Разработка урока по казахскому языку «Бет ашар»

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Разработка урока по казахскому языку «Бет ашар»Разработка урока по казахскому языку «Бет ашар»Разработка урока по казахскому языку «Бет ашар»Разработка урока по казахскому языку «Бет ашар»






Сабақтың тақырыбы:


Қазақ ауыз әдебиеті бойынша тұрмыс -салт жырларын сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша оқыту

(«Бет ашар»)


Оқулық: Қазақ әдебиеті

Авторы: С.Ч.Тұрсынғалиева

«Арман-ПВ» баспасы, 2014







Алматы облысы, Текелі қаласы

№ 1 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

Бақадырова Жанна Жеңісбайқызы











Сабақтың мақсаты: Қазақ ауыз әдебиеті бойынша тұрмыс -салт жырларын(бет ашар) сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша оқыту

Сабақтың міндеттері:

  1. Оқушыны сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: талдау, пайымдау, пікір айту, дәлелдеуді негізге алу;

  2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ой-өрістерін дамытуды жоспарлау;

  3. Оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту,
    оқушының белсенділігін артыруды жүзеге асыру;

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушы өз ойын еркін білдіруге ынталанады,қызығушылығы артады;
2. Өзіндік қорытыныдылар шығарады, оның қаншалықты ғылыми шындыққа жақын екенін саралайды.
3. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырады
4. Бір-бірімен ынтымақтастығы артады, пікірлерін айта білуге, қорғай білуге, айтыса білуге дағдыланады.
5. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.
6. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.
7. Топпен жұмыс істеу мүмкіндігі артады.

1 кезең

Ұйымдастыру 2 мин

Үй тапсырмасын тексеру 5мин

Мұғалімнің іс - әрекеті
Қызығушылықты ояту
Сәлемдесу арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру

Бақыт деген не?

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең. Өлеңінің мағынасын қалай түсінесің?
Адамның тууынан бастап, қартайғанға дейінгі өмір жолының әр кезеңін атап өту, оған арнап өлең - жыр шығару қазақ халқының ежелгі дәстүрі болған. Бала туғанда елді жинап "шілдехана" жасау, азан шақырып, ат қойғызу, бесікке салу, аяғын апыл - тапыл баса бастаған кезде "тұсау кесу", алғаш рет жолға шықса "тоқым қағар", бес жасқа келгенде "атқа мінгізу", мектепке оқуға барғанда "тіл ашар" тойларын жасау секілді салт - дәстүрлер сақталған.

Кластер арқылы қайталату.

Insert әдісі арқылы тұрмыс - салт жырларына тоқталу.

V -маған белгілі ақпарат

+ - жаңаша нені білдім?

--- білмеймін

?- тереңірек білгім келеді













1

Бет ашар

v


?

2

Сыңсу



---


3

Қыз ұзату

v

+



4

Жар -жар

v






Суреттер арқылы қатысымдық тапсырмалар беру.

Разработка урока по казахскому языку «Бет ашар»

Разработка урока по казахскому языку «Бет ашар»



Разработка урока по казахскому языку «Бет ашар»

Разработка урока по казахскому языку «Бет ашар»

2- Кезең: Кітаппен жұмыс: «Қарлы кесек» әдісі арқылы «Беташар» жырын оқыту:

Айт, келін-ау, айт, келін,
Атыңның басын тарт келін.
Сауысқаннан сақ келін,
Жұмыртқадан ақ келін,
Атаң менен анаңның,

Айтқызбай көңілін тап, келін

Ел-жұртыңа жақ, келін!
Өзің бір ақыл тап, келін!
Ата-енеңді бақ, келін!
Кісі келсе үйіңе,
Киізіңді қақ , келін!

Қатты қылып сөйлеме,
Ақырьн сөйле мүдіріп.
Майдалығы сөзіңнің
Кеткендей болсын үгіліп.
Бір нәрсеге барғанда,
Көп кешікпе, кідіріп.
Үй арасы болса да,
Қатты жүрме жүгіріп!







Фрейер моделі арқылы топпен жұмыс

Анықтама Салыстыру

Беташар


Түрлері Сөйлем құрау


1-топ: Беташар жыры -үйлену тойында келіннің бетін ашып елге таныстыру мақсатында айтылатын өлең -жырлары

2- топ:Беташар келінді таныстырғанда айтылады

Жар - жар бата, тілек білдіру мақсатында айтылады

Сыңсу - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жүртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады.

3- топ: беташар, жар-жар, сыңсу,той бастар

4- топ: Кәзір ақындар "Беташар" мәтінін өздерінше түрлендіріп, жаңа әуенмен құлпырта айтады



Синквейн әдісін қолдану:

Бет ашар

Қызықты, көңілді

Ақыл айтады, таныстырады, сәлем береді

Бет ашар -көңілді түрде келінді ағайындарымен таныстыру рәсімі

Беташар - салт - дәстүр

3- кезең: Қосжазба күнделігін пайдалану:

Беташар

бұрынғы

қазіргі



Беташар

сипаты

Өз пікірім

Буриме әдісі:

......... ........ ашылсын

......... ........ шашылсын

......... ........ мынау жұрт

........ ......... асырсын

Келін беті ашылсын,

Құрт-бауырсақ шашылсын.

Бір-бірінен мынау жұрт

Көрімдігін асырсын.

Тест тапсырмалары:

1. Қазақтың салт - дәстүрін білдіретін сөздер тобы:

а) айна, тарақ, қайшы
ә) ата, әже, әпке
б) шілдехана, тұсаукесер, тілашар
в)әңгіме, ертегі, өлең.

2.Қазақ халқының үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлары

а) бесік жыры

ә) тойбастар

б) тілашар

в) беташар

3. Үйлену тойы, бесікке салу, шілдехана
а) мақалдар
ә) дәстүрлер
б) өлеңдер
в) нақыл сөздер

4.«Бесікке салу» деген не?
а) ұлттық ойын
ә) салт - дәстүр
б) тұрақты тіркес
в) мақалдар

5. Тұрмыс-салт жырларына қандай өлең-жырлар жатады:

а) жәндіктер туралы;

ә) төрт түлік туралы;

б) туған жер туралы;

в) отан туралы;

6. Бұрын ренжісіп қалған адамдар қай кезде татуласқан?

a) Құрбан айт мерекесінде;

ә) Наурыз мерекесінде;

б) Туған күнде;

В) Тойда ;

Үйге тапсырма:

« Бет ашар - салт -дәстүріміздің жарқын көрінісі» тақырыбына эссе жазу.

Бағалау: Рефлексия

© 2010-2022