Открытый урок на тему ойыншықтар әлемі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БҚО, Ақжайық ауданы Чапаев ауылы

«Ақ бота» МДҰ ІІ санатты тәрбиешісі

Мурзагалиева А. И.

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Ойыншықтар әлеміне саяхат. Жұмсақ ойыншықтар»

Мақсаты:

А) Балалардың бұрынғы меңгерген білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Б) Не?Нелер?Қайдан алуға болады? Қандай? Неден жасалған? Сұрақтарына жауап беруге, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

В) Ұқыптылыққа, тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыстар: ойыншықтардың түрлерімен танысу, ойындар ойнау.

Көрнекілігі: Әр түрлі ойыншықтар, тақпақтар, ойындар, суреттер.

Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету,сергіту, сұрақ-жауап, танымдық ойын.

Пәнаралық байланыс: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру, жапсыру.

Қостілділік компонент: Ағаштан- из дерева

Шүберектен- из материала

Резеңкеден- из резины.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Уәждік-түрткі болу

Шаттық шеңбері:



-Балалар, сендер немен ойнайсыңдар?

-Қане, балалар сүйікті ойыншығымызды атайықшы.

-Балалар, саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?

Тосын сәт: Осы кезде Ақзере жылап келеді ойыншығын жоғалтып алып.

Ойыншықпенен денеміз,

Шынығамыз өсеміз.

Жылдан жылға бір жылға,

Үлкен болып өсеміз.

-Ойыншықпен ойнаймыз.

- Қуыршақ, машина, доп, аю, қоян, трактор т.б.

Открытый урок на тему ойыншықтар әлемі-Ия, ұнайды.

Проблемалық-ізденістік

-Балалар, Ақзереге ойыншығын тауып беруге көмектесеміз бе?

-Оның ойыншығын табу үшін өзімізбен бірге саяхатқа алып шығамыз ба?

-Жарайсыңдар балалар, ендеше

ойыншықтар әлеміне саяхатқа жол тартайық. Саяхатқа поездбен шығайық.

Үш столда ағаштан, резеңкеден және пластмасса

мен шүберектен жасалған ойыншықтар тұрады.

Балалар мына жердегі не екен қарайықшы

жаймендеп бетін ашайықшы және Ақзеренің ойыншығын іздейік?

-Балалар, мынау қандай ойыншық? Түсі қандай? Неден жасалған?

-Ақзере, осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?

-Көре алмай тұрмын өз ойыншығымды.

Келесі столға келеді.

-Ақзере, осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?

-Көре алмай тұрмын өз ойыншығымды.

- Үшінші столды қарайықшы

Балалар мынау қандай ойыншықтар? Неден жасалған? Түстері қандай?

-Ақзере осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?

-Алақай, менің ойыншығым табылды. Балалар, рахмет сендерге, ойыншығымды табуға көмектескендеріңе.

-Жарайсыңдар балалар әр түрлі ойыншық түрлерін көрдік. Бұлар жай ойыншықтар емес сиқырлы ойыншықтар. Ендеше балалар ойыншықтар түрлерін көрдік, сипаттама бердік. Енді ойыншықтар туралы тақпақтарымызды айтайықшы.











Л/о «Айырмашылығын тап»

Открытый урок на тему ойыншықтар әлемі

Открытый урок на тему ойыншықтар әлемі



Ән: «Ойыншықтар»

Дамытушы ортада жұмыс:



  1. Жұбын тап.

  2. Жетіспейтін бөлігін табу.

  3. Дәстүрден тыс әдістеме: тіс пастасын пайдаланып саусақпен сурет салу.

- Ия, көмектесеміз.

-Ия, алып шығамыз.

Қ/о «Поезд»





-Ия, қарайықшы.

- Бұл домбыра, ағаштан жасалған, түсі қоңыр.

- Бұл ата мен әже, ағаштан жасалған.



-Бұл доп, резинадан жасалған, пішіні- дөңгелек. Жеңіл көлік, пластмассадан жасалған.





  • Бұл аю, түсі қоңыр, жұмсақ матадан тігілген. Бұл қоян, матадан тігілген, ол сәбізді жақсы көреді.







Райгүл :

Добым, добым домалақ,

Қайда кеттің домалап.

Қызыл, жасыл, сары көк, Сенімен ойнайтын бала көп.

Аянат :

Ойыншықтар қандай, қандай, Қызыл, жасыл, сары, көк,

Түрлі - түсті түстері

Көз тартады өздері.

Әлия :

Мынау ойыншық әлемі, Ойыншықтары әдемі

Таңдап алып біреуін

Бөпеме алғым келеді

Сынып қалса бір жері

Жөндеп бергім келеді

Жылатпаймын бөпемді

Үлкенмін ғой себебі.

Айлина :

Добым, добым, домалақ

Қайда кеттің домалап.

Секіртейін келе ғой,

Маған билеп бере ғой.

Бірдей суреттердің бір айырмашылығын табады.









Қорапшаның ішінен үстелге қойылған суреттерге сәйкес фишканы алып жақындап жұмыстанады.

Балалар өздерінің не жасағанын айтады.

Рефлексивті - түзетімдеуші

Қорытынды:

- Ойыншықпен не істейміз?

-Ойыншықтар неден жасалады?

Тәрбиеші: Ойыншықтар бізге ренжімеу үшін не істеуіміз керек?! Оларды лақтырмаймыз, сындырмаймыз, жуамыз. Біздің топта ойыншықтардың өз орны бар. Біз ойнап болғаннан кейін, оларды жинап орнына апарамыз. Біздің ойыншықтар таза. Олар бізге ренжімейді.

Балаларды мадақтау.

-Ойнаймыз.

-Матадан, резеңкеден, пластмассадан.

Білу: Бұрынғы меңгерген білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыта білу.

Меңгеру: Сұрақтарға жауап беруге, ойыншықтардың неден жасалғанын меңгеру

Жасай алуы: Ойыншықтардың түстерін, пішінін айыра алу.



© 2010-2022