймыз.Сыныбы: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғаймыз.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адаммен табиғаттың арасындағы байланысты және адамзат табиғаттың панасы екенін түсінетін болады.

Міндеттері: (мазмұнға байланысты)

Оқушылар табиғат қорғау қоғамы және «Қызыл кітап» туралы білімдерін толықтырып, жаңа мәліметтер алатын болады, оқулықтан басқа ақпараттар арқылы (қосымша мәтін) алған білімдерін өмірде қолдана алатын болады.

(СТО - ға байланысты):

оқушылар табиғаттың бір бөлігі болып, табиғатты қорғауға әсер етіп, өз істеріне талдау жасай алатын болады.

(Топтағы жұмыс):

оқушылар кішігірім топ іс-әрекеттерін жоспарлап ұйымдастыра алатын болады.

Өздерін бағалауға үйренеді.

Қажетті құралдар:

Табиғат туралы суреттер, «Табиғаттың панасымыз» өлеңіне арналған сурет, «Қызыл кітап», «Қазақстанның табиғаты» атты кітап, оқулықтар, ватман, мәтіндер, маркер, үнтаспа.

І.Қызығушылықты ояту сатысы:

1. Амандасу. Кіріспе сөз. Топтастыру.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар.

- Қазір қандай сабақ?

-Біз қазақ тілі сабағына қандай көңіл-күймен келдік?

- Не өтіп жатырмыз?

-Иә, «Біздің мекеніміз», «Табиғат» - атты тақырыптар өтілді.

2. Үй жұмысын тексеру.

- Үй жұмысы қандай? (Теміртаудың табиғаты туралы эссе жазу).

а) Жұмыс топта жүргізіледі.

Топтағы жұмыс. Әрқайсысы өз жұмыстарын оқып, ортаға 1 шығарма шығарылады.

б) Әр топтың спикерлері шығарманы оқиды.

3. «Топтастыру» стратегиясы.

Қойылған міндет: оқушылардың білімдерін жинақтау, қызығушылықты ояту.

«Табиғат» сөзіне 3 ассоциация жазу.

а) жеке

ә) жұпта

б) топта

в) ортаға шығару

г) ортақ ойды топтастыру.

(Мұғалім оқушылардың сөздерін тақтаға жазып тұрады).

Мысалы:

Орман

Таза ауа

Табиғатқұстар

Су

Сұлу


ІІ. Мағынаны тану сатысы.

1. Мәтін үлестірер алдында, оқушыларға нақты тапсырма түсіндіріледі.

2. Мәтін үлестіріледі. ( «Табиғатты қорғаңдар»).

а) оқушылар мәтінмен танысады.

ә) жұмыс тобын құру. (1,2,3,4).

б) мәтінді бөліктерге бөлу.

в) тапсырма беру.

1. Жаңа сөздермен танысу.

2. Аудару. (1 топ - 1 абзац, 2 -2, 3- 3, 4-4).

3.Үй тобына оралу, әкелген мәліметтермен бөлісу.

4. Ортақ ой шығару.

Әр топтың спикері аудармасын оқиды.

3. Әр топқа мәтін бойынша 3 сұрақ беріледі.

Әр топтағы жұмыс әрекеті:

- жеке - жұпта топта жауап береді.

Ортақ шешімге келеді.

4. Әр топтың спикері жауаптарын оқып, топтастыру жалғасады.

Қазына Қоғам Халықаралық

пайда Табиғат өсімдіктер

1966 жылы Қызыл кітап парақ

Қызыл Сары Сирек Аз

Жаңа сөздерді қатайлау.

5. «Кері байланыс» стратегиясының сұрақтары арқылы кері кетіп, бекіту.

- 1966 жылы не құрылды?

- Қандай қоғам құрылды?

- Ол қоғам пайдасы қандай? Не үшін керек?

- Құстар, аңдар неге азайып барады?

- Біз оларды қорғау үшін не істей аламыз?

ІІІ. «Ой толғаныс» сатысы

«Табиғаттың панасымыз» өлеңімен жұмыс.

Суретпен жұмыс.

а) суретке қарап, ойланыңдар, не туралы өлең?

ә) Гүл, ағаш, аю топтарына бөлу.

2. Өлеңді мәнерлеп оқу, тыңдау, мағынасын түсіну.

3. Әр топ гүл, ағаш, аю рөліне кірігіп, табиғаттың бөлігі болып сезінеді.

а) -Сен ағашсың, сені шауып жатыр, сен не сезесің, сен қандай күйде боласың?... Елестету.

ә) Оқушылардың жауабы.(ауыртады, жылаймын...)

б) Мұғалімнің сөзі:

Табиғаттың панасы-

Біздің мына өзіміз,

Адамзаттың панасы. - деген сөздерімен сабағымды аяқтаймын.

Үйге: Табиғаттың атынан «Мені қорғаңдар, достар» деген эссе жазу.

Бағалау.

Әр сатыдан кейін, бағалау парағы арқылы оқушылар өздерін бағалап, мұғалім қорытады.

Тұжырымдау



© 2010-2022