Конспект Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар

№ Күні:

10-сынып Қазақ тілі

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуллина Галия Гимеденовнаның қысқа мерзімді жоспары

Сабақ атауы

§2. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі

Жалпы мақсаттар

Әдеби тілде сөйлеуге үйрету, тіліміздегі жаңа қолданыстарды екшеп қолдануға машықтандыру.

Сөз мәдениеті туралы толық ұғым қалыптастыру, сөз адам баласының айнасы екендігін, болмысын білдіретінін үйрету. Тапсырмаларға грамматикалық талдаулар жасату, теориялық білімдерін практикада пайдалана алуға үйрету.

Оқыту нәтижелері

- сөйлеу мәнері, мәдениеті қалыптасады;

- тұлғаның сөздік қоры молаяды;

- жұрт алдында еркін сөз жүйесі қалыптасады

Негізгі идеялар

Сөз мәдениеті , сөз - адам баласының айнасы. Тілдің сөздік құрамы - өз халқының тарихы, тұрмысы, шаруашылығы мен қоғамдық-саяси өмірінің, рухани бай-лықтарының айнасы. Қоғамдық-саяси, шаруашылық, тұр-мыс, тарихи өзгерістердің, тіпті құбылыстардың да ізі тілде қалады.

Дереккөздер, сілтемелер

1.МАН

2.10-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы.

Авторлары:А.А.Қасымбек Алматы «Арман ПВ», 2014 ж.

Қызығушылығын ояту

Ынтымақтастық атмосфера тудыру.

А)Қазақ тілі салалары бойынша топқа бөлу.

Б)Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі

Сабақ мақсатымен таныстыру.Бағалау критерийлері.

В)Өтілген тақырыптар бойынша презентация

Мағынаны тану

Постер қорғау (топтық жұмыс)

I - 9-жаттығу ауызша баяндау, суретпен жеткізу.

II- 13-жаттығу ауызша баяндау, суретпен жеткізу.

III-15-жаттығу ауызша баяндау, суретпен жеткізу.

IV- 16-жаттығу ауызша баяндау, суретпен жеткізу.

Оқулық бойынша тапсырмалар

9-жаттығу (ауызша)

10-жаттығу (жазбаша) Сөз құрамына талдау,синтаксистік талдау.

11-жаттығу Лексика тарауы бойынша ережелер мен талдаулар.

12-жаттығу(жаттау,қайталау) Күрделі сөздер.

Лексикадан кейбір ережелер.

4-жаттығу жазбаша орындау

Қосымша тапсырмалар:

ҰБТ тапсырмалары

Морфологиялық, синтаксистік талдаулар

Ой толғаныс

Біз өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы тілдер жөнінде ой қозғай қалсақ, ең алдымен қоғамдағы тілдің мәні мен маңызы, оның адам өміріндегі орны, шығу тегі мен қалыптасуы, дамуы жөнінде не айтар едік? «» тақырыбында өз пікіріміз.

Бағалау

Формативті бағалау (жұптық, топтық, топаралық), бағалау парақтары.

Үй тапсырмасы:

§2. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі

16- жаттығу.Тест


© 2010-2022