План урока по самопознанию 10 класс

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернат

Мерзiм:

№ 1-2 сабақ

Тақырып: Таным белестері.

Құндылық:Ішкі тыныштық(жағымсыз қылықтарды қадағалау, шыдамдылық ,адамгершілікке баулу.)

Қасиеттер: шыншылдық,мейірімділік,сабырлық.

Мұғалiм:Кузеуова К.К.

Сынып: 10 сынып

Оқушылар саны: 25

Сабақ мақсаты: оқушылардың бойнда адам туралы,оның дүниетанымдық көзқарасы туралы жағымды көзқарас қалыптастыра отырып,оларға өзін-өзі дамыту және бағалай білу туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  1. Білімдік: адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным,өмірлік бағытты дұрыс таңдау арқылы дамып,жетіліп отыратын қасиет екендігін ұғындыру.

  2. Дамытушылық: оқушыларды өз бойларындағы мүмкіндіктерінді тиімді пайдалана алуға үйрету.

  3. Тәрбиелік: оқушыларды таным жолында кездесетін қиыншылықтарды жеңе білуге және өздігінен ізденуге тәрбиелеу..

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Слайдтар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу. Орманға саяхат

Арқаларыңызды тік ұстап отырыңыздар. Көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әр тыныс алғаныңызда өзіңізді тыныш сезінуге тырысыңыз. Сіз сыныптың есігіне жақындадыңыз, есікті ашып, дәлізбен келе жатырсыз. Далаға шықтыңыз. Таза ауаны жұтып, самал жел мен күн нұрының сіздің бетіңізді жылытқанын сездіңіз. Орманға қарай жүріңіз. Абайлаңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минутқа тоқтап, айналаңызға қараңыз. Табиғаттың сұлулығы мен тазалығын сезініңіз. Жаныңыздағы гүлдердің біріне келіп, сәл иіліп, мұқият қараңыз, қандай нәзік. Оны иіскеп, хош иісін сезіңіз. Айналаңызға зер салып, ары қарай жүріңіз. Гүлдер, гулдер мен ағаштардың хош иісі, құстардың әні және жәндіктердің баяу үні. Орманда жүріп, ағаштардың көптігіне, жақындаған сайын биіктей беретіндігіне назар аударыңыз. Күн көзі сізге жапырақтар арасынан сығалап, жасырынбақ ойнағандай, оның сылдырын естіңіз. Орманда біз өзімізді бақытты және қауіпсіз сезінеміз. Жазыққа шығып, бірнеше минут тынығыңыз. Өзіңіз бір сәт саясында отырғыңыз келген бір ағашты таңдаңыз. Ағаштың жанына келіп, оны құшақтаңыз. Қандай мықты ағаш. Оның күштілігі мен ондағы өмір қуатын сезініңіз. Енді оның түбіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алып, сөзді қоршаған ішкі тыныштық пен үнсіздікті сезініңіз (Мұғалім осы жерде бірнеше минут тоқтай тұруына болады). Біз жеңілдік пен бақытты сезінеміз. Қандай таңғажайып табиғат, біз барлық тіршілік иесін қалай аялап, сүюіміз керек екенін түсінеміз. Енді бұл сіздің ағашыңыз, кез-келген уақытта осында келе аласыз. Мектепке қайта оралуға әзірленіңіз. Орныңыздан тұрып, айналаңызға тағы да мұқият қараңыз. Жәндіктерді басып кетпей, келген жолыңызбен қайтадан мектепке оралыңыз. Міне, мектептің ауласына жеттік. Айналаңызға тағы қарап, терең тыныс алып, есікті ашып ішке кіріңіз де орныңызға келіңіз. Осы тыныштық пен қанағат сезімін сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімдеңіз!

Сұрақтар: 1.Қандай әсерде болдыныздар? 2. Ішкі тыныштыққа жеттініздерме?

Қорытынды:Олай болса бір-бірінізге жақсылық тілеуді жіберуді ұмытпаныздар!

Үй тапсырмасын тексеру.

Төменде берілген ой-тұжырымды жалғастырыңыздар:

-Біздің танымымыз артқан сайын орындайтын міндетіміз де көбейе береді.

Қорытынды: Әр адам өз омірлік айқындамасын дұрыс белгілеп алса,оның өмірлік ұстанымы ,таным жолы да айқын болады.

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Адам әлемді қаншалықты таныса,соншалықты өзін де тани түседі.Өзін-өзі қалай тануға болады?Борышынды өтей бастаған сәттен бастап-ақ,өзіңди тани аласың.

Қорытынды: Адам өзіне қажетті сапалық қасиеттерді өмірлік тәжірібие арқылы жинақтайды.

Әңгімелеу. Аңыз әңгіме: Қарындаш

өсиет әңгіме

Бір күні ұста қарындаш жасап оған былай дейді,сен үшін 5 ереже бар.Оны ешқашан жадынан шығарма,ұмытпа .

Біріншіден,егер сені бір адам қолына алса, сен көп істер істей аласың.

Екіншіден,сеніұштаған кездесаған ауыр тиеді.Ол сені төзімді, мықты болуға үйретеді.

Үшіншіден,сен өзіңнің жасаған қатенді түзете аласың.

Төртіншіден,ең маңыздысы сенің ішіндегі.

Бесіншіден,сен қай жерде болсаң да өз ізінді қалдыруын керек.Қандай жағдайда болсаң да сен жазуын керек.

Адамдарда мынадай ақылды естен шығармаулары керек.

Біріншіден, сіздер көп нәрсе істей аласыздар,егер жүректеріңізге сенсеңіздер.

Екіншіден,кейбір мәселелер оңайлықпен шешілмейді,сондықтанда біз қиындықтармен кездесіп, мықты бола аламыз.

Үшіншіден, сіздерге өмірде жасаған қателіктерді түзетуге мүмкіндік болады.

Төртіншіден,ең маңыздысы әрқашан біздің ішімізде.

Бесіншіден,сіз қайда болсаңызда өмірде із қалдыруыңыз керек.

- Ұста қарындашқа қандай өсиет айтты?

-Біз қалай із қалдыра аламыз?

-Ең маңыздысы әрқашанда біздің ішімізде дегенді қалай түсінесіздер?

-Өзің ұста болсаң қандай өсиет айтар едің?

Қорытынды:

Сондықтан арқашан ақылға жүгіну керек,сабырлы,жан дүниесі кіршіксіз таза адам болуға тырысып,ұмтылу керек.


Шығармашылық жұмыс. Дәптермен жұмыс . «Мен және менің жан әлемім» тақырыбына ой-толғау жазыңыздар.

Қорытындылау:Адам қолымен жасалған игі істің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі.Жақсылық жасай білген адамның ішкі жан дүниесі таза,сезімі сергек болады.Рақым,қанағат,әділдік және қайырымдылықпен жасаған жақсылығының жемісің,рақатың көреді.Тілегі мен жүрегі үндестікте болған адамның рухани қуаты арта түседі.


  1. Топпен ән айту.

Өмiрiңе немқұрайлы қарама

Сөзі: Серік Сейітман

Әні: Сәкен Дәрібаев

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Шақша басың айналса да бақыттан.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,
Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өмірңе немқұрайлы қарама
Айдын көлге айналса да көз жасың.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Қанша азап көрсең-дағы, бауырым,
Өміріңе немқұрайлы қарама.

Қорытынды: Адам - өз өмірінің суретшісі, дегендей, егер мінезіміз жақсы болса, өміріміз де көркем суреттермен өрнектеледі. Адам ізгілік туралы сөздерді жалаң айтпай,оны іс жүзінде көрсете білуі тиіс.Сондықтан жақсылық жасаудан жалықпай,істеген жақсылықтарына өкінбендер.


  1. Үй тапсырмасы.

    1. Оқулықтың 170 бетіндегі №32 сабақтағы Д.Тұрлыбектің «Мына дүние не боп барады...» әңгімесін мазмұндап келу.

    2. Дәптермен жұмысты аяқтау.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою.

Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз. Бугін сабақта өткен құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік. Ішкі тыныштық, шыншылдық, мейірімдік, ақылдылық, өзін-өзі дамыту туралы ойымызды кеңейттік. Осы құндылықтар мен қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды, сау болыңдар!





© 2010-2022