«Мектеп аруы – 2016» 04. 03. 2016. (8-10 сыныптар)

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мектеп аруы - 2016» 04.03.2016.

(8-10 сыныптар)

Өткізілетін күні: 04.03.2016 Өткізілетін орны: акті залы

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылығын арттыру, дарынды балалардың қабілеттерінің дамуына әсер ету.

Еркін: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Айбат: Сәлеметсіңдер! Сіздерді осы залда дәстүрге айналып, жылма-жыл, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектеп шаңырағы астында өткізіліп жүрген байқауымызды тамашалауға келгеніңіз үшін құаныштымыз!

Екеуі: Сахнада - «Мектеп аруы - 2016»!

Айбат: Еркін, қалай ойлайсың, қыздарды гүлдерге осы неге теңейді екен?

Еркін: Ойымша, біздің мектептің қыздары әлемнің ең сұлу гүлдерінен әлде қайда сұлу. Менің сөзім шын екендігіне қазір-ақ көзің жетеді. Себебі...

Айбат: Себебі біз сахнаға байқауға қатысушы ару қыздарымызды шақырамыз!

Екеуі: Қарсы алыңыздар!

(қатысушылардың аттарын атайды)

Еркін: (қыздардың арасында жүріп, оларды дөңгелете фотоға түсу әрекетін жасап жатыр) Уах, шіркін! Падишах өзін дәл осылай сезінген шығар! Қане, қыздар, қосылып фотоға түсейікші!

Айбат: Стоп - стоп - стоп, Еркін! Сен қазір Сүлеймен патша емессің, Бейбарыс сұлтан да емессің! Релэкс! Тынысыңды баяулат... сенАмангельдин Еркін, ал біз дәл қазір Мектеп аруы байқауын жүргізіп жатырмыз!

Еркін: О, точно! Кешіліңіз, ағай, сори, мен шамалы отвлекся. Сонымен, біздің сахнаға шығып тұрған ең көрікті гүлдеріміз, ханшайымдарымыз...

Айбат: (Еркіннің сөзін бөліп әкетеді) Тоқта, жігітім! Ең алдымен жұртшылықты әділ қазылар алқасымен таныстырп өтейік. Сонымен, бүгінгі конкурсте төрешілдік атқарады: (кезектесіп оқиды)

1. Мектептің капитаны десек те болатын шығар - Жібек Қазиқызы Жаныбекова, мектеп директоры

2. Мектеп директорының оң қолы, қоладан құйылған мүсіндей бойы бар - Меруерт апай Нуртазина!

3. Әйел затының бас және ең маңызды эксперттерінің бірі Алмаз Рамазанұлы Оспанов мырза!

Еркін:

Қазылар алқасын ду қол шапалақпен құрметтеп жіберейік!

Айбат: Ал енді біздің керемет қатысушы қарындастарымызды өздерімен таныстыру кезеңін бастауға шақырамыз! Алғашқы болып таныстыру ды бастайды:

Конкурс

Айбат: Еркін, мен саған бір сұрақ қояйын деп едім.

Еркін: Жарайды, қойыңыз.

Айбат: Сынсу, жар-жар, тұсау кесу - бұл қай ұлттық салт-дәстүрлері?

Еркін: Әрине, өзіміздің қаракөз қазақ халқымыздың дәстүрлері. Енді менің кезегім. Мен сізге мынадай сұрақ қоямын...

Айбат: Еркін, сен тағы сценарийден ауытқып барасың. Релэкс! Біз қайдамыз? Есіңе түсір!

Еркін: Точно! А, түсіндім, сен маған блиц-турнир байқауын баста деп белгі беріп жатырсың ғой! Сонымен, «Блиц-турнир»! Барлық қатысушы ару қыздарымызды сахнаға шығуларын өтінеміз. Сұрақтарға жауаптарды сан ретімен береміз.

Блиц-турнир жарысы

Айбат: Еркін, адамға сұлулық беретін денсаулық екеніне келісесің ғой?

Еркін: Әрине, келісем. Жалпы Елбасы айтқандай, біз жастар салауатты өмір салтын жүргізуге тиіспіз, өйткені, ел болашағы біздің қолымызда.

Ау, айтпақшы, біз қатысушы қыздарымызды спорт жағынан сынап көреміз деп ойлап едік қой.

Айбат: Дәл таптың! Қазір әр қатысушы қыз бір құрбысы көмегімен секіргіштен бірге секіруге тиіс болады. Ал олардың жанкүйерлері дауыстап санап отырады. Кім көбірек секіреді екен? Қалай ойлайсың?

Еркін: (екеуі кетіп бара жатып ) Кім жеңеді?

Айбат: А, айтпақшы, жарысты бастайды № 1 - ... (залмен бірге санайды)

Қатысушыларды атап отырады

Айбат: Нұрсұлтан, мен саған бір сұрақ қояйын деп едім.

Еркін: Жарайды, қойыңыз. А! Тоқтай тұрыңыз! Неге Сіз үнемі маған сұрақ қоюға тиіссіз? Енді менің кезегім болады саған сұрақ қоюға.

Айбат: Жарайды, қоя ғой, Еркін.

Еркін: Қыздар - гүлдер, дедік. Ал Сіз маған тауып беріңізші, қандай гүлдің екінші атауы - көктем гүлі?

Айбат: Күрделілеу сұрақ қоя алмадың ба? Слабо? Қарағым, көктем гүлі - қызғалдақ екенін мен балабақшадан бері білемін, если что.

Еркін: Кешіріңіз, ағай, бұл провокационный сұрақ болып еді. Неге, дейсіз ғой. Себебі қазір дәл осындай атаумен байқау басталады.

Айбат: Ия, жаңағы Еркін айтып жатқан қызғалдақ гүлдерін біздің қатысушы қыздарымыз үйлерінде әпке-аналары көмегімен жасап келуге тиісті еді. Құрметті қатысушылар, өз гүлдеріңді әділ-қазылар алқасына тапсыруыңызға болады.

Конкурс

Айбат: Қазақ қыздары - қай жағынан алса да, шығармашыл, дарынды тұлғалар. Алыс кетпей-ақ қояйық, осы жерде отырған Жібек апайдың өзі соның басты дәлелі емес пе? Естігенім шын болса, Жібек апай ән айтқанда құстардың өзі тоқтап қалып тыңдап тұратын, дейді.

Еркін: Ендеше шығармашылық өнер конкурсының кезеңі келіп жетті. Біз сахнаға өз өнерлерін көрсету үшін қатысушы қарындастарымызды шақырамыз. Сонымен, бұл конкурсты бастайды № 9 - ... ( кезектесіп, бір-біреуден шақырады)

Конкурс, Әндер

Айбат: Еркін, «креативті» дегенді түсінесің бе?

Еркін: Ну, менің ойымша, ол бір нәрсені шығармашыл түрде орындау тәрізді болады.

Айбат: Солай ма, мен де дұрыс ойлаған екенмін ғой. Ендеше келесі байқау дәл осы креативті болатын сияқты. Мына сахна жоғары моданың подиумына айналады.

Еркін: Подиумда ХХІ ғасырдың жұлдызды модельдері қол астындағы материалдардан жасалған кешкі көйлектердің ең озық үлгілерін назарларыңызға ұсынады!

Айбат: Біздің қатысушы ханшайымдарымыз бір уақытта модельдер ғана емес, олар өздері үлгілі киімдерінің дизайнерлері мен тігіншілері болып отыр.

Еркін: Сонымен, модель № 1 - ... көйлегі, ол ... материалдардан ... көмегімен жасалған.

(кезектесіп барлық модельдер жайында айтып шығады).

Конкурс, әндер

Еркін: Сөзді әділ қазылар алқасына береміз.

Айбат: Ду қол шапалақпен қарсы алайық қазыларымызды.

Қорытынды

Айбат: Осымен біздің Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мектеп аруы - 2016» салтанатты және дәстүрлі байқауымыз өз мәресіне жетті, дейміз.

Еркін: Ендеше баршаңызды осы келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Айбат: Кеш соңында аяулы аналарымыздың мерекесіне орай мен әлемдегі бар аналарды мына өлең шымақтарымен құттықтаймыз:

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жылады ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Еркін:

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

Айбат: Рахмет, құрметті әжелер мен аналар, әпке-қарындастар, құрбы-достар, қасымыздан үнемі табылып, бар болғандарың үшін, мың да бір рахмет!

Еркін: Осымен салтанатты кешіміз аяқталды! Сау-саламатта болыңыз!






























«Мектеп аруы - 2016» 04.03.2016.

(дайындық бағдарламасы, 5-7 сыныптар)

Өткізілетін күні: 04.03.2016

Өткізілетін орны: акті залы

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылығын арттыру, дарынды балалардың қабілеттерінің дамуына әсер ету.

Музыка ойнап тұрады.

Еркін: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Нұрсұлтан: Сәлеметсіңдер! Сіздерді осы залда дәстүрге айналып, жылма-жыл, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектеп шаңырағы астында өткізіліп жүрген байқауымызды тамашалауға келгеніңіз үшін құаныштымыз!

Екеуі: сахнада - «Мектеп аруы - 2016»!

Еркін: Нұрсұлтан, қалай ойлайсың, қыздарды гүлдерге осы неге теңейді екен?

Нұрсұлтан: Ойымша, біздің мектептің қыздары әлемнің ең сұлу гүлдерінен әлде қайда сұлу. Менің сөзім шын екендігіне қазір-ақ көзің жетеді. Себебі...

Еркін: Себебі біз сахнаға байқауға қатысушы ару қыздарымызды шақырамыз!

Екеуі: Қарсы алыңыздар!

(қатысушылардың аттарын атайды)

Нұрсұлтан: (қыздардың арасында жүріп, оларды дөңгелете фотоға түсу әрекетін жасап жатыр) Уах, шіркін! Падишах өзін дәл осылай сезінген шығар! Қане, қыздар, қосылып фотоға түсейікші!

Еркін: Стоп - стоп - стоп, Нұрсұлтан! Сен қазір Сүлеймен патша емессің, Бейбарыс сұлтан да емессің! Релэкс! Тынысыңды баяулат... сен Таев Нұрсұлтан, ал біз дәл қазір Мектеп аруы байқауын жүргізіп жатырмыз!

Нұрсұлтан: О, точно! Сори, Еркін, сори, мен шамалы отвлекся. Сонымен, біздің сахнаға шығып тұрған ең көрікті гүлдеріміз, ханшайымдарымыз...

Еркін: (Нұрсұлтанның сөзін бөліп әкетеді) Тоқта, жігітім! Ең алдымен жұртшылықты әділ қазылар алқасымен таныстырп өтейік. Сонымен, бүгінгі конкурсте төрешілдік атқарады: (кезектесіп оқиды)

1. Былтырғы «мисс» - Мектеп аруы - 2015 - Динара Абидова!

2. Он саусағынан өнер тамған, сыңғырлаған күміс дауыс иесі, біздің сүйікті Эльмира Ермаганбетова!

3. Мектеп директорының оң қолы, қоладан құйылған мүсіндей бойы бар - Меруерт апай Нуртазина!

4. Әйел затының бас және ең маңызды эксперттерінің бірі - Келімхан Касымханұлы Алимбаев мырза!

Әділ қазыларымызды ду қол шапалақпен бір құрметтеп қояйық!

Нұрсұлтан: Ал енді біздің керемет қатысушы қарындастарымызды өздерімен таныстыру кезеңін бастауға шақырамыз! Алғашқы болып таныстыру ды бастайды:

Конкурс

Еркін: Нұрсұлтан, мен саған бір сұрақ қояйын деп едім.

Нұрсұлтан: Жарайды, қоя ғой.

Еркін: Қандай мереке күн мен түннің теңелуін білдіреді?

Нұрсұлтан: Әрине, Ұлы Наурыз мерекесі. Енді менің кезегім. Мен саған мынадай сұрақ қоямын...

Еркін: Нұрсұлтан, сен тағы сценарийден ауытқып барасың. Релэкс! Біз қайдамыз? Есіңе түсір!

Нұрсұлтан: Точно! А, түсіндім, сен маған блиц-турнир байқауын баста деп белгі беріп жатырсың ғой! Сонымен, «Блиц-турнир»! Барлық қатысушы ханшайымдарымызды сахнаға шығуларын өтінеміз. Сұрақтарға жауаптарды сан ретімен береміз.

Блиц-турнир жарысы

Еркін: Нұрсұлтан, адамға сұлулық беретін денсаулық екеніне келісесің ғой?

Нұрсұлтан: Әрине, келісем. Жалпы Елбасы айтқандай, біз жастар салауатты өмір салтын жүргізуге тиіспіз, өйткені, ел болашағы біздің қолымызда.

Ау, айтпақшы, біз қатысушы қыздарымызды спорт жағынан сынап көреміз деп ойлап едік қой.

Еркін: Дәл таптың! Қазір әр қатысушы қыз бір құрбысы көмегімен секіргіштен бірге секіруге тиіс болады. Ал олардың жанкүйерлері дауыстап санап отырады. Кім көбірек секіреді екен? Қалай ойлайсың?

Нұрсұлтан: (екеуі кетіп бара жатып ) кім жеңеді?

Еркін: А, айтпақшы, жарысты бастайды № 1 - ... (залмен бірге санайды)

Қатысушыларды атап отырады

Еркін: Нұрсұлтан, мен саған бір сұрақ қояйын деп едім.

Нұрсұлтан: Жарайды, қоя ғой. А! Тоқта! Неге сен үнемі маған сұрақ қоюға тиіссің? Ошибаетесь, братишка! Енді менің кезегім болады саған сұрақ қоюға.

Еркін: Жарайды, қоя ғой, Нұрсұлтан.

Нұрсұлтан: Қыздар - гүлдер, дедік. Ал сен маған тауып берші, қандай гүлдің екінші атауы - көктем гүлі?

Еркін: Күрделілеу сұрақ қоя алмадың ба? Слабо? Қарағым, көктем гүлі - қызғалдақ екенін мен балабақшадан бері білемін, если что.

Нұрсұлтан: Ха! Бұл провокационный сұрақ болған. Неге, дейсің ғой. Себебі қазір дәл осындай атаумен байқау басталады.

Еркін: Ия, жаңағы Нұрсұлтан айтып жатқан қызғалдақ гүлдерін біздің қатысушы қыздарымыз үйлерінде әпке-аналары көмегімен жасап келуге тиісті еді. Құрметті қатысушылар, өз гүлдеріңді әділ-қазылар алқасына тапсыруыңызға болады.

Нұрсұлтан: Қазақ қыздары - қай жағынан алса да, шығармашыл, дарынды тұлғалар. Алыс кетпей-ақ қояйық, осы жерде отырған Эльмира апай соның басты дәлелі емес пе?

Еркін: Ендеше шығармашылық өнер конкурсының кезеңі келіп жетті. Біз сахнаға өз өнерлерін көрсету үшін қатысушы қарындастарымызды шақырамыз. Сонымен, бұл конкурсты бастайды № 9 - ... ( кезектесіп, бір-біреуден шақырады)

Конкурс

Әндер

Нұрсұлтан: Еркін, «креативті» дегенді түсінесің бе?

Еркін: Ну, менің ойымша, ол бір нәрсені шығармашыл түрде орындау тәрізді болады.

Нұрсұлтан: Солай ма, мен де дұрыс ойлаған екенмін ғой. Ендеше келесі байқау дәл осы креативті болатын сияқты. Мына сахна жоғары моданың подиумына айналады.

Еркін: Подиумда ХХІ ғасырдың жұлдызды модельдері қол астындағы материалдардан жасалған кешкі көйлектердің ең озық үлгілерін назарларыңызға ұсынады!

Нұрсұлтан: Біздің қатысушы ханшайымдарымыз бір уақытта модельдер ғана емес, олар өздері үлгілі киімдерінің дизайнерлері мен тігіншілері болып отыр.

Еркін: Сонымен, модель № 1 - ... көйлегі, ол ... материалдардан ... көмегімен жасалған.

(кезектесіп барлық модельдер жайында айтып шығады).

конкурс

әндер

Еркін: Сөзді әділ қазылар алқасына береміз.

Нұрсұлтан: Ду қол шапалақпен қарсы алайық қазыларымызды.

Еркін: Осымен біздің Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мектеп аруы - 2016» салтанатты және дәстүрлі байқауымыз өз мәресіне жетті, дейміз.

Нұрсұлтан: Ендеше баршаңызды осы келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Еркін: Кеш соңында аяулы аналарымыздың мерекесіне орай мен әлемдегі бар аналарды мына өлең шымақтарымен құттықтаймыз:

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жылады ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Нұрсұлтан:

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

Еркін: Рахмет, құрметті әжелер мен аналар, әпке-қарындастар, құрбы-достар, қасымыздан үнемі табылып, бар болғандарың үшін, мың да бір рахмет!

Нұрсұлтан: Осымен салтанатты кешіміз аяқталды! Сау-саламатта болыңыз!






© 2010-2022