Қ. Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі

Қысқа мерзімді сабақ жоспары   Сабақтың тақырыбы:  Қ. Аманжоловтың  «Өзім туралы» өлеңі Сабақтың жалпы мақсаты:      өлең арқылы ақынның өзіндік мұратын тану, өлеңнің тақырыбы мен                                                    идеясын ашу;                                                                Сөйлеу мәдениетін меңгеру, өзіндік жұмыста белсенділік таныту, шығармашылық                                                                             шеберлігін шыңдау;                                                                 Қасым поэзиясы арқылы Отанды, туған жерді сүю... Күтілетін нәтиже:  оқушылар тапсырманы қызығушылықпен орындау арқылы: -         Сабаққа белсенді қатысып, тақырыпты меңгереді; -         Өзара пікір алысып бір – бірінен үйренеді және үйретеді; -         Бір – бірін мұқият тыңдауға қалыптасады; -         Мұғалімнің сенімді серіктестері бола алады. -         Білім нәтижесін көрсете біледі.  Сабақтың әдіс – тәсілдері:    интербелсенді әдістер Дереккөздер: оқулық, Қ. Аманжоловтың шығармалар жинағы, М. Мақатаев. Аманат.                                                                           М.Шаханов. Тілсіздендіру анатомиясы   Сабақтың кезеңдері уақыт Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Ұйымдастыру кезеңі     Оқушыларды топқа бөлу 2       минут  Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. 1 – топ: Қасым 2 – топ:  Ақын 3 – топ:  Азамат 4 – топ:  Тұлға         Оқушылар топқа бөлініп отырады. Бағалау критерийлері   Сабақ басталмас бұрын оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстыру. Оқушылар бағалау парақтарын алады.
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ақши орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Насырбаева Гүлмира

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері. Қатаң және ұяң дауыссыздар.

Сабақтың жалпы мақсаты: дауыссыз дыбыстарға айтылу ерекшелігіне қарай сипаттама беру арқылы түрлерін білу, түсіну, меңгеру;

топтық тапсырмалар арқылы оқушыларды ынтымақтастыра отырып, ізденіске түсіру, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой ұшқырлығына баулу;

туған тілімізді, әдебиетімізді қастерлеуге, бағалауға көңіл бөлдіру, бағыттап отыру.

Күтілетін нәтиже: оқушылар тапсырманы қызығушылықпен орындау арқылы:

  • Сабаққа белсенді қатысып, тақырыпты меңгереді;

  • Өзара пікір алысып бір - бірінен үйренеді және үйретеді;

  • Бір - бірін мұқият тыңдауға қалыптасады;

  • Мұғалімнің сенімді серіктестері бола алады.

  • Білім нәтижесін көрсете біледі.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: интербелсенді әдістер

Дереккөздер: оқулық, «Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы», - «Арман - ПВ» баспасы, 2009

Н.А.Оразахынова «Сатылай комплексті талдау» /фонетика/, - Алматы, 1999ж

Сабақтың кезеңдері

уақыт

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу

2 минут

  1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

1 - топ: гүлдер

2 - топ: көбелектер

3 - топ: ағаштар

4 - топ: құстар

Аспан тұрса күлімдеп,

Айын биік орнатып.

Ақса бұлақ гүрілдеп,

Балаларға сол бақыт.

С.Мауленов





Оқушылар топқа бөлініп отырады.

Бағалау критерийлері


Сабақ басталмас бұрын оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстыру.

Оқушылар бағалау парақтарын алады.

БІЛУ

СТО

«Қызығушылықты ояту»


«Өрмекшінің торы» тәсілі арқылы оқушылардың өтілген тақырып бойынша сұрақтар қоюын тапсыру.



Оқушылар дөңгелене, шеңбер жасай орналасып,бір - біріне сұрақтар қойып, жауап беру барысында «Өрмекшінің торын» жасайды

ТҮСІНУ

«Ми шабуылы»

ертегі тыңдау



«Сұрақ қою, тағы да сұрақ қою» әдісі

(жаңа сабақты түсінуге байланысты оқушыларға неге?неліктен?себебі?не үшін?сұрақтары беріледі )


«ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ»



«Дыбыс хандығындағы дауыссыз дыбыстар ұлысы» ертегісін мұғалім мәнерлеп оқиды.

(ертегі аудиотаспа арқылы тыңдалады)

Оқушылар ертегіні тыңдай отырып, жаңа сабаққа қатысты екендігіне ой жібереді, мазмұнын меңгереді, түсінеді, бір - біріне түсіндіреді.

Талдау барысында сыни тұрғыдан пікір білдіреді. Топпен бірлесе отырып талдайды,бір қорытындыға келеді.

Дауыссыздардың түрлерін, айтылу ерекшеліктерін өздері топшылаулары бойынша түсіндіреді.

Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

«Ойнайық та, ойлайық»

«Дыбыстан - сөз

шығады» өлеңі

Ж.Әбдірашев

«Түзетіп оқы» өлеңі

М.Әлімбаев


Мұғалім көрнекті балалар ақындарының өлеңдерін қолдану арқылы оқушыларға қызықты әрі қарапайым тапсырмаларды орындатады:

Өлең, өлең, өлең ғой,

Өлеңдете кеп ем ғой,

Шілдехана үстінде -ақ -

"Сүйдім сені " деп ем ғой.

Ақын қайтіп тартсын бой

Шіркін өлең жақсы ғой!

Т.Әлімқұлов

Ойында (өлеңде) берілген қателерді түзетіп оқиды, тапқырлықпен табан астында жауап береді.

Түзетілген нұсқаның бірнешеуін дәптерлеріне көшіріп жазады.

Теориясы:

«ТАЛДАУ»

«Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» әдісі

Ж.Әбдірашевтің өлеңі

арқылы





Оқулықпен жұмыс

264 - жаттығу

«Пирамида» әдісі

267 - жаттығу


Мұғалім өлеңді талап бойынша бірнеше оқушыға оқытады.

Берілген сөздерге сатылай кешенді талдау жүргізуді оқушылардан тапсырады.

Оқушыларға дәптерге таза, сауатты, көркем жазуын қадағалайды.

Дәптер - сенің сырласың,

Дәптер досың болады.

Әріптердің сұлбасы

Дәптеріңе қонады.

Айтқан сөзін құпта да,

Ұстазыңды құрметте.

Дәптеріңді күт, бала,

Дәптеріңді кірлетпе.

Ұсынылатын сөз тіркестері: Ақпан айы, ақындар айтыпты, ертегі естимін, дыбыстар дауы.



Оқушылар өлеңді жылдам жаңылмай оқиды

Өлеңдегі бірнеше сөзге фонетикалық талдау жасайды. Төмендегі сөздердегі

дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме береді.

1 - топ: кектендірме

2 - топ: қиындықтан

3 - топ: қашқақтамаған

4 - топ: лауламаған

Әр топ өздеріне берілген сөзді талдап, дәптерлеріне жазады.



Топтар берілген сөз тіркестерін қолдана отырып бірдей дыбыстардан басталатын 2 - 3 сөйлем құрастырып көреді.

«ЖИНАҚТАУ»

«Қызықты сұрақ» әдісі


Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:

  1. Дауыссыздар салдыр мен гүлдірдің қатысына қарай қатаң және ұяң болып екі топқа бөлінеді.

  2. Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз.

  3. Қатаң дауыссыздар мыналар:

п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ

  1. Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ салдырдан үні басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар дейміз.

  2. Дауыссыз дыбыстар саны он екі.

Оқушылар мұғалімнің қатемен оқыған тұстарын бірден түзетіп, дұрыс нұсқасын айтады, дұрыс жауаптарымен сәйкестендіреді.

Жаңа тақырыпты қорытындылайды.

«БАҒАЛАУ»



Шығу парағы









  1. Сабақ сендерге ұнады ма? Неліктен ұнады /ұнамады деп ойлайсыңдар?

  2. Сабақтың қалай өткені сендерге көбінесе ұнайды?

Неге ұнайды?

  1. Келесі сабақта қандай шығармашылық тапсырмалар орындағыларың келеді?






Оқушылар өз ойлары мен көзқарастарын сыни тұрғыда еркін білдіреді.

Сұраққа мейлінше шынайы түрде жауап бергендіктері өзара бағаланады.


Рефлексия

3

Мұғалім оқушылар еңбегін бағалайды.

Бірін - бірі бағалау



Келесі оқылым



1



Үйге тапсырма беру

269, 270 - жаттығулар




© 2010-2022