Мәңгілік елге бастайтын мәртебелі жол

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан 17 қаңтар 2014 жылғы  "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты халқына Жолдауын насихаттау мақсатындағы "Мәңгілік елге бастайтын мәртебелі жол" атты акцияның жоспары Қатысатындар: 1-11 сынып оқушылары, мектеп мұғалімдері  (оқушылар шар, жалаушалар және "Мәңгілік елдің" логотипі, мұғалімдер ақ шарф, логотип және шар ұстайды) (слайдтар, бейнебаяндар, музыка ойнап тұрады)   Өтілуі:  Жүргізушілер: Ақботаев Олжас, Ермаханов ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан 17 қаңтар 2014 жылғы "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты халқына Жолдауын насихаттау мақсатындағы

"Мәңгілік елге бастайтын мәртебелі жол" атты акцияның жоспары

Қатысатындар: 1-11 сынып оқушылары, мектеп мұғалімдері

(оқушылар шар, жалаушалар және "Мәңгілік елдің" логотипі, мұғалімдер ақ шарф, логотип және шар ұстайды)

(слайдтар, бейнебаяндар, музыка ойнап тұрады)

Өтілуі:

Жүргізушілер: Ақботаев Олжас, Ермаханов Асхат

1-жүргізуші: -Қымбатты ұстаздар қауымы!

2-жүргізуіші:- Құрметті оқушылар!

1-жүргізуші: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтардағы "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауы насихаттау мақсатындағы "Мәңгілік елге бастайтын мәртебелі жол" атты акцияға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:- Ежелгі ата - бабамыздың "Мәңгілік ел" идеясы біздің ұлттық ұстанымымызға айналып отыр. Елбасымыз "Қазақстан - 2050 стратегиясының" түп қазығы етіп пәлсапалық категория - Мәңгілік ел ұғымын алып, ұлы бағдарды нысаналады. Ұлы сабақтастықты жандандырды. Міне, ұлттық идеологиямыз осы болып табылады.

2-жүргізуші:- - Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел!

1-жүргізуші: - Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы

2-жүргізуші:- Қазақ Елі!

Мәңгілік Ел - бір атым!

Мәңгі жасау - жалғыз ғана мұратым.

Ай менікі сүттей ақ боп туатын,

Күн менікі күлімсіреп шығатын.

Мініп алып арман атты пыраққа,

Жетем әлі жұрт жетпеген мұратқа.

1-жүргізуші:- Сөнсе сөнер жыпырлаған жұлдыздар,

Күн сөнбейді, Ай сөнбейді бірақ та.

Арын сатпас аруым бар бал қылық,

Нарым дерлік сапта тұрған әр жігіт.

Ана тілім, баба ділім, дәстүрім -

Мендегінің барлығы да мәңгілік.

ӘН: "КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ" Бексұлтан

2-жүргізуші:- Менің сөзім мыңжылдықтар қойнында

Көк түріктің көк тасына қашалған.

Кең даласын күзетем деп Тұранның,

Көктен Жерге көз қадаған қыранмын

1-жүргізуші:- Қаһарымнан құтылуы қиын-ақ

Құтты Еліме қастық қылған бір аңның.

Бұл далаға бұрса біреу атбасын,

Босағамнан басын иіп аттасын.

Қара ниет, теріс пиғыл дұшпаным

Қайтсын қақпай

«Мәңгілік Ел» қақпасын

2-жүргізуші:- Сан ғасырлық тарихыммен сырластым,

Сырлас болып, талай асу, қырды астым.

Менің атым - «Мәңгілік Ел»!

Сондықтан,

Жалғыз ғана Мәңгілікпен құрдаспын!

1-жүргізуші:- Біз, №7 орта мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдап-қуаттаймыз!

2-жүргізуші:-" Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол

1-жүргізуші: -"Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы

2-жүргізуші:- Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық

ӘН: "ҚАЗАҚТАЙ ЕЛ ҚАЙДА" Ерлан, Нұрбол

1-жүргізуші:-Баяндама: "Мәңгілік ел" болу-мерейлі мұрат". Оқитын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есеналиева Айгүл Сақыпжанқызы

ӘН: "ЖАСА, ҚАЗАҒЫМ" Бекзат, Бексұлтан

9-сынып оқушысы: Сәрсенғалиев Нұрболат:- Біз қазақ жастары, яғни Тәуелсіз қазақ елінің болашағы, Елбасы Н.Ә.Назарбаетың саясатын қолдау арқылы, қазақ елінің гүлденуіне атсалысуды борышымыз деп санайық!

9-сыпып оқушысы: Молдабаев Сұлтанбек:- Елбасының "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдап қуаттай отырып, қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосайық!

9-сынып оқушысы: Бекболат Нұрым:- Қазақ елі-Мәңгілік ел! Сол мәңгілік елді жасау үшін -әрқашанда бірлікте болайық! Ол үшін білімді, тәрбиелі болып өсейік. Біздің күш-қуатымыз бірлікте!

1-жүргізуші: -Бәріміз бірге

1-жүргізуші:- -Қазақстан жасасын!

2-жүргізуші:- -Еліміз жасай берсін!

1-жүргізуші:- -Елдігіміз мәңгілік болсын!

2-жүргізуші:- -Қазақ елі - «Мәңгілік Ел»!

ӘН: "ҚАЗАҚСТАН, АЛҒА" Шыңғыс

1-жүргізуші: - Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
2-жүргізуші:- Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
1-жүргізуші:- Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
2-жүргізуші:- Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
1-жүргізуші:- Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
1-жүргізуші:-Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!

ГИМН ОРЫНДАЛАДЫ



© 2010-2022