Астана тақырыбына нәтиже сабақ

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Астана қаласы». Нәтиже сабақ.4 сынып.

Білімділік: «Астана қаласы» тақырыбы бойынша өз ойларын жеткізуге үйрету;білімдерін пысықтау, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: ауызекі тілде сөйлеуге дағдыландыру; жалғауларды дұрыс қолдануға жаттықтыру;
Тәрбиелік: еңбекке баулу, мәдениеттілікке, оқушыны досын сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру (амандасу, түгендеу)

Психологиялық жағдай: Бүгінгі сабағымызда бір-бірімізге сәттілік тілей отырып сабағымызды бастайық.

Фонетикалық жаттығу: Отан- менің ата-анам,

Отан -досым баурым

Отан -өлкем, Астанам

Отан -туған ауылым.
II. Нәтиже сабақ (тапсырмалардың бәрі слайд арқылы беріледі)

Оқушыларға сабақтың мақсатымен таныстырып, құрылымын айтып шығамын.

Сабағымыз саяхат түрінде өтеді,әрі аялдамаға тоқталып, тапсырма орындаймыз және топқа бөлінеміз.Бағаланған кезде, осылай бағалаймыз (қызыл фишкалар) толық фишка -«5», жарты фишка -«4»,төрттен бір бөлігі -«3».

Саяхат картасы:

1аялдамасы: Вокзал

2.Бәйтерек

3.Пирамида

4.Ақ Орда

5. Парламент ғимараты

1-тапсырма. «Вокзал» аялдамасы Сөздік жұмыс, жұп тақтаға шығады, екінші жұптар сөздерді айтады,орыс немесе қазақ тіліне аударады.
2-тапсырма. «Бәйтерек» аялдамасы жұппен жұмыс, берілген сөздерден мәтін құрастырады.

Астана қаласы.

Астана -Қазақстанның бас қаласы. Қала Есіл өзені жағасында орналасқан. Қаланың көптеген көрікті жерлері бар. Астана Президент сарайы, Парламент ғимараты, Жастар сарайы, Пирамида, Бәйтеректің биіктігі 105 метр, көп қабатты тұрғын үйлер бар.

Астана мемлекеттің саяси, экономикалық, мәдени орталығы. Астанаға қонақтар көп келеді. Астана меймандос қала.

Сұрақтар:

1.Қазақстанның бас қаласы қай қала? 3.Астана қаласында нелер бар?

2.Қала қай жерінде орналасқан? 4.Астана ненің орталығы? Астана қандай қала?

5.Астанаға кім көп келеді?

3-тапсырма. «Пирамида» аялдамасы сөздерге көптік жалғауларды қосып жазады.

4-тапсырма «Ақ Орда» аялдамасы сөйлемдерді дұрыс құрастыру (карточка беріледі)

5-тапсырма. «Парламент ғимараты» аялдамасы сөзжұмбақты шешу.

1.гости

2.Қазақстанның бас қаласы?

3.Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев кім?

4.Здание

5.девочки

6.гостеприемный

7.центр

8.Бейбітшілік және келісім сарайы?

9.культурный

III. Сабақты тест сұрақтарымен пысықтау, қорыту.

Қосымша материал « Астана» тақырыбына тест .

1.Қазақстанның бас қаласы?

А) Алматы ә) Өскемен б) Астана в) Қызылорда

2.Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?

А) Үлбі ә) Есіл б) Ертіс в) Сырдария

3. Қаланың көптеген нелер бар?

А) әдемі орындар ә) көрікті жерлер б) үлкен саябақ в) мектептер

4. «Биік ғимарат» аудармасын тап.

А) высокая гора ә) высокий дом б) высокое здание в) высокий человек

5. «Дворец мира и согласия» аудармасын тап.

А) спорт сарайы ә) бейбітшілік және келісім сарайы б) мәдениет сарайы в) жастар сарайы

6.Астананың символы?

А) көпір ә) өзен б) бәйтерек в) сарай

7.Сен қай облысында тұрасың?

А) Батыс ә) Оңтүстік б) Солтүстік в( Шығыс

8. «Көптік жалғаулар» аудармасын тап.

А) падежные окончания ә) окончания множеств.числа б) притяжательные окончан. В) личные окон

9. «Ғимарат,қарындаш, кітап» сөздеріне дұрыс көптік жалғауын қос.

А) -дар ә) -лар б) -тар в) -лер

10. «Бала, қала, тау» сөздеріне дұрыс көптік жалғауын қос.

А) -тар ә) -тер б) лар в) - дар

11.Астана қандай қала?

А( кішкентай ә) көрікті б) меймандос в)көне

12.Астана ненің орталығы ?

А) әдеби б) мәдени б) спорт в) жастар

13.астанаға қонақтар көп келе ме?

А) иә ә) жоқ

14.Сенің ұлтың күм?

А) қазақ ә) украин б) орыс в) тәжік

15. Қазақстан қандай мемлекет?

А) кішкентай ә)әдемі б) үлкен в) көрікті

16.Тудың авторы кім?

17.Елтаңбаның авторы кім?

18.Қазақстанның рәміздері?

А) кітап,Бәйтерек, гимн ә) гимн, елтаңба, кітап б) ғимарат, Бәйтерек, ту в) ту, елтаңба, гимн

19.Жуан сөзді тап.

А) оқулық ә) ән б) сіңлі в) Бәйтерек

20.Жіңішке сөзді тап.

А) ән ә) оқушы б) орындық в) спорт

IV. Үйге тапсырма: Астана қаласы туралы өздеріне ұнаған өлеңдерді жаттап келу.










Менің сүйікті ісім тақырыбы
Тапсырма орындату:

1.Сүйікті істері туралы әңгімелеу.
Мен домбыра тартамын. Мен ән айтамын.
Менің
сүйікті
ісім
Мен футбол ойнаймын. Мен сурет саламын. Мен би билеймін.

3-тапсырма. Сөйлемді аяқтайық.
Менің сүйікті ісім теледидар к..р.. Менің сүйікті ісім
Мен сурет ....
4-тапсырма. Иә, жоқ сөздерін қатыстырып, сұрақтарға жауап берейік.
- Сен сурет саласың ба?
- Иә, мен сурет саламын.
- Сен домбыра тартасың ба?
- Жоқ, мен домбыра тартпаймын.
- Сен ән айтасың ба?
- ...
- Сен би билейсің бе?
- ...
- Сен футбол ойнайсың ба?
5-тапсырма. Көп нүктенің орнына жіктеу есімдіктерін қойып, дәптерге жазып алайық.
... сурет салады. ... домбыра тартамын. ... шаңғы тебемін. ... би билейсің. ... футбол ойнайды. ... ән айтасыз.
III. Сабақты сұрақтармен пысықтау, қорыту.
IV. Үйге тапсырма: «Мен әнші боламын» байқауында қандай өнер көрсететіні туралы жазып келу.

  • Күні: 19-04-2014, 23:30

  • Категориясы: Қазақ тілі әдебиет



© 2010-2022