Открытый урок в 8 кл Шәмші Қалдаяқов

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 А сыныбы. Қазақ тілі сабағы. 01.03.2015 ж. Мұғалім Даришева К.С.

Сабақтың тақырыбы: Шәмші Қалдаяқов

Сабақтың мақсаты:өнер адамдар тақырыбында сөйлесе білуге жағдай жасау.

Міндеттері:

1. Сазгер Ш.Қалдаяқовты және оның шығармашылығын таныту.

2. Оқушылардың ойлау мәдениетін дамыту.

3. Қазақ халқының өнерін білуге тәрбиелеу.

Типі: оқушылардың білік, дағдыларын меңгерту сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, INSERT стратегиясы

Көрнекілігі: интерактивті тақта, сабақтың тұсаукесері

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сөйлесу

ІІ. Үй жұмысын тексеру. 1. Үй тапсырмасын сұрау: белгілі адамдардың өнер, күй туралы қандай сөздері бар? Сөйлемдегі тыныс белгілері қандай?

2. Өткенді пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ. ( оқушылармен бірлесіп сабақтың тақырыбы мен мақсатына шығу)

1.Қызығушылығын ояту.

А)Сұрақ: Өнердің қандай түрлері бар? (Өнердің түрлері:бейнелеу өнері, театр, музыка, ән, кино, балет, би, сәулет өнері, т.б.) Әннің музыкасын кім жазады? (сазгер).

Ә). Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі сабақтың тақырыбы- сазгер Ш.Қалдаяқов. Сабақтың мақсаты- сазгер , оның әндерінің әсері туралы мәлімет алу , мәтіннен негізгі ойды табуға үйренеміз.

Б). Шәмші Қалдаяқов (1930-1992) - ұлы композитор, Қазақстанның халық әртісі. Ш.Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Ш.Қалдаяқов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны музыкасының авторы. Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар. Қазақ халқы оны аса құрметтеп «қазақ вальсінің королі» - деп орынды мақтан етеді.

В). Тапсырма беру. ( жеке, жұпта, топта, ортаға салу). Оқулықтағы 8.4.1.тапсырма: Ұлы, сирек, жұмсақ сөздерімен тіркесе алатын зат есімдерді жазыңдар

2. Мағынаны тану.

А). Мәтінмен жұмыс (мәтінді "V"- мен білемін, "+"- мен үшін жаңа ақпарат, "-" мен үшін түсініксіз , "?"- мені таң қалдырды белгілерін қойып оқу және берілген кестені толтыру тапсырылады ).

"V"- мен білемін

"+"- мен үшін жаңа ақпарат

"-" мен үшін түсініксіз

"?"- мені таң қалдырды

Ә).Әңгімелесу сұрақтары: Сіз қандай ақпарат таныс болды? Сіз үшін қандай ақпарат жаңа а? Сіз үшін не түсініксіз болды? Сізде қандай сұрақтар пайда болды?

3. Ой толғаныс . Тапсырма 8.4.2. Берілген сөйлемдердің мағынасын өз сөздерімен жеткізіңдер.

IV. Сергіту сәті.

V. Бекіту . Өзіңді тексер.Тапсырма 8.4.3.Сөйлемдерді аяқтаңдар. Оқшау сөздерге талдау жасаңдар.

VI. Рефлексия.

VII. Қорытындылау.

VIII. Бағалау. Үйге тапсырма. Ш.Қалдаяқовтың бір әнін жазып келу немесе жаттап келу.


© 2010-2022