Тұсау кесу-қазақ халқының ұлттық салты ғылыми жоба

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тұсау кесу-қазақ халқының ұлттық салты ғылыми жобаСолтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы

№6 орта мектеп








Бағыт: этномәдениеттану





Орындаушы:

Петропавл қаласындағы

№6 мектептің

2 «А» сынып оқушысы Габдуллина Дарина


Жетекшісі:

бастауыш сынып мұғалімі

Нугуманова Жанат Сакеновна

2013-2014 жыл


Мазмұны


  1. Қысқаша сипаттама 1


  1. Қатысушы сауалнамасы 2


  1. Кіріспе 3


  1. 4.1 Тұсау кесу салты туралы 4-7

  2. 4.2 Ала жіптің сыры 7

  3. 4.3 Ырым жақсы ниеттен туады 8


  1. Зерттеу бөлімі

  1. Әжелер тұсау кеспеген 8

  2. Қайшымен тұсау кеспеген 8

  3. Аймақтық ерекшеліктері 9


  1. Қорытынды 10

  2. Мониторинг 11

  3. Қолданылған әдебиеттер 12




№ 6 орта мектебінің

2«А» сынып оқушысы

Габдуллина Даринаның

«Тұсау кесу салтының бала өміріндегі маңыздылығы»

атты зерттеу жұмысына






Пікір

Бұл Габдуллина Даринаның алғашқы зерттеу жұмысы.

Ұлттық салт-дәстүрлерге қызығушылығын танытып,тұсау кесу салтының

бала өміріндегі маңыздылығын ашып, дәлелдей білді.

Деректері жан-жақты,мазмұнды.Тілі көркем,түсінікті.

Зерттеу жұмысында уақыт өткен сайын,салтқа өзгеріс еніп, қоғамға

байланысты өзгеріп келетінін көрсете алды. Жұмысы тартымды,

фотосуреттермен жабдықталған.


Пікір жазған № 6 орта мектебінің оқу-ісінің меңгерушісі:





Гипотеза:

Егер біз,жас ұрпақ, өткен тарихымызды ұмытпай, үнемі ескеріп, «есті» болсақ, онда біз ата-бабамыздың аманатын қор қылмай Қазақстанның болашағын одан әрі өркендетер едік. Және тұсау кесу дәстүрін кеңінен насихаттасақ, бұл мұсылман халқының арасында ғана емес,орыс халқының арасында кеңінен қолданысқа енуіне жол ашар едік.

Зерттеу жұмысымда ежелгі замандағы және қазіргі кездегі тұсау кесу дәстүрін салыстырдым. Мысалы, ежелгі заманда біздің ата-бабаларымыз табиғи материалдарды ғана қолдана білген.Олар бала аяғын жаңа басып келе жатқан кезде көк шөппен тұсаған.Шөп баланың болашағы жарқын болсын деп болжаған. Содан кейін қойдың тоқ ішегімен тұсаған.Бұл баланың өмірі тоқшылықта, баршылықта өтсін деп жобалаған. Ал бертін келе ең кең таралған - ала жіп.

-Неліктен баланың аяғын ала жіппен тұсаған?

-Себебі әр адамның өмірінде ала жіп сияқты жақсы да жаман кезеңдер болады. Сол кездескен қиындықтарды адам жеңе білу керек.

Ежелгі заманда баланың тұсауын ентігіп жүгіріп кірген екі бала кессе, қазіргі кезде

Зерттеу барысында менің білгенім- «тұсау кесу» дәстүрі қазақ халқының арасында ғана емес, қырғыздарда, хакастарда, тувиндерде, орыстарда да өткізіледі. Қазақтарда тұсау кесу деп аталса, қырғыздарда- тушоо кырктыру,алтайлықтарда- тужак кезер, орыстарда- разрезание пут деп аталады.

Зерттеу барысында өз сыныптастарымнан, ересек адамдардан және оры балаларынан сауалнама алдым.

Мінеки, олай болатын болса, тұсау кесе салу қалай болса солай өткізе салып, көрер көзді алдайтын емес. Бұл баланың үлкен өмірге алар жолдамасы, тойдың басы, өмірге бастар қадамының алғашқы баспалдағы.Бұл «баламыз жақсы азаматқа ұқсасын, қадамы сәтті болсын, өмірде кездесер жақсылық пен жамандықты тең көтеріп өтсін» деген ниет- пейілі бар астары ауқымды,мағынасы тере салтымыздың бірі.
























Қысқаша сипаттама

Зерттеудің өзектілігі:

Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері сан алуан.Халқымыздың әдет-ғұрпы мен дәстүрін,тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгінгіміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру- әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деп санаймын. Осы салт-дәстүрлер қазіргі кезде қаншалықты жалғасын тауып келе жатқаны және бала өмірінде қандай маңызы бар екені мені мазалады. Сондықтан мен «Тұсау кесу» тақырыбын таңдадым.

Зерттеу жұмысының бағыты: этномәдениеттану.

Зерттеудің әдістері: салыстыру, жинақтау, өзіндік ой топшылау, насихаттау.

Зерттеудің мақсаттары:

Халқымыздың рухани байлығын бойымызға сіңіру.

Ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу.

«Тұсау кесу» салтын зерттеп, салыстырып, насихаттау.


1


Қатысушы сауалнамасы

Аты-жөні : Габдуллина Дарина

Туған жылы: 2005, 23 ақпан

Телефон: 33-96-11

Менің құштарлығым: әдеби кітаптар оқу, би үйірмесіне қатысамын

Байқауға қатысуға шешім қабылдағаным ,өйткені менің мақсатым «Тұсау кесу» салтын жан-жақты зерттеп, насихаттау.

Баяндама дайындадым, зерттеу жұмыстарын жүргіздім,презентация дайындадым.

Ата-ана: әкем: Габдуллин Совет Оразбайұлы

анам: Габдуллина Бақыт Мырзағалиқызы

Мекен -жайым: Петропавл қаласы , Парков

Кіріспе

Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері сан алуан. Салт-дәстүр халқының ерекшеліктерін, мінез-құлқын, қасиеттерін танытады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай халық. Баланың шілдехана, бесік тойы, тұсау кесер, сүндет тойының бәрін бүкіл ауыл-аймақ болып тойлаған. Қазақтың ең бір қадірлі салты үлкенді сыйлау. Дәстүрлі отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Ұрпақтан -ұрпаққа ұласып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің озық үлгілері жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың мәдениеті мен бірлігі жинақталған. Салт-дәстүрлер - ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге келе жатқан тарихи және көне үрдіс.

Қазақтың салт-дәстүрлерін төмендегіше топтауға болады:

  • бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;

  • әлеуметтік салт-дәстүрлері;

  • тұрмыс салт-дәстүрлері;

Мен қазір 2-сыныпта оқимын. Халқымыздың әдет ғұрпы мен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгінгіміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деп санаймын. Салт - кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет - ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, қоғамға байланысты өзгеріп келеді . Жаңа қоғамдық қатынасқа келмейтін дәстүрлер өкінішке орай ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.

Ол қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының , іс-әрекеттің негізі.

Дәстүр мәдениетімізбен тығыз байланысты Сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге бай болып саналады. Көбінесе «Тұсау кесу» салтының куәгері болғандықтан, бір терең мән -мағынасы бар деп түсіндім.

Менің мақсатым: «Тұсау кесу» салтын зерттеп, насихаттау.

3


ТҰСАУ КЕСУ САЛТЫ ТУРАЛЫ

Сан алуан қазақ дәстүрлерінің арасындағы ең танымал, әрі маңызды салттардың бірі -тұсау кесу. Бұл бала өміріндегі бір ерекше аталып, үлкен той жасап өткізетін салттардың бірі. Сәби дүниеге шыр етіп келгеннен бастап дәстүрлер мен ырымдар жасалуда.

Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,

Өткеннен бізге жеткізер асылы бар .

Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын

Қазақта «Тұсау кесу» рәсімі бар.

Басқа ұлт өкілдерінде де өткізілетін танымал рәсім. Мысалы: корей халқында да сәбилердің тұсауын кеседі. Жалпы бұл рәсім жас сәби туғанына жыл болғанда, еңбектеуден қаз тұрып, тәй-тәй басып жүргісі келіп, «болды, енді жүреді» деп байлам жасап, өмірдің келесі кезеңіне - жүру, тұру процесіне дайындаған.Баланың әке-шешесі аяғын тез басып кетуі үшін «тұсау кесу» рәсімін өткізген. Тұсау кесу - әр бала үшін маңызды және міндетті түрде орындалатын салт болып саналады. Бұның себебін ғылыми жобамның барысында, орындалған зерттеу жұмысымның нәтижесінде көрсетемін.

Қазақ дәстүрінде «тұсауы кесілмеген» бала шабан, сүріншек ,жығылғыш болып келеді деп есептейді. Тұсауы кесілсе - баланың жолы ашық, бақытты болады, желаяқ, жүйрік , аяқ-қолы жеңіл, жүрдек, қағылез адам болады деп есептейді .

Тұсау кесер күнді - күні бұрын белгілейді. Оған көрші, ағайын-туыстар жиналады.

«Тұсау кесер» ғұрпында сәбиді қазық қағып, арқандап қояды. Тұсау кесер тілеуінде, баланы қазықтан босату үшін, балалардың жаяу жарысы ұйымдастырылады.

Жаяу жарыстан озып келген бала, арқандаулы баланың арқанын кеседі. Арқанды қиған балаға сыйлық береді.

4


Күлгенің де той сенің,

Жүргенің де той сенің.

Қызықтасын халайық,

Тұсау кескен бұл күнің

Есте қалсын, жарқыным..

Сол сияқты тұсауды да беделді, ақыллгөй, данышпан,ел ағаларына, батыр және көп жасаған қарттарға, қадырлы әжелерге кестіреді.

Тұсауын кескен адам сәбидің қолына ерекше бір сыйлық ұстатқан және мынадай өлең жолдарын жырлаған:

Бөпеміз қаз тұрыпты ,

Алға қадам басуға,

Тәй-тәй болып жүріпті,

Асулардан асуға.

Маған тұсау кестіріп ,

Жатқандарың бұйрық сол;

Мені жүйрік депті жұрт

Менен асқан жүйрік бол.

Бұл жырдың өзінің бір мән -мағынасы бар. Өйткені тұсау кесуші адам да өзінің тілегін білдіреді.

Бұл жерде тұсауын кескеннен кейін бала тез жүріп кетсін , тез өссін деген тілекпен айтылады. Әр жырланатын өлең жолдарында терең ой жатыр.

Ала жібін қолына алып жатып тағы өлең жолдары жырланады:

Ала жіппен тұсайын,балбөбектің аяғын

Тұсау жібін кесейін, жасап бабырымын.

Сағат сайын есейіп, шапқылас құлыным.

Аяқтары талмасын, айналайы, алтыным!

Баланың алдына кілемге, яғни жайылған ақ матаның үстіне әртүрлі заттар қояды .

5

Ала жіп байланып, баланың тұсауын кесер алдында бір топ баланы жүгіртіп жібереді екен. Сол балалардың алдында озып келе жатқан екі бала таяған сәтте тұсауын кесіп жіберетін болған. Содан кейін ентігіп жүгіріп келген екі бала екі жағынан баланың алақанын алақандарына түйістіріп, уыстарына толтыра ұстап, дедектетіп ала жөнелген. Өйткені жүгіріп келген балалардың қаны қызып, күш-қуаты тасып, екпіні артып келеді. Алақан арқылы осының барлығы тұсауы кесілген балаға айталық екпіні , күші, энергиясы өтеді екен. Немесе

тұсауы кесілген сәбиді, тағы баланың әбден естияр болған аға-әпкелеріне де «Қаз-қаздап» жұртқа қарай жүгіртуге болады. Осы сәтте тұсау кесу жыры айтылады . Бір адам немесе жиналған жұрт қосылып та айтады:

Қаз-қаз,балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін ,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз-қаз,балам,қаз, балам,

Тақымың ды жаз балам .

Қадамыңа қарайық ,

Басқаныңды санайық .

Шын мәнінде бұл салттың бала өмірінде маңызы зор деп түсінуге болатыны бәріне мәлім болғай. Тұсауы кесілгеннен кейін ақ жайманың алдын кең ғып ашып балаға жол ашады , шашу шашылады , құттықтаулар айтылады.

Әжесінің айтатын жыры:

Ал, келіншектер, тәй-тәй-лап

Әлдиді алға бастаңдар.

Шошытпаңдар, айқайлап,

Жалғыз тастап қашпаңдар.

Немеремнің жолына мол ғып шашау шашыңдар


6

Із қалдырсын соңына,

Алдын кең ғып ашыңдар!

Бұл жерде әжесі жолы ашық болсын ,кедергілер болашақта кездепесін деген мағынада айтылған сөздері деп түсінуге болады.

Тұсау кесу -қазақтың өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасаған ырымы. Құдайға деген құлшынысы.

«Баталы ел арымас, батасыз құл жарымас» деп аталарымыз айтқандай, ақ батаның реті де осыдан кейін келді:

Тұсауың кесілді - құлама ,

Тізеңді жаралап ,жылама.

Қанеки өзіңді сына да!

Секірсең , құздардан сүрінбе ,

Шың -құзға шыққанша бүгілме,

Болаттай қабырғаң қатайсын,

От ұшқын ойнасын түрінде .

Ұзақ боп,ИншАлла өмірің,

Тасысын шаттықтан көңілің!(Әумин)

АЛА ЖІПТІҢ СЫРЫ

Баланың аяғын ала жіппен тұсайды, тұсауын кестіреді. Бұл елдің ала жібін аттамасын, адал азамат болсын, жолы ашық болсын, ақ-қарадан адал өт деген сенім. Ақ жіп пен қара жіптің екеуін айқастыра отырып есіп, ала жіп дайындалған. Бұл өмір, тіршіліктің нышаны. Өмірде барлығы қос-қостан жаратылған, әрі ылғи қатар келіп отырған. Айталық, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, қараңғы мен жарық , ыстық пен суық, ең бастысы ер мен әйел ...

Бұлар қатар жүреді, бірінсіз бірі болмайды. Бұл жерде жалғыз болма деген тілек туындайды..

Ала жіптің негізгі мәні: «ұрлық, қиянат жасамасын, біреудің затын ұрламасын, жаман жолға түспесін».

7

ЫРЫМ ЖАҚСЫ НИЕТТЕН ТУАДЫ

Тұсауды тек ала жіппен емес, «іші -сырты майлы , малды болсын» деп тоқ ішек- пен кескен .

Кейбір ауылдарда қойдың пісірілген майлы шегімен де кеседі . Бұл «бай, дәулетті , тоқ бол» деген тілек, ырым болмақ .

Енді бір ауылда өрілген ұзын шөппен тұсап тұсауын кестіреді. Бұл жерде неге деген сұрақ туындайды. Тағы бір өзінің тілеуі, ырымы бар. «Шөптей көгер, шөптей көбейіп көкте», шөптей көп ұрпақты бол, өсуге, өнуге шақырады. Сол сияқты жолы ақ болсын деген ниетпен кілемнің үстіне ақ мата төсейді, үстімен жүгіртеді .Әркім өзі білген, қалай болғанда да тілектің артықтығы жоқ. Барлығының ниеті түзу, тілегі бір біздің ұлтқа қатысты кез келген жөн-жоралғының барлық қағидаларын сақтай отырып, шын ниетпен өткізсе, қабыл болады.Тіпті ала жіпті де «осындай күнге жетейін» деп алып жатады.

ӘЖЕЛЕР ТҰСАУ КЕСПЕГЕН

Бұл күндері көбінде жасы үлкен әжелерге, кейуаналарға тұсау кескізеді. Ертеректе олай болмаған. Ала жіпті көпті көрген, талай немере-шөбере сүйген әжелер әдемілеп ақ батасын беріп, баланың аяғына байлап беретін. Бұл осы кісінің жақсы жолын берсін , ақылдылығын бойына сіңдірсін , дарытсын деп, ырымдаған.Сосын жүрісі ширақ, жас келіншектер кесетін .

Сүріншек , жайбасар ,шалағай, не өтірікші адамға кестірмейтін.

ҚАЙШЫМЕН ТҰСАУ КЕСПЕГЕН

Қазір тұсауды қайшымен кесіп жүр. Баланың келешегіне қарама-қайшылану болмасын деп, бұрындары, мүмкіндігінше, өткір саппен кескен немесе өткір пышақпен кескен екен. Жас баланың тұсауын қайшымен кесудің себебі өмірдің ағымы және қоғамның өзгеруі деп түсіндіреді. Бұл дұрыс емес.

Себебі: баланың қадамын қайшылаудан бастаса, ары қарайғы өмірі де күрделеніп, кедергілері көп болатын деп білген.

8



АЙМАҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Тұсау кесудің кең байтақ Қазақстанымыздың аймақтарына байланысты ерекшеліктері кездеседі, бірақ негізгі мән-мағынасы бір.

Мысалы, Жетісу қазақтарының салтында тұсауын кескен әйел қолынан ұстап жүгіртеді.Ал оңтүстік қазақтары болса, тұсауы кесілгеннен кейін екі адам ортаға алып шығып, тез-тез сәбиді жетелей жүргізеді.





ҚОРЫТЫНДЫ

ТҰСАУ КЕСУ САЛТЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Енді бір сәт сәл шегініс жасап көрейікші, көпті көрген қариялардың ақ батасы...

Халыққа қалаулы , елге танымал болып жүрген ер-азаматтың немесе көпке сыйлы болып жүрген әжелер мен келіншектің жақсы ниетімен кесілген баланың тұсауы... Содан кейін күш-қуаты тасып ентігіп жүгіріп келген балалар, олардың ып-ыстық алақандары... Осының барлығы алғашқы қадамын тәй-тәйлап басқан баланың ендігі жерде сүрінбеуі , басқан қадамының сәтті болуы , бастысы «өзінің туған жерінде аяғын нық басып жүрсін» деген тілекке толы ғой .Мінеки, олай болатын болса тұсау кесе салу қалай болса солай өткізе салып,көрер көзді алдайтын емес, яғни тек әйелдер жиналып, тек кейуаналарға тұсау кесіп өткізе салуға болмайды. Бұл баланың үлкен өмірге алар жолдамасы, тойдың басы, өмірге бастар қадамының алғашқы баспалдағы.

Бұл«баламыз жақсы азаматқа ұқсасын, қадамы сәтті болсын, өмірде кездесер жақсылық пен жамандықты тең көтеріп өтсін» деген ниет-пейілі бар астары ауқымды , мағынасы терең салтымыздың бірі. Отбастарының арасындағы өткізген сауалнама нәтижесінің көрсеткіштері:

Сұралды: 30 отбасы

Бала саны: 72 бала

Тұсауы кесілген: 65 бала

Кесілмеген: 7 бала- әлі қаз баспаған


10


Қазіргі замандағы тұсау кесу рәсімі бойынша

жүргізілген сауалнама көрсеткіші:




Барлығы


Бала саны


Тұсауы кесілген


Тұсауы кесілмеген


30 отбасы


72



65


7

Себебі: әлі каз баспаған


11

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» Мәдени мұра - Алматы

  2. Сейіт Кенжеахметұлы «Ата мұраң - асыл қазынаң» «Ана тілі» - Алматы 1994ж

  3. «Жеті қазына - жиған-терген» 1 кітап, 2 кітап «Ана тілі» - Алматы 2005ж

  4. «Қазақстан мектебі» № 9, 11, 12 - 2007ж

  5. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» - Республикалық педагогикалық журнал № 9 2009ж









12


© 2010-2022