Функционалдық сауаттылық коучинг жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

коучинг жоспары

« Функционалды сауаттылықты қалыптастыру»

Мақсаты

Жаңа функционалды оқу әдіс-тәсілдерімен таныстыру; Оқу үдерісінде жүйелі қолданылатын дағдылар жайлы мәлімет беру.

Күтілетін нәтиже

Функционалды сауаттылық жайлы жаңа мәліметтер алады.Оқу үдерісінде қолданатын дағды , икемдер таныс болады.

Түйінді идеялар

  • Функционалды сауаттылық

  • Функционалды сауаттылықтың индикаторлары

Дерек көздері

« Функционалды сауаттылықты қалыптастыру» презентациясы

Материалдар мен көрнекіліктер

Интерактивті тақта, флипчарт, маркер, магнитті тақта

Сабақтың барысы

Сабақтың өту кезеңдері

уақыты

Мұғалім мен қатысушылардың іс-әрекеттері

сәлемдесу

1 мин

Коуч қатысушыларға жылы шыраймен амандасады

жағымды психологиялық

ахуал орнату

4 мин

Жағымды психологиялық ахуал орнату үшін, үлкен шеңбер құрып, қатысушылар бір затты таңдап алып, ( ол ручка, кітап, сызғыш, дәптер т.б. заттарды) оған образ жасап ортада көрсетіп беруі керек. Ал көршісі не жасырғанын табу керек.

Кластер тәсілі

5 мин

Сауаттылық терминін тереңірек түсіну үшін сыни тұрғыдан ойлану әдісін пайдаланып, «сауаттылық » сөзіне кластер ассоциация ойлап табады. Содан соң соны тізбек бойынша бір-бірін қайталамай айтып шығу керек.

Сабақта функционалды сауаттылықты қалыптастыру- атты презентацияны көрсету

10 мин

Функционалды сауаттылық терминін түсіндіру үшін функционалды сауаттылықты қалыптастыру-атты презентацияны көрсету, әрі әр слайдты таныстыру.

Сергіту сәті

3 мин

"Macarena" биін билеу

Мәтінмен жұмыс

7 мин

Мұғалімдердің функционалды сауаттылық дағдысы қандай деңгейде екенін анықтау үшін мәтін үзінділерімен жұмыс. Мына бір-екі мәтінмен таныс болыңыздар:

Бес-алты Көзілдірік Маймыл тапты,
Біразын құйрығына тізіп, тақты.
Қарады бірін иіскеп, бірін жалап,
Бір мезгіл төбесіне қойып жатты.
Пайда жоқ иіскесе де, жаласа да,
Қойып-ақ әр жеріне қараса да.
И.А.Крылов «Маймыл мен көзілдірік»

2. Таңертең сіз асығыс дәрі атауын оқып шығып, дәрінің керек дозасын қабылдадыңыз. Біраздан соң өзіңізді жаман сезіне бастадыңыз. Кейіннен сіз атаңызға берілген дәріні қабылдағаныңызды білдіңіз.

3. Сіз үлкен қаланың метросында жүріп , сіз «Айтыңызшы, аталмыш станцияға қалай жетуге болады?»-деген сөздерді жиі естідіңіз.

4. Сіз «Скайп» программасын тартып алуға тырысып жатсыз. Бірақ тартылмай жатыр. Сіз инструкцияны оқып алып, тағы да тырысып жатсыз. Бірақ бәрібір болмай жатыр. Сіз басқа жолын іздеп тағы тырысып жатсыз- еш нәтиже жоқ...

5. Белгілі бір сайлау пункітінде әрбір төртінші дауыс беруші бюллетеньді дұрыс толтыра алмаған. Сондықтан да олардың берген дауыстары саналмады.

6. Автобус жүргізушісінің білімсіздігінен автобус күрделі жол апатына ұшырады...

Таблицамен жұмыс

10 мин

Функционалды сауаттылық индикаторларымен таныс болу; таблицаны толтыру -таблицаның оң және сол жақтағы индикаторларын пайдалана отырып.

Жалпы сауаттылық

Жазу..., санау, тану...,сұрақтарға жауап беру...

Компьютер сауаттылығы

іздеу...,пайдалану..., ашу...

Төтенше жағдайларда іс-әрекет ету сауаттылығы

Жәрдем беру..., қарату...,қамқор болу...

Ақпарат алу сауаттылығы

Табу және іріктеу..., пайдалану..., талдау...

Коммуникативті сауаттылық

Жұмыс істеу..., өзіңе қарату..., берілмеу...,

Шет тіл меңгеру сауаттылығы

Құқықтық, саясы -қоғамдық сауаттылық

аудару..., айтып беру...,қарым-қатынас жасау...

сөзінде тұру..., түсіндіру..., талдау...

Тұрмыстық сауаттылық

таңдау..., жоспарлау..., пайдалану...

Коучинг кезеңдерін қорытындылау

5 мин

«Сыпырғыш» жаттығуын қолдана отырып , қатысушылар сол жақтағы көршілерінің иығына қолдарын салып, (Бәрі бір бағытта, солға қарай немесе оңға қарай) осы сабақтан алған білімдері мен дағдыларын бір -біріне сыйлайды.









ОҚО Шардара ауданы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі

Коуч: Cейдалиева Ақбота Сайлауовна

«Функционалды сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында өтілген коучинг сабағының рефлексивтік есебі.

«Функционалдық сауаттылық» терминнің анықтамасы - адамның сыртқы қоршаған ортамен карым-қатынас орната алуы және ол ортаға жылдам бейімделуі.

Функционалды сауаттылық дағдыларына ие болу жаңа дамыған еліміздің талабы болып отыр. Сондықтан да «Функционалды сауатылықты қалыптастыру» атты коучинг сабағымызды ұйымдастыруды жөн көрдік. Коучинг сабағымыздың мақсаты жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларға тоқталып өту, оқу үдерісінде пайдаланатын дағды икемдер жайлы мәлімет беру.

Коучингіміз сәтті өту үшін психологиялық ахуалды жақсартып алу көзделді. Сол орайда сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту үшін «Шеңбердегі заттар» атты жаттығу жүргізуді жөн көрдік.Әрбір қатысушы бір затты таңдап алып, ( ол ручка, кітап, сызғыш, дәптер т.б. заттарды) оған образ жасап ортада көрсетіп беруі керек. Ал көршісі не жасырғанын табу керек. Бұл жаттығу қатысушылардың сыни ойлануын дамытып қана қоймай , сол ортада көңіл-күйдің көтерілуін де қамтамасыз етті.

Функционалдық сауаттылық коучинг жоспары

«Сауаттылық» терминінің мағынасын ашып алу керек болды. Бұл үшін мен топтастыру әдісін пайдаландым. Сауаттылық сөзіне ассоцияция тауып жазып шығу міндеттелді. Соңынан әр топтағы қатысушы бір-бірін қайталамай сол сөздерді тізбектеп айтып шықты. Бұл тапсырманы орындау барысында қатысушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері жұмыс жасады. Және бұл тапсырманы дұрыс таңдағанымызға көзіміз жетті.Мұғалімдер сауаттылық терминін тек қана білім саласымен ғана байланыстырып қоймай, қоғамдағы басқа салалармен де байланыстыра білетініне куә болдық.

«Функционалдық сауаттылық » презентациясын тамашалаған қатысушылар жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдер жайлы, оқу үдерісінде репродуктивтік және конструктивтік білім беру дағдыларының айырмашылығына тоқталып өттім. Сонымен қатар сапалы білім беру үшін ашық сұрақтар стратегиясының тиімділігі жайлы да айтылды.

Сергіту сәтінде қатысушыларды «Макарена» биіне билетіп алдым, бұл қатысушылардың көңіл -күйін көтерді.

Келесі тапсырма ретінде мұғалімдердің функционалды сауаттылығының деңгейін анықтау үшін мынадай тапсырма бердік. Ол тапсырмада бір-біріне ұқсамайтын бірнеше мәтін алып, әр топқа сол мәтіндерді не біріктіріп тұр-деген сауал тастадық

Сол мәтіндерді келтіріп отырмын, төменде:

Бес-алты Көзілдірік Маймыл тапты,
Біразын құйрығына тізіп, тақты.
Қарады бірін иіскеп, бірін жалап,
Бір мезгіл төбесіне қойып жатты.
Пайда жоқ иіскесе де, жаласа да,
Қойып-ақ әр жеріне қараса да.
И.А.Крылов «Маймыл мен көзілдірік»

2. Таңертең сіз асығыс дәрі атауын оқып шығып, дәрінің керек дозасын қабылдадыңыз. Біраздан соң өзіңізді жаман сезіне бастадыңыз. Кейіннен сіз атаңызға берілген дәріні қабылдағаныңызды білдіңіз.

3. Сіз үлкен қаланың метросында жүріп , сіз «Айтыңызшы, аталмыш станцияға қалай жетуге болады?»-деген сөздерді жиі естідіңіз.

4. Сіз «Скайп» программасын тартып алуға тырысып жатсыз. Бірақ тартылмай жатыр. Сіз инструкцияны оқып алып, тағы да тырысып жатсыз. Бірақ бәрібір болмай жатыр. Сіз басқа жолын іздеп тағы тырысып жатсыз- еш нәтиже жоқ...

5. Белгілі бір сайлау пункітінде әрбір төртінші дауыс беруші бюллетеньді дұрыс толтыра алмаған. Сондықтан да олардың берген дауыстары саналмады.

6. Автобус жүргізушісінің білімсіздігінен автобус күрделі жол апатына ұшырады...

Осы тапсырманың арқасында ,біз, әріптестеріміздің көпшілігінің функционалды сауаттылық дағдылары қалыптасқандығын байқадық. Дегенмен, біраз әріптестеріміз сұрақ қойып жетектегенде ғана бұл тапсырманы орындап шықты.

Функционалдық сауаттылық коучинг жоспары

Функционалды сауаттылық индикаторларымен таныстыру үшін келесі тапсырманы бердік. Бұл тапсырмада таблицаның сол жағында функционалдық сауаттылық индикаторларын бердік . Ал таблицаның оң жағына етістіктер берілді. Таблицаның оң және сол жағынын пайдаланып Ф.С. индикаторларының анықтамасын табу керек. Қатысушылар бұл тапсырманы да сәтті орындап шықты. Тек «компьютерлік сауаттылық» бойынша сәл қиналды, оның себебі акт-ны қолдану дағдылары төмен.

Коучингті қорытындылау үшін «Сыпырғыш» жаттығуын қолдандым. Қатысушылар сол жақтағы көршілерінің иығына қолдарын салып, (Бәрі бір бағытта, солға қарай немесе оңға қарай) осы сабақтан алған білімдері мен дағдыларын бір -біріне сыйлайды. Бұл тапсырманың тиімділігі сабақ соңында қатысушылар сабақтан алған білімдеріне кері байланыс береді.Әрбір қатысушы бір-бірін қайталамауға тырысады. Бұл олардың сыни ойлау дағдыларын дамытады.

Функционалдық сауаттылық коучинг жоспары





© 2010-2022