Ерлік кездейсоқ болмайдывстреча с ветеранами Авганистана

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ерлік кездейсоқ болмайды»

1-жүргізуші:

Ардагерлер асқар таудай өр екен,

Сіздер барда ортаймайды берекем.

Борышын Ауғанстанда өтеген

Ағаларға бас иіп, етем тағзым.

2-жүргізуші:

«Ерлік кездейсоқ болмайды»атты кешті ашу рәсімі әскери жетекші Тухлибаев Әбдіхалық ағайға беріледі.

« Армысыздар! Құрметті Ауған соғысының ардагерлері!Қымбатты ата-аналар,оқушылар! Бүгінгі «Ерлік кездейсоқ болмайды»атты кешімізге қош келдіңіздер! Сіздердің жанұяларыңызға береке, елімізге бейбітшілік тілей отырып кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі кешімізге құрметті қонақтар қатысып отыр:

1)Ауған соғысының ардагерлері: Қасымбеков Қалдыбай мен Назарбеков Амангелді

ағаларымыз

2)Ауыл әкімі Қойшыбаев Мұрат ағамыз

3)Ауылымыздың ақсақалдар алқасының төрағасы Махамбетов Ерім әкеміз.

Бүгінгі бас қосуымыз Ауған соғысының ардагерлері мен онда құрбан болған ер жүрек сарбаздарға бағышталмақ..»

1-оқушы:

Ұмытылмас мәңгілік, сұм соғыстың зардабы

Сол үшін де адамның, бейбіт өмір арманы

Талай ана жесір қалып, талай ана зарлады

Күлге айналды өртеніп, жердің байтақ орманы

Ауыр тұрмыс,аштық кеп, талай жанды жалмады

Бүкіл халық бірігіп, душмандардан елді қорғады

Сол ерлердің бүгінгі ,сіздерсіздер қалғаны

2-оқушы:

Ауған соғысына өз Отанын қорғау үшін ауылымыздың азаматтары да аттанды.

Олар:Қасымбеков Қалдыбай,Назарбеков Амангелді.Бірақ, сан мыңдаған азаматтар туған еліне оралмай қаза болды.

3-оқушы

Батырсың мәңгі, жүрегін тосқан тасқынға

Жатырсың бүгін туған топырақтың астында

Есімің сенің еліңе жетті ерлік боп

Елеген жұртың тұрғызды саған тас тұлға.

Жүргүзуші: Құрбан болған батырларды бір сәт үнсіздікпен еске алайық...(1 минут үнсіздік)

Жүргізуші: Ауған соғысына Қазақстаннан 23000 адам қатысты. 761 сарбаз қаза болып,қазақстанда жерленген.26 сарбаз із түзсіз жоғалған. 1000-нан аса сарбаз мүгедек қатарына қосылған.Соғыстан кейін 1000 адам қайтыс болған.

Жүргізуші:

1979 жылы 25 желтоқсаннан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін 10 жыл көлемінде Ауғанстанда болған соғыста № 40 армия жауынгерлері өз міндеттерін атқарды.Қазақ жеріне бұл соғыс қайғы-қасірет алып келді.

Жүргізуші:

Ауғанстан.... Бізден алыс емес Азия құрлығындағы мемлекет.Ауған соғысында болған апаттарда ,соғыстарда және әртүрлі жағдайларда 14453 адам қайтыс болған, оның ішінде шекаралық және ішкі әскерлер-13833, КГБ-572 , МВДСССР-28, репортер,журналистер-20

Жүргізуші:

«Әлия» орындайтын 10- сынып оқушысы Назарбекова А

4-оқушы О, Ауғанстан, даңқың асқан айбынды

Ұмыта алмай кешегі ауыр қайғыңды

Ұмыта алман сол күнді,

Ауғаннан қайтарған ерлерді.

Сіздерге арнап «Ризамын»әні .Орындайтын Маханбетова Гүлназ.

Жүргізуші:

Отыр міне,ардагерлер арамызда

Болған екен тау-тас Ауған қаласында.

Қошеметпен сіздерге бас иеміз,

Амангелді,Қалдыбайдай қазағымның баласына.

Ауған соғысының ардагерлеріне сөз береміз....

«Ағаларым»әні орындайтын 9-сынып оқушысы Айтжігітов Абылайхан.

Жүргізуші:

Біз кітаптан ған оқитын бұл соғысты өз көздеріңізбен көрдіңіздер,куә болдыңыздар.Сондықтан оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары да бар шығар.Аллдымен әрқайсысыңыз өздеріңіз жайлы айтып берсеңіздер дейміз.

(Оқушылар сұрақтар қойып,сұхбат жүргізеді.)

Жүргізуші:

Мектебімізде «Жас ұлан »әскери-патриоттық клубы мүшелері өз өнерлерін көрсетеді.

  1. Автоматты толық емес бөлшектеу (Яшкуров К,Зұлпыхарова Н)

  2. Бетпе-бет ұрыс тәсілдерінен көрініс

3) Саптық элементтерден көрініс

Жүргізуші: Осы салтанатты күнді пайдалана отырып,болашақ сарбаздарға егеменді еліміздің болашақ қорғаушылары екенін растайтын алғашқы құжаттарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.

(Табыс ету рәсімі ардагерлерге ұсынылады.)

Жүргізуші:

Көк аспандай көк туым!

Күн шапағын шаша бер!

Тәуелсіз жарқын елімнің

Мәртебесі аса бер!

Жүргізуші:

Пана болған бар ұлтқа

Тәуелсіз ел-қазақстан!

Бастау алған бақытқа

Елім менің ғажапстан!

Хор: «Бейбітшілік сақталады»

Жүргізуші:

Ауған соғысының ардагерлерімен өткізілген осы кездесу қарсаңында 5-9-сыныптар аралығында «Мен Отанды қорғауды қалай түсінемін?»атты сурет көрмесі болып өтті.Көрме қорытындысын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Насибеков Даурен ағай баяндайды.

(Жақсы сурет салған оқушылар марапатталады.)

Жүргізуші:

Бүгінгі кездесуге келген ардагер ағаларымыз! Сіздерге деген ыстық ықыласымыздың және құрметіміздің белгісі ретінде мектеп оқушыларының естелік сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші:

Бүгінгі кездесуге келген ардагер ағаларымыз!Қымбатты қонақтарымыз! Бүгінгі кездесуімізді аяқтай отырып,сіздерге мектебіміздің атынан алғысымызды білдіріп,болашақта зор денсаулық,мол бақыт,ал егемен Қазақстанымызға бейбітшілік пен ашық аспан тілейміз!
























Қызылорда облысы Шиелі ауданы

№228 орта мектебі







Ерлік кездейсоқ болмайдывстреча с ветеранами Авганистана«

атты Ауған соғысы ардагерлерімен

кездесу кеші








2012-2013 оқу жылы



Шиелі ауданы Қорғаныс істер

жөніндегі бөлімінің бастығы

подполковник Д.Нұрхожин

мырзаға

Мәлімет

© 2010-2022