• Преподавателю
  • Другое
  • Оқушының шығармашылық іс-әрекетін дамытуға құнды естеліктер әсері тақырыбында баяндама

Оқушының шығармашылық іс-әрекетін дамытуға құнды естеліктер әсері тақырыбында баяндама

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушының шығармашылық іс-әрекетін дамытуға

құнды естеліктер әсері.

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.

Қазіргі білім берудің басты мақсаты - шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушы бойындағы дарындылықты дамыту - мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.

Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат - оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады

Оқушының өз бетімен жұмыс жүргізуі - шығармашылық қабілетті дамытудың басты жолы. Бұл ізденіс, ойлау әрекетімен тікелей байланысты. Ол үшін балаға берілетін білім сабақтастықты қажет етеді.

Баланың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын тәрбиелеу ата-бабамыздан қалған мұраларды жан-жақты зерттеп, оны зерделеу арқылы жүзеге асады.

Мен өз тәжірибемде жаңа технологияларды қолдану арқылы біраз нәтижеге жеттім. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды.

Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
1. Балалармен белгілі тақырыпта әңгіме құру, оқушыларға оны басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;
2. Әңгіменің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;
3.Оны ұжым болып тыңдау;
4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, ролмен ойнату;
6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.
Сыныбымыздағы әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері анықтаймын. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді.

Шығармашылық жұмыстарды тәжірибемде мынадай тәртіппен орындаймын: мақсаты жұмыс барысы, алынған нәтижелері бойынша өзіндік ұстауы, сондай-ақ оқушылардың пікірлері енгізіледі, таңдаулы жұмыстардың авторларына қорғау қорытындысы бойынша марапаттаймын. Оқушылар өздері таңдаған шығармашылық жұмыстарды ықыласпен тыңдайды.
Шығармашылық жұмысты мына жоспар бойынша көркемдеймін:
1. Тақырып.

2. Тақырыптың өзектілігі.
3. Негізгі идеясы, мақсаты.
4. Жұмыс мазмұны, жоспары.
5. Жұмыс орындауда туындалған проблемалар, қиындықтар және оның шешілуі.
6. Жұмыс қорытындысы және оның практикалық мәні.
7. Жұмысқа өзіндік талдау, өзіндік баға беруі.

Осы орайда менің осы тақырып «Оқушының шығармашылық іс-әрекетін дамытуға ата-баба естеліктерінің әсері» жүргізілген жұмыстарды айта кетсем. Біз осы Абай мемориалдық тарихи-мұражайымен тығыз байланыстамыз. Мұражай қызметкері Бұлбұлназ мектебімізде оқушылармен кездесіп әңгімелер өткізеді.Әңгімелер негізінде кейіпкерлерді талдаймыз. Әр оқушы өзі таңдап алған кейіпкеріне өз арманын, сағынышын сырын, сұрағын қиялымен жазады. Бұл әдіс оқушының өзіндік ойлау, қиялдау ерекшеліктерін көрсетті. Оқушы ізденіп, өз мүмкіндігін көрсетіп өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етті. Өз ойын айтуға еркіндік алған оқушы ашылады. Тақырыптық кейіпкерге айналады, онымен бірге қуанады, армандайды, қиялдайды, жағымды жағын алады.

Бірлесе отырып әр түрлі тақырыптарда диспут өткіздік. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз.Оқушылар жан-жақты өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар мұражайға жиі келіп өздеріне қажетті материалдарды тыңдап, жинақтап отырады. Абайтану пәні бойынша, оқушылар әр кейіпкерді жан-жақты іздестіреді. Осы орайда мұражайдың құнды деректерінің шығармашылықты дамытуға қосар үлесі ұлан ғайыр. Абай мұрасы жан-жақты зерделеніп, зерттеліп, кеңінен насихатталғанымен, ол туралы айтылар ой мен зерттеулер әлі де жетерлік. Қазақ халқы қашанда өзінің өскелең ұрпағына мұра ретінде қалдырған жазба деректерін саралап, оның озық үлгілерін жүйелі түрде зерттеп, сұрыптап отырады. Ата-баба мұрасының қайнар көздері осы мұражай мұрағатында жинақталып сақталған естеліктерді саралағанда байқастады, біздің оқушылар. Осы негізде ортаға салып қызу пікір таластар өткізеді.

Қазіргі ғалымдану және техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру - жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.

Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы, оқушы мен ата-ана арасындағы, оқушы мен мұражай арасындағы, оқушы мен тарихи деректер көзі сақталған қасиетті орындар арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерек.

Менің ойымша, оқушы қабілеті дегеніміз - оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.

Қай салада болмасын, ондағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенеді.



© 2010-2022