Программа по начальному военный подготовке

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ



























АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ




ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


10 - 11 сыныптар

қоғамдық - гуманитарлық бағыт







Аcтана 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ



























АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ



жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық

бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған



ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ





Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген


Бағдарлама авторлары: Тасболатов А.Б, Майхиев Д,К, Аманжолов К.Р, Атайбек С.Т, Аманжолова Б.К.

Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Алғашқы әскери даяндық» оқу бағдарламасы.- Астана, 2010. - 54 б.















© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру акадмиясы,2010.


І. ТҮСIНІК ХАТ



Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, қазіргі кезеңде «Алғашқы әскери дайындық» пәнін оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғанысы туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестікте жүзеге асып отыр.

Алғашқы әскери дайындық - Қазақстан Республикасы азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттiк жүйенiң негiзгi құрамы болып табылады.

Алғашқы әскери дайындық меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде (кәсіптік мектеп) әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.

Әскери-патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз ұштастырыла отырылып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет.

Оқу пәнінің жалпы мақсаттары.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру; оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету.

Жастардың алғашқы әскери дайындығы мынандай мақсатта өткiзiлед:

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiн, мемлекет қорғанысының негiзiн жастардың оқып үйренуi;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тағайындалуын, оның сипаты мен ерекшелiктерiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиеттi борышы ретiндегi әскери қызмет мәнiн, әскери анттың негiзгi талаптарын, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерiнiң Жарғыларын жете түсiнуi;

  • әскери бөлiмдердегi ұрыстық техника және қару-жарақпен, жеке құрамның тұрмыс-тiршiлiгi және олардың орналастырылуымен танысуы;

  • қажеттi әскери бiлiм мен практикалық дағдыларға ие болуы;

  • төтенше жағдайларда адамның тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiк негiздерiн менгеруi.

«Алғашқы әскери дайындық» оқу пәнінің міндеттері:

  • оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, Қазақстан Рсепубликасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар қысқа уақыт ішінде мерзімді әскери қызмет өтеу шарттарына бейімделіп, сеніп тапсырылған әскери техника мен қару-жарақты меңгере алатындай жағдайда даярлау;

  • оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру;

  • оқушыларды қарулы қорғаныс ролі нақты түрде өсіп отырған Қазақстан Республикасындағы өмірге даярлау.

Алғашқы әскери дайындыққа үйретудің басты міндеттері негізінде нақты дидактикалық тапсырмалар қарастырылады, оның ішінде аса маңыздысы оқушылардың сенімділігін, саналы түрде Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігін, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болып табылады.

Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің мазмұны пәннің мақсат, міндеттеріне және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады.

Пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын іріктеуде жалпыдидактикалық ұстанымдар: табиғи үйлесімділік, практикаға бағыт ұстану, сабақтастық, саналылық, көрнекілік, белсенділік, жүйелілік пен бірізділк принциптері басшылыққа алынды. Үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатылары арасында әдіснамалық, мазмұндық, оқытудың әдістемесі мен технологиясы деңгейінде сабақтастықты қамтамасыз етеді.

Көрнекілік ұстанымы нақты жағдайда қарым-қатынастың «болуын» көрсететін барлық көрнекілік құралдарын (вербалды, иллюстрациялық, сонымен қатар мұғалім сабақ барысында қолданатын қимыл-қозғалыстар) пайдалану қарастырылады.

Белсенділік ұстанымы мұнда ұстанымның 3 түрі қолданылады: тұлғалық-бағдарланған, мәдени-бағдарланған, ісәрекеттік бағдарланған ұстанымдары.

Тұлғалық бағдарланған ұстанымына: адекваттық ұстанымы, даму ұстанымы, психологиялық жайлылық ұстанымы кіреді.

Мәдени бағдарланған ұстанымының құрамына келесі ұстанымдар кіреді: әлем картинасы ұстанымы, білім беру мазмұнының біртұтастығы ұстанымы, жүйелілік ұстанымы, әлемге деген мағыналық қарым-қатынас ұстанымы, білімнің бағдарланған қызметі ұстанымы, дүниетаным және мәдени стереотип ретінде мәдениетке сүйену ұстанымы.

Әрекетке бағытталған ұстанымдар тобына оқушының оқу әрекетін реттейтін ережелер кіреді: оқытудың әрекетшілдік ұстанымы, іс-әрекеттен оқу жағдаятына, іс-әрекеттен өмірлік жағдаяттарға басқару арқылы ауысу ұстанымы, оқу-танымдық іс-әрекеттен оқушының өздік іс-әрекетіне (өзіне жақын аймақта) ауысу ұстанымы, алдағы (спонтанды) дамуға сүйену ұстанымы, креативті ұстаным немесе шығармашылыққа мұқтаждықты және шығармашылық біліктерін қалыптастырушы ұстаным.

Жүйелілік және сабақтастық ұстанымдары қайталау, қорыту жолдары және сабақ, тақырып, бірнеше тақырып, тоқсан және т.б. үдерісінде қажетті материалды жүйелендіру арқылы, сонымен қатар келесі дидактикалық ережелерді сақтау арқылы жүзеге асырылады: белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге, үйлестіктен өзектіліктікке.

Пән бойынша оқу жүктемесі.

ҚР ЖМБС типтік оқу жоспарына сәйкес 10 сыныпта - аптасына 2 сағат және 4 сағат практикалық жаттығулар мен нормативтерді тапсыруға арналған, барлығы оқу жылында 72 сағат. 11 сыныпта - аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Қыздармен өткiзiлетiн алғашқы әскери дайындық сабағы жекеленген сабақтарды қоспағанда ер балалармен бiрге өткiзiледi. Ер балалар мен қыздарға жекеленген және бiрiктiрiлiп өткiзiлетiн сабақтар №1 кестеде көрсетiлген.

Үйренушiлердiң практикалық дағдылары мен біліктілiктерін қалыптастыру мақсатында нормативтер мен жаттығуларды орындауын тексеру үшiн бақылау жұмыстарына 4 сағат көлемiнде уақыт қарастырылған.

Бақылау сабағының материалдары №2 кестеде алғашқы әскери дайындық бойынша нормативтер және жаттығулар тiзбесімен ұсынылған.

Оқу пәні мазмұнының вариативтік бөлігі негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде қосымша оқу бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.

Мектептің мүмкіндігін және білім алушылар мен ата-аналардың талап-тілектерін ескере отырып, мұғалімдер таңдау сабақтарын құрастырады. Мысалы, «Қауіпсіздік әр күні», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері - Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігінің негізі», «Білім және салауатты өмір салты» және т.б.



ІІ. оқу пәнінің базалық мазмұны



Оқытудың базалық мазмұнның тарауларына сағат санын көрсете отырып сипаттама беру



10 сынып

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы



Кіріспе

Жастардың алғашқы әскери дайындығының мақсаты, мазмұны және міндеттері. Қазақстан Республикасының Заңдары: «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы». Алғашқы әскери дайындық оқулығы мен бағдарламасының міндеттері, мазмұны.

Алғашқы әскери дайындық бойынша сабақтағы оқушылардың міндеттері мен құқықтары.



Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы. Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздері мен даму перспективалары. Қазақстан әскери саясатының жалпы принциптері және Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі. Қарулы Күштердің қоғамдағы және мемлекеттегі орны. Әскери қолданбалы спорт түрлері - жастарды әскери қызметке даярлаудын негізі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері, олардың тағайындалуы және құрамы.

Әскери қызмет - сарбаздарда патриотизм мен интернационализм қасиеттерін тәрбиелейтін мектеп.

Қазақстан Республикасының мемлекетік нышандары. Әскери бөлімінің жауынгерлік туы. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің әскери анты.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы Әскери Жарғылары.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары:

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары: Тәртіптік Жарғының мәні мен маңызы, әскери тәртіпті сақтаудағы әскери қызметшілердің міндеттері.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысының мәні мен маңызы, әскери қызметшілердің мінез-құлқы мен әскери әдептілігі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Тәуліктік кезекшінің міндеттері. Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызмет үшін объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау. Сақшының міндеттері.

Тактикалық дайындық

Әскери өнер тактикасының дамуы және бөлімшелердің әскери әрекеттер жүргізу тактикасы. Жаңа қарудың дамуы және жалпы әскери ұрыс жүргізу тактикасы.

Қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыс мақсаты, сипаты мен міндеттері.

Ұрыс жүргізу принциптері мен қарсыласқа зақым келтіру құралдары.

Мотоатқыштар бөлімшесін ұйымдастыру. Мотоатқыштар бөлімшесінің ұрыстағы мүмкіндіктері мен жауынгерлік міндеті. Қорғаныстағы бөлімше. Шабуылдағы бөлімше. Мотоатқыш бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реті. Сарбаздың ұрыстағы іс-әрекеті. Бақылаушы-сарбаз. Қорғаныстағы сарбаз. Шабуылдағы сарбаз.



Атыс дайындығы

Атыс негіздері. Автоматтың (пулеметтің) тағайындалуы мен ұрыстық қасиеті.

Автоматтың (пулеметтің) жұмысы және жалпы құрылғысы мен бөліктері туралы түсінік.

Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау.

Автоматтың (пулеметтің) бөліктері және механизмдерінің жұмысы.

Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері.

РГД-5, Ф-1, РГО, РГН гранаттарының тағайындалуы, ұрыстық қасиеті.

Гранаттар, оқ-дәрілер және қару-жарақпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Атыс қаруынан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері және жарықшақты қол гранаттарын лақтыру.

Атыс қаруынан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері және жарықшақты қол гранаттарын лақтыру.

Атыс қаруынан атыс жүргізу және жарықшақты қол гранаттарын лақтыру кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Ұрыста бақылау және арақашықтықты анықтау.



Саптық дайындық

Сап және элементтер. Алдын-ала берілетін және орындалатын пәрмендер. Саптық тұрыс. Пәрмендерді орындау: «Сапқа тұр!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Жинақтал!».

Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар. Қозғалыста және орнында тұрып әскери сәлемдесу.

Бөлімше сабы. Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа қайта сап құру және керісінше. Бөлімшенің жазылма және жорықтық сапқа тұруы.

Қарумен саптық тұрыс. Пәрмендерді орындау: «Бауды босат (тарт)!», «Автоматты-кеудеге!», «Қаруды-арқаға!», «Белдікке!», «Қаруды түзет!».

Қарумен қозғалыста бұрылу, саптан шығу және оған қайтып келу.

Әскери топография

Жергілікті жерде картасыз бағдарлану. Өзінің тұрған нүктесін анықтау. Жергілікті жерді оқып үйрену, қозғалыс маршрутын таңдау және маршрутта бағдарларды анықтау. Азимут бойынша қозғалу. Жергілікті жерде компастың көмегімен қозғалу және маршрутта кедергілерді айналып өту.



Азаматтық қорғаныс

Азаматтық қорғанысының медициналық міндеттері. Оқу орындарында құрылған азаматтық қорғаныстың қалыптасуы және олардың мақсаты. Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметінің ұйымдастырылу және міндеттері. Санитарлық дружиналар мен санитарлық постылардың бейбіт және соғыс уақытында өткізетін іс шаралары. Химиялық зақым ошағы мен күшті әсер ететін улы заттар ошақтарындағы санитарлық дружина (пост) жұмысы. Жұқпалы аурулардың негізгі топтары мен бактериологиялық зақым ошағына сипаттама. Карантин және обсервация туралы түсінік. Азаматтық қорғаныс жүйесінде халыққа медициналық көмек көрсету түрлері. Негізгі дүлей апаттың сипаттамасы және құтқару жұмыстарын ұйымдастыру.

Медициналық білім негіздері

Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік. Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама. Күйіктің пайда болу себептері және оның ауырлық дәрежесі, күйік ауруы туралы түсінік. Шок. Шоктың пайда болу себептері. Жарақаттық шоктың белгілері және ауырлық дәрежесі.

Жарақаттану және қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем. Жгут салу үшін пайдаланатын материалдар. Жгут салудың әдістері. Венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері. Таңғыштың түрлері. Бинтті таңғыштың негізгі типтері. Бекіткіш таңғыш.

Басқа, кеудеге, ішке, шапқа (бұт арасына), аяқ пен қолға таңғыш қою тәсілдері мен ережелері.

Бас сүйегі мен мидың, кеуде клеткасы мен іштің жаралануы кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем.

Сүйектің сынуы туралы түсінік және олардың белгілері. Сынық түрлері мен олардың асқынулары. Жарақаттық уыттану туралы түсінік және олардың белгілері.

Соғып алу, буынның шығуы, сіңірдің созылуы және олардың белгілері. Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің (АМЖК) жалпы ережелері. Жақтау салудың негізгі ережелері. Бас сүйегі, бұғана, қабырға сүйектері, омыртқа сүйектері, жамбас сүйегі, аяқ және қол сүйектері сынған кезде алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің тәсілдері.

Жарақаттық уыттану, соғып алу, буынның шығуы және сіңірдің созылуы кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем.

Әр түрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.

Өкпеге жасанды желдету және жүрекке тікелей емес массаж жасау тәсілдері.



Оқу материалын тақырыптық жоспарлау үлгісі



Кіріспе сабақ

Тақырыбы: Жастардың алғашқы әскери дайындығының мазмұны, мақсаты мен міндеттері (1 сағ)

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Алғашқы әскери дайындық туралы» қаулысы.

Алғашқы әскери дайындық сабақтарындағы оқушылардың міндеттері мен құқықтары.



І Тарау



Қарулы күштер Қазақстан Республикасы егемендігі күзетінде

(7 сағат)

1-тақырып «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы. Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі» (1 сағ)

Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің негізгі белгілері, мемлекеттік құрылымы. Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі және әскери саясаттың жалпы принциптері. Қарулы Күштердің даму кезеңдері және олардың негізгі міндеттері.

2 - тақырып «Республиканың мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы, оның Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы»(1 сағат)

Мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу. Егемен Қазақстанның даму перспективалары.

3 - тақырып «Отанды қорғау - мемлекеттің маңызды қызметі» (1 сағат)

Әскери қызметшілерге әскери анттың талаптары.

Әскери ант қабылдау. Әскери қолданбалы спорт түрі - әскердегі қызметке жастарды дайындаудың негізі. Отан қорғау - бүкіл халықтық іс.

4 - тақырып «Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздері. Қарулы Күштердің мемлекеттегі орны» (1 сағат)

Конституция - Қазақстан Республикасының негізгі Заңы.

Армияның қоғамдағы және мемлекеттегі орны.

5 - тақырып «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімінің жауынгерлік туы» (1 сағат)

Мемлекеттік Елтаңба, Ту, Қазақстан Республикасының Әнұраны - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және егемендігінің ресми рәміздері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары. Әскери бөлімнің жауынгерлік туы.

6 - тақырып «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызмет - патриотизм мен интернационализм мектебі» (1 сағат)

Әскери қызмет - жауынгерлерді патриоттық және интернационалистік қасиеттерге тәрбиелеудің факторы. Азаматтық борыш пен интернационализмге адалдық - әскери бөлімдер мен бөлімшелердегі жауынгерлік дайындықты арттырудың шешуші шарттары.

7 - тақырып «Қазақстанның қазіргі армиясы» (1 сағат)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері, оның құрамы мен тағайындалуы. Жоғары әскери оқу орындары, олардың әскери мамандарды даярлаудағы рөлі.



ІІ Тарау

Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жарғылары (10 сағат)



1 - тақырып «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары - әскери қызметшілер мінез-құлқының құқықтық негізі»

(1 сағат)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғысы туралы түсінік. Әскери ұжым өмірі мен қызметіндегі жарғылардың мәні.

2 - тақырып «Тәртіп және әскери құқық» (1 сағат)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы - әскери тәртіптің мәні мен маңызы, оны сақтаудағы әскери қызметшілердің міндеттері туралы.

3 - тақырып «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ішкі қызмет жарғысы» (1 сағат)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы - әскери қызметшілердің жалпы міндеттері туралы. Әскери атақтар және оны айыру белгілері. Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез-құлқы.

Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар. Аға және кіші шенділер.

4 - тақырып «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы»(1 сағат)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер, оларға берілетін тәртіптік жазалар. Көтермелеулердің түрлері және жазаға салу тәртібі.

5 - тақырып «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысы» (1 сағат)

Рота бойынша тәуліктік кезекшінің тағайындалуы, құрамы және қарулануы. Рота бойынша тәуліктік кезекшінің және оған бағыныштылардың міндеттері. Тәуліктік кезекші қызмет атқаруға арналған орынның жабдықталуы.

6 - тақырып: «Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру» (1 сағат)

Қарауылдық қызметтің міндеттері және оны ұйымдастыру. Қарауылдың, сақшының тағайындалуы.

7 - тақырып «Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау» (1 сағат)

Пост және оның жабдықталуы. Постыдағы сақшы қаруының жағдайы.

8 - тақырып «Сақшының міндеттері» (3 сағат)

Сақшының міндеттері. Қарауылда қаруды оқтау және оғын алу тәртібі. Пост қабылдау және тапсыру, постыда немесе оған жақын жерде өрт шығу кезіндегі сақшының іс-әрекеті. Сақшының қару қолдану тәртібі. Постыға немесе ол күзететін объектіге шабуыл жасалған кездегі сақшының іс-әрекеті.

ІІІ Тарау

Тактикалық дайындық (15 сағат)



1 - тақырып «ХХ - ғасырға дейінгі әскери өнердің және қарулы күштердің дамуы» (1 сағат)

ХХ-ғасырға дейін Қазақстандағы және шет мемлекеттердегі Қарулы күштердің дамуы және тұрақты армияның пайда болу себептері. Әскери өнердің және әскерлермен әскери іс-қимылдар жүргізу тактикасы дамуы.

2 - тақырып «Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы» (2 сағат)

Жаңа қарудың дамуындағы тарихи кезеңдер. Қазіргі қаруларды қолдану тактикасының ерекшеліктері. Жалпы әскери ұрыс тактикаларын жүргізу және жаңа қарудың даму бағыттары.

3 - тақырып «Қазіргі заманғы ұрыстын сипаттамасы» (1 сағат)

Жалпы әскери ұрыс сипаттамасы, мақсаты мен міндетітері. Жалпы әскери ұрыс жүргізудің негізгі принциптері және қарсыласқа зақым келтіру құралдары.

4 - тақырып «Ұрыстық іс әрекеттердің негіздері және мотоатқыштар бөлімшесінің ұйымдастырылуы» (1 сағат)

ЖҰМ (СТР)-дағы мотоатқыштар бөлімшесінің тағайындалуы және ұйымдастырылуы, оның штаттық қару-жарағы.

5 - тақырып «Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі» (1 сағат)

Ұрыстың негізгі түріндегі мотоатқыштар бөлімшесінің мүмкіндіктері және жауынгерлік міндеттері.

6 - тақырып: « Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті» (2 сағат)

Ұрыстағы жауынгердің міндеттері. Жаяу ретте іс әрекет кезіндегі ұрыс даласындағы жауынгердің жылжу тәсілдері.

Атысқа арналган орынды таңдау. Бақылауға және атуға арналған орынды (жатып атуға арналған оқпана) жабдықтау және бүркемелеу. Радиоактивті және улағыш заттармен зақымданған жергілікті жер учаскелерін, инженерлік тосқауылды мен табиғи кедергілерді бағындыру. Қазіргі кездегі жою құралдарың (ядролық, химиялық қарулар) қарсыластың қолдануы кезіндегі жауынгердің іс-әрекеті.

7 - тақырып « Жауынгер - бақылаушы» (2 сағат)

Жауынгер - бақылаушының іс әрекеті. Олардың жергілікті жер мен жергілікті заттарды (ор, көпір, өзен, елді мекендер) карау тәртібі. Бақылау нәтижелері туралы баяндау.

8 - тақырып «Қорғаныстағы жауынгер» (1 сағат)

Қорғаныста (атысқа арналған орын) қарсылас шабуылының астынан атыс позициясын иемдену. Атысқа жатып атуға арналған оқпана және бақылау орнын жабдықтау және бүркемелеу. Қарсылас қазіргі жойғыш құралдарды (ядролық, химиялық қарулар) қолданған кезіндегі авиацияның шабуылдауы және атыстық дайындық кезіндегі жауынгердің әрекеті.

9 - тақырып «Шабуылдағы жауынгер» (1 сағат)

Шабуылға дайындық және шабуылға шыгу тәртібі кезіндегі жауынгердің іс әрекеті. Шабуылдар барысында қарсыласты жою тәсілдері (қол гранаттарымен, тірей ату және қоян-қолтық ұрыс). Қарсыластың төмен ұшатын ұшақтары мен тік ұшақтарына қарсы атыс жүргізу әдістері.

10 - тақырып: «Қорғаныстағы бөлімше» (1 сағат)

Қорғанысқа тапсырма алу, бөлімшенің атыс жүйесі мен қорғанысын ұйымдастыру. Бақылау жүргізу, қарсыластын әуе шабуылдарына тойтарыс беру. Қарсыластың атыс дайындығы басталғанда және олардың жаппай жою құралдарын қолдануы кезіндегі бөлімше құрамындағы іс-әрекет. Алғы шептегі бекіністен өтіп кеткен қарсылас ЖҰМ (СТР) танкілерін жою, қоршаудағы ұрыс және қосалқы атыс бекініске шегіну.

11 - тақырып «Мотоатқыштар бөлімшесінің жорықтық, ұрыс алдындағы және ұрыстық реті» (1 сағат)

Ұрыстағы бөлімшелердің ұрыстық және жорықтық реті.

Ұрыстағы өзара әсер және оның маңызы. Бөлімшелер және оның атысын басқару. Бөлімшелердің ұрыстық іс әрекетін қамтамасыз ету.

12 - тақырып «Бөлімше шабуылда» (1 сағат)

Бастапқы жағдайда тапсырма алу.

Бөлімшенің қарсылас қорғанысына жылжуы. Шабуылға көшу және қарсыластың алдыңғы шебіндегі шабуыл. Тосқауылдардан, залалданған жер учаскелерінен өту. Шабуыл объектісін иемдену.



IV Тарау

Атыс дайындығы (15 сағат)



1 - тақырып: «Атыс негіздері» (1 сағат)

Ату құбылысы. Оқтың ұшу траекториясы және оның элементтері. Түзу ату және оның практикалық маңызы.

2 - тақырып: «Қарудың материалдық бөлігі» (1 сағат)

ТОЗ-8 (ТОЗ-12) кіші калибрлі винтовкалардың жалпы құрылымы және ұрыстық қасиеті, тағайындалуы. Винтовканы бөлшектеу және жинау.

3 - тақырып «Калашников автоматы мен пулеметі» (1 сағат)

Қарулар және оқ-дәрілермен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік шаралары. Автоматтың тағайындалуы, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылымы және жұмыс істеу принциптері.

4 - тақырып «Автоматты (пулеметті) бөлшектеу мен жинақтау» (2 сағат)

Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинастырудың толық емес тізбегі.

5 - тақырып «Автоматтың (пулеметтің) механизмдерінің бөлшектерінің және құрылымы, тағайындалуы» (2 сағат)

Ұңғының, ұңғы қорабының және көздеу аспаптарының тағайындалуы мен құрылымы. Газ поршеньді бекітпе жақтаудың, бекітпенің, қайтарма механизмінің, газ түтігінің құрылымы және тағайындалуы.

Соққылы-ағытқыш механизмнің, оқжатар мен сүңгі-пышақтың, саптың құрылымы және тағайындалуы.

6 - тақырып «Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы»(2 сағат)

Автомат (пулемет) бөліктері мен механизмдерінің оқталғанға дейінгі және оқталған кездегі жағдайы.

Автоматты түрде ату және жекелей ату кезіндегі бөліктер мен механизмдердің жұмысы.

7 - тақырып «Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау» (1 сағат)

Автоматтың (пулеметтің) жарамдылығын, оның тазалығын, майлануын және атысқа дайындығын тексеру.

8 - тақырып «Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері» (1 сағат)

Кідірістер және оның сипаттамасы. Кідірістердің себептері және оны жою тәсілдері. Автоматтың (пулеметтің) жабдықтары.

9 - тақырып «Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау» (1 сағат)

Автоматты (пулеметті) атыстан соң тазалау және майлау тәртібі. Автоматтарды (пулеметтерді) және патрондарды сақтау және күту.

10-тақырып «Қол гранаталары» (3сағат)

РПГ-5 жарықшақты қол гранаттарының тағайындалуы, ұрыстық қасиеті және құрылымы. Гранаттың бөліктері мен механизмдерінің жұмысы.

РГН және РГО жарықшақты қол гранаттарының тағайындалуы, ұрыстық касиеті және құрылымы.

Ф-1 жарықшақты қол гранатының тағайындалуы, ұрыстық қасиеті және құрылымы. Гранаттарды

V Тарау



Атыс қаруынан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері және жарықшақты қол гранаталарын лақтыру (7 сағат)



1 - тақырып «Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері» (1 сағат)

Кішікалибрлі винтовкадан атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Кішікалибрлі винтовкадан атудың, оқтаудың және атыс жүргізудің тәсілдері.

2 - тақырып «Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері» (1 сағат)

Жалпы ереже. Атысқа арналған ережені қабылдау. Атысқа дайындық.

3 - тақырып «Атыс жүргізу» (1 сағат)

Атысты жүргізу (ату). Автоматтың (пулеметтің) көздеуіші мен көздегішін орнату. Атыс кезінде көздеу. Автоматтың (пулеметтің) дүмі. Атысты жүргізу.

4 - тақырып «Атысты тоқтату» (1 сағат)

Атысты уақытша және толық тоқтату. Қаруды тексеру. "Тұр!" пәрменін орындау. Тіреуден және таса артынан ату тәсілдері.

5 - тақырып «Жүріп келе жатып ату тәсілдері» (1 сағат)

Қысқа аялдамалар жасап және жүріп келе жатып, көтере ату. Әуе нысаналары бойынша ату тәсілдері.

6 - тақырып «Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері» (1 сағат)

Жарықшақты қол гранаттарын лақтыруға дайындық кезеңдері. Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері.

7 - тақырып «Ұрыста бақылау және арақашықтықты анықтау» (1сағат)

Бағдарлар туралы түсінік және оны тағайындау тәртібі

Қарсылас нысаналарын және өз орнын Бағдарларға қатысты анықтау әдісі. Бақылау нәтижелері туралы мәлімдеме түріне қойылатын талаптар.

VI Тарау

Саптық дайындық (7 сағат)

1 - тақырып «Сап және оларды басқару» (2 сағат)

Сап және оның элементтері. Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер. Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері. Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.

Саптық тұрыс. Пәрмендерді орындау: «Сапқа тұр!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Жинақтал!».

2 - тақырып «Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар» (1сағат)

Орнында тұрып бұрылу. Саптық және жорықтық адыммен қозғалу. Қозғалыста бұрылу.

3 - тақырып «Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа қайта сап құру және керісінше» (1 сағат)

Орнында тұрып бұрылу. Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және керісінше ауысып сапқа тұру. Орнында тұрып және қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесу. Сәлемдесуге қозғалыста жауап беру.

4 - тақырып «Қарумен саптық тұрыс» (1 сағат)

Қарумен сапқа тұру. Пәрмендерді орындау: «Белдікті босат (тарт)!», «Автоматты - кеудеге!», «Белдікке!», «Қаруды - арқаға!», «Белдікке!», «Қаруды түзет!».

5 - тақырып «Бір орында қарумен тәсілдер орындау. Қарумен бұрылыстар және қозғалыстар жасау» (1 сағат)

Орында тұрып қарумен тәсілдерді орындау. Қарумен бұрылу және қозғалу.

Саптан шығу және сапқа қайтып оралу. Бастыққа келу және одан кету.

6 - тақырып «Бөлімше сабы» (1 сағат)

Бөлімшенің жазыла және жорықтық сапқа тұруы. Бөлімшенің жазылған саптан жорықтық сапқа және керісінше сапқа тұруы, бөлімшенің бір лектен екі лекке және керісінше сапқа тұруы.



VIІ Тарау

Әскери топография (6 сағ)

1 - тақырып «Жергілікті жерде картасыз бағдарлану» (1 сағат)

Бағдарлану туралы түсінік. Адрианов компасымен аспан денелері арқылы, сонымен бірге жергілікті жер белгілері бойынша көкжиек тұсын анықтау.

2 - тақырып «Азимут бойынша қозғалыс» (5 сағат)

Азимуттар туралы түсінік. Шынайы және магнитті азимут. Компас бойынша азимутты анықтау. Азимут бойынша қозғалыс жасау үшін мәліметтер даярлау. Азимут бойынша қозғалыс мәні және қозғалыс маршрутында кедергілерді айналып өту.

VIІІ тарау

Азаматтық қорғаныс (9 сағат)

1 - тақырып «Азаматтық қорғаныстың міндеттері» (1 сағат)

Азаматтық қорғаныстың міндеттері. Шаруашылық нысандарында құрылатын азаматтық қорғаныс қызметі. Азаматтық қорғаныс қызметінің жалпы міндеттері және оның тағайындалуы. Азаматтық қорғанысты қалыптастырудағы негізгі топтар және олардың міндетттері.

2 - тақырып «Мектептер мен орта оқу орындарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру ерекшеліктері» (1 сағат)

Оқу орындарында құрылатын азаматтық қорғанысты қалыптастыру және олардың мақсаты. Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметін ұйымдастыру принциптері. Азаматтық қорғаныс объектісіндегі медициналық қызметпен шешілетін міндеттер. Салалық ауруханалар.

3 - тақырып «Санитарлық дружиналар мен санитарлық постылардың бейбіт және соғыс уақытында өткізетін шаралары»

(1 сағат)

Оқу орындарындағы санитарлық постылар және оның міндеттері. Бейбіт уақыттағы санитарлық дружиналар және санитарлық постылармен шешілетін міндеттер. Санитарлық дружиналар мен санитарлық постылардың ядролық және химиялық зақымдану ошақтарында шешетін міндеттері. Бастауыш ұйымдардағы санитарлық-қорғаныс жұмыстары.

4 - тақырып: « Химиялық зақым ошағы мен күшті әсер ететін улы заттар ошақтарындағы санитарлық дружина (пост) жұмысы» (2 сағат)

Химиялық қару. Химиялық қаруды қолданудың мақсаты және жеткізу құралдары. Улағыш заттардың жіктелуі. Химиялық ошақтар құрылымы. Күшті әсер ететін улы заттардан (КӘУЗ) түзілген ошақтар сипаттамасы. КӘУЗ ошақтарын медико-тактикалық жіктеу. Медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі негізгі іс-шаралар. Зақым ошағына санитарлық дружина енгізуді ұйымдастыру және зақымданушыны іздеу кезіндегі жұмыстарының ерекшеліктері, оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсету.

5 - тақырып «Жұқпалы аурулардың негізгі топтары мен бактериологиялық зақымданған ошақтарға сипаттама. Карантин және обсервация туралы түсінік» (2 сағат)

Бактериологиялық қару. Бактериологиялық зақымдану ошағы. Жұқпалы аурулар және олардың қоздырғыштары. Жұқпалы ауруларды жою мен алдын алу бойынша шаралар. Биологиялық зақымдану ошақтарындағы обсервация мен карантинді ұйымдастыру. Биологиялық зақымдану ошақтарында жүргізілетін жұмыстардың түрлері.

6 - тақырып «Медициналық көмек көрсету түрлері, зақымданған халықты емдік-эвакуациялаудың екі кезеңді жүйесі» (1 сағат)

Зақымданған халықты емдік-эвакуациялық қамтамасыз ету. Медициналық көмек көрсету түрлері және медициналық эвакуация. Медициналық сұрыптау. Медициналық сұрыптау түрлері.

7 - тақырып «Апатты жағдайлардың негізгі сипаттары мен постылардың жұмысын ұйымдастыру» (1 сағат)

Дүлей апаттардың негізгі түрлері және олардың сипаттамасы. Халықты дүлей апаттан сақтандыру үшін ескерту жұмыстарын ұйымдастыру және алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері.



ІХ Тарау

Медициналық білім негіздері (9 сағ)



1 - тақырып «Жаралану, қан кету және күйген кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Қан кетуді тоқтату, таңғыш салу құралдары мен түрлері» (2 сағат)

Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік. Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама. Күйіктің пайда болу себептері және оның ауырлық дәрежесі, күйік аурулары туралы түсінік. Шок. Шоктың пайда болу себептері. Жарақаттық шоктың ауырлық дәрежесі және белгілері.

Жарақаттану және қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Жара асқынуларын сақтандыру. Жарақаттық шоктың пайда болуының алдын алу. Асептика және антисептика туралы түсінік. Артериядан, венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері мен құралдары. Артерияны саусақпен басу нүктелері.

2 - тақырып «Артериядан қан кетуді тоқтату үшін қолда бар құралдарды пайдалану және бұрау мен жгут салу ережелері» (1 сағат)

Жгут салу үшін қолданылатын материалдар. Жгут салған кезде жіберуге болмайтын қателіктер. Венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері. Таңғыш түрлері. Бинтті таңғыштардың негізгі типтері. Бекіткіш таңғыштар. Қысып тұратын таңғышты қою ережелері. Таңу материалы.

3 - тақырып «Дененің әр түрлі бөлігіне таңғыш қою. Бас пен қолға таңғыш қою тәсілдері мен ережелері» (1 сағат)

Басқа, ішке, кеудеге, бұт арасына, үстіңгі және және астыңғы қол-аяққа таңғыш қою тәсілдері.

4 - тақырып: «Бас сүйегі, кеуде және іштің тесіп өткен жаралары кезінде таңғыш салу ерекшеліктері» (1 сағат)

Бас сүйегі мен мидың жаралануы кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Кеуде клеткасының жаралану сипаттамасы. Кеуде клеткасы мен іші жараланған адамға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.

5 - тақырып: «Сүйектің сынуы, жарақаттық уыттану, соғып алу, буынның шығуы кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем» (2 сағат)

Сүйектің сынуы туралы түсінік және олардың белгілері. Сынық түрлері және оның асқынуы. Жарақаттық уыттану туралы түсінік (жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт бойы қысылып қалу синдромы) және оның белгілері. ҰҚС кезеңдерінің негізгі клиникалық белгілері.

Соғып алу, буынның шығуы, сіңірдің созылуы, олардың белгілері. Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің жалпы ережелері. Бас, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас, аяқ-қол сүйектері сынған кезде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсілдері (иммобилизацияның табельді және қолда бар құралдарын пайдалану арқылы). Жарақаттық уыттану, соғып алу, буынның шығуы және сіңірдің созылуы кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем.

6 - тақырып: «Әр түрлі бақытсыз жағдайларда медициналық жәрдем көрсету. Өкпені жасанды желдету және жүрекке тікелей емес массаж жасау тәсілдері» (2 сағат)

Үсуден мұздаудың алдын алу және осы кезде алғашқы медициналық жәрдем көрсету. Күн және ыстық өту туралы түсінік, олардың алдын алу және алғашқы медициналық жәрдем көрсету. Электр жарақаты кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету және жәрдем көрсету кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Суға кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем. Жүрек қызметі мен тыныс алудың тоқтауын анықтау тәсілдері. Жүрекке тікелей емес массаж жасау. Өкпені жасанды желдету тәсілдері (ауыздан ауызға, ауыздан мұрынға, Сильвестр, Каллистов бойынша). Улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтардаң уланғанда, улы жыландар мен жәндіктер шаққан кезде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем.



11 Сынып

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы



Кіріспе

Жастардың алғашқы әскери дайындығының мақсаты, мазмұны және міндеттері. Қазақстан Республикасының Заңдары: «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы». Алғашқы әскери дайындық пәнінің мазмұны, бағдарламасы, міндеттері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің заңдылық негіздері. Алғашқы әскери дайындық сабағындағы оқушылардың міндеттері мен құқықтары.



Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде

Әлемде болып жатқан ғаламды өзгерістер кезіндегі еліміздің әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының әскери саясаты жаңа кезеңде.

Қазақстан Республикасының әскери доктринасы, бейбіт уақытта, қауіп төнген және қақтығыс басталған кезде әскери қауіпсіздігiн қамтамасыз ету үшін мемлекет шешетін міндеттер.

Республиканың Қарулы Күштерін құрудың заңдылық негіздері. Қарулы күштердің мемлекет құрылымында тағайындалуы.

Әскери қызметті өтеудің құқықтық негіздері. Әскери қызметке шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілерді әскери қызметке даярлау. Қазақстанда әскери мамандықтар бойынша офицер кадрларын даярлау. Техникалық және әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту - жастарды әскери қызметке дайындаудың негізі. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дәстүрлері мен даңқты батырлардың ерлігінде жауынгерлерді даярлау.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары:

Ротаның жеке құрамына арналған казармалық үй-жайлар. Казармада үй-жайларды тағайындау. Үй-жайлар күтіп ұстауға қойылатын талаптар. Қаруды сақтауға қойылатын талаптар. Ротаның мүліктерін және жеке заттарын сақтауды қамтамасыз ету.

Әскери бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өткізілетін іс-шаралар. Өрт пайда болған жағдайдағы жеке құрамның іс-әрекеті. Әскери қызметшінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндеттері.

Әскери бөлімнің күн тәртібі. Күн тәртібінде қарастырылатын іс-шаралар. Әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмыс жағдайын сауықтыру шарттары.

Әскери қызметшінің денсаулығына медициналық бақылау жасау.

Тактикалық дайындық

Мотоатқыштар взводын, ротасын ұйымдастыру. Штаттық қару-жарағы мен ұрыс техникасы. Ұрыс сипаттамасы және оның түрлері. Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі. Атыспен маневр жасау. Бөлімшелер мен атысты басқару.

Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс тәртіптері. Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні.

Қорғаныс негіздері. Қорғаныстағы атыс жүйесі. Қорғаныстағы взводтың орны, рөлі мен міндеттері.

Қазіргі ұрыстарда барлау жүргізу тәсілдері мен міндеттері, рөлі.

Шеру негіздері. Взводтың жорық күзеті. Взводтың бір орында орналасуы. Взвод сақтық күзетінде.

Қарулы қақтығыстағы арнайы әскери іс-қимылдар. Бөлімшелердің ұрыс тапсырмаларын орындау кезінде блокпостты инженерлік жарақтандыру.

Танкіге қарсы және жаяу әскерге қарсы қолданылатын негізгі миналар. Жарылмайтын инженерлік бөгеттер. Жарылмайтын және мина-жарылғыш бөгеттерден өту. Техникалық және әскери-қолданбалы спорт түрлерінің негіздері және алғашқы әскери дайындық.



Атыс дайындығы

Мергендік винтовканың ұрыстық қасиеті мен қолданылуы.

Мергендік винтовканың механизмдері мен негізгі бөлшектері. Мергендік винтовканы бөлшектеу және жинастыру.

Мергендік винтовканың механизмдері мен бөлшектерінің жұмысы. Мергендік винтовкамен атыс кезінде болатын кідірістер және оларды жою тәсілдері.

Гранататқыштың ұрыстық қасиеті мен қолданылуы. Гранататқыштың негізгі бөліктері мен механизмдері. Гранататқышты толымсыз бөлшектеу тәртібі. Толымсыз бөлшектеуден кейін гранататқышты жинастыру тәртібі. РПГ гранататқышының бөліктері мен механизмдерінің жұмысы.



Мергендік винтовка (МВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері

Мергендік винтовкадан ату үшін атыс орнын таңдап алу. Жергілікті жерде атыс орнын ауыстыру тәсілдері. Атысқа ыңғайлану. Винтовканы оқтау тәртібі. Атыс жүргізу. Атысты уақытша немесе толық тоқтату. Винтовканы тексеру және оғын алу тәртібі. Тасадан ату тәртібі. Әуедегі нысаналарды ату тәсілдері. Гранататқыштан ату тәсілдері.



Саптық дайындық

Автомобильдер жанына сап құру. Автомобильге орналасу, отыру және түсу. Машиналар арасындағы ара қашықтық және қозғалыс жылдамдығы.

Сап пен машинаны бір орында және қозғалыста басқаруға арналған белгілер.

Әскери топография

Топографиялық карта жайлы түсінік. Топографиялық картаның қолданылуы. Карталар масштабы және олардың көлемі.

Карта бойынша қашықтықты өлшеу. Жергілікті жер сипатына байланысты бағыт ұзындығының түзету коэффициентері.

Координаттар жүйесі. Географиялық және жазық тік бұрышты координаттар жүйесі. Карта бойынша координат нүктесін анықтау. Берілген координат бойынша картаға нүктені түсіру.

Ақиқат азимут, магниттік азимут, дирекциондық бұрыш. Дирекциондық бұрышты карта бойынша өлшеу. Дирекциондық бұрыштан магнитті азимутқа ауысу.

Топографиялық картаның шартты белгілерінің түрлері. Биіктіктің балтық жүйесі. Картадағы горизонтальдар сызығы. Картадан абсолюттік биіктік пен ылдидың тіктігін анықтау.

Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлану. Өзінің тұрған нүктесін картадан анықтау. Картаны оқып үйрену, жылжу бағытын таңдау және бағыттың бағдарын анықтау. Жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс және бағыт кедергілерді айналып өту.



Азаматтық қорғаныс

Шет мемлекеттер әскерлерінің ядролық қаруы. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары. Ядролық жарылыстың зақымдау әсерінің сипаты.

Химиялық және биологиялық қару, жаппай жою қаруынан жеке құрамды қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Радиациялық және химиялық барлау аспаптары. Зақымдану (залалдану) ошақтарына барлау. Радиациялық және химиялық бақылау посты құрамындағы барлаушының іс-әрекеті. Зақымдалу ошағында объектіде барлау жүргізу кезінде барлаушы буын құрамындағы барлаушының іс-әрекеті.

Медициналық білім негіздері

Науқастарды жалпы күтудің практикалық дағдысы. Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің жалпы ережелері. Бинтті таңғыштардың негізгі түрлері.

Бас сүйегіне, кеудеге, ішке, шатқа (бұт арасына), аяққа және қолға таңғыш салу тәсілдері мен ережелері. Әртүрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек көрсету.

Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау үлгісі



Кіріспе сабақ (1сағат)

Тақырыбы: «Жастардың алғашқы әскери дайындығының мақсаты, мазмұны және міндеттері»

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары және «Алғашқы әскери дайындық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы, сондай-ақ жастарды жедел әскери қызметке дайындау тәртібі туралы.

Алғашқы әскери дайындық сабақтарындағы оқушылардың міндеттері мен құқықтары.



I Тарау

Қарулы күштер қазақстан республикасы

егемендігінің күзетінде (6 сағат)



1- тақырып: «Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы» (1 сағат)

Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның әскери саясатының ерекшеліктері. Қазақстан Қарулы Күштерінің тағайындалуы.

2 - тақырып: «Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және Қазақстан Республикасының әскери доктринасы» (2 сағат)

Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері. Қазақстан Республикасының әскери доктринасы.

Қазақстанның ішіндегі әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заңдылық негіздер.

Әлемде болып жатқан ғаламдық өзгерістер кезіндегі Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясаты.

Бейбіт уақытта және қауіп төнгенде, әскери қақтығыс басталған кезде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет шешетін міндеттер.

3-тақырып: «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы»

(1 сағат)

Әскери қызмет өтеудің құқықтық негіздері.

Қарулы Күштерді толықтырудың түрлері. Әскери қызметке шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілерді әскери қызметке даярлау.

Әскери қызметтен босату жөніндегі заң нормалары. Әскери қызметті өтеу үшін жасалынатын келісім-шарт жүйесі.

4-тақырып: «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері» (1 сағат)

Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері туралы түсінік.

Қазақстан аумағында әскери істің даму тарихы. Даңқты батырлардың ерлігі. Ұлы Отан соғысы батырлары. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскерлерінің жауынгерлік дәстүрлерін қалыптастыру.

5-тақырып: «Қазақстанда әскери кадрларды даярлау» (1 сағат)

Қазақстан Қарулы Күштері жоғары әскери оқу орындарының құрылу себептері мен тарихы. Офицер кадрларын даярлаудағы мақсаттар мен міндеттер. Офицер кадрларының мамандықтары. Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау шарттары мен жалпы ережелері. Техникалық және әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту - әскери қызметке жастарды дайындаудың негіздері.



II Тарау

Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің

жалпы әскери жарғылары (5 сағат)



1-тақырып: «Әскери қызметшілердің орналастырылуы» (1 сағат)

Ротаны орналастыру үшін қарастырылатын казарма үй-жайлары. Казармадағы үй-жайлардың тағайындалуы. Қаруды сақтауға қойылатын талаптар.

2-тақырып: «Үй-жайларды ұстау» (1 сағат)

Үй-жайларды ұстауға қойылатын талаптар.

Рота мүлкінің және әскери қызметшілердің жеке заттарының сақталуы. Тұрғын үй-жайлардағы температура. Жатын орындарын жарықтандыру және желдету.

3-тақырып: «Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру» (1 сағат)

Бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру. Орналастыру кезінде жүргізілетін іс-шаралар. Әскери қызметшілерге қойылатын талаптар. Өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жүргізілетін іс-шаралар. Өрт пайда болған жағдайдағы әскери қызметшінің әрекеті. Әскери қызметшінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндеттері.

4-тақырып: «Уақыттың бөлінуі және тәртіпті сақтау» (1 сағат)

Жалпы әскери жарғының әскери бөлімдердегі уақыттың бөлінуіне қоятын талаптары. Әскери бөлімнің күн тәртібі. Әскери бөлімнің күн тәртібінде қарастырылатын іс-шаралар.

5-тақырып: «Әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмысының жағдайларын жақсарту» (1 сағат)

Әскери қызметшілердің тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту бойынша жалпы әскери жарғының негізгі талаптары. Әскери қызметшілердің денсаулығына медициналық бақылау жасау, жеке және қоғамдық гигиена талаптарын сақтау ережелері, шынықтыру тәсілдері.

III Тарау

Тактикалық дайындық (11 сағат)

1-тақырып: «Мотоатқыштар взводын, ротасын ұйымдастыру және ұрыс іс-қимылдарының негіздері» (2 сағат)

Мотоатқыштар взводын, ротасын ұйымдастыру. Штаттық қару-жарақ пен ұрыс техникасы. Ұрыс түрлері және оның сипаттамасы.

Ұрыстағы атыс. Атыс жүйесі. Ұрыстағы маневр. Мотоатқыштар взводының, ротасының жорықтық, ұрысқа кіру және ұрыстық тәртібі. Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні. Бөлімшелер мен атысты басқару.

2-тақырып: «Взвод қорғаныста» (1 сағат)

Қорғаныс негіздері. Взводтың қорғаныстағы орны, рөлі мен міндеті. Қорғаныстағы атыс жүйесі. Ерекше жағдайдағы қорғаныс.

3-тақырып: «Барлау. Барлаудағы взвод» (1 сағат)

Қазіргі ұрыстағы барлаудың рөлі. Барлаудың міндеттері. Взводтың барлау жүргізу тәсілдері.

4-тақырып: «Шеру және жорық күзеті» (1 сағат)

Взводтың шеруі мен жорық күзетінің негіздері.

Жаппай жою қаруларын пайдаланудан қорғану.

5-тақырып: «Бір орында және сақтық күзетте орналасу» (1 сағат)

Взводтың бір орында орналасуы. Взвод сақтық күзетінде.

6-тақырып: «Жалпы әскери бөлімшелердің шағын аймақтағы соғыс қимылы» (1 сағат)

Қарулы қақтығыстағы арнайы әскери іс-қимылдар. Блокпост бөлімшенің ұстанымның негізгі нысаны ретінде және блокпостты инженерлік жарақтандыру.

7-тақырып: «Танкіге қарсы және жаяу әскерге қарсы қолданылатын негізгі миналар» (2 сағат)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің миналары, олардың тактикалық-техникалық сипаттары мен жалпы құрылысы. Жаяу әскерге қарсы және танкіге қарсы миналар. Олардың арналуы мен құрылымы.

Танкіге қарсы, шынжыр табанға қарсы және жаяу әскерге қарсы миналардың тактикалық-техникалық сипаттамасы.

8-тақырып: «Жарылмайтын инженерлік бөгеттер» (2 сағат)

Жарылмайтын бөгеттер. Жарылмайтын және мина-жарылғыш бөгеттерден өту тәсілдері.





IV Тарау

Атыс дайындығы (4 сағат)

1-тақырып: «Драгунов мергендік винтовкасының механизмі және негізгі бөлшектері» (1 сағат)

Мергендік винтовканың ұрыстық қасиеті мен қолдануы. Мергендік винтовканың механизмдері мен негізгі бөлшектері. Винтовканың механизмдері мен бөлшектерінің құрылысы, қолданылуы. Мергендік винтовканы бөлшектеу және жинастыру.

2-тақырып: «ДМВ бөліктері мен механизмдерінің жұмысы»

(1 сағат)

Оқтаулы кезіндегі Драгунов мергендік винтовкасының механизмдері мен бөлшектерінің жұмысы. Атыс кезіндегі механизмдер мен бөлшектердің жұмысы. Мергендік винтовкадан ату кезіндегі болатын кідірістер және оларды жою тәсілдері. Мергендік винтовкаға қажетті жабдықтардың құрылысы мен қолдануы.

3-тақырып: «Танкіге қарсы қол гранататқышының құрылғысы, оны ұстау, күту және сақтау» (1 сағат)

Гранататқыштың ұрыстық қасиеті мен қолданылуы. Гранататқыш бөліктері және механизмдерінің құрылғысы мен қолданылуы. Гранататқышты бөлшектеу және жинастыру.

4-тақырып: «РПГ гранататқышының бөліктері мен механизмдерінің жұмысы» (1 сағат)

Оқтаулы кездегі гранататқыш бөліктері мен механизмдерінің жұмысы. Ату кезінде гранататқыш бөліктері мен механизмдерінің жұмысы. Ату кезіндегі кідірістер мен оларды жою тәсілдері. Тазалау және майлау.



V Тарау

Мергендік винтовка (МВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері (5 сағат)

1-тақырып: «Мергендік винтовкадан ату тәсілдері» (1 сағат)

Мергендік винтовкадан атыс жүргізу үшін орын таңдау. Жергілікті жерде жылжу тәсілдері. Жатып және тұрып ату үшін орынға орналасу. Винтовканы оқтау тәртібі.

2-тақырып: «Атыс жүргізу» (1 сағат)

Атыс жүргізу: көздеуішті қою, винтовканың дүмін қалыпқа келтіру, көздеу тәсілдері, ұрыстық қайырмадағы шүріппені ағыту.



3-тақырып: «Атысты тоқтату» (1 сағат)

Атысты уақытша және толық тоқтату. Қаруды тексеру және оғын алу тәртібі. Жатып ату жағдайынан тұру кезіндегі атқыштың әрекеті.

4-тақырып: «Тасадан тірей ату тәсілдері» (1 сағат)

Ату үшін таса мен тіреудің қолданылуы. Таса артынан атыс жүргізу тәсілдері. Әуе нысаналарын ату тәсілдері.

5-тақырып: «Гранататқыштан ату тәсілдері» (1 сағат)

Ату үшін орын таңдау. Гранататқыштан ату кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Атысқа ыңғайлану. Атысты тоқтату.

VI Тарау

Саптық дайындық (2 сағат)

1-тақырып: «Машиналар жанындағы және машинадағы жауынгерлердің іс-әрекеті» (2 сағат)

Машиналар жанына сап құру. Машинаға отыру, орналасу және түсу. Машиналар арасындағы ара қашықтық және қозғалыс жылдамдығы. Қозғалыстағы бұрылыстар. Сапты және машинаны басқаруға арналған белгілер.

VII Тарау

Әскери топография (12 сағат)

1-тақырып: «Топографиялық карта жайлы түсінік. Картамен жұмыс жасау» (1 сағат)

Топографиялық карта жайлы түсінік. Карталар масштабы. Карталардың масштабтары бойынша қолданылуы. Карта масштабының шамасы.

2-тақырып: «Карта бойынша қашықтықты өлшеу» (1 сағат)

Карта бойынша қашықтықты өлшеу тәсілдері. Карта бойынша қашықтықты өлшеудің дәлме-дәлдігі. Жергілікті жер сипатына байланысты бағыт ұзындығын түзету коэффициенті.

3-тақырып: «Географиялық координаттар жүйесі» (1 сағат)

Географиялық координаттар туралы түсінік. 1:10 000 - 1: 100 000 масштабындағы топографиялық карталар бетінің жақтауын ресімдеу. Картадағы географиялық координат нүктелерін анықтау. Географиялық координат бойынша картаға нүкте салу тәртібі.

4-тақырып: «Жазық тік бұрышты координаттар жүйесі» (1 сағат)

Жазық тік бұрышты координаталар жүйесі туралы түсінік. Тік бұрышты координаталық тор. Картада пункттің орналасу орнын жуықтап көрсету. Карта бойынша координат нүктесін анықтау. Картаға нүктені түсіру.

5-тақырып: «Азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтау» (2 сағат)

Ақиқат және магнитті азимут, дирекциондық бұрыш. Карта бойынша дирекциондық бұрышты өлшеу тәсілдері. Дирекциондық бұрышты магниттік азимутқа қайта есептеу формуласы және керісінше.

6-тақырып: «Топографиялық карта бойынша жергілікті жерді зерделеу» (2 сағат)

Топографиялық шартты белгілер және олардың түрлері. Балтық биіктік жүйесі. Карта бойынша абсолюттік биіктікті анықтау және картадағы сипатты жазылулар. Картадағы көлбеу сызықтар.

7-тақырып: «Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлану»

(2 сағат)

Картаны бағдарлау. Жергілікті жерде картаны бағдарлау тәсілдері. Өзінің тұру нүктесін түрлі тәсілдер арқылы анықтау. Картаны жергілікті жермен салыстыру, картада заттың бейнесін және жергілікті жердегі затты табу.

8-тақырып: «Жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс» (2 сағат)

Жергілікті жерде карта көмегі арқылы жол бойымен, жолдан тыс, жабық жерлерде және түнде қозғалыс жасау.



VIII Тарау

«Азаматтық қорғаныс» (22 сағат)

1-тақырып: «Шаруашылық объектілерінің азаматтық қорғанысы» (1 сағат)

Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен мақсаты.

2-тақырып: «Осы заманғы шет мемлекеттері әскерлерінің жаппай жою қаруы» (5 сағат)

Ядролық қару. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары.

3-тақырып: «Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы» (1 сағат)

Ядролық оқ-дәрілер жарылысының зақымдау әсерінің құрамдастырылған сипаты. Зақымданудың координаттық заңы. Зақымдау объектілерін топтастыру.

4-тақырып: «Химиялық қару» (2 сағат)

Ұрыстық улы химиялық заттары. Улағыш заттардың жіктелуі. Химиялық қаруды қолдану қағидалары.

5-тақырып: «Биологиялық қару» (1 сағат)

Биологиялық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы. Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттері. Адамның жұқпалы ауруларының сипаттамасы.

6-тақырып: «Жаппай жою қаруынан халықты және әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» (6 сағат)

Жеке құрамды қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін іс-шаралар.

Жеке қорғану құралдары. Зақымданған жерде әрекет жасау кезінде жеке қорғану құралдарын пайдалану.

Бөлімшелердегі жеке қорғану құралдарына техникалық қызмет көрсету.

Зақымдану аймағынан өту. Зақымдану аймағындағы қирау, су басу және өрт аудандарындағы әскерлердің әрекеті. Қорғайтың ғимараттарда халықты паналату, жұмысшыларды, қызметкеллерді тарату және халықтың эвакуациясы.

7-тақырып: «Радиациялық және химиялық барлау аспаптары» (3 сағат)

Радиациялық барлау аспаптарының жұмыс қағидалары мен құрылысы(ИД-1, ДП-22В, ДП-5В, ВПХР мөлшерін өлшеу кешені), тактикалық-техникалық деректері, қолданылуы. Жеке құрамның сәулелену мөлшерін есепке алу. Бөлімшенің ұрысқа қабілеттілігін бағалау.

8-тақырып: «Апатты жағдайлардағы аудандар мен зақымдану ошақтарында жүргізілетін құтқару және басқада жедел қалпына келтіру жұмыстары» (1 сағат)

Ядролық зақымдау ошақтарында жүргізілетін құтқару жұмыстары.

9-тақырып: «Зақымдану (залалдану) ошақтарын барлау» (1 сағат)

Зақымдану ошақтарындағы объектілерге барлау жүргізу және ұйымдастыру.

10-тақырып: «Радиациялық және химиялық бақылау посты құрамындағы барлаушының іс-әрекеті» (0,5 сағат)

Радиациялық және химиялық бақылау посты үшін орын таңдау. Барлаушының барлау жүргізуі, оның міндеттері мен тапсырмалары.

11-тақырып: «Зақымдалу ошағындағы объектіге барлау жүргізу кезінде барлау буыны құрамдағы барлаушының іс-әрекеті» (0,5 сағат)

Барлау буынының міндеттері. Бағыт және зақымданған учаскелерді табу кезіндегі барлаушылардың іс-әрекеті.



IX Тарау

Медициналық білім негіздері (30 сағат

12 - тақырып: «Жұқпалы аурулардың негізгі топтары мен биологиялық жұғу ошақтарының сипаттамасы. (12 сағат)

Карантин және обсервациялық бақылау туралы түсінік. Ауру тудырғыш микробтар. Жұқпалы ауруды қоздырғыштар. Аса қауіпті жұқпалы аурулар. Жұқпалы ауруларды жою және шектеу бойынша жасалатын іс-шаралар.

13 - тақырып: «Науқастарды күтудің жалпы практикалық дағдысы» (6 сағат)

Көп қызметті (функционалды) төсек құрылғысы және науқастың орналасуы.

Науқасты санитарлық өңдеу. Науқасты бөлімге апару. Дене қызуы және оны өлшеу. Қан айналымына әсер ету шаралары. Жүрек, қан тамырлары жүйесінің қызметі бұзылған науқастарды бақылау және күту.

Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің жалпы ережелері. Бинтті таңғыштардың негізгі тәсілдері.



14 - тақырып: «Дененің әр түрлі бөлігіне таңғыш қою» (6 сағат)

Басқа, кеудеге, ішке, бұт арасына, аяқ пен қолға таңғыш қою тәсілдері мен тәртібі.

15 - тақырып: «Әр түрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек» (6 сағат)

Үсудің алдын алу және осы кезде алғашқы медициналық көмек көрсету.

Күн және ыстық өту туралы түсінік, олардың алдын алу және алғашқы медициналық көмек көрсету.

Электр жарақаты кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек және осы кездегі қауіпсіздік шаралары. Суға кеткен кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Жүрек жұмысы мен тыныс алуды қалпына келтіру тәсілдері.

Улы өсімдіктер және саңырауқұлақтармен уланған кезде, улы жыландар мен жәндіктер шаққан кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.

ІІІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

10 сынып оқушысы:

Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде

біледі:

  • Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және бейбіт уақытта, қауіп төнген, әскери қақтығыс басталған кезде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттің міндетін;

  • Қарулы Күштердің қазіргі қоғамдағы рөлі мен оның Қазақстан Республикасының даму кезеңдерінде шешетін міндеттерін;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери қызметті өтеудің құқықтық негіздерін;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дәстүрлерін.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары

біледі:

  • жедел әскери қызметтегі әскери қызметшілерді жатын үй-жайларында орналастыру және үй-жайларды ұстауға қойылатын талаптарды;

  • әскери бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғауды;

  • әскери бөлімнің күнделікті өмірінде өткізілетін іс-шаралар мен күн тәртібін белгілеуді;

  • әскери қызметшілерді сауықтыру мен олардың тұрмыс жағдайын жақсартуды қарастыратын іс-шараларды.

Тактикалық дайындық

біледі:

  • мотоатқыштар взводының, ротасының ұйымдастырылуы мен олардың қару-жарағын;

  • ұрыс түрлерін және оның сипаттамасын;

  • атыс жүйесі, ұрыстағы маневр, ұрыстағы өзара іс-қимыл, бөлімшелер мен атысты басқаруды;

  • мотоатқыштар взводының жорық, ұрысқа кіру және ұрыстық тәртібі;

  • қорғаныс негіздерін;

  • қазіргі замандағы ұрыстардағы барлаудың рөлі, взводтың барлау жүргізу тәсілдері, жалпы әскери бөлімшелердің шағын аймақтағы соғыс қимылын;

  • взводтың бір орында және сақтық күзетте орналасуы;

  • взводтың шеруі мен жорық күзетінің негіздері;

  • миналардың арналуын, әрекет қағидасын және олардың құрылғысын;

  • жарылмайтын инженерлік бөгеттердің бөлінуі, түрлері және мина-жарылғыш бөгеттерден өтуді.

Атыс дайындығы

біледі:

  • мергендік винтовканың арналуы мен ұрыстық қасиетін, негізгі бөліктері мен механизмдерін;

  • мергендік винтовканың толымсыз бөлшектеу тәртібін және толымсыз бөлшектеуден кейін мергендік винтовканы жинастыру тәртібін;

  • драгунов мергендік винтовкасымен атыс кезінде болатын кідірістер және оларды жою тәсілдерін;

  • гранататқыштың ұрыстық қасиетін, қолданылуын;

  • гранататқышты толымсыз бөлшектеу тәртібін және гранататқыштың толымсыз бөлшектеуден кейін жинастыру тәртібін;

  • ату кезіндегі кідірістер мен оларды жою тәсілдерін.

жасай алады:

  • мергендік винтовканы толымсыз бөлшектеуді және жинастыруды;

  • ДМВ ату кезінде болатын кідірісті жоя білуді;

  • Гранататқыштан ату кезінде болатын кідірістерді жоя білуді.

Мергендік винтовка (МВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері

біледі:

  • мергендік винтовкадан ату тәсілдерін орындау, атысқа ыңғайлану, атыс жүргізу, атысты тоқтату кезінде берілетін командаларды;

  • винтовканы оқтау және оғын алу тәртібін;

  • гранататқыштан ату кезіндегі қауіпсіздік шараларын;

жасай алады:

  • жер бауырлай жылжу, жатып ату, тізерлеп ату, отырып ату, тұрып ату кезінде винтовканы ұстауды;

  • винтовканы оқтау мен оғын алуды;

  • тасадан тірей ату, оқпанадан атыс жүргізу, әуедегі нысаналарды ату тәсілдері кезінде винтовканы дұрыс ұстай білу мен орналаса алуды.

Саптық дайындық

біледі:

  • машиналар жанындағы және машинадағы жауынгердің іс-әрекетін;

  • сапты және машинаны басқаруға арналған белгілерді: қолмен, жалаушалармен, шаммен.

орындай алады:

  • машиналар жанындағы және машинадағы іс-әрекет кезіндегі командаларды орындауды;

  • белгілердің көмегімен сапты және машиналарды басқаруды.

Әскери топография

біледі:

  • топографиялық картаның қолданылуын, карталарын, бағытын және олардың шамасын;

  • географиялық координаттар мен жазық тікбұрышты координаттарды анықтау үшін топографиялық карта бетінің ішкі жақтауын ресімдеуді;

  • азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтауды:

  • жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс ерекшелігін.

жасай алады:

  • карта бойынша қашықтықты өлшеуді;

  • карта бойынша географиялық және жазық тік бұрышты координаттарды анықтауды;

  • карта бойынша дирекционды бұрыштарды анықтауды;

  • бір орында картаны бағдарлау және өзінің тұрған нүктесін анықтауды;

  • картадан жер бедері, елді мекендер, гидрография, жол торабы, өндірістік, ауыл шаруашылық және әлеуметтік-мәдени объектілер және өсімдіктер жамылғысының бейнеленуін оқуды.

Азаматтық қорғаныс (АҚ)

біледі:

  • азаматтық қорғанысының міндетімен мақсаты;

  • ядролық қару ерекшелігін және оны қолдану кезінде жеке құрамға тигізетін әсерін;

  • химиялық қару ерекшелігін және оны қолдану қағидаларын;

  • биологиялық қару ерекшелігін, түрлері және биологиялық құралдардың негізгі қасиеттерін;

  • жеке қорғану құралдарына техникалық қызмет көрсету тәртібін;

  • радиоактивтік, химиялық және биологиялық зақымдану аймағынан өтудің негізгі тәсілдерін;

  • апат аудандары мен зақымданған ошақтарында жүргізілетін құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу тәртібін.

Медициналық білім негіздері

біледі:

  • жұқпалы аурулардың негізгі топтарының сипаттамасын;

  • биологиялық зақымдау ошақтарындағы карантин мен обсервация туралы;

  • қан айналымына қышалар пайдалану арқылы әсер ету шараларын;

  • бинтті таңғыштар қоюдың негізгі тәсілдерін;

  • қысқыш және бекіткіш таңғыштар салу ережесін;

  • бастың, кеуденің және іштің тесіп өткен жаралану кезінде таңғыштар қою ерекшеліктерін;

  • өкпеге жасанды желдету жасау тәсілдерін («ауыздан-ауызға», «ауыздан-мұрынға» Сильвестр бойынша, Каллистов бойынша).

жасай алады:

  • науқастарды күтуды;

  • артериалық қан қысымын өлшеуді;

  • жүрекке тікелей емес массаж жасауды және өкпеге жасанды желдету жасауды;

  • ашық және жабық сынықтар кезінде шендеушітер салумен алғашқы медициналық көмек көрсетуді;

  • бас сүйегі, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас сүйектері, қол-аяқ сүйектерінің сынуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетуді (таңып тастауға арналған құралдар мен табельдерді пайдалану арқылы) басқа, кеудеге, бұтаралық, қол-аяқ сүйектеріне таңғыш қоюды;

  • әр түрлі бақытсыз жағдайларда: үсу, күн және ыстық өту, электржарақаты, суға кеткен кезде алғашқы медициналық көмек көрсетуді.

11 сынып оқушысы:

Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде

біледі:

  • Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және бейбіт уақытта, қауіп төнген, әскери қақтығыс басталған кезде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттің міндетін;

  • Қарулы Күштердің қазіргі қоғамдағы рөлі мен оның Қазақстан Республикасының даму кезеңдерінде шешетін міндеттерін;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери қызметті өтеудің құқықтық негіздерін;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дәстүрлерін.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары

біледі:

  • жедел әскери қызметтегі әскери қызметшілерді жатын үй-жайларында орналастыру және үй-жайларды ұстауға қойылатын талаптарды;

  • әскери бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғауды;

  • әскери бөлімнің күнделікті өмірінде өткізілетін іс-шаралар мен күн тәртібін белгілеуді;

  • әскери қызметшілерді сауықтыру мен олардың тұрмыс жағдайын жақсартуды қарастыратын іс-шараларды.

Тактикалық дайындық

біледі:

  • мотоатқыштар взводының, ротасының ұйымдастырылуы мен олардың қару-жарағын;

  • ұрыс түрлерін және оның сипаттамасын;

  • атыс жүйесі, ұрыстағы маневр, ұрыстағы өзара іс-қимыл, бөлімшелер мен атысты басқаруды;

  • мотоатқыштар взводының жорық, ұрысқа кіру және ұрыстық тәртібі;

  • қорғаныс негіздерін;

  • қазіргі замандағы ұрыстардағы барлаудың рөлі, взводтың барлау жүргізу тәсілдері, жалпы әскери бөлімшелердің шағын аймақтағы соғыс қимылын;

  • взводтың бір орында және сақтық күзетте орналасуы;

  • взводтың шеруі мен жорық күзетінің негіздері;

  • миналардың арналуын, әрекет қағидасын және олардың құрылғысын;

  • жарылмайтын инженерлік бөгеттердің бөлінуі, түрлері және мина-жарылғыш бөгеттерден өтуді.

Атыс дайындығы

біледі:

  • мергендік винтовканың арналуы мен ұрыстық қасиетін, негізгі бөліктері мен механизмдерін;

  • мергендік винтовканың толымсыз бөлшектеу тәртібін және толымсыз бөлшектеуден кейін мергендік винтовканы жинастыру тәртібін;

  • драгунов мергендік винтовкасымен атыс кезінде болатын кідірістер және оларды жою тәсілдерін;

  • гранататқыштың ұрыстық қасиетін, қолданылуын;

  • гранататқышты толымсыз бөлшектеу тәртібін және гранататқыштың толымсыз бөлшектеуден кейін жинастыру тәртібін;

  • ату кезіндегі кідірістер мен оларды жою тәсілдерін.

жасай алады:

  • мергендік винтовканы толымсыз бөлшектеуді және жинастыруды;

  • ДМВ ату кезінде болатын кідірісті жоя білуді;

  • Гранататқыштан ату кезінде болатын кідірістерді жоя білуді.

Мергендік винтовка (МВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері

біледі:

  • мергендік винтовкадан ату тәсілдерін орындау, атысқа ыңғайлану, атыс жүргізу, атысты тоқтату кезінде берілетін командаларды;

  • винтовканы оқтау және оғын алу тәртібін;

  • гранататқыштан ату кезіндегі қауіпсіздік шараларын;

жасай алады:

  • жер бауырлай жылжу, жатып ату, тізерлеп ату, отырып ату, тұрып ату кезінде винтовканы ұстауды;

  • винтовканы оқтау мен оғын алуды;

  • тасадан тірей ату, оқпанадан атыс жүргізу, әуедегі нысаналарды ату тәсілдері кезінде винтовканы дұрыс ұстай білу мен орналаса алуды.

Саптық дайындық

біледі:

  • машиналар жанындағы және машинадағы жауынгердің іс-әрекетін;

  • сапты және машинаны басқаруға арналған белгілерді: қолмен, жалаушалармен, шаммен.

жасай алады:

  • машиналар жанындағы және машинадағы іс-әрекет кезіндегі командаларды орындауды;

  • белгілердің көмегімен сапты және машиналарды басқаруды.

Әскери топография

біледі:

  • топографиялық картаның қолданылуын, карталарын, бағытын және олардың шамасын;

  • географиялық координаттар мен жазық тікбұрышты координаттарды анықтау үшін топографиялық карта бетінің ішкі жақтауын ресімдеуді;

  • азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтауды:

  • жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс ерекшелігін.

жасай алады:

  • карта бойынша қашықтықты өлшеуді;

  • карта бойынша географиялық және жазық тік бұрышты координаттарды анықтауды;

  • карта бойынша дирекционды бұрыштарды анықтауды;

  • бір орында картаны бағдарлау және өзінің тұрған нүктесін анықтауды;

  • картадан жер бедері, елді мекендер, гидрография, жол торабы, өндірістік, ауыл шаруашылық және әлеуметтік-мәдени объектілер және өсімдіктер жамылғысының бейнеленуін оқуды.

Азаматтық қорғаныс (АҚ)

біледі:

  • азаматтық қорғанысының міндетімен мақсаты;

  • ядролық қару ерекшелігін және оны қолдану кезінде жеке құрамға тигізетін әсерін;

  • химиялық қару ерекшелігін және оны қолдану қағидаларын;

  • биологиялық қару ерекшелігін, түрлері және биологиялық құралдардың негізгі қасиеттерін;

  • жеке қорғану құралдарына техникалық қызмет көрсету тәртібін;

  • радиоактивтік, химиялық және биологиялық зақымдану аймағынан өтудің негізгі тәсілдерін;

  • апат аудандары мен зақымданған ошақтарында жүргізілетін құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу тәртібін.

Медициналық білім негіздері

біледі:

  • жұқпалы аурулардың негізгі топтарының сипаттамасын;

  • биологиялық зақымдау ошақтарындағы карантин мен обсервация туралы;

  • қан айналымына қышалар пайдалану арқылы әсер ету шараларын;

  • бинтті таңғыштар қоюдың негізгі тәсілдерін;

  • қысқыш және бекіткіш таңғыштар салу ережесін;

  • бастың, кеуденің және іштің тесіп өткен жаралану кезінде таңғыштар қою ерекшеліктерін;

  • өкпеге жасанды желдету жасау тәсілдерін («ауыздан-ауызға», «ауыздан-мұрынға» Сильвестр бойынша, Каллистов бойынша).

жасай алады:

  • науқастарды күтуды;

  • артериалық қан қысымын өлшеуді;

  • жүрекке тікелей емес массаж жасауды және өкпеге жасанды желдету жасауды;

  • ашық және жабық сынықтар кезінде шендеушітер салумен алғашқы медициналық көмек көрсетуді;

  • бас сүйегі, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас сүйектері, қол-аяқ сүйектерінің сынуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетуді (таңып тастауға арналған құралдар мен табельдерді пайдалану арқылы) басқа, кеудеге, бұтаралық, қол-аяқ сүйектеріне таңғыш қоюді;

  • әр түрлі бақытсыз жағдайларда: үсу, күн және ыстық өту, электржарақаты, суға кеткен кезде алғашқы медициналық көмек көрсетуді.

IV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Алғашқы әскери дайындық бойынша теориялық бiлiм дидактикалық материалдар мен техникалық оқу құралдарын қолдана отырып, сұбхат және әңгiмелесу түрiнде жүргiзiледi. Практикалық сабақтар қару-жарақ пен әскери - техникалық мүлiктердi, жеке қорғаныс құралдарын, аспаптар және басқа да жабдықтарды қолдана отырып, оқытылған материалдарды бекiтуге бағытталған.

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақтан, әскери іс негізі тарауынан, азаматтық қорғаныс пен медициналық білім негіздерінен тұрады.

Кіріспе сабақты өткізуде жастарды әскери қызметке және Қазақстан Республикасын қорғауға дайындаудың маңызына, алғашқы әскери дайындық курсының оқу міндеттерін орындауға байланысты моральдық, психологиялық және дене күшін шоғырландырудың қажеттігіне ерекше қөңіл бөлінеді.

Әскери іс негіздері келесі тараулардан тұрады және алғашқы әскери дайындық білім беру бағдарламасының базалық бөлімі болып табылады:

  • Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау күзетiнде;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылыры;

  • Тактикалық дайындық;

  • Атыс дайындығы;

  • Саптық дайындық;

  • Әскери топография.

Әскери іс негіздерін оқып-үйрету процесінде алғашқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушысы - үйренуші жастардың азаматтық қөзқарасын қалыптастыру, Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігіне қөз жеткізу, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауға саналы түрде даяр болуға үйрету міндеттерiн шешеді. Сабақта жастардың әскери анттың рөлі мен мәнін жете түсінуіне ықпал ету қажет, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның жауынгерлік дәстүрлеріне, әскер салалары мен түрлеріндегі қызмет атқару ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылығын дамыту керек, әскери білім алуға ынталандыра отырып, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары - бұл Қарулы Күштердің тұрмыс-тіршілігін белгілейтін заңдар жинағы, сондай-ақ жарғы талаптарын орындау - әрбір әскери қызметшінің міндеті екендігі түсіндіріледі.

Тактикалық дайындық оқытудың негізгі тарауларының бірі болып табылады. Тактикалық дайындық бойынша сабақтардың барлық тақырыптары оқушыларды жалпы әскери ұрыс негіздерін оқып-үйренуге, ұрыста іс-әрекет жасай алуға, қарсыластың ұрыс машиналары мен жаяу әскерін жою үшін қарулар мен гранатты қолдана білуге бағытталған. Сабақ барысында үйренушілер қарулар мен гранаттарды қолдана білу техникасы бойынша дағдыларды меңгереді.

Тактикалық дайындық бойынша практикалық сабақтарды өткізу үшін винтовка макеттері, оқу автоматтары (пулеметтері), сондай-ақ оқу гранаттарына арналған сөмкелердің бар болуы қарастырылуы кажет. Оқушылар жергілікті жерде практикалық тәсілдер мен әрекетті орындауға ыңғайланып киінулері керек.

Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде басты назарды қару және оқ-дәрілермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларына аудару қажет. Сабақ барысында оқушылар атыс қаруының құрылымын, оны атысқа дайындау тәртібі мен ату ережелерін, қаруды күту және сақтауды үйренеді.

Саптық дайындық бойынша барлық сабақтар саптық дайындыққа арналған алаңда (плацта) өтеді. Практикалық сабақты өткізген кезде басты назар оқытушы-ұйымдастырушының оқушыларға саптық тәсілдерді тұтастай және үйренуі бойынша көрсетуіне, оқушылардың саптық тәсілдер мен жаттығуларды үйретілген элементтері бойынша көрсетуiне аударылады. Саптық элементтерді орындауын дағдыға айналдыру алғашқы әскери дайындықтың сыныптан тыс өтетін іс-шаралары кезінде де жалғастырылуы қажет.

Әскери топография бойынша сабақтар, оқушыларды бейтаныс жерде картасыз бағдарлана білуге, өз тұрған жерін анықтай алуға және компас көмегімен берілген азимут бойынша нысанаға қарай қозғалу маршрутын таңдай білуге үйретуді қарастырады.

Азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабағы үйренушілерді бейбіт және соғыс уақытында Казақстан Республикасының халқын табиғи зілзала зардаптарынан, ірі апаттардан құтқару және қарсыласқа қазіргі кездегі жою құралдарын пайдалану, сонымен қатар төтенше жағдайлар туындаған аудандар мен ошақтарда құтқару және шұғыл көмек көрсету, апатты - қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, зақым және жарақат алған кездерде алғашқы медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын іс-шараларымен таныстырады.

Алғашқы әскери дайындықты жоспарлау осы Бағдарлама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жасөспірімдерді қызмет етуге сапалы даярлауға, бағдарламаның толықтай орындалуын жүзеге асыруға, оның барлық бөлімдерін басқа мектеп пәндерімен тығыз байланыстыра кешенді түрде зерделеуге бағытталуы тиіс.

Әрбір оқу орнында алғашқы әскери дайындық өтуінің апталық жоспары бүкіл оқу жылына әзірленеді. Алғашқы әскери дайындық бойынша сабақтар оқу орнының жалпы мектептік кестесіне енгізіліп, оқу топтары мен сыныптар бойынша өткізіледі. Сыныптар мен оқу топтары взвод деп аталынып, үш бөлімшеге бөлінеді. Оқу орны директорының бұйрығымен әрбір сыныпта немесе оқу тобында озат оқушылар қатарынан бөлімше және взвод командирлері тағайындалады.

Алғашқы әскери дайындық сабақтарында взводтар мен бөлімшелердің командирлері взводтағы немесе оқу топтарындағы оқу тәртібін қадағалап отырады, сондай-ақ оқытушы-ұйымдастырушы пәрмені бойынша топтың немесе взводтың жеке құрамын басқарады.

Алғашқы әскери дайындық сабақтарында оқушылар мен оқытушы- ұйымдастырушы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының талаптарына сәйкес құрастырылады.

Оқушылар сабаққа дайындалып және ұқыпты киініп келулері тиіс.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы сабақ басталмастан бұрын алдын-ала оқу тобына немесе взвод жеке құрамына киім үлгісі жайында айтуы тиіс.

Жалпы білім беретін мектептерде алғашқы әскери дайындықтың оқу-материалдық базасы құрылып, үнемі жетілдіріліп отырады. Оған:

  • алғашқы әскери дайындықтың оқу кабинеттері (сынып);

  • азаматтық қорғаныста, тіршілік әрекеттерін қамтамасыз етуде, алғашқы әскери дайындық бойынша арнайы мүліктер сақтауға арналған бөлме;

  • саптық дайындық бойынша сабаққа арналған алаңдар;

  • тәуліктік кезекші мен сақшы міндеттерін практика жүзінде оқып үйретуге арналған орын, ату тәртібі мен тәсілдерін және тактикалық дайындық бойынша сабаққа арналған жаттығу қалашықтары;

  • оқу-көрнекілік құралдары және техникалық оқу құралдары қосылады.

Оқу орындарын жаттығу қаруларымен, әскери-техникалық мүліктер және оқу құралдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі әзірлеп және бекіткен табельдер бойынша жүзеге асырылады.

Қосымшалар

1-кесте

Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 10-сыныбына арналған

алғашқы әскери дайындық бағдарламасы бойынша

оқу уақытын есептеу және жоспарлау





р/н

Оқу сағаттарынын бөлінуі мен сабақ тақырыптарының, тараулардың атаулары

Оқу сабақтарының

көрсетілуімен қыздар және ер балалардың оқитың сабақ

тақырыптары


Оқу сабақ-тарының

көрсетілуі -мен ер балалардың оқитың сабақ

тақырып -тары

Оқу сабақ-тарының

көрсетілуі-мен қыздар оқитын сабақ тақырып -тары


1

2

3

4

5

1

Кіріспе сабақ - 1 сағ

1

-

-

2

І тарау. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде - 7 сағ

§ 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы. Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі

§ 2. Республиканың мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы, оның Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы

§ 3. Отанды қорғау - мемлекеттің маңызды қызметі.

Әскери-пайданбалы спорт түрлері - әскерде жастарды қызметке даярлаудын негізі.

§ 4. Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздері. Қарулы Күштердің мемлекеттегі орны

§ 5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімінің Жауынгерлік туы

§ 6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету - патриотизм мен интернационализм мектебі

§ 7. Қазақстанның қазіргі армиясы





7







1







1



1





1







1











1







1






-







-







-



-





-









-











-





-





-







-







-



-





-









-











-





-

3

ІІ тарау. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары - 10 сағ

§ 1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары - әскери қызметшілер мінез-құлқының құқықтық негізі

§ 2. Тәртіп және әскери құқық

§ 3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы

§ 4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысы

§ 5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы

§ 6. Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру

§ 7. Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау

§ 8. Сақшының міндеттері





7







1

1





1





1







1







1

1

-





3







-

-





-





-







-







-

-

3













-

-





-





-







-







-

-

-

4

ІІІ тарау. Тактикалық дайындық - 15 сағ

§ 1. ХХ- ғасырға дейінгі әскери өнер тактикасының дамуы

§ 2. Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы

§ 3. Қазіргі заманғы ұрыс сипаты

§ 4. Ұрыстық іс-әрекет негіздері және мотоатқыштар бөлімшесінің

ұйымдастырылуы

§ 5. Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі

§* 6. Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті

§* 7. Бақылаушы жауынгер

§*8. Қорғаныстағы жауынгер

§* 9. Шабуылдағы жауынгер

§ 10. Қорғаныстағы бөлімше

§11.Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері

§ 12. Шабуылдағы бөлімше



4



1





2



1







-



-



-

-

-

-

-



-

-



11



-





-





-





1

1



2

2

1

1

1





1

1



-



-





-





-





-

-



-

-

-

-

-





-

-

5

ІV тарау. Атыс дайындығы - 15 сағ

§ 1. Атыс негіздері

§ 2. Қарудың материалдық бөлігі

§ 3. Калашников автоматы мен пулеметі

§ 4. Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау

§ 5. Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы, арналуы

§ 6. Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы

§ 7. Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау

§ 8. Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері

§ 9. Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау

§* 10. Қол гранаттары



15

1



1



1



2





2





2





1





1





1

3



-

-



-



-



-





-





-





-





-





-

-



-

-

-



-





-





-



-





-





-





-



-

6

V тарау. Атыс қаруынан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері және жарықшақты қол гранаттарын лақтыру - 7 сағ

§ 1. Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері

§* 2. Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері

§3. Атысты жүргізу

§ 4. Атысты тоқтату

§ 5. Жүріп келе жатып ату тәсілдері

§ 6. Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері

§* 7. Ұрыста бақылау және арақашықтықты анықтау







5





1



1

1

1



1



-



-







2





-



-

-

-



-



1



1







-





-



-

-

-



-



-



-

7

VI тарау: Саптық дайындық - 7 сағ

§ 1. Сап және оларды басқару

§ 2. Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар

§ 3. Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа қайта сап құру және керісінше

§ 4. Қарумен саптық тұрыс

§ 5. Бір орнында қарумен тәсілдер орындау. Қарумен бұрылыстар және қозғалыстар жасау

§ 6. Бөлімше сабы



5

2







1





1

-







-

1



2

-







-





-

1







1

-



-

-







-





-

-







-

-

8

VII тарау. Әскери топография - 6 сағ

§* 1. Жергілікті жерде картасыз бағдарлану

§ 2. Азимут бойынша қозғалыс



6



1

5



-



-

-



-



-

-

9

VIII тарау. Азаматтық қорғаныс - 9 сағ

§ 1. Азаматтық қорғанысының медициналық қызметінің міндеттері

§ 2. Мектептер мен орта оқу орындарында Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру ерекшеліктері

§ 3. Санитарлық дружиналар мен санитарлық постылардың бейбіт және соғыс уақытында өткізетін шаралары

§ 4. Химиялық зақым ошағы мен күшті әсер ететін улы заттар ошақтарындағы санитарлық дружина (пост) жұмысы

§ 5. Жұқпалы аурулардың негізгі топтары мен бактериологиялық зақым ошағына сипаттама. Карантин және обсервация туралы түсінік

§ 6. Медициналық көмек көрсетуің түрлері, зақымданған халықты екі кезеңді емдеу-эвакуациялау жүйесімен қамтамасыз ету туралы ұғым

§ 7. Апатты жағдайлардың негізгі сипаттары және санитарлық постылар жұмысын ұйымдастыру



-





-







-







-







-









-









-







-



-





-







-







-







-









-









-







-



9





1







1







1







2









2









1







1

10

ІХ тарау. Медициналық білім негіздері - 9 сағ

§ 1. Жаралану, қан кету және күйген кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Қан кетуді тоқтату, таңғыш салу құралдары мен түрлері

§ 2. Артериядан қан кетуді тоқтату үшін қолда бар құралдарды пайдалану және бұрау мен жгут салу ережелері

§ 3. Дененің әр түрлі бөлігіне таңғыш қою. Бас пен қолға таңғыш қою тәсілдері мен ережелері

§ 4. Бас сүйегі, кеуде және іштің тесіп өткен жаралары кезінде таңғыш салу ерекшеліктері

§ 5. Сүйектің сынуы, жарақаттық уыттану, соғып алу, буынның шығуы кезінде көрсетідетін алғашқы медициналық көмек

§ 6. Әр түрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Өкпеге жасанды желдету және жүрекке тікелей емес массаж жасау тәсілдері



-









-







-







-





-









-











-



-









-







-







-





-









-











-



9









2







1







1





1









2











2

11

Барлығы:

Жиынтығы:

Жиынтығы:

50

18

18

68


68

12

Ескерту: §* - оқу жылында тақырыптар, жоспарлануы мүмкін нормативтер мен бақылау жаттығуларының өткізілуге барлығы 4 сағат бөлінеді.
























2-кесте

Алғашқы әскери дайындық бойынша нормативтер мен жаттығулар тізбесі



Нормативтер атауы

Нормативті орындау шарттары (тәртібі)

Баға

Бағаны төмендететін қателіктер

1

2

3

ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ

Нысаналарды табу, бағдарлар мен жергілікті заттармен салыстырғандағы олардың орнын табу және бақылау нәтижелерін баяндау

Үйренуші бақылау үшін берілген сектордан орын алады. Бақылау секторында бақылаушыдан 200-500 м қашықтықта үш нысана орналасқан. Нысананы тауып, бағдарлар және жергілікті заттармен салыстырғандағы олардың орнын, оларға дейінгі қашықтықты анықтап, бақылау нәтижелері туралы хабарлау

Баға:

«өте жақсы» - 3 нысана да табылып, оларға дейінгі қашықтық дұрыс анықталса;

«жақсы» - 3 нысана да табылып, оларға дейінгі қашықтықты 15%-тен аспайтын қателікпен анықталса;

«қанағаттанарлық» - кемінде екі нысана табылып, қашықтықтан біреуін өлшегенде 15% тен көп қателік жіберілсе;

«қанағаттанарлықсыз» - екіден аз нысана табылып немесе қашықтықтан өлшеуде екеуінен 15% -тен көп қате жіберілсе.

Қателіктер:

Үйренуші тасада бақылау орнын дұрыс таңдамайды. Әр нысанаға дейінгі қашықтықты өлшеуде 15% -тен көп қателік жібереді.




ҰРЫС АЛАҢЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС

Ұрыс алаңындағы қозғалыс

Бастапқы жағдай - атыс позициясы (ату үшін орын).

Үйренуші тактикалық жағдайға енгізіледі, оған жаңа шепке шығуға тапсырма беріледі. Басшының пәрмені бойынша үйренуші атыс жүргізе отырып, 20-30м жерді шапшаңдатылған адыммен, 50 м кем емес жерді жүгіре отырып және 10 метрден кем емес жерді пластунша еңбектей өтуі тиіс.

Баға:

«өте жақсы» - барлық әрекет дұрыс, дәл орындалса;

«жақсы» - қозғалыс кезінде 2-ден көп емес қателік жіберілсе;

«қанағаттанарлық» - қозғалыс кезінде 3-тен көп емес қателік жіберілсе;

«қанағаттанарлықсыз» - қозғалыс кезінде 3-тен көп қате жіберілсе.

Қателіктер:

Жергілікті жер бедерінің ерекшеліктерін ескермей жылжу.

Атыс орны дұрыс таңдалмаған. Жергілікті жер мен қарсыласты бақылау жүргізілмейді. Таса ретінде жергілікті заттарды қолданбайды. Қозғалыс кезінде аялдамаларда, жүгіре өтуде, еңбектей өтуде денесін, қаруды дұрыс ұстамау.

Атыс позициясын таңдау (атыс орны), оқпана қазу

Бастапқы - жатып немесе тұрып. Үйренуші тактикалық жағдайға келтіріледі, оған атыс позициясын және оның жабдықтарын таңдау міндеті қойылады.


Баға:

«өте жақсы» - барлық әрекет дұрыс және дәл орындалса;

«жақсы» - екіден көп қате жіберілмесе;

«қанағаттанарлық» - үштен көп қате жіберілмесе;

«қанағаттанарлықсыз» - 3-тен көп қате жіберілсе.

Қателіктер:

Атыс позициясы дұрыс таңдалмаған; қарудың орналасуы дұрыс емес; күрек дұрыс пайдаланылмайды; оқпананың өлшемі сақталынбаған; қарсылас артынан бақылау жүргізілмейді; баяу, сенімсіз іс әрекет

Тіреуден жатып атуға дайындалу және қаруды оқтау

Үйренуші қарумен атыс орнынан 10 м қашықтықта бастапқы тұрады, оқжатар 5 оқ патронымен оқталған және сөмкеде белдікке салынған. Жетекші атыс орнын көрсетіп «Ұрысқа!» пәрменін береді. Үйренуші тіреуден атысқа дайындалады (қаруды бастапқы ұрыстық көшіреді, қаруды оқтайды),

«Ұрысқа!» пәрменін орындайды (қару оқталған). Басшы «Оқты ал!» пәрменін береді. Үйренуші ұрыстық жорықтық көшеді, қарудың оғын алады. Оқжатардан патрондарды алып, оқжатарды сөмкеге салады да, бастапқы жағдайға атыс позициясынан 10 м қашықтықтағы қаруды «белдікке» жағдайында ұстап тұрады. Уақыт - 1 мин 50 с-ке дейін, «Ұрысқа» пәрменінен бастап үйренушінің бастапқы жағдайға шығуына дейін есептеледі.

Қателіктер:

әдісті орындау тәртібінің бұзылуы. Жекеленген тәсілдердің жарғы бойынша орындалмауы (қаруды «белдікке» жағдайынан қолға ауыстыру және т.б.). Тәсілді орындаған соң, денесі мен қаруды дұрыс ұстамайды. Автоматтың оқталуы тексерілмеген. Норматив анық емес, баяу орындалады.

Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру жаттығуын орындау

1 және 2 жаттығу шарттарына сәйкес

ӘСКЕРИ ТОПОГРАФИЯ

Көкжиек тұсын компас бойынша анықтау

Үйренуші компаспен -жергілікті жердің көрсетілген нүктесінде. Көкжиек тұсын анықтау және бұл бағыттарды жергілікті заттар (бағдарлар) бойынша көрсету.

Уақыт 3 минутқа дейін. «Бағдарлауға кіріс!» пәрменінен бастап, «Дайынмын!» мәлімдемесіне дейін есептеледі.

Қателіктер:

Компаспен дұрыс жұмыс жасай алмау. Бағдар ретінде елеусіз жергілікті заттар алынған. Баяу, сенімсіз іс әрекет.

Күн және сағат бойынша көкжиек тұсын анықтау

Үйренушінің қолында сағат бар (немесе сол сәттегі белгіленген уақытпен циферблат макеті). Көкжиек тұстарын анықтау және жергілікті заттар (бағдарлар) бойынша көрсету. Уақыт 3 минутқа дейін. «Бағдарлауға кірісіңдер» пәрменінен бастап, «Дайынмын» мәлімдемесіне дейін есептеледі.

Қателіктер:

Сағат күнмен салыстырғанда дұрыс орналаспаған. Үйренуші циферблаттағы қай бұрышты түске дейін және түстен теңдей етіп жартыға бөлу керектігін білмейді, қимылы баяу, сенімсіз.

  1. 3- кесте

Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 11-сыныбына арналған

Алғашқы әскери дайындық бағдарламасы бойынша

оқу уақытын есептеу және жоспарлау



р/с

Тараулардың атауы,

оқу сағаттары бөлінген сабақ

тақырыптары


Оқу сабақтары

көрсетілген қыздар және ер балалардың оқитын сабақтарының

тақырыптары

Оқу сабақтары

көрсетілген далалық - оқу жиындарында ер балалардың оқитын сабақтарының

тақырыптары

Оқу сабақтарын

көрсетілген медициналық мекемелерде практикада қыздар оқитын сабақ

тақырыптары


1

2

3

4

5

1

Кіріспе сабақ - 1 сағат

1

-

-

2

І тарау. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау күзетінде - 6 сағ.

§ 1. Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы

§ 2. Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және Қазақстан Республикасының әскери доктринасы

§ 3. Жалпыға ортақ әскери міндет және әскери қызмет

§ 4.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері

§ 5. Қазақстанда әскери кадрларды даярлау. Техникалық және әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту - жастарды әскери қызметке дайындаудың негізі







6



1





2



1



1









1







-



-





-



-



-









-







-



-





-



-



-









-

3

ІІ тарау. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери Жарғылары - 5 сағ.

§ 1. Әскери қызметшілердің орналастырылуы

§ 2. Үй-жайлардың күтімі

§ 3. Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру

§ 4. Уақыттың бөлінуі және тәртіп сақтау § 5. Әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмысының жағдайларын жақсарту





5



1

1



1

1



1





-



-

-



-

-



-





-



-

-



-

-



-

4

ІІІ тарау. Тактикалық дайындық - 11 сағ

§ 1. Мотоатқыш взводын, ротасын ұйымдастыру және ұрыс қимылдарының негіздері

§ 2. Взвод қорғаныста

§ 3. Барлау. Барлаудағы взвод

§ 4. Шеру және жорық күзеті

§ 5. Бір орында және сақтық күзетте орналасу

§ 6. Жалпы әскери бөлімшелердің шағын аймақтағы соғыс қимылы

§ 7. Танкіге қарсы және жаяу әскерге қарсы қолданылатын негізгі миналар

§ 8. Жарылмайтын инженерлік бөгеттер

-



-



-

-

-





-



-



-

-

11



2



1

1

1





1



1



2

2

-



-



-

-

-





-



-



-

-

5

ІVтарау. Атыс дайындығы - 4 сағ

§ 1. Драгунов мергендік винтовкасының материалдық бөлімі

§ 2. ДМВ бөліктері мен механизмдерінің жұмысы

§ 3. Танкіге қарсы қол гранататқышының құрылғысы, оны ұстау , күту және сақтау

§ 4. РПГ бөліктері мен механизмдерінің жұмысы





-



-



-



-



-





4



1



1



1



1





-



-



-



-



-

6

V тарау. Мергендік винтовка (МВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері - 5 сағ

§ 1. Мергендік винтовкадан ату тәсілдері

§ 2. Атыс жүргізу

§ 3. Атысты тоқтату

§ 4. Тасадан тірей ату тәсілдері

§ 5. Гранататқыштан ату тәсілдері





-

-

-

-

-

-





5

1

1

1

1

1





-

-

-

-

-

-

7

VІ тарау. Саптық дайындық - 2 сағ

§ 1. Машиналар жанындағы және машинадағы сарбаздардың іс-әрекеті - 2 сағ

-



-

2



2

-



-

8

VІІ тарау. Әскери топография - 12 сағ

§ 1. Топографиялық карта туралы түсінік. Картамен жұмыс жасау

§ 2. Карта бойынша қашықтықты өлшеу

§ 3. Географиялық координаттар жүйесі

§ 4. Жазық тікбұрышты координаттар жүйесі

§ 5. Азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтау

§ 6. Топографиялық карта бойынша жергілікті жерді зерделеу

§ 7. Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлану

§ 8. Жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс

4



1

1

1

1





-



-



-



-

8



-

-

-

-





2



2



2



2

-



-

-

-

-





-



-



-



-

9

VІІІ тарау. Азаматтық қорғаныс - 22 сағ

§ 1. Шаруашылық объектілерінің азаматтық қорғанысы

§ 2. Осы заманғы шет мемлекеттері әскерлерінің жаппай жою қаруы

§ 3. Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы

§ 4. Химиялық қару

§ 5. Биологиялық қару

§ 6. Жаппай жою қаруынан халықты, әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

§ 7. Радиациялық және химиялық барлау аспаптары

§ 8. Апатты жағдайлардағы аудандар мен зақымдану ошақтарында жүргізілетін құтқару және басқада жедел қалпына келтіру жұмыстары

§ 9. Зақымдану (залалдану) ошақтарын барлау

§ 10. Радиациялық және химиялық бақылау посты құрамындағы барлаушының іс-әрекеті

§ 11.Зақымдалу ошағындағы объектіге барлау жүргізу кезінде барлау буыны құрамындағы барлаушының іс-әрекеті

22





1



5



1

2

1





6



3







1



1





0.5





0.5

-





-



-



-

-

-





-



-







-



-





-





-

-





-



-



-

-

-





-



-







-



-





-





-

10

ІХ тарау. Медициналық білім негіздері - 30 сағ

§ 1. Жұқпалы аурулардың негізгі топтары мен биологиялық жұғу ошақтарының сипаттамасы. Карантин мен обсервациялық бақылау туралы түсінік

§ 2. Науқастарды күтудің жалпы практикалық дағдысы

§ 3. Дененің әр түрлі бөлігіне танғыш қою

§ 4. Әр түрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек

-









-



-

-





-

-









-



-

-





-

30









12



6

6





6

11

Барлығы:

38

30

30

Қорытынды:

68

Қорытынды:

68

12

Ескерту: * ОДЖ ұстау ҚР ҚМ жыл сайынғы директивасына сәйкес түзетілуі мүмкін;

Оқу-далалық жиындарында 10 және 11 сыныптарға арналған "ҚР ҚК жарғылары" тарауларының қайталануын қарастыру қажет.








© 2010-2022