Открытый урок по казахскому языку на тему Денсаулық (5 класс)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Орыс сыныптарына қазақ тілінен ашық сабақ 5-сынып

"Денсаулық"

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ көрнекіліктері: Интерактивті тақта,слайдтар, суреттер, тапсырмалар.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңберінде тұрып сәлемдесу.

Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып сәлемдеседі. (1 слайд)
- «Қайырлы күн, достар!, Қайырлы күн қонақтар!, Қайырлы күн Бәріңе!» Мұғалім: - Балалар бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін! - Отырамыз. - Балалар қазір қандай жыл мезгілі? -Қазір қандай ай? - Бүгін аптаның қай күні? -Жақсы.

2. Үй тапсырмасын тексеру (2 слайд)

- Үй тапсырмасын сұраймын, дайындаламыз. Уйге 162 беттегі «көз» өлеңін мәнерлеп оқып келу керек еді. - Ен бірінші тақтаға қараймыз, сызба бойынша жауап береміз. (Адамның сезу мүшелеріне не жатады: көз,мұрын,тіл, құлақ,қол, тері) -Қане, енді көз өлеңін мәнерлеп оқимыз. Екі балаға бөліп оқыту.

3. Жаңа сабақ: (3 слайд) Мұғалім: - Балалар бугін көңіл күйлерің қалай? - Ненің арқасында көңілдіміз, қалай ойлайсыңдар? - Арине, денсаулыгымыздың арқасында. - Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Денсаулық». Біздің бақытымыз да, байлығымыз да - Денсаулық - Ендеше дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазамыз. - Бүгін нешесі? (бір баладан сурау) - Дәптерлеріңе бүгінгі сабағымыздың тақырыбын жазамыз. - Балалар денсаулық деген не? - Қалай ойлайсыңдар? (тазалық, спорт, таертеңгі жаттығу, тамақтану)

4. Жаңа сөздермен таныстыру, сөздік дәптерге жазғызу, қайталату, мәтінді оқып аудару. (4 слайд)

нығайту - укрепить тазалық сақтау - соблюдать чистоту қадағалау - следить бұлшық ет - мышцы сергектік - бодрость

5. Мәтін (5 слайд) 168 бетті ашамыз

Адам денсаулығы
Әрбір адам денсаулығын күтуі және нығайтуы тиіс. Ол үшін тазалық сақтап,өзінің денесін қадағалауы керек. Адамның терісі кірлейді, сондықтан күнделікті жуынып, киімдерін ауыстыруы қажет. Әсіресе денсаулық үшін әр түрлі дене жаттығулары өте пайдалы.

6. Денсаулық сөзіне фонетикалық талдау жасау.(екі оқушыға орындату, отырған балалар дәптеріне жазады)

7. Сергіту сәті (7 слайд)

Суда да біз жүземіз, Тауға да біз шығамыз. Шынығамыз жүгіріп, Шынығамыз секіріп, Шынығамыз адымдап, Бір мезгілде дем аламыз, дамылдап.


8. Көрніс. (6 слайд)
Қоян. (Илья)
Ой, тісім қақсап барады
Мұғалім.
Балалар, қараңыз мына бір сұмдықты
Қоянға не болған?
Қоян жылама, жылама.
Қасқыр. (Андрей)
Не болды жасырма, айтшы өзің
Неліктен ісінген бас - көзің
Қоян.
Енді не істеймін
Тісімнің ауырады
Қасқыр.
Онда дәрігер шақырайық
Дәрігер дәрімен емдейді
Дәрігер. (Стас)
Кәне аузыңды аш көрейін
Кәмпит жесең көбірек
Тісің жүрер мазалап
Не жесең де күніне
Екі рет жу тазалап
Мұғалім: Қоянға ұқсап тістерің ауырмас үшін
Тістеріңді күнде жуып күтіп жүріңдер.

9. «Кубок лақтыру» ойыны. (8 слайд)

Кубок лақтыру арқылы сөздерді буынға бөліп, буын түрлеріне ажырату. 1.Адам; 2.Тазалық; 3.Денсаулық; 4.Су; 5.Сабын; 6.Тырнақ.

Сөйлем құрау осы сөздерге.

10.Сурет бойынша жұмыс: (9 слайд)
Адам денсаулығына зиян
( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық, ұйқы,чипсы, кока-кола)

11. Сабақты бекіту:

-Бүгін сабақта естерінде қалған мәліметті алмаға жазып, денсаулық ағашына жапсырамыз.(тақтада ағаш суреті салынады, соған шығып жапсыру керек)

12. Үйге тапсырма:

-Жаңа сөздерді жаттау.

-Денсаулық туралы екі мақал жаттап келу.

Бағалау:


© 2010-2022