Тақырыбы: Бостандық және жауапкершілік (10 класс)

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: « Бостандық және Жауапкершілік»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың "бостандық" ұғымы туралы білімін кеңейту. Бостандықтың түрлеріне, адам өміріндегі алатын орнына тоқталу.Бостандық пен жауапкершіліктің арасындағы байланысты түсіндіру.Демократиялық қоғамдағы жеке тұлғаның бостандығына мән беру.Бостандыққа байланысты философтардың көзқарасын талдау.Фатализм және волюнтаризм ұғымдарын түсіндіру. Бостандықты заң тұрғысынан түсіндіре отырып, оны дұрыс пайдалана білуді, жауапкершіліктің сезіне білу түсінігін қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар : Бостандық, өмір бостандығы, ой бостандығы, шешім бостандығы, әрекет бостандығы, жеке тұлғаның бостандығы, саяси бостандық, экономикалық бостандық, жауапкершілік,қажеттілік.

  1. Сабақтың түрі : Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі : СТО стратегиялар, Миға шабуыл, Топтастыру..

  1. Көрнекілігі : Интерактивті тақта, слайд.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

Сыныппен танысу.

ІІ. Оқушыларды жаңа саббаққа дайындау.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа білімді қалыптастыру.

Қоғам адамға неғұрлым көбірек бостандық берген сайын, оның сол бостандықты пайдалану үшін жауапкершілігі соғұрлым жоғары болады.

Өзгелердің бостандығын шектеу арқылы ерікті болуға болмайды.

Бостандықтың негізі күнделікті өмірде орын алып жүрген оқиғалардың көпнұсқалығымен шартталатын таңдау болып табылады.

Жауапкершілік сезімі- Жауапкершілік, бір жағынан, тиісті нәрсені пайымдауды, екінші жағынан, оны іске асыру жолдарын еркін түрде таңдауды көздейді.

Жауапкершіліктің түрлері адамның кімнің алдында (өзгелердің, өзінің, құдайдың) және не үшін ( өзі, өзінің ниеттері мен іс-әрекеттері, бостандық пен абыройын сақтауы, жеке тұлғасын жетілдіруі, өзінің дарыны мен шығармашылығын дамыту мен өмірлік мақсатын жүзеге асыруы, жақындарының игілігі, жалпы әлемнің үйлесімділігі үшін) жауап беретінімен айқындалады.

IV. Жаңа білімді бекіту.

  1. «Тұрғыда тұр» жаз !

  2. Жағдайды талқылаңдар.

V. Қорытындылау.

1. Бостандық ұғымы нені білдіреді?

2. Адамның рухани бостандығы неде? Оны қалай анықтауға болады?

VI.Бағалау.


VII. Үйге тапсырыс: §8 «Бостандық және жауапкершілік»



© 2010-2022