«Тәрбиеші болу бақыт!»

«Тәрбиеші болу бақыт!»сайысЖүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар!Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы,халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің яғни қазақ хандығының құрылғанына 550жыл. Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне және тарихта...
Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тәрбиеші болу бақыт!»

сайыс

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар!

Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы,халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің яғни қазақ хандығының құрылғанына 550жыл.
Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне және тарихта ойып орын алған ата бабаларымыздың құрметіне арналады.

2015 жылы қандай атаулы мерейтойларды тойланады? (Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы).

Олай болса бүгінгі іс-шараның қатысушыларымен танысайық!

1.Рухы мен тілін жанындай сүйетін

Адамдар неге санаулы

Ұлт үшін дәуір отына күйген

Аталар болды алаулы

Армандай асқар, жолдарға бастар

Ісіңнен ұрпақ от алар

Қалмайсың көштен

Шықпайтын естен

Тағдыры шыншыл аталар!

-дей отырып « Сұлтандар» тобын орнымыздан тұрып қошеметпен қарсы алайық!

2.Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

« Батыр қыздар» тобын ортаға шақырайық

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

1.Таныстыру.

2. «Асыл қазынам» (Сұрақ-жауап, ситуациялық сұрақтар)

3. «Өнерлі өрге жүзеді»

4. «Үй тапсырмасы»

5. «Әдеби монтаж»

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Бағалау 1-5 ке дейінгі балмен жүргізіледі.

Әр кезеңнің ұпай санын шығарып қорытындылап отырады.

Ән «Батыр бала -Болатбек!» Жуматова Мераль

1.Таныстыру.

Сайысшыларымыз өз топтарын таныстырып өтсін.

2. «Асыл қазынам» (Сұрақ-жауап, ситуациялық сұрақтар)

1-кезең: Әр қатысушыға 10 сұрақтан топқа 40 сұрақ беріледі

1-сұрақ топқа 1 ұпай әкеледі.40 сұраққа толық жауап берсеніздер 40 пайыз аласыздар.

2-кезең: Ситуациялық сұрақтар.(үшінші кезіңге дайындал береді)

3. «Өнерлі өрге жүзеді»

1. « Сұлтандар» тобы көрініс «

2. « Батыр қыздар» тобы көрініс «

4. «Үй тапсырмасы» әділқазылар алқасына тапсырады.

5. Ең соңғы кезең «Әдеби монтаж».

Әділ- қазылар алқасы қорытынды бағаны шығарғанша әнге кезек берейік!

Ән: «Жауынгер сапқа тұр!» Әқуат Әлімнің орындауында.

Такпак: «Мен Қазақпын!» Абильханов Айхан

Әділқазылар алқасынасөз кезегін берейік!

Сайыскерлерді марапаттау рәсімін өткізу.

Бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне келіп жетті.

Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!









«Тәрбиеші болу бақыт!»

сайыс

© 2010-2022