Разработка на казахском языке Рухани байлық-игілік көзі

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Мектебі: Үстірт орта мектебі

Пәні: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Рухани байлақ-игілік көзі

Пән мұғалімі: Н.Уразниязова

Сабақтың мақсаты - Оқушыларға рухани байлық туралы түсінік беру

- Оқушыларға игілікті істер туралы мәлімет беру.

- Өтілген тақырыптар арқылы оқушылардың бір-

біріне игі тілектер білдіруге үнемі тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілі: Сұқбат, пікір алмасу.

І. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, оқушыларды

түгендеу.

«Шаттық шеңбері» - сабақтың беташары ретінде оқушыларды ұйымдастырып, әрі оларды жақсы, көтеріңкі көңіл- күйге шақыру мақсатында «Шаттық шеңбері» атты ұйымдастыру.

Келгенде көктемі,

Көңілін гүл басқан.

Шырағы көктегі,

Жұлдызбен сырласқан,

Өз елім менің-

Өзегім менің

Жырыма қосып жүремін,

Төрем деп менің

Жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Рухани байлық негізі» шығарма.

ІІІ. Жаңа сабақ: «Рухани байлық-игілік көзі.»

Игілікке қол жеткізу қашанда екі шартты қатаң сақтауға байланысты.Алдымен, қызметтің кез келген түрінде түпкі мақсатты дұрыс белгілеу керек, сонан соң түпкі мақсатқа жеткізердей тиісті жол іздеп табу қажет.Игілік-ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым.Ол табиғи және қоғамдық-әлеуметтік болып сараланады. Игілік тұтастай алғанда адам өмірінің қажетін өтейтін құндылық болып саналады. Ал игілікті адамдеп игі іс-әрекетін жасай алатын еңбексүйгіш жандарды айтады.Істің игілікті болуы адамның жауапкершілігіне байланысты.

Әрқашанда таза болсын ар-ожданың жүрегің,

Өзгелер де саған адал,әділ болар білемін.

Зорлық қылсаң өзгелерге-өзің жәбір көресің,

Қиянаттың құрбаны боп, қорлықпенен өлерсің.

Мұхаммед Бабыр.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

V. Жаңа сабақты қорытындылау:

«Жүректен-жүрекке» шеңбері - сабағымызды жақсы көңіл күймен аяқтау мақсатында шеңберге тұрып «Жүректен - жүрекке » жететін сөздермен сабағымызды аяқтасақ.

Еліме тыныштық тілеймін! Күніңіз әр күн күліп тұрсын!

Күніміз жарық болсын! Ғұмырыңыз мәнді болсын !

Аспанымыз ашық болсын! Шаңырағыңызға шат құйылсын!

Деніміз сау болсын! Отбасына мереке берсін!

VІ. Үйге тапсырма.


© 2010-2022