Абыл Тілеуұлы өмірі мен шығармашылығы 10 - сынып

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Абыл Тілеуұлы

Сабақтың мақсаты : а) А. Тілеуұлының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Абыл 1777 жылы, Маңғыстау жерінде дүниеге келген. Әкесі Тілеу аса бай болмаса керек. Ақын қарақалпақ, түркімен, қазақ арасын аралап, түркі жұртының ақындарынан сусындаған, сөз жарыстырған. Сондықтан «Қарасай-Қази», «Қырымның қырық батыры» секілді жырларды жеткізуші болды. Қазақ әдебиетінде ақынның «Арғымақ атта сын болмас», «Ескерту» атты жырлары белгілі болса, 1965 жылы оның өмірі, толғаулары Сәттіғүл ақынның айтуымен хатқа түсті. Абыл жырлары 1967 жылы «Қазақ әдебиеті хрестоматиясы», 1972 жылы «Ақберен» жинағында жарық көрді. Шығармалары кейінгіге үзіліп жетсе де, Мұрат, Қашаған секілді ақындар Абылды ұстаз тұтып, рухани аға есебінде басын иген.

Басында мида ағаштың сайрар бұлбұл,

Жігіттік - өтер, кетер бір қызыл гүл.

Қусаң да қос ат алып бір шалдырмас,

Қамшылап Әбу жылан мінсең дүлдүл, -

деп ақын заман жайлы тереңнен толғайды.

Кітаппен жұмыс: Абыл Тілеуұлының айтыстарын мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Абыл Тілеуұлының жинақтары қандай атпен жарық көрді?

  2. Қандай айтыстарын білесіңдер?

  3. Қандай жырларды жырлап жеткізген?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Абыл Тілеуұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.


© 2010-2022