Внеклассное мероприятие на тему Магжан Жумабаев

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 - жүргізуші: Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте - бұлт, жерде - жермін гулеген,

Жер еркесі- желдің жөнін кім сұрар?

2 - жүргізуші: Көкте-Күнмін, көпке нұрын шашамын,

Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.

Шеті, түбі жоқ теңізбен қаракөк,

Ерігемін- толқып, шалқып тасамын.


1 - жүргізуші: Әдебиетіміздің үлкен тұлғасы, Абай шыңына нықтаса орналасқан сеңгірі, сыршыл өлең сөздің бәйге бермес шабандозы Мағжан Жұмабаевқа арналған «Сағындырған сұлу жыр » атты поэзия сайысымызға қош келдіңіздер.

Қайырлы күн , құрметті қонақтар! Бүгінгі поэзия сайысымыз - қазақ әдебиетінің идеялық- көркемдік дамуына қомақты үлес қосқан үлкен топтың бірі ұлтын тереңінен сүйген ұлы ақын Мағжан шығармаларына арналмақ. Әдебиет бақшасында ұзақ жылдар бойы еңбектенуге тағдыр оған жазбады. Небәрі 15 жылдық шабыт жолының өзі де жеңіл бола қойған жоқ. Басына ажал оғы таяп тұрсада айбынды ақын алған беттінен бір қайтпай елінің егемендігі мен ұлтының бақытын жырлады.

2 - жүргізуші: Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі - Мағжан Жұмабаев . Өмірі мен өлеңі кезінде аңызға айналған ақынның аты соңғы жарты ғасыр бойы айтылмайтын болды. Мағжан Жұмабаев - XX ғасырдың қайшылықты тіршілігін бойына жинаған, оны ақындық сезіммен талғаған ақын.

1 - жүргізуші: Абайдан кейінгі дәуірдің ең атақты ақыны Мағжан Жұмабаевтың жиырмасыншы ғасырдағы қазақ поэзиясында алатын орны ерекше . Әйтседе, аяулы ақын тоталитарлық жүйе тұсында жазықсыз жазаға ұшырап, жетпіс жылға жуық шығармаларын оқуға тыйым салынып келді.

2 - жүргізуші: Мағжан өз тегінде, өз жүгін де ардақтаумен өткен , өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін баулаған, ал өзі болса, өне бойы қапаста қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында үзіліп түсті. Өзі айтатындай соры арылмаған халықының зарлы перзенті.

Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін мәнерлеп айтуға тапсырма берілген болатын . Соларды тындап көрейік, 1 сынып Кеңес Ұлжан , «Мен кім?», «Анама», «Өткен күн». 2сынып Жамбылова Аружан «Қазақ тілі», «Мен жастарға сенемін», «Анама».3сынып Айтмағанбет Баянды «Анама», «Мен жастарға сенемін», «Ақынға», Сағындық Қуат «Мен жастарға сенемін», «Ақынға».4 сынып Тоғайбай Аруна «Мен жастарға сенемін», «Шолпан». Сейтқалым Марал «Исатайға», «Мен жастарға сенемін». Жұмабай Әлішер «Түркістан». Хасенов Батырхан «Мен жастарға сенемін».

1 - жүргізуші: Мағжан бүкіл иісі қазақтың , қала берді түркі елдерінің жарық жұлдызы. Ұлы Абайдың «Өлді деуге болама», ойландаршы , артына өлмейтұғын сөз қалдырған деген нақыл сөзіндегідей Мағжан өлген жоқ. Ол мәңгі халқымен бірге.

«Сағындырған сұлу жыр » атты поэзия сайысымыздың қорытындысын баяндауға сөз әділқазылар алқасына беріледі.











Әуезов орта мектебі










«Сағындырған сұлу жыр»









Орындаған: Тубекбаева А.К









2014- 2015 оқу жылы


© 2010-2022