Қазақ тілі сабағанына ашық сабақ Үстеу

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

.
Сабақтың тақырыбы: Үстеуден өткенді қайталау 6-cынып
Мақсаты: білімділік: - Оқушылардың үстеу туралы алған білімдерін пысықтау. Үстеу түрлерін ажырата білуге, танымдық қабілетін арттыру, ойын арқылы білімдерін пысықтап бекіту;

тәрбиелік: - Өзара ынтымақтастыққа, білімді,сауатты, теорияны іс-тәжірибе жүзіінде қолдана білетін жеке тұлғаны қалыптастыру;

дамушылық: - Сөйлеу тілдерін жетілдіру, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту, іздене білім алуға дағдыландыру;


Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үстеудің мағыналық түрлеріне арналған кесте, тақырыпты жүргізіп қою, сатылай кешенді талдау үлгісі,(морфология, ) деңгейлік тапсырмалар, сауалнама, үй тапсырмасын арнайы белгіге жазып қою, бағалау парағын пайдалану.(Интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдалану.)

Түрі: білімді бекіту
Әдісі: зерттеушілік, жаңа сабақты мысал арқылы оқушылармен сұрақ - жауап алмаса отырып, кесте бойынша түсіндіру, оқулықпен жұмыс, сатылай кешенді талдау (морфология) деңгейлік тапсырма: сөздерді ретімен орналастырып сөйлем құрау, мақал - мәтелдердегі үстеулерін табу.

с/б: І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалау, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасы: Оқушылар өздері ізденіп, танысып жүрген ақын - жазушылар еңбектерінен үстеулерін табу.

ІІІ. Жаңа сабақ
«Білімді байқап көр» сайысы (теориялық білімін тексеру)

-Үстеу нені білдіреді?

-Үстеудің құрамдық түрлері қандай?

-Туынды түбір үстеулерді тудыратын жұрнақтарды атап, мысал келтір.

-Күрделі үстеулердің жасалуы?

-Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

ІҮ.Оқулықпен жұмыс.

296-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, негізгі үстеулерді бір бөлек, туынды үстеулерді бір бөлек тіркескен сөздерімен жазу.

Ү. Мәнерлеп оқу.

Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқыту.

-Өлеңнің авторы кім? Ақынның басқа қандай өлеңдерін білеміз?

Үстеулерді тауып, мағынасын ажырату.

ҮІ. Топтық жұмыс. Әр топ берілген сөздерге морфологиялық талдау жасау

ҮІІ. Бақшаға саяхат. Топтарға жекелеген тапсырмалар беру.

1.Сөздерді ретімен орналастырып, сөйлемді құрастырындар. Үстеуді тауып, қай түрі екенін айтыңыз?

Біз поезд күткен біраз мезгілінен кешігіп, түн ауа ортасы келді.

2. Берілген сөйлем ішіне керекті сөзді қойып, мағынасына қарай үстеудің қай түрі.

Күн ... көтеріліп қалса керек. Ішінен қалпақ киіп біреуі ... шықты.

3. Сөйлем мүшесіне талдау.

Алыстан тау көрінеді. Манадан бері сөйлеп тұр. Жазға жақын ол да келіп қалар. Алматыға білім алайық деп келдік.

ҮІІІ. Деңгейлік тапсырма

1. Асан екеуіміз ақырын әңгімелесіп келеміз. (сын-қимыл)

Үстеуді тауып, қай түрі екенін айтыңыз?

2. Берілген үстеулерді мағынасына қарай екі бағанға бөліп жазыңыз.

Қыруар,емін-еркін,біршама, ақырын, талай, бірталай, лезде, бірте-бірте.

3.Құрамында үстеуі бар мақал-мәтелдер, жұмбақ айтып, жазыңыз

4. «Тез тап» Сөзжұмбақты шешу.

к

ү

р

і

ш

с

а

ғ

а

т

т

а

р

и

х

е

м

е

н

с

ә

у

к

е

л

1. Ақ маржан . (күріш)

2. Уақытты көрсетеді. (сағат)

3. Пәннің аты. (тарих)

4. Ағаш түрі. (емен)

5. Қалыңдықтың бас киімі. (сәукеле)

ІХ.Семантикалық картаны толтыру. Өздік жұмыс.

Үстеу

Мезгіл

Мекен

Сын-қимыл

Мөлшер

Күшейткіш

Мақсат

Себеп-салдар

Әдейі


+

Керемет


+

Бірден

+


Кейін

+


Әлгінде

+


Босқа


+

Сөйтіп

+


Қыруар

+

Бағана

+


Сабақты бекіту. «Топтастыру»

-Бүгінгі сабақта нені қайталадық? Мағынасына қарай неше түрі бар екен?

Тест сұрақтары:

1. Берілген сөз ішінен сын-қимыл үстеуін табыңыз?

а) әрең ә) сонша б) осылай в) біршама

2. Мөлшер үстеуінің сұрағын көрсетіңіз?

а) қашаннан? ә) қаншама? б) қайдан? в) қалай?

3. Дефис арқылы жазылатын үстеуді көрсетіңіз?

а) қыстыгүні ә) құр босқа б) емін еркін в) осынша

4. Сын есіммен тіркесетін үстеу түрін табыңыз?

а) мекен ә) мөлшер б)мезгіл в) сын-қимыл

5. Мөлшер ұстеуін табыңыз?

а) кеше ә) тым б)әжептәуір в) ілгері

6. Үстеудің неше мағыналық түрі бар?

а) 5 ә) 8 б) 4 в) 7

7. Туынды үстеуді көрсетіңіз?

а) әдейі бардым ә) ертең келеді б) жылдамырақ жүр в) әрең жүрді

8. Дұрыс жазылған үстеуді табыңыз?

а) жолжөнекей ә) ала-жаздай б) быйыл в) ендігәрі

жауап

1) А 2) Ә 3) Б 4) Ә 5) Б 6) В 7)б 8) В
Бағалау

Үй тапсырмасы: «Білімді ұрпақ - жарқын келешек»тақырыбына үстеуді қатыстыра отырып шағын шығарма жазу.



© 2010-2022