• Преподавателю
  • Другое
  • Коучинг-сессия жоспары Оқыту үшін бағалауды жетілдіруде пән ерекшеліктеріне сай критерийді жасай білудің тиімділігі

Коучинг-сессия жоспары Оқыту үшін бағалауды жетілдіруде пән ерекшеліктеріне сай критерийді жасай білудің тиімділігі

Коучинг тақырыбы:  Оқыту үшін бағалауды жетілдіруде пән ерекшеліктеріне сай критерийді жасай білудің тиімділігі Өткізілген уақыты:  14.01.2015 Сабақтың мақсаты:   Коучингке қатысушыларға оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың айырмашылығы мен маңызын білуде бағыт беру. Тапсырмаларға арнайы критерийлерді айқындап алып, оларға сәйкес өз жұмысының сапасы туралы қорытынды жасай білуге қол жеткізуін үйрету. Күтілетін нәтиже:   ·         Тапсырмаларға  критерийлер қоюдың маңыздылығын ұғынады. ·         Критерийлерді пайдаланып өзін – өзі  және өзара бағалауды өз тәжірибесінде қолдануға үйренеді. Коучингті өткізу әдістері:   Ойсергек Миға шабуыл әдісі Топтық жұмыс әдісі   Ұсынылған ресурстар «ИБО-ны ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы, «МАН»   Сабақ барысы: Уақыты Коучтің іс-әрекеті   Қатысушының  іс – әрекеті Қолданылған құралдар  5 минут Сәлемдесу. Шаттық шеңбері. Топқа бөлу.  Берілген мақалдар бойынша бөліну.Қима қағаздар тарату.   Әріптестер бір қима  қағаздан  алып, ондағы сөздер  бойынша бірігеді, бірігіп, топтасады.   Мақалдар жазылған қима қағаздар 15 минут Білу Түсіну Миға шабуыл Нұсқау: Интерактивті тақтадан бейнежазбаны көріп, өз пікірлеріңізді тұжырымдап айтып өтсеңіздер. Сұрақ: Сіздер көрсетілген бейнежазбадан не ой түйіндедіңіздер? Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыздар? Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау дегенді қалай түсінесіздер?Критериалды бағалау қаншалықты тиімді деп ойлайсыз? Рубрика,дескриптор сөздерінің мағынасын аша алдық па? Презентациядағы слайдтарға түсініктеме беріледі   Бейнежазбаны мұқият көреді, ойланады және  өз ойл... Интерактивті тақта, бейнежазба,презентация. 12 мин Топтарға Абайдың «Қарға мен түлкі» аудармасы оқуға беріледі.       Бағалау критерийлерін ұсынады. Мысалды оқиды.Әр топтан бір-бір мұғалім ортаға шығып түсініктерін айтады. Әр топ әріптестеріне өз бағаларын береді. Ұсынылған критерий бойынша қайталап бағалайды және алдыңғы бағаларымен айырмашылығын ажыратады. «Қарға мен түлкі» мәтіні 5 мин 1.Әр топ мүшесіне қағаз таратылады да, пілдің суретін салу ұсынылады. 2.Суреттерін жинап,келесі топқа ұсынады.   1.Пілдің суретін салады,бояйды. 2.Әр топ көрші топтағы әріптестерінің суреттерін берілген критерий бойынша бағалайды. 3. Әріптестер қойған бағаларына талдау береді. Парақ,фломастер 3 мин «Мен көп нәрсені үйрендім» бағалау парақшасына өздерін бағалауды ұсыну «Мен көп нәрсені үйрендім» бағалау парақшасын толтырады. Пікірлесу «Мен көп нәрсені үйрендім» бағалау парақшасы Үзіліс-сергіту 5 минут Психологиялық тест Берілген тапсырма бойынша өздеріне балл қояды,мінез-құлықтарынан мәлімет алады. Псих.тест 10  минут Қолдану Нұсқау: Екі топтан бір-бір мұғалім сарапшы болады, олар бөлек орындыққа отырады. Топтағы әріптестерге мұғалімнің мектептегі киім үлгісін салу тапсырылады. Ал сарапшылар киім үлгісінде болу керек шарттарды ақылдаса отырып, белгілеп жазады.   Топтық бағалау Нұсқау:  Әр топ қөрші топтың жұмыстарын бағалайды. Топтаса отырып, мұғалімдер мектеп формасының үлгісін өз беттерінше жасайды.Постер жасайды           Топтар өздері салған киім үлгісін өз ойларынша бағалайды, яғни топ арасындағы өзара бағалау жүргізіледі және не себепті бұлай бағалағанын түсіндіреді.   Ватман, маркер, түрлі-түсті қағаздар, стикерлер 5 минут Талдау Сарапшылар өздері қойған шарттары, яғни критерий бойынша топтардың жұмыстарын бағалайды. Сұрақ: Қалай ойлайсыздар балалардың жұмыстарына критерий қоюдың маңызы бар ма және қаншалықты маңызды? Критерийлерді кім жасайды және оны қай уақытта берген дұрыс? Қалай ойлайсыз критерий қойып  бағалау ұтымды ма?   Сарапшылар өздері жасаған критерий бойынша топтардың жұмыстарын шартқа сай немесе сай емес деп түсініктеме бере отырып бағалайды.Мұғалімдер критерийсіз бағалау мен критерий арқылы бағалауға талдау жасайды,сұрақтарға жауап береді. Сарапшылар құрған критерий 2минут Топқа бөлу: топтағы мұғалімдер бірдей пәндері бойынша топқа бөлінуін ұсынады  . Мұғалімдер пән бойынша топтасады.   15 минут Жинақтау Тапсырма: Әр топ өз пәніне қатысты критерий бойынша тапсырма ұйымдастыруын және тапсырмаға бағалау критерийін дайындауын ұсынады.Қазақ тілі мен әдебиетшілер шығармаға, физика және математиктер есептерге,тарихшылар бақылау жұмысына критерий құруын, постерге дайындап қорғауын тапсырады. Сұрақ: Сіздерге бұл тапсырманы орындауда қандай қиындықтар кездесті? Критериалды бағалау балалардың жұмыстарына  баға қою кезінде тиімді ме және алдағы уақытта сабақтарыңызда қаншалықты пайдаланасыз? Оқыту үшін б... Ватман, маркер 3 минут Бағалау Жалпы бүгінгі сабаққа баға беру ұсынылады Бағаны «Бас бармақ» стикерлері арқылы береді және түсінік береді Қосымша материалдан Рефлексия 5 мин Бүгінгі сабақ мазмұны бойынша 10 сөйлемнен тұратын эссе жазуды ұсынады 10 сөйлемнен тұратын эссе жазады.   Қорытынды 5 минут Ойтолғаныс. Бұл сабақта не үйрендіңіз? Бұл сабақтан қандай әсер алдыңыз? Тәжірибеңізде, сабақта қандай өзгерістер енгізесіз? Қолданылған әдіс-тәсілдер сізге қажет деп ойлайсызба? Осы тәсілдерді қолданғанда оқушылардың бойында қандай өзгерістер болуы мүмкін?    
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг тақырыбы:

Оқыту үшін бағалауды жетілдіруде пән ерекшеліктеріне сай критерийді жасай білудің тиімділігі


Өткізілген уақыты:

14.01.2015

Сабақтың мақсаты:


Коучингке қатысушыларға оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың айырмашылығы мен маңызын білуде бағыт беру. Тапсырмаларға арнайы критерийлерді айқындап алып, оларға сәйкес өз жұмысының сапасы туралы қорытынды жасай білуге қол жеткізуін үйрету.


Күтілетін нәтиже:


  • Тапсырмаларға критерийлер қоюдың маңыздылығын ұғынады.

  • Критерийлерді пайдаланып өзін - өзі және өзара бағалауды өз тәжірибесінде қолдануға үйренеді.

Коучингті өткізу әдістері:


  • Ойсергек

  • Миға шабуыл әдісі

  • Топтық жұмыс әдісі


Ұсынылған ресурстар

«ИБО-ны ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы, «МАН»



Сабақ барысы:

Уақыты

Коучтің іс-әрекеті


Қатысушының іс - әрекеті

Қолданылған құралдар

5 минут

Сәлемдесу.

Шаттық шеңбері.

Топқа бөлу. Берілген мақалдар бойынша бөліну.Қима қағаздар тарату.


Әріптестер бір қима қағаздан алып, ондағы сөздер бойынша бірігеді, бірігіп, топтасады.

Мақалдар жазылған қима қағаздар

15 минут

Білу Түсіну

Миға шабуыл

Нұсқау: Интерактивті тақтадан бейнежазбаны көріп, өз пікірлеріңізді тұжырымдап айтып өтсеңіздер.

Сұрақ:

  • Сіздер көрсетілген бейнежазбадан не ой түйіндедіңіздер?

  • Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыздар?

  • Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау дегенді қалай түсінесіздер?Критериалды бағалау қаншалықты тиімді деп ойлайсыз? Рубрика,дескриптор сөздерінің мағынасын аша алдық па?

  • Презентациядағы слайдтарға түсініктеме беріледі

Бейнежазбаны мұқият көреді, ойланады және өз ойларын, пікірлерін айтады.Сабақтың тақырыбын ашады.Презентациядан көргендері бойынша оқу үшін бағалау мен оқуды бағалаудың айырмашылығын,критериалды бағалау жайында нақты мағлұмат алады, түсінеді,өз ойларын жеткізеді.


Интерактивті тақта, бейнежазба,презентация.

12 мин

Топтарға Абайдың «Қарға мен түлкі» аудармасы оқуға беріледі.

Бағалау критерийлерін ұсынады.

Мысалды оқиды.Әр топтан бір-бір мұғалім ортаға шығып түсініктерін айтады.

Әр топ әріптестеріне өз бағаларын береді.

Ұсынылған критерий бойынша қайталап бағалайды және алдыңғы бағаларымен айырмашылығын ажыратады.

«Қарға мен түлкі» мәтіні

5 мин

1.Әр топ мүшесіне қағаз таратылады да, пілдің суретін салу ұсынылады.

2.Суреттерін жинап,келесі топқа ұсынады.


1.Пілдің суретін салады,бояйды.

2.Әр топ көрші топтағы әріптестерінің суреттерін берілген критерий бойынша бағалайды.

3. Әріптестер қойған бағаларына талдау береді.

Парақ,фломастер

3 мин

«Мен көп нәрсені үйрендім» бағалау парақшасына өздерін бағалауды ұсыну

«Мен көп нәрсені үйрендім» бағалау парақшасын толтырады. Пікірлесу

«Мен көп нәрсені үйрендім» бағалау парақшасы

Үзіліс-сергіту

5 минут

Психологиялық тест

Берілген тапсырма бойынша өздеріне балл қояды,мінез-құлықтарынан мәлімет алады.

Псих.тест

10 минут

Қолдану

Нұсқау: Екі топтан бір-бір мұғалім сарапшы болады, олар бөлек орындыққа отырады. Топтағы әріптестерге мұғалімнің мектептегі киім үлгісін салу тапсырылады. Ал сарапшылар киім үлгісінде болу керек шарттарды ақылдаса отырып, белгілеп жазады.

Топтық бағалау

Нұсқау: Әр топ қөрші топтың жұмыстарын бағалайды.

Топтаса отырып, мұғалімдер мектеп формасының үлгісін өз беттерінше жасайды.Постер жасайды


Топтар өздері салған киім үлгісін өз ойларынша бағалайды, яғни топ арасындағы өзара бағалау жүргізіледі және не себепті бұлай бағалағанын түсіндіреді.


Ватман, маркер, түрлі-түсті қағаздар, стикерлер

5 минут Талдау

Сарапшылар өздері қойған шарттары, яғни критерий бойынша топтардың жұмыстарын бағалайды.

Сұрақ:

  • Қалай ойлайсыздар балалардың жұмыстарына критерий қоюдың маңызы бар ма және қаншалықты маңызды?

  • Критерийлерді кім жасайды және оны қай уақытта берген дұрыс?

  • Қалай ойлайсыз критерий қойып

бағалау ұтымды ма?


Сарапшылар өздері жасаған критерий бойынша топтардың жұмыстарын шартқа сай немесе сай емес деп түсініктеме

бере отырып бағалайды.Мұғалімдер критерийсіз бағалау мен критерий арқылы бағалауға талдау жасайды,сұрақтарға жауап береді.

Сарапшылар құрған критерий

2 минут

Топқа бөлу: топтағы мұғалімдер бірдей пәндері бойынша топқа бөлінуін ұсынады .

Мұғалімдер пән бойынша топтасады.


15 минут

Жинақтау

Тапсырма: Әр топ өз пәніне қатысты критерий бойынша тапсырма ұйымдастыруын және тапсырмаға бағалау критерийін дайындауын ұсынады.Қазақ тілі мен әдебиетшілер шығармаға, физика және математиктер есептерге,тарихшылар бақылау жұмысына критерий құруын, постерге дайындап қорғауын тапсырады.

Сұрақ:

  • Сіздерге бұл тапсырманы орындауда қандай қиындықтар кездесті?

  • Критериалды бағалау балалардың жұмыстарына баға қою кезінде тиімді ме және алдағы уақытта сабақтарыңызда қаншалықты пайдаланасыз?

  • Оқыту үшін бағалау балалардың оқуына қаншалықты әсер етеді деп ойлайсыз?

Топтар жұмыстарға критерий қойып постерлерін қорғайды.Басқа топтар қорғаған топқа сұрақтар қойып, бір-бірлеріне формативті бағалау жасайды.

Ватман, маркер

3 минут

Бағалау

Жалпы бүгінгі сабаққа баға беру ұсынылады

Бағаны «Бас бармақ» стикерлері арқылы береді және түсінік береді

Қосымша материалдан

Рефлексия

5 мин

Бүгінгі сабақ мазмұны бойынша 10 сөйлемнен тұратын эссе жазуды ұсынады

10 сөйлемнен тұратын эссе жазады.


Қорытынды

5 минут

Ойтолғаныс.

  1. Бұл сабақта не үйрендіңіз?

  2. Бұл сабақтан қандай әсер алдыңыз?

  3. Тәжірибеңізде, сабақта қандай өзгерістер енгізесіз?

  4. Қолданылған әдіс-тәсілдер сізге қажет деп ойлайсызба?

  5. Осы тәсілдерді қолданғанда оқушылардың бойынан қандай өзгерістер болуы мүмкін?



Коуч: Ордабаева Куляш Жумабековна

© 2010-2022