Қазақ әдебиеті 6 класс Ш. Мұртаза Тұрар бала

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Қазақ әдебиеті 6 класс Ш.Мұртаза Тұрар балаҚазақ әдебиеті 6 класс Ш.Мұртаза Тұрар балаҚазақ әдебиеті 6 класс Ш.Мұртаза Тұрар балаҚазақ әдебиеті 6 класс Ш.Мұртаза Тұрар балаҚазақ әдебиеті 6 класс Ш.Мұртаза Тұрар балаҚазақ әдебиеті 6 класс Ш.Мұртаза Тұрар балаҚазақ әдебиеті 6 класс Ш.Мұртаза Тұрар балаҚазақ әдебиеті 6 класс Ш.Мұртаза Тұрар балаҚазақ әдебиеті 6 класс Ш.Мұртаза Тұрар балаҚазақ әдебиеті 6 класс Ш.Мұртаза Тұрар бала

Сабақтың тақырыбы: Ш.Мұртаза «Тұрар бейнесі»

Сабақтың мақсаты:

а) Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» романындағы «Тұтқын бала» тарауы бойынша бала Тұрардың санасын оятқан түрме сабақтарын жете түсінуі,Тұрар арманы оның орындалған мұраты екенін дәлелдеу;

ә) мәтіннен Тұрардың зеректігін,ойлылығын,ұстамдылығын,сонымен бірге үнемі күдікпен жүретін сақтығын айқындайтын үзінділерді табу,проблемалық сұрақтар арқылы жинақтауды дамыту;

б) романның арқауы-тарихи шындық екнін түсіндіру,кейіпкерлерге жағымды-жағымсыз әсерлері туралы ой айта ,қорыта алу;

Сабақтың түрі: қорыту,жинақтау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,үнтаспа, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала»әңгімесінің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романы бойынша «Тұтқын бала» әңгімесінен үзінді оқыдық, сол үзіндінің «Бала Тұрар» тарауы бойынша бүгін осы романды,яғни өзіміз оқыған әңгіме тарауы бойынша тоқталамыз.Үйден өздерің басқа тарауларға ат қойып,өз шығармашылық белсенділіктеріңді байқадыңдар.Олай болса,бүгінгі «Бала Тұрар» тарауы.

Тақтадағы сұрақтар.

  1. Тұрардың санасын оятқан түрме сабағы.

  2. Әке мен бала арасындағы сүйіспеншілік.

  3. Диірменде туған тышқанның баласы дүбірден қорықпайды.

  4. Әкені алыс сапарға шығарып салу.

  5. Тұрардың Меркедегі өмірі (картадан)

  6. Тақтаға шыққан Тұрар мен Атамырза: екі әрекет,екі мінез.

  7. «Әке көрген оқ жонар».

  8. Тұрардың өсу жолдары.

«Бала Тұрарға» мінездеме

Бала Тұрар -аңғал,қиялшыл,жасқаншақ,сенгіш,әкесін жақсы көреді,өмір әділетсіздігін сезеді,бірақ күресуге дәрмені жоқ..

Өздеріне дәптеріне мінездеме жазғызу.

Приходько мырзаға арыз,оның орындалуы.

Тұрар түрмеге келген күні Рысқұлдың «Түрмеде тұңғыш рет тастай қатып,судай сіңіп,бір рахат ұйқыға кетуі».Рысқұлдың түрменің ұзақ түндерінде баласын ұйқыдан қысып отырып айтқан сырлары зая кетпеуі,Тұрардың 20 жылдан кейін әлдебір жазушымен дос болып,өз әкесі басынан өткен шытырман шындықты оған арман ағысындай етіп айтып берер. Содан барып «Қараш-Қараш» туар.

-Қанаты қатаймаған балапаным,қара дауылға қарсы ұша алармысың сен?

Жүдеме! Жаралының жан серігі-жасымау. Жасыма! Ұқтың ба,Тұрар! деуі.

«Диірменде қорықпайтын тышқан баласымын» деп неліктен Тұрар өзін теңеді. Ондағы айтпақ ойы, оған Иван Владимировичтің берген жауабы. Сен «Қызыл жебесің,бауырым!» деуі нені білдіреді.

Шынымен қазақ дедіңіз бе? Қазақ та мен сияқты өзінің шын атынан айырылып жүрген жоқ па?

Әкені алыс сапарға шығарып салу.

1906 жылы маусым айының тамылжыған таңында Рысқұл камерасының құлпы соңғы рет сылдырлады. Ол соңғы рет айқұш-ұйқұш сом темірлі терезеге қарады. Баласын бауырына қысып жатты. Жалғыз жәдігерін қалталы қасқыр сияқты кеудесіне жасырып,алыс сапарға өзімен бірге ала кетер еді,оған айла жоқ.. Бронников және саяси тұтқындар белгісі.

Арба дөңгелегі қозғала бергенде,Тұрар әкесінен айырылғанын шын сезінуі,үстіне біреу май құйып жібергендей,от қойып жібергендей тұла бойы лап етіп:

-Көке! Деуі.

Тұрардың саусағы ілінген белбеудің шуда жібі сетінеп,бір талшығы баланың уысында қалып,ыдырай беруі.

Тұрардың Меркедегі өмірі. Қырғызбаев болып мектепке баруы.

Аспара,Қызыл жебе, Көке сөздерінің мағынасына тоқтала кету.

Тақтаға шыққан Тұрар мен Атамырза.

Тергеуші Семашко мырзаға Тұрардың ұнауы,Тұрардың Семашко мырзаға әрі тілмаш,әрі писарь болуы.

Жаманшылық күткен балаға жақсылық шіркін бұрқ етті. (мінездеме)

Иван Владимирович хатын оқуы,Рысқұлов атына куәлікті толтыруы,оған ұстазы берген бағасы. Аспара,Қызыл жебесінің ,бауырым! Деуі. Куәлікпен оралуы.

«Әке көрген оқ жонар» демекші.Бала бойындағы жақсы қасиет отбасынан басталады. Кейін ол қасиеттер қоғам қайраткерлігіне дейін өсті. Бала кездегі салт-дәстүр,әдет-ғұрыптың сақталуы,оны құрметтеу.

Тұрардың өсу жолдары

Туған халқының жер бетінен жойылып кетпеуі үшін,бел буып саяси өмірге араласуы.Халқы үшін адал туған ұл бүкіл ғұмырын ұлт қамқоры болуға арнады.

Тұрар Рысқұлов

Бала Тұрарқиялшыл аңғал қайраткер

жасқаншақ «Қызыл жебе»

сенгшіш Азаттық үшін күрескер

ұстамды әкесін жақсы көреді халық қамқоршысы

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Республикамыздың ірі қалаларында Тұрар Рысқұлов атында мектеп,көше, аудан бар.

  2. Алматы қазақ экономикалық университеті Тұрар Рысқұлов атымен аталады.

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» тақырыбында ойтолғау жазу


© 2010-2022