Поурочный план на тему Балапан

Раздел Другое
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Абай атындағы орта мектебі «КММ»

«Айналайын» шағын орталығы















«Айбөбек» кіші тобымен құрастыру

сабағынан өткізген ашық сабағы

Тақырыбы:


Поурочный план на тему Балапан



Тәрбиеші: Қуанышова А.Н.




Сабақтың тақырыбы: «Балапан»

Сабақтың мақсаты:

1.Балапан деп құстың баласын айтатынын түсіндіру, таныстыру.

2.Түстерді ажыратуға үйрету.

3.Құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Балапан суреттері, үлгі, желім, қайшы, түрлі-түсті қағаз, ақ қағаз

Білім көзі: таным

Әдіс-тәсілі: түсіндіру ,желімдеу

Жүру барысы: І .Ұйымдастыру кезең

Тыныштандыру. Назарларын сабаққа аудару

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс

  • Балалар, бізге қонаққа көп апайлар келіпті. Бәріміз сәлемдесейік!

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Сәлеметсіз бе, апайлар!

«Бала, бала, балапан» жылулық шеңбері

Бала, бала, балапан

Кәне, қайсы, алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай- былай ойнап

Топ-топ, топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық,

Жаса-жаса, жарқын күн,

Жаса-жаса, алтын-күн!

ІІ. Жаңа сабақ

Балалар, біз бүгін құрастыру сабағында үй құстарының балапандарымен танысамыз. Балаларға тауық пен балапандардың суретін көрсету. Қаз, үйрек, тауық , күркетауық балапандарын өте жақсы көреді, оларды бағып-қарайды, біреуі артта қалып қойса, мазалана қыт-қыттап, оны күтіп тұрады. Жерден бірдеңе тауып, балапандарын қасына шақырады. Балапандар жерден нан қоқымы мен дән іздеп шиқылықтап жүгіреді. Балапандар тойған соң енелерінің қанатының астына жылынып ұйықтайды.

Балапандардың түсі сап-сары, мамық жүн, кішкентай қанаттары бар.

- Балалар балапан туралы кім тақпақ айтады?

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай боламыз

Таудай болып өсеміз.

Балалар, ақ тауық өзінің сары балапандарына достар іздеп жүр екен. Енді біз сары балапанның достары көп болсын деп түрлі-түсті қағаздан балапандар жасайық.. Бәріміз ақ қағазға балапанның денелерін құрайық.

ІІІ. Бекіту

- Балалар, біз бүгін қандай құстың балапандарымен таныстық?

  • Балапан қалай дыбыстайды?

  • Балапанды не деп шақырамыз?

ІҮ. Қорытындылау: Балалардың жұмыстарын бағалау, мадақтау.

Белсенді қатысқан балаларға жұлдызша тарату.

Тәрбиеші:

Кәнеки, балалар, баршамыз Егеменді де, еркін елде бейбіт өмір сүріп жатырмыз, иә?! Ендеше, осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында не бейнеленген?

Тәрбиеленушілер «шаңырақ, тұлпар...» деп т.с.с жауап берді.

Тәрбиеші:

Ендеше осы шаңырақты шеңберге тұрып жасап көрелік! /әсем әуен ойналып, көз алдыда шаңырақ бейнесі жасалынды/

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар, қонақтарға сау болыңыздар делік!


© 2010-2022