Сыныптан тыс іс-шара Алдыен сүй, ардақты ата-анаңды

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1

Сыныбы, мұғалімі, күні

9б, Сынып сағаты С.Мұстафаева

2

Сабақтың тақырыбы

«Ер жеткен уақытта әке-шешемізге қалай көңіл бөлеміз?»

3

Жалпы мақсаты:

Оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.

4

Сілтеме:

Баспасөз материалдары, интернет желісі

5

Әдіс-тәсілдері:

СТО, талдау, АКТ

6

Сабақтың нәтижесі:

Ата-ананың алдындағы жауапкершілікті түсінеді, құрметтеуге үйренеді.

7

Іс-әрекеттің түрлері:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

  1. Топқа бөлу

  2. Тапсырма түрлерін дұрыс ұйымдастыру

  3. Бақылаушы, бағалаушы қызметін атқару.

Оқушы іс-әрекеті:

1.Топта бірлесіп жұмыс жасау

2.Берілген тапсырмаларды түгелдей қамтып орындайды.

8

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түс таңдау бойынша үш топқа бөлу, жүректен-жүрекке бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.

Оқушылар топқа бөлінеді, бір-біріне сәттілік тілейді.

9

Білу:

Оқушыларға бүгінгі талданатын тақырыпты айту «Ер жеткен уақытта әке-шешемізге қалай көңіл бөлеміз?»

Ата-ана - әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы - Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады.
«Әкеге бағыну - тәңірге бағыну» деп әкені одан бетер дәріптеген. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызда адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауына арналады..

Оқушылар берілген тақырып бойынша жұмыс жасайды.

10

Түсіну:

Оқушыларға интербелсенді тақтада бейнеролик көрсету.

Тапсырма: осы көрініс бойынша кім қандай ой түйгенін айтқызу.



Слайдтарда берілген сұрақтарға назар аудару.

Оқушылардың осы сұрақтар төңірегінде ой түйіп отыруларын ескерту.

Бейнероликтен көрсетілген көрініс бойынша сөйлеуге дайындық жасайды.

Оқушылар көріністі өмірмен байланыстыра отырып талдау жасайды.


11

Қолдану:

Әр топтың осы тақырып бойынша дайындап келген тапсырмаларына кезек беру.

Оқушыларға көрсетілген бейнероликтер бойынша ой толғау жаздыру.

Слайдтар, бейне көріністер бойынша тақырыпты талдайды.




12

Талдау:

Оқушылардың ата-ана алдындағы парызы туралы пікірлерін айтқызу

1. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» - дегенді қалай түсінесіңдер?
2. «Анаңды Меккеге үш рет апарып келсең де ана сүтін ақтай алмайсың» - дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Ата-ананың үміт - арманы баламен бірге жасайды дегенді қалай түсінесіңдер?

Берілген іс-тапсырмалар бойынша өз ойларын айтады.






13

Жинақтау

Шын мәнінде, әлемдегі ең ұлы ақиқат - ата-ананың балаларына деген мейірімі. Бүкіл ғұмырларын балаларының бақыты үшін құштарлықпен пида еткен ата-ана қандай құрметке де ең лайық жандар. Олай болса ар-ожданы ояу әрбір перзент осындай өзіне адал берілген шынайы жанашырларға құрмет көрсетіп, сыйлап, қызмет жасап, олардың ризашылығын алуы керек.

Ұлағат сөздермен таныстыра отырып, оқушылардан осы сөздердің мағынасын сұрау.

  1. Баланың жақсысы - қызық, жаман күйік.

Абай

  1. Ата-ананы ұмытқан жас - опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.

Ғ. Мұстафин

  1. Ата-ананың қадірін білмеген - халық қадірін білмес.

Ғ. Мұстафин

  1. Ата-анаға ауыр сөз айтпа,

Атыңа ауыр жүк артпа

  1. Атасы тұрып ұлы сөйлегеннен без,

Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без


Оқушылар ұлағатты сөздер бойынша өз ойларын білдіреді.




14

Рефлексия

Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік.Білмеген- дерімізді бір-бірімізден үйреніп білдік.Ата-ана ардақтау хақында айтылған хадистерді оқып талдадық.Осының барлығы ата-аналардың арқасы. Ол үшін алдымен ата-анамызды ардақтап,құрметтеп,сыйлау біздің басты міндетіміз екенін ұмытпайық.

Ұл-қыздың міндеті - ата-ананы риза қылып, үнемі батасын алуы. Сол кезде үлкендердің мерейі өсіп, ұл-қыздың мерейі өспек.

Оқушылардың бүгінгі сабақ туралы пікірлерін айтқызу.


Кері байланыс жасау








© 2010-2022