Қазақ тілі Жаһандану үрдісі

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 11 сынып 13.01 « Жаһандану үрдісі»

Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға жан сұлулығы, кеңдігі, байлығы туралы түсінік беру. Білімдерін тереңдету мақсатында экология экономикамен байланыстыра отырып, білімдерін тереңдету, шыңдау. Дамытушылық:Сайыс сабағын өткізу арқылы оқушылардың өздік жұмыс жасау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік Туып-өскен жерін, өмір сүретін ортасын, туған жер табиғатын, байлығын қорғауға тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ .

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Пәнаралық байланыс: экономика,әдебиеты

Карточкамен жұмыс:

Жаһандану - адамзатпен бірге келе жатқан үрдіс. Бүгінгі таңда еуропа-американдық немесе батыстық мәдениеттің "мысы" басым болып тұр. Ал қалған елдер не батыстың құндылықтарын, мәдениетін қабыл алып, батыстың "жүрдек пойызының соңғы тепшегіне жабысады", яғни жаһанданады, не өздерін батыс ықпалынан шығарып алу үшін томаға - тұйықтық, жабықтық стратегия ұстанады. Жаһандану біздің елде де басталып кетті. Батыстың мәдениет ықпалды болып тұрғаны рас. Бірақ осы орайда біз Батыстың нені алуымыз, нені алмауымыз керек. Жалпы мәдениеттің өзі екі жолмен пайда болады. Біріншісі - дүниетанымнан келіп шығатын, екіншісі - ғылыми - техникалық дамудан келіп шығатын мәдениет. Біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алумызға болады. Тіпті ХХІ ғасырда қазақ жастары озық технологияның барлық қыр-сырын білуі тиіс. Мұны меңгерумен біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.Ал батыстың дүниетанымынан келіп шыққан мәдениет бізге керек емес. Себебі батыс дүниетанымы өмірдің қызығын бұрмалап, қоғамымызға жезөкшелік, түнгі клубтар, нашақорлық т.б. көріністерді енгізуде. Бұл әсіресе жас буынның санасын улап жатыр. Біз бұған жол бермеуіміз керек. Егер жастарымыз осындай жеңіл түсінікке ұрынса, онда мемлекетіміздің болашағы не болмақ? Ұлтымыздың болмысында біткен асқар таудай биік, өмірдің бар асылына бергісіз, сан ғасырлық ғажайып, бірегей мәдениеті бар. Тіл - мәдениеттің құрылымдық элементі, мәдениеттің болу шарты әрі ең жоғары құндылығы. Қазір ғаламдық тіл санатына романдық тілдер тобы, нақтырақ айтсақ, ағылшын тілі сақадай сай дайын тұр. Ендеше, жөргегінде тұңшыққандай күйдегі біздің тіліміз - біздің мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан тілімізге қамқор болу - мәдени мұрамызды түгендеудің тағы бір жолы. Тіл ұлт болып қалудың соңғы қамалы екені баршаға аян. Сол қамалды сақтап қалу - әрбір қазақтың қасиетті борышы. Біз қатарлы жастардың негізгі мақсаты - ана тілімізде сөйлеу арқылы оның өміршеңдігіне қол жеткізу. Сол арқылы келешекке біртұтас ұлт, рухы биік халық ретінде жол тарту.

Пікірталас құру: Біз Батыстан нені алуымыз, нені алмауымыз керек?.

Проблемалық жағдай: Ұлттық құндылығымызды жоғалтып бара жатқандығымыз

Шешу жолдары: тарихымызды, дінімізді, тілімізді сақтап қалсақ, ұлттың іргесі де мықты болмақ

Грамматикалық тапсырма:Сөз құрамына талдау: құндылықтарымыздың ажырамас,сөйлеу,тұңшыққандай.

Морфологиялық талдау: мәдени,жаһандану

Үйге тапсырма: Ұлттық құндылық дегеніміз не? ой толғау жазу

VI. Сабақты қорытындылау:

Бағалау.



© 2010-2022