Теңге - ұлттық табыстың кепілі тақырыбындағы сайыс сабақ

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Теңге - ұлттық табыстың кепілі тақырыбындағы сайыс сабақ.

Көкшетау гуманитарлы-техникалық лицей-мектебі

Теңге - ұлттық табыстың кепілі тақырыбындағы сайыс сабақ.



ҚАЗАҚ ТІЛІ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА

ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРА (САЙЫС)




6 СЫНЫП









Дайындап өткізгендер: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері

Байбакова К.Б., Боранбаев Ж.А.




Тақырыбы: «Теңге - ұлттық табыстың кепілі » / сайыс/

Мақсаты: Оқушылардың ұлттық теңгеміз туралы білімдерін жетілдіру. Өз ойларын ашық, еркін айтуға үйрету. Ауызекі сөйлеу қабілеттерін көтеру. Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін шыңдау.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз ойларын қазақ тілінде еркін айтуға үйренеді.

Теңге туралы, басқа елдердің валюталары туралы кеңінен біліп танысады.

Іс-шараның түрі: тақпақшылар сайысы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, диалог, көрнекілік;

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: презентация, нақыл сөздер, тақта, суреттер;

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет, тарих;

Эпиграфы: Теңге, теңге, теңгелер! Теңге адамға дем берер.

Сайыстың өткізілу барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті оқушылар, сайысқа қатысушылар! Бүгінгі өткізгелі отырған іс-шарамыз қазақ тілі апталығымен байланысты. Бүгінгі іс-шарамыз сайыс түрінде өтеді. Сайысымызды бастамас бұрын ең алдымен тақтаға назар аударайық.

Теңге туралы презентация көрсетіледі.

Жүргізуші: Біз не туралы презентация көрдік? ..... Олай болса, бүінгі сайысымыз ұлттық валютамыз теңгеге байланысты болмақ. (презентация арқылы сайыс кезеңдері таныстырылады)

Енді қазылар алқасын сайлап алайық.

Қазылар алқасы: 1.

2.

3.

(Қатысушы топтар:сынып екіге бөлінеді)

Әрбір топ өзінің қоржынына дұрыс жауап үшін берілген ақшаны жинайды.Кімнің ақшасы көп болса, сол топтың жеңгені.

Жүргізуші:

Жеңістерден көріну ұрандары
Көңілді және тапқыр ұлан бәрі
Өнерлерін ортаға шығармақшы
Сахнамызда «тиын» және «табыс» қырандары.

1.Ребус шешу арқылы топтың атын құрау. «Табыс» «Тиын»

І кезең : «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап»

Сайысымыздың «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» атты І-кезеңі сұрақтарға жауап беру

-Он алтыншы Желтоқсан қандай мереке?
-Қазақстанда тәуелсіздік туралы заң қашан қабылданды?
-Тәуелсіздік белгілерін атаңдар.
-Конституция күні қашан?
-Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
-Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды?
-Тудың авторы кім?
-Елтаңбаның авторы кім?
-Жаңа әнұранның сөзін, әнін кім жазды?
-Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай жылы қабылданды?

2.«Әр елде - өз валютасы »

а) «Табыс»

Италия - лира
Куба - песо
Үндістан - рупия
Иран - риал
Қырғызстанда-/сом/

Ресейде -/рубль/

Германияда - /марка/

Америкада - / доллар/

б) « Тиын»Ұлыбританияда-/фунт/ Украинада - /гривна/

Қытайда - / юань/

Тәжікстанда - /манат/

Өзбекстанда - /сум/

Түркияда -/ лира /

Латвияда - / лат /

Кореяда - / йена /

ІІ кезең «Кім жүйрік?»

«Кім жүйрік атты» екінші кезеңі әр топтан топ басшылары шығып 1 минуттың ішінде

16 сұраққа жауап беруі тиіс

1. Казақстан Республикасының влютасы- Теңге
2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы-Инфляция
3. ҚҰБ банкінен басқа тенге сарайы қай қалада орналасқан - Өскемен.
4.Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі-Валюта
5. Көрсетілген, белгіленген баға - Номинал
6. Әзербайжан валютасы-Манат
7. Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі-Экономика.
8. Армения валютасы-Бран.
9. Айырбас деген ұғым нені білдіреді-Бартер
1.Мемлекеттік банк шығаратын , айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер-Банкнот
2. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы жүк тасу-Транзит
3. Монғолия валютасы -Тугрик
4. Қ.Р ең алғаш астанасы-Қызылорда (Қамыс қала, Ақмешіт)
5. Үндістан валютасы-Рупии
6. Алғаш монеталар қай ғасырда пайда болды-V ғасырда ежелгі Грецияда
7. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар-Ақша
8. Грузия валютасын ата-Лари
9. Пайда, табыс табу мақсаты мен күрделі қаржының ұзақ мерзімге жұмсалуы-Инвестиция

ІІІ кезең: «Тақпақшылар» сайысы

Орнелла:

«Теңгемін, теңгемін!»
Қазақ деген елденмін.
Тәуелсіздік - тұғырым,
Жарқын менің ғұмырым!

Полина:

Теңге, теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Тіршіліктің арбасы,
Теңгеменен дөңгелер.

Юсуф:

Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы - тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге - ел тірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт.

Амир:

Міне, бүгін теңге күнім - мерекем,
Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық, берекем.

Кирилл Данник:

Теңгемнің беттерінде данышпандар,
Халқының қамын ойлап қамыққандар.
Әл - Фараби, Сүйінбай мен Құрманғазы,
Шоқан да теңгемізге бауыр басқан.

Кирилл Болотников:

Әр адамның жүрегінде қуаныш,
Таптырмайтын тіршілікте сұраныс.
Енді, ағайын өз теңгеміз болады,
Өз теңгемнен құралады үлкен іс.

Илья:

Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы - тайқазан,

Төл теңгеміз қақпағы.

Екатерина:

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып, тұрды сурет.

Глеб:

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт береке болшы бір елге келген.
Өз туы елтаңба, гимні бар,
Айтыңдаршы, енді елім кенде неден.

Мәриям:

Алла берсін берекесін теңгемнің,
О, Жаратқан, қамын ойла пендеңнің.
Ел басшысы Назарбаев бастаған,
Тәуелсізбіз, Қазақ деген елденбіз.

Қорытынды кезең: Жеңіскерлерді анықтап хабарлау.

1 орын:

2 орын:

3 орын:

Қорытынды (мұғалім сөзі): - Жоғарыда айтылғандай, еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта - ажырамас ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты болуы, сонымен қатар, қаржы саласының тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра түсетіні хақ.Біз әлі жас мемлекетпіз.Солай бола тұрса да 22 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпыз.Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін. Назарларыңызға рахмет!




© 2010-2022