Үстеу туралы түсінік (6 сынып)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сыныбы: 6 Пәні: қазақ тілі

Сабақ тақырыбы


Үстеу туралы жалпы түсінік

Жалпы мақсаты

Үстеу туралы түсінік бере отырып олардың ережесін , жасалу жолын , қолданылу орнын меңгерту. Оқушылардың бұрыннан бар білімін жаңа материалмен байланыстыра алу қабілетін, ойлауы мен зейінін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтижелер


Жұпта өз ойын жеткізеді. Өз бетімен жұмыстануға үйренеді. Сөйлеу мәдениеті қалыптасады. Өзін-өзі бағалауға үйренеді.

Сабақ түрі, әдіс-тәсілдер


Жаңа материалды меңгерту. Сөздік, көрнекілік, практикалық, морфологиялық талдау әдісі

Керекті жабдықтар


А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі», тірек-сызба, перфокарта, бағалау кестесі, Аңшылық-саятшылық кәсіп туралы мәлімет т.б.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

-Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

-Бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ екенін айта ғой.

-Оқу құралдарыңды дайындап, сабаққа назар аударыңдар.

Фигуралар арқылы топқа бөлу:

  • Сұраққа дұрыс жауап - 1 балл.

  • Мазмұнды болуы - 2 балл.

  • Оқушының баяндау шеберлігі - 3 балл.

Мұғаліммен амандасып, кезекші орнынан тұрып сабақта жоқ оқушыны айтады. Сабақ құралдары дайын, зейіндерін мұғалімге аударады.

Әр топты шоғырландыру топ мүшелері бірлесе жұмыстанады.

Тұсаукесер

Жоспар:

1.Үстеу.Үстеудің тұлғалық түрлері.

2.Үстеудің мағыналық түрлері.

3.Үстеудің сөйлемдегі қызметі.

4. Үстеудің емлесі.

1.Заттың қимылы мен ісінің мезгілін, жай-күйін, мекенін және сынның белгілерін күшейтіп көрсететін сөз табын үстеу деп атайды.

Басқа да сөз таптары секілді үстеудің мағынасында да, тұлғасында да , сөйлемде атқаратын қызметінде де өзіне тән ерекшеліктері бар.

Үстеулер - басқа сөз таптарынан қосымшалар арқылы немесе сөздердің бірігуі арқылы немесе қосарлану, тіркесу арқылы пайда болып, жаңа бір мағынаға ие болған сөздер тобы. Тіліміздегі үстеу сөздер тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді: негізгі үстеулер және туынды үстеулер.

Қазіргі кезде құрамындағы негіз бен қосымшалардың жігі бөлінбейтін, яғни бөлшектеуге келмейтін үстеулерді негізгі үстеулер деп атаймыз. Мысалы: әрең,тым,тіпті, әдейі, жорта, жоғарғы, ілгері, төмен, әрі, әрмен, ерте, кеш, нақ,дәл, нағыз, сәл, дере, ең, төтенше, ерекше, т.б.

Қалай жасалғаны, яғни олардың жұрнақ, жалғау жалғану арқылы немесе сөздердің қосарлануы, бірігуі және тіркесу арқылы жасалғаны белгілі үстеулерді туынды үстеу деп атаймыз.

2. Үстеулер мағынасына қарай:

- Мезгіл үстеу.

- Мекен үстеу.

- Сын - бейне үстеу.

- Мөлшер үстеу.

- Күшейіткіш үстеу.

- Себеп - салдар үстеу.

- Мақсат үстеу.

Мезгіл үстеулері қимылдың жалпы мерзімін, уақытын білдіреді.Қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Оларға: кеше, бүгін, ертең, қазір, кешке, ертемен, ертесіне, бүрсігүні, жаздыгүні, биыл, былтыр, анда -санда, оқта -текте, т.б.

Мекен үстеулері қимыл іс -әрекеттің орнын, мекенін білдіреді. Қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Оларға: әрі, бері, жоғары, төмен, алға, артқа, ішке, іште, ілгері, мұнда, сонда, т.б.

Сын бейне үстеулер: қимыл іс әрекеттің алуан түрлі сапасын білдіреді. Қалай?қалайша? деген сұрақтарға жауап береді.Оларға: әрең, әзер, дереу, жедел, шапшаң, тез, жылдам, кенет, құр, түгел, ауызша, осылай, бірге, зорға, аздап, т.б.

Мөлшер үстеулері түрлі қатынастарды жалпылап,, я шамалап немесе қимылдың және сынның кемдік, я теңдік дәрежесін көрсетеді. Қанша? қаншалық? нешелеп? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Оларға: сонша, соншлық, онша, мұнша, мұндайлық, сондайлық, бірталай, недәуір, неғұрлым, бірен-саран, азды-көпті, т.б.

Күшейткіш үстеулері заттың сынын, қимылдың өзін немесе түрлі мөлшерді, көлемді аса күшейтіп немесе аса солғындатып көрсетеді.Қалай?қайтіп? қандай? деген сұрақтарға жауап береді. Оларға: аса, нағыз, ең, тым, тіпті, кілең, небір, өңкей, әбден, т.б.

Мақсат үстеулері қимылдың жасалу мақсатын білдіреді. Не үшін? неге? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Оларға: әдейі, жорта, қасақана, әдейлеп, т.б.

Себеп-салдар үстеулері қимылдың, амал-әрекеттің жасалу себебін я салдарын, нәтижесін білдіреді. Неліктен? не себепті? деген сұрақтарға жауап береді. Оларға: бекерге, амалсыздан, босқа, текке, лажсыздан, шарасыздан, амалсыздан, құр босқа, әншейін, т.б.

3.- Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым. (Абай) (пысықтауыш.)

- Әрең, әдейі - үстеулері (бастауыш).

- Елдің бәрі -осында (баяндауыш).

- Үйге қайтатын күнім ертең (баяндауыш).

- Кейбір үстеулер жіктеліп, баяндауыш та болады. Мысалы: Мен мұндамын.(Ғ.Мұст).

4. Үстеулердің жазылу емлесі үш салаға бөлінеді: 1) Бірге жазылатын үстеулер; 2) Дефис арқылы жазылатын устеулер; 3) Бөлек жазылатын үстеулер;

1. Бірге жазылатын үстеулерге негізгі үстеулерге жалғау, жұрнақ жалғану арқылы және сөздердің бірігуі арқылы жасалған үстеулер жатады. Мысалы: қапыда, абайсызда, тікелей, мұнша, оншалық, қыстыгүні, ендігәрі, әлдеқашан.

2. Дефис арқылы жазылатын үстеулерге қосарлану арқылы жасалған үстеулер жатады. Мысалы: жоғары-төмен, ілгері-кейін, күні-түні, т.б.

3. Бөлек жазылатын үстеулерге тіркес арқылы жасалған үстеулер жатады. Мысалы: ертеден қара кешке дейін, бір күні, кей күні, ала жаздай, т.б

Үстеу туралы түсінік (6 сынып)



























Үстеу туралы түсінік (6 сынып)

































1. Үстеулер сөйлемде басқа сөздермен, көбіне, етістікпен қарым-қатынасқа түсіп, сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқарады. Ол негізінен пысықтауыш қызметінде жұмсалады.

Үстеу семантикалық сипатына сәйкес қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі сын-сипаты, белгісін білдіреді. Осымен байланысты мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын-қимыл, мақсат, себеп пысықтауыш бола алады.

Мысалы, Аңшылық өмірінде талай қыранды көріп өткен. Тұра қаштым жалма-жан. Ерекше бір азап дүниесінен келгендей.

2.Үстеулер есімнен болған баяндауышты да пысықтайды


Кейбір үстеулер жіктеліп, баяндауыш та болады.

Бозбаламын мен де енді (Жамбыл). Бүгінгі колхозшылар шетінен сауатты (Ғ.М.) деген сөйлемдерде енді үстеуі бозбаламын деген баяндауышты, шетінен үстеуі сауатты деген баяндауышты пысықтап тұр.

Мен мұндамын (Ғ.М.); Мен сенімен біргемін (Ғ.С.)

3.Кейбірі атау септігінде тұрып, субстантивтеніп, бастауыш болады:

Еріншектің ертеңі бітпес.

4.Зат есіммен, сын есіммен тіркесіп келіп, кейде анықтауыш қызметін атқарады:

Бірталай уақыт өтті, бірен-саран адам көрінеді.


Үстеу туралы түсінік (6 сынып)

Негізгі

Бөлім











І тапсырма .Өлеңде кездесетін үстеулерді теріп жазып, оларды құрамына қарай ажыратып, жасалу жолын түсіндіріңдер.

Бүркітші тау басында, қағушы ойда,

Іздің бетін түзетіп аңдағанда.

Төмен ұшсам, түлкі өрлеп құтылар деп,

Қандыкөз қайқаң қағып шықса аспанға,

Көре тұра қалады қашқан түлкі,

Құтылмасын білген соң құр қашқанға.

Сегіз найза қолында, көз аудармай,

Батыр да аял қылмайды ертең таңға.

Арт жағынан жауырыны бүлкілдейді,

Қыран бүктеп астына дәл басқанда.

Мұны оқыса, жігіттер, аңшы оқысын,

Біле алмассың, құс салып дәм татасың

ІІ тапсырма.Берілген суреттердің ішінен қансонар кезіндегі аңшылықты тауып, « қансонар » сөзінің мағынасын түсіндіріңдер.


Үстеу туралы түсінік (6 сынып)Үстеу туралы түсінік (6 сынып)Үстеу туралы түсінік (6 сынып)Үстеу туралы түсінік (6 сынып)

ІІІ тапсырма.Берілген үстеулерді құрамына қарай орналастырыңыз.
Біраз, шетінен,түгел,дереу, кешке, бүгін, етпетінен, тым,биыл, жорта, бекерге, аса, ерекше, жаздыгүні,төтеден, тезірек,өз-өзінен, бермен, нақ.

І тапсырма.



Басында-туынды түбір үстеуі, септік жалғауы арқылы жасалған.

Төмен-негізгі үстеу,құрамы жағынан бөлшектеуге келмейді.


Ертең-туынды түбір,жалғаудың көнеленуі арқылы жасалған

Арт жағынан -күрделі үстеу,тіркесу арқылы жасалған.
Астына-туынды үстеу

ІІ тапсырма.

Үстеу туралы түсінік (6 сынып)

Жерге алғашқы жауған қар аңның бейқам жайылып, тіпті жаңа ғана қашып өткеніне дейін білдіреді. Аңшылар ондайда ізге түсіп қуа ма, әлде із кесіп барып аңның байырқалаған жеріне төте тарта ма, оны өзі біледі. Аңшыға жаңа, соны із арқылы қолайлы жағдай тудырып тұрған саятты «қансонар» деген.



ІІІ тапсырма.

Негізгі үстеу

Туынды үстеу

Күрделі үстеу

Біраз,дереу,түгел,тым, аса,тезірек,нақ,бермен.

Шетінен,етпетінен, өз-өзінен,төтеден,бекерге.

Бүгін,биыл,жаздыгүні.

Қорытынды

1.«Қыс қызығы - қансонар » тақырыбында үстеудің құрамдық түрлері қатысқан ойтолғау .
2. Аңшылық-саятшылық кәсіп туралы мәлімет.

Оқушылар үй тапсырмасын дәптерлеріне жазып алады. Үй тапсырмасын беру арқылы жаңа материалды қалай меңгергеніне көз жеткізеді.



© 2010-2022