Lesson Study тәсілін оқыту мен оқу жүйесіне енгізу коучинг сессия жоспары

ірибесін  дамытудағы  ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын  анықтау  мақсатында  бір  топ  мұғалім  бірлесіп  оқушылардың  оқу  үдерісін зерделейді. Lesson Study-дің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілікті оқы...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

. Архабаева Жупар Копбаевна

Коучинг сабақ жоспары:

  • Тақырыбы: "Lesson Study тәсілін оқыту мен оқу жүйесіне енгізу"

  • Коучингтің мақсат-міндеттері: Lesson Study тәсілімен «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісін іске асыру. Lesson Study-дің маңыздылығын түсіндіре отырып үйрету. «Lesson Study»-ге қатысушы мұғалімдер тобын құру.

  • Күтілетін нәтиже: Мұғалімнің өз тәжірибесі шыңдалады. Оқушының жеке қажеттілігі ескеріледі. Жеке оқушының дамуы мен мектептің білім сапасы артады

  • Мақсатты дәрісхана: Педагогикалық ұжым

  • Коучингтің жүру барысы:

  1. Кіріспе: Сергіту сәті, топқа бөлу.

  2. Миға шабуыл: Кіру сауалнамасын алу. Топтастыру «Оқушы белсенділігін арттыру жолдары».

  3. Мағынаны тану: Таныстырылым «Lesson study зерттеу сабағы»

  4. Ой-толғаныс: Пән бойынша сабақ жоспарын құру

  5. Рефлексия

  • Құрал-жабдықтар: Үлестірмелі материалдар, А3 қағазы, стикер, АКТ,түрлі-түсті магниттер

  • Қажетті оқу құралдары: Lesson study нұсқаулығы МАН, Голосарий, интернет материалдары

  • Әдіс-тәсілдері: Топтық,жұптық жұмыстар, миға шабуыл, мағынаны тану, Ой-толғаныс, критериалды бағалау

1

Коучинг кезеңі, Уақыты

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Дереккөздер

2

Ұйымдас

тыру 2мин

Сәлемдесу. Мұғалімдердің зейінін аудару.

Коучпен сәлемдеседі .

Коучингке дайындықтарын білдіреді .

3

Сергіту сәті

5мин

« Две половинки» жаттығуы.

Мұғалімдердің көңіл- күйі көтеріледі, аз да болсын денесі шынығады

Бейнежазба

4

Топқа бөлу

Пәндер бойынша топқа бөлу

Өз пәндері бойынша 4 топқа бөлінеді

Пән аттары

5

Миға шабуыл 10мин

1)Кіру сауалнамасын алу

1.Оқушыларды қалай зерттейсіз?

2.Үнемі зерттеу жүргізесіз бе?

3.Осы зерттеу тәсілі қаншалықты тиімді?

2) Топтастыру «Оқушы белсенділігін арттыру жолдары».

Сауалнамаға жауап береді



Постерге салады

сауалнама

Постер, маркерлер

6

Мағынаны тану

20мин

1. Таныстырылым: «Lesson study зерттеу сабағы»

2. Әртүрлі дереккөздер арқылы Lesson Study тәсілімен танысу.

Тыңдайды, топпен пікір алмасады , постерге салады, спикер қорғайды

Lesson study-ді дамытуды үйренеді.

Теориялық білім алады

Интерактивті тақта.

Таныстыры

лым,

Lesson study нұсқаулығы МАН, Голосарий, интернет материалдары

Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson Study-дің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілікті оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдердің істерінен көруге болады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді.

Lesson Study тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері - қадағалайды.

Lesson Study топтамасынан кейін (ереже бойынша үш немесе одан көп сабақ) топ оқыту тәсілі мен оқу бағдарламаларына енгізілетін және көпшілікке таратылатын өзгерістерді келіседі.

7

Бағалау

2 жұлдыз, 1 тілек

стикер

8

Топтық жұмыс

20мин

Тақырыптар бойынша жоспар жасау

(Топтарға пәндер бойынша тақырыптарды таңдап. Жоспар жасау үшін жоспар үлгісін беремін)

Әр топ тақырып таңдап алып, тақырыптар бойынша жоспар жасайды, спикер қорғайды

«Математика» тобы

«Биология» тобы

«Бастауыш сынып» тобы

«Тарих» тобы

Жоспар жасауға арналған парақтар, стикер

9

Бағалау

Сендвич әдісі

Топтар бірін бірі бағалайды

стикер

9

Қорытынды10 мин

«Мектепте Lesson Study тәсілін қолдану туралы менің ойым» ой толғау

Мұғалімдер өз ойларын дәлелдерімен жеткізеді, тұжырымдайды,

қорытындылайды .Сұраққа байланысты оң және теріс пікірлерін айтады.

10

Кері байланыс

  1. Маған не ұнады?

  2. Мен не үйрендім?

  3. Маған бұл түсініксіз болды.

  4. Менің ұсынысым.

Мұғалімдер өтілген коучинг туралы пікір ,ұсыныстарын жазбаша білдіреді .

Кері байланыс парағы



© 2010-2022