«Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға қалай үйретеміз?»

Раздел Другое
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға қалай үйретеміз?»



Мұғалімнің аты-жөні: Ахметжанова Анаркүл Изатбекқызы

Еңбек өтілі: 29 жыл

Жұмыс орны: Талдықорған қаласы №13 орта мектеп (арнаулы

сыныптарымен)

Қызметі: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Санаты: жоғары

Деңгейі: 1

Шеберлік сынып жоспары:

Тақырыбы : «Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға қалай үйретеміз»

Мақсаты: Мұғалімдер коучинг сабағының соңына дейін, топтық жұмыстар арқылы сыни тұрғыдан оқушыларды қалай оқыту әдістерін үйренеді

Күтілетін нәтиже: Орынды сұрақтар қояды. Жаңа шешімдерді іздейді. Фактілер мен пікірлерді айыра біледі. Пайымдауларды, болжамдарды және пікірлерді тексергісі келеді Болжамдарды қолдау үшін дәлелдер іздейді. Басқалардың сенімдері мен пікірлерін қабылдайды .Оқыту үдерісінен рахат алады. Жаңа біліммен белсенді бөліседі

Әдіс- тәсілдері: СТО, АКТ, Бағалау, диалогтік оқыту, кері байланыс, топтық және жұптық жұмыстар.

Құрал-жабдықтары: «Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға қалай үйретеміз?» презентация, А3 қағаз, түрлі-түсті маркер, стикер,жіп, видео көрсетілім

Шеберлік сынып мазмұны :

Жұмыстың бөлімдері

Бөлім мазмұны

Қатысушылар әрекеті

уақыт

Ұйымдастыру, қатысушылар арасында жайлы атмосфера қалыптастыру

Коуч қатысушылармен «Амандасу» жаттығуы өткізеді

Мұғалімдер бір - бірімен жылы амандасып, саулық біліседі,шын жүректен тілек айтып, көңіл күйлері

көтеріледі

5 мин


Топқа бөлу

«Жылдың төрт мезгілі»суреті арқылы ұжымды 4 адамнан 3 топқа бөлемін.

Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлана отырып, қағаз қималарындағы атауларға байланысты топтарға бөлінеді

5 мин

Тақырыпты негіздеу

Коуч сабағының тақырыбы мен оның мақсатын түсіндіру барысында мұғалімдер алдына қойған мақсаттарына жаңаша әдіс тәсілдерді қолдану арқылы жетеуді негіздейді


1 мин


Қызығушылықты ояту: Психологиялық трениг


1-тапсырма

«Суретке қарағанда ең бірінші қандай бейнені байқадыңыз? қандай ой салады?

Топ мүшелері, бірден көздеріне түскен бейнелер арқылы мінезделеді, өздеріне өздері мінездеме жасайды

5 мин


Ой қозғау:

2-тапсырма

















Рефлексия

Коуч топ мүшелеріне: «Сын тұрғысынан ойлаудың анықтамасын қалай құрастырасыз?»

Сын тұрғысынан ойлауды өзін-өзі бағалаудың өмір бойғы үдерісі деп қабылдайды. Жаңа біліммен белсенді бөліседі. Жаңа шешімдерді іздейді

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен топтарға бір-бірінің жұмысын бағалатады.

Коуч сұрақ қояды:

1.Сын тұрғысынан

ойлау деген ұғымды қалай түсінесіз?

2. Бастапқы кездегі сын тұрғысынан ойлау үдерісі қандай болмақ?

Мұғалімдер өз тәжірибелеріне сүйене отырып сыни тұрғыда жұмыс жасайды және постер арқылы қорғайды.


Әңгіме-дебат қатысушылар мен коуч арасында. Топ мүшелері сұрақтарға жауап береді.




Мұғалімдер өзара ой бөліседі, пікір алмасады.

Бастапқы деңгейдегі сын тұрғысынан ойлау үдерісін оқып, үйреніп, сабақтарында қолданады.

15 мин













10 мин

Сергіту сәт

«Бір шумақ ән салу»


3 мин

Мағынаны тану: Теориялық материалдармен танысыстыру

«Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға қалай үйретеміз»

презентация көрсету

Мұғалімдер «Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға қалай үйретеміз»

презентация мақсатымен танысады,тимділігін түсінеді.



10 мин

Рефлексия

Бүгінгі тақырыптың сіздер үшін қаншалықты түсінікті болғанын білгім келеді


Мұғалімдер «бес саусақ» әдісін пайдаланады.

1 мин


Керібайланыс


«Өрмекшінің торы» әдісін пайдалану

Мұғалімдер коучингтен алған әсерлерімен бөліседі.

5 мин

Рефлекция:

Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады.Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сын тұрғысынан ойлау белгілі ретпен жасалатын әрекеттерге емес, тұжырымдама мен қағидаттарға негізделеді.

Сын тұрғысынан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

Коучинг барысында мұғалімдер бірлесіп жұмыс жасау арқылы өз тәжірибелеріндегі қиындықтарды ашық көре алды. Сыныптағы оқыту жағдайын, жекеленген оқушылардың танымдық, эмоционалдық, ынталандырушылық мүмкіндіктерін қатар қарастырып ұсынудың маңыздылығын айқындады. Себебі «Бұл өзіңді ойы мен сезімі бар адам ретінде қатыстырып, балаларды да ойлары мен сезімдері бар адамдар ретінде қабылдайтын нағыз жағдай» (Е.Дакворт, 1996.121-б.).

"Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуды АКТ мүмкіндіктерімен ықпалдастыру» тақырыбын жоспарға енгіздім. Коуч рөлі мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейін көтеру, оларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерімен таныстыру болды. Бұл істі 2 деңгей мұғалімі А.Н. жақсы орындай алды. Коуч пен оған қатысушылардың әр коуч өткен сайын бағдарлама идеялары туралы білімдерін және терең біліктіліктерін көтергендері байқалып отырды. Көшбасшы ретінде мен коучқа қолдау көрсетіп отырдым, оның қызметін бағыттап, инструменттер таңдауға көмектестім. Өзінің ойын коучтар өткеннен кейін алынған кәсіби әңгімеден көруге болады.

Мен үшін мұғалімдер осы коучингтардан алған білімдерін практикада қолдана ма сол маңызды болды, сол себеппен шығармашылық топпен бірге әріптестеріміздің сабақтарына қатысуды, оқушылармен әңгімелесуді жөн деп санадық.

Коучинг сабағы соңында мұғалімдерден алынған кері байланыстан,сабақтың қызықты өткенін,тақырыптың өзекті болғанын және мұғалімдер өздерінің тәжірибелеріне өзгеріс енгізетіндіктері туралы айтқан ой-пікірлері мені қуантты. Сабақтан кейін, саралай отырып, алдыңғы коучинг сабағымен салыстырғанда ұйымдастырудағы қателіктер түзелгенін байқадым. Мұғалімдер тарапынан байқағаным, алдыңғы сабақпен салыстырғанда көп ілгерілік бар, атап айтқанда қайта бағыттау сұрақтарын, ашық сұрақтарды көп қолданды. Сонымен қатар мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық атмосферасы жақсарып, бір-бірімен еркін тіл табысқанын сезіндім.

© 2010-2022