Қыз сыны -2015

Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар Армысыздар ақ жаулықты аналар Бүгінгі кеш арулардың сайысы Сіздердікі тамашалау, бағалау. Сіздерді «Абзал» тобының қыздары арасында өтетін «Бәйшешек бүр жарғанда-2015» атты қыз сыны байқауын тамашалауға шақырамыз.Бүгінгі сайыстың қатысушы қыздарын қарсы аламыз. 1.Ханшайым қыз елгезек Алады тез тіліңді.2.Дельфуза қыз өнерліБойға жиған өнерді.3.Сезім қыз тұр үлбіреп Көз жанары мөлдіреп.4.Торғын қыз шығады,Бұрымдары желбіреп.5. Гүлназ қыз келедіБәйшешектей ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар
Армысыздар ақ жаулықты аналар
Бүгінгі кеш арулардың сайысы
Сіздердікі тамашалау, бағалау.
Сіздерді «Абзал» тобының қыздары арасында өтетін «Бәйшешек бүр жарғанда-2015» атты қыз сыны байқауын тамашалауға шақырамыз.

Бүгінгі сайыстың қатысушы қыздарын қарсы аламыз.

1.Ханшайым қыз елгезек

Алады тез тіліңді.

2.Дельфуза қыз өнерлі

Бойға жиған өнерді.

3.Сезім қыз тұр үлбіреп

Көз жанары мөлдіреп.

4.Торғын қыз шығады,

Бұрымдары желбіреп.

5. Гүлназ қыз келеді

Бәйшешектей құлпырған .

6.Інжу қыз білімді

Меңгерген бар ілімді.


Жүргізуші: Әділ қазы береді,
Өздеріңе билікті
Өнерде кім жеңеді
Сол алады сыйлықты.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1. Балабақша әдіскері Сапарова Айгүл
2.
3.

Сайыс бағдарламасы 7- бөлімнен тұрады:
1.Тегін білу тектілік. (таныстыру)
2. Ойлан тап (дид ойын)

3. Анама сыйлық жасаймын. (Қолөнер)
4.Өнерлі - өрге жүзер.(өз өнерлерін көрсету)

5.Ана көрген тон пішер(тігіс тігу)

6.Қыздарға әсемдік жарасады. (сән үлгісі)

7.Талаптыға нұр жауар. (үй тапсырмасы. фантазия)

Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі

Қазақ қызы - әдепті де әдемі

Қазақ қызы - ақылына көркі сай

Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі

1-Бөлім «Сәлемдесу» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.

Қыз сыны -2015

2 бөлім.Ойлан тап. (дидактикалық ойын)


3.бөлім. Анама сыйлық жасаймын.(қолөнер)

Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан

Шеше көрген тон пішер дегені рас

Аруларым шебер қолға араласқан

Қыз сыны -2015Қыз сыны -2015

4 бөлім.Өз өнері.

Біреулер сынға түсер өнерімен,
Біреулер жырға түсер өлеңімен.
Ал біздің қыздар шығып ортамызға
Дарынын танытады кезегімен.
- Өнер сайысы


Келесі сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер». Ару қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салады.
Тақпақты да жаттаймын
Би билеп, ән де айтамын
Ата - ананың үмітін
Ақ сеніммен ақтаймын - деп өз өлең шумақтарымен алдарыңызда Ханшайым өз өнерін көрсетеді.

Өнері өрге жүзер талаптының

Таланты талмай ұшар қанаттының

Әлди әуен әлемі өнер аты

Шарпып өтсін лебімен қанатының-дей отырып Дельфуза қызымыздың өнерін тамашалайық.

Сахнада биші емес құс сияқты,
Елестейді бір көрген түс сияқты.
Әжесінің ұршығындай иірілгенде,
Жер шарын айналдырған күн сияқты.

Сезімнің орындауында «Қолшатыр» биін қарсы алыңыздар.

Өзі жап жас болса да
Таудай үлкен талабы
Биін оның көріңіздер
Көріп баға беріңіздер-деп Торғынның өнерін тамашалаңыздар.

Торғынды «Ерке қыз» биімен қарсы алыңыздар.

Жарыс десе жайнаған
Намысында қайраған
Тоты құстай құлпырып
Сандуғаштай сайраған -дей отырып Гүлназ қыздың өнерін тамашалаңыздар.

Гүлназ «Туған күн кешінде» әнін қабыл алыңыздар.

Сахнада биші емес құс сияқты,
Елестейді бір көрген түс сияқты.
Әжесінің ұршығындай иірілгенде,
Жер шарын айналдырған күн сияқты.- дей отырып Інжудің өнерін тамашалаңыздар

Інжу «Кока-кола» биін билейді

Қыз сыны -2015

5 бөлім «Шеше көрген тон пішер»

5.«Өнерліге өріс кең» немесе «Шеше көрген тон пішер» демекші аруларымыздың шеберлігін анықтайтын кезең жетті. Бұл сайысты. Ендеше іске сәт. әр сайысқа 2 минуттан беріледі.
Қане, қыздардың өнерін тамашалайық!

Қыз сыны -2015Қыз сыны -2015

6 бөлім «Сән үлгісі»

Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасасың, - дей келе, сайысымыздың сән үлгісі кезеңін тамашалайық.

1.)Спорттық киім

Қыз сыны -2015

2)Кешкі киім

Қыз сыны -2015

3.) Қазақша ұлттық киім

Қыз сыны -2015Қыз сыны -2015

Жүзден - жүйрік,
Мыңнан - тұлпар. демекші сайыстың соңғы бөліміне де келіп жеттік.

7 бөлім «Талаптыға нұр жауар»

«Талаптыға нұр жауар»Қыздарымыз өздерінің үйлерінен жасап әкелген қол еңбектерін көрсетеді.


Қыз сыны -2015 Қыз сыны -2015 Қыз сыны -2015

Би билеп ән мен күйде аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды

.
Өнер - білім серігің, адам - атың,
Болашаққа сеніммен бара алатын.
Осыменен сайыс та тамам болды,
Бәрін аман болыңдар, жамағатым

Жүргізуші: Әділ - қазылардың қорытындысын тыңдаймыз.
Марапаттау

Құттықтау сөз кезегін ата - аналарға ұсыну












Таныстыру

Армысыздар ағайын

Сәлемдесіп алайын

Таныстырсам өзімді

Немересі Төлегеннің

Қызымын мен Ерболдың

Ханшайым деп атымды

Апам менің қойыпты

Тақпақты да жаттаймын

Би-билеп ән де саламын

Ата-анамның үмітін

Ақ сенімін ақтаймын.

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген, апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Отырмысың көрермен

Залға бүгін жиылып

Сөз анасы сәлем деп

Тізе бүгем иіліп.

Мен де шықтым ортаға

Қанатымды жаямын

Алдарыңа кеп тұрған

Мейрамханқызы Інжумін

Атамның жұлдызымын

Әжемнің құндызымын

Бес жасынан бәйге шапқан

Абыздың бір қызымын.

Армысыздар халайық амандасып алайық

Менің атым Гүлназ,мақтануға лайық

Руым сунақ ішінде Қабылқожа

Төлеген ата немересі боламын

Әкем аты Асылбек

Анам аты Сандуғаш

Қыз сынына келіп тұрмын

Гүлназ атты аруы мен боламын

Армысыздар қош келіпсіз халайық

Ашып өмір есігін

Тербетті әжем бесігін

Әдемі ақылды қыз болдым.

Базарбек Сезім есімім

Таныстырсам өзімді

Сұрасаңыз руым шашты

Атам аты Базарбек

Әжем аты Орынша

Жүзімнен күлкі төгіліп

Мен боламын ата-әжемнің ерке қызы Сезіммін.

Таныстыру

1 Ханшайым

2 Дельфуза

3 Сезім

4 Торғын

5 Гүлназ

6 Інжу

Ойлан тап

1 Ханшайым

2 Дельфуза

3 Сезім

4 Торғын

5 Гүлназ

6 Інжу

Анама сыйлық жасаймын

1 Ханшайым

2 Дельфуза

3 Сезім

4 Торғын

5 Гүлназ

6 Інжу

Өз өнері

1 Ханшайым

2 Дельфуза

3 Сезім

4 Торғын

5 Гүлназ

6 Інжу

«Шеше көрген тон пішер» тігіс тігу

1 Ханшайым

2 Дельфуза

3 Сезім

4 Торғын

5 Гүлназ

6 Інжу

Сән үлгісі

1 Ханшайым

2 Дельфуза

3 Сезім

4 Торғын

5 Гүлназ

6 Інжу

Фантазия

1 Ханшайым

2 Дельфуза

3 Сезім

4 Торғын

5 Гүлназ

6 Інжу




© 2010-2022