Конспект по казахскому языку Сан есімнің түрлері (6 класс)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оңтүстік Қазақстан Облысы Сайрам ауданы

Ибрагим Ата атындағы жалпы орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Бегметова Хилола Улугбековна


Тақырып: Сан есімнің түрлері 6-сынып

Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Сан есімнің мағыналық түрлері туралы мағлұмат беру, мәтін мазмұнын ұғындыру.


2) Дамытушылық: Сан есімнің түрлерін бір - бірінен ажырата алуға үйрету, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Оқушылардың пәнге деген қызығу - шылықтарын арттыру.


3) Тәрбиелік: Мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу. Білімді саналы азамат болуға шақыру. Табиғатты аялап, қорғай білуге баулу.


Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, плакаттар
Сабақтың түрлері: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, қызығушылықты ояту.
Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.

Жаңа жыл шыршасына ілінген тәттәлерді тарату арқылы топқа болемін

1.Білімділер тобы

2.Тапқырлар тобы

Оқушылар бір- бірлеріне жылы сөздерін айтып ынтымақтастық атмосферасын құру.

Сабақ барысында топтар бағаланып барады.

Жұлдызша -«5»

Төрт бұрыш-«4»

Үш бұрыш -«3»

2. Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге берілген тапсырманы тексеріп. «Акваримнан балық аулау» арқылы өтілген сабақ қорытындыланады.( балықтардың артында берілген сқрақтарға жауап алу)
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есімнің сұрақтарын ата?
3. Сан есімнің құрамына қарай түрлерін ата?
4. Дара сан есім дегеніміз не?
5. Күрделі сан есім дегеніміз не?

6. Сан есімге мысал келтір.

7. Дара сан есімге мысал


Жаңа сабақ:

Сан есімнің түрлері

Түрлері

Мысалдар

І. Тұлғасына қарай

Негізгі

бір, екі, үш, төрт, бес, отыз, елу, жүз, мың, т.б.

Туынды

бірінші, екінші, біреу, ондай, мыңдаған, т.б.

ІІ. Құрамына қарай

Дара

бір, екі, үш, он, отыз, алпыс, жүз, мың, т.б.

Күрделі

он төрт, жиырма бес, жүз он жеті, екі-екіден, оннан екі, екі мың отыз, қырық бестей, тоғызға жуық, т.б.

ІІІ. Мағынасына қарай

1. Есептік

бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, жетпіс бес, жүз үш, мың, т.б.

2. Реттік

бірінші, екінші, үшінші, оныншы, жиырма екінші, сексен бесінші, екі жүз алтыншы, т.б.

3. Жинақтық

біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу

4. Топтау

бірден, екіден, үштен, оннан, он бестен, екі-екіден, он-оннан, жүз-жүзден, мың-мыңнан, т.б.

5. Болжалдық

бірер, екідей, ондаған, жетпістей, жүздеп, жүздеген, ондарда, алпыстарда, үш-төрттей, т.б.

6. Бөлшектік

екіден бір (1/2), сегізден үш (3/8), үш бүтін жүзден он төрт (3,14), т.б.

Жаңа тақырып бойынша оқушылар түсінгендерін постерге түсіріп,Топтың ішінен бір оқушы шығып постерді қорғайды. Постер қорғаған топтар бағаланады.

Оқулықпен жұмыс.

132-жаттығу.мәтінен сан есімдерді ттеріп жазып қүрамына қараай анықтаңдар.

1. Білімділер тобы - сан есімдерді теріп жазады.

2. Тапқырлар тобы- құрамына қарай анықтайды.

Топтың бір мүшесі тапсырманы оқыды. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша.

Топ мүшелері мұғалім тарапынан бағаланады

Орындалған жаттығу

134-жаттығу.

Сан есімнің барлық тұрлеріне мысал келтір.

Әр топтың бір мүшесі шығып жаттығуды оқыды.Және бағаланады.

Сергіту сәті.

(Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ынтасын арттыру мақсатында) «Бір сөзбен айтқанда» ойыны.

  1. Қиыстырып тауып сөйлейтін сөзге шебер адам?

  2. Айтқанға сене салатын,ешт нәрсені байқамайтын адам?

  3. Тез ашуланатын адам?

  4. Көрінгенге соқтыға беретін адам?

  5. Керексіз көп сөйлейтін адам?

  6. Бойы ұзын адам?

  7. Әр кімнің сыртынан жаман сөз айтатын адам?

  8. Бір сыныпта оқыған адамдар бір сөзбен айтқанда не деп аталады?

«Білім мен дәстүр » сыни ойыны.

1. Осы сандарға байланысты халқымыз қазақ ұғымында 1 3 5 7 9 40 секілді сандардың бәрін бір ұғымға негіздеп не деп атаған? - киелі сандар

2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата. -7 9

3. Үш арсызды ата. - ұйқы, күлкі, тамақ

4. жігіттің үш жұрты. - өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.

5.Төрт түлікті ата - қой, сиыр, жылқы түйе.

6. Ер қаруы бес қару - найза, садақ, шоқпар, қылыш айбалта.

7. Үш байтерек. - Іляс Жансүгуров, Сәкен Сейфулин, Бейімбет Майлин.

Жаңа сабақты пысықтау.

Сандар қатысқан мақал - мәтелдер жарысын ұйымдастыру.

Рефлекция: « Смайликтер» арқылы оқушылардың сабаққа қаншалықты түсінгенін білу мақсатында осы рефлексияны қолдандым.

  • түсіндім

  • онша түсінбедім

  • мүлдем түсінбедім

Үйге тапсырма: 135 жаттығу. Берілген мәтіннің ішінен сан есімнің түрлерін анықта.

Топтардың жинаған бағаларына сүене отырып жеңімпаз топты анықтау.

© 2010-2022