Ғұмар Қараш-журналист, ақын Баяндама

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ғұмар Қараш- журналист, ақын.

Ғұмар Қараш кім еді? Ол- көрнекті ақын,ойшыл - философ,халқын өнер мен ғылымға,берекелі ел болуға үндеген қайраткер - ағартушы, дін - шариғат,имандылық жолын,араб,парсы,түрік,татар,башқұрт тілдерін жетік білген ғұлама - ақын,өз дәуіріндегі мерзімді баспасөзге қазақ елінің көкейкесті мәселелері хақында үзбей ой толғаған қаламгер, «Қазақстан», «Дұрыстық жолы» сияқты газеттер мен «Мұғалім « журналын шығару үшін қызу атсалысқан баспасөз жанашыры.

Ғұмар Қараш 20 ғасырдың бас кезінде қазақ даласына кең тараған «Айқап», «Мұғалім», «Шора» журналдары мен «Қазақстан», «Ұран», «Дұрыстық жолы», «Қазақ дұрыстығы» сияқты газеттерде сол дәуірдің көкейкесті мәселелері хақында өлеңдер мен мақалалар жариялап,мерзімді баспасөз бетінде жиі көрінеді.

Ғ.Қараш 1875жылы Бөкей Ордада Қырыққұдық деген жерде туған. Бұл өңір қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданына қарайды. Ғұмардың руы - Кіші жүз құрамына кіретін ноғай - қазақ.,оның ішінде қояс,одан Оразақай. Әйгілі Шәлгез жырау Тіленшіұлы Ғұмардың түп атасы делінеді. Ғұмар әкеден жастай жетім қалсада,ауқатты ағайындары арқасында қатарынан қалмай білім алып,әуелі ауыл молдасынан хат танып,сауат ашады.. Кейін Ғұмар Жазықұлы,Ысмағұл Қашғари сияқты молдалардан,Жалпақтал елді мекеніндегі Ғұбайдолла Ғалікеев хазіреттен дәріс алып,сол кісі ұстаған медресені бітіреді. Бұдан соң, 1902 - 1910жылдары өзі туып өскен ауылында, Тіленшісай, Борсы мекендерінде жәдитше бала оқытады. Ғұмардың Борсы мекенінде Шәңгерей ауылының балаларына сабақ беруі өмір жолының жаңа бағыт алған елеулі кезеңі еді.Шәңгерей Ғұмарға орыс тілін үйретеді,орыс,еуропа өлеңдерінің көрнекті шығармаларымен таныстырады,басты - басты роман, повестерді әңгімелеп береді. Ғұмар сол естігендерін ауыл адамдарына айтып таратады. Табиғатында зерек,білімге құштар Ғұмар өздігінен әр саладағы кітаптарды оқитын дәрежеге жетеді. Ғұмар Қараш ауыл молдасынан дәріс алған кезінен бастап халқының қамын ойлаған қайраткер ақын дәрежесіне дейінгі күрделі өмір жолын өтті. Халық тағдыры,дәуір сипаты, өмірдің өзекті мәселелері шығармаларының негізгі тақырыбына айналды.

«Халыққа қызмет етуді өмірінің мақсат - мұраты санаған азамат ақын 1818жылы діни мансабын біржолата тастап,елге нақты қызмет ету,әлеуметтік өмірге белсене араласу жолына ойысады. Сөйтіп,туған елі Жәнібекке келеді.Ордадағы педтехникумда сабақ береді.1918жылы 24 - қыркүйекте болған Бөкей губерниясы мұғалімдерінің I сьезіне және 1918 - 1920 жылдарда өткен сол губерния кеңестерінің I, II, III сьездеріне делегат болып қатысады. Сьездерде жарыссөзге шығып,өз пікірін ашық айтады. Ордада ұйымдастырылған айына екі рет шығатын «Мұғалім» атты тәлім - тәрбие,ғылыми - пән журналының шығарушылар алқасын басқару жүктеледі. Бұл - тұңғыш қазақ кеңес педагогикалық журналы еді. Ғ.Қараш осы журналда «Педагогика» атты еңбегін жариялайды.

Ғұмар Қараш ауыл молдасынан дәріс алған кезінен бастап халқының қамын ойлаған қайраткер ақын дәрежесіне дейінгі күрделі өмір жолын өтті. Халық тағдыры,дәуір сипаты, өмірдің өзекті мәселелері шығармаларының негізгі тақырыбына айналды.

1911жылы ақынның үш өлеңі кітабы жарық көрген. Екеуі Үпіде басылған - «Бала тұлпар» мен «Тумыш», үшінші - Қазанда жарық көрген «Қарлығаш».

Ақын жинаққа енген өлеңдерінің қай - қайсысында да ұрпақ тәрбиесін,әйел - ана рөлін,ғылым -білімнен кенже қалған надақты тебіренте толғап,халыққа қызмет етуді насихаттаған.

Ғұмардың шымырқана аяусыз шенейтіні - надандықпен дарақылық,тарқақтық пен тоғышарлық,жағымпаздық пен парақорлық,мақтангөйлік пен шариғат жолын бұрмалаушылық.Ол бағзы жырауларша термелеп,толғана отырып,хан мен халыққа,патша әкімдері мен парақор ел билеушілерге сыншылдық байыптаулар жасап,сол заманға орнықты бата береді.Халықты оянуға,өнер - білімге,іргелі ел болуға,өмірді жаңарту үшін қам - қарекет жасауға үндейді.

Шынында да, Ғұмар Қараш өмірінің соңғы жылдары большевиктер партиясына кіріп,қызыл үкіметтің орнауына ерекше үлес қосқан.1920 жылы 21 маусымда II Бөкей губерниялық партия конференциясында губкомның пленум мүшесі болып сайлануы,сол жолғы I пленумда губкомның үгіт - насихат бөлімінің меңгерушісі болып бекітілуі - азамат ақынға халықтың үлкен сенім артқандығын көрсетеді.

Ғ.Қараш - әртүрлі баспасөз беттерінде көп жазған қаламгер. Қазан төңкерісіне дейін - ақ бірнеше кітап шығарып,халық арасында өте танымал болған. Ғұмар өз заманында қазақ үшін Абайдан кейінгі рухани тұлға, ойшыл қаламгер ретінде мойындалған болатын.

Ақынның мезгілсіз қазасы хақында «Қазақ тілі» газеті:» Ғұмардың атын Россиядағы қазақ елі түгел біледі деп айтсақта өтірікші болмаймыз. Қазақ еліне білімді, пікірлі қызметкерлердің өте керек болып тұрған заманында Ғұмар сияқты зор ғалымның қашқындар қолынан қылышпен кескіленіп өлтірілуі жанды күйдіреді,жүрегімізге от жағады. Бұл жерде де Ғұмар Қараш - зор ғалым ретінде сипатталған.

Ғұмардың пәлсапалық ой - толғамдары 1920 жылы Орынбордан жарық көрген «Ойға келген пікірлерім»,1911жылы Уфадан басылған «Өрнек»,1913жылы Қазаннан шыққан «Бәдел - хажы» атты кітаптарынан анық көрінеді.

Ғұмардың әдебиет,тіл,кәсіп туралы мақалаларының қай - қайсысыда оның терең ойлы көсемдігін,тілі шебер шешендігін көрсетіп тұрады. Тарихтың алмағайып кезеңдерінде Ғұмардың болашақты болжай алар көрегендігі де көрінеді. Мысалы: «Қазақстан» газетінде Ғұмар қазақты дәстүрлі көшпелі мал бағу кәсібінен отырықшылыққа ауысуға шақырады. Өнері алға озған өзге халықтармен бәсекеге түсуге,олардың тіршілік таласында ұтылып қалмауға үндейді. Ғұмар 1917 жылғы ақпан төңкерісіне және «Алаш» партиясына үмітпен қарайды. Оның 1918жылы «Тұрымтай» жинағында жарияланған «Көреміз бе?», «Келер ме екен?»,1918 жылы 22қаңтарда «Сарыарқада» жарық көрген «Алаштың азаматтарына» деген арман мен үмітке толы өлеңдері осы кезеңде жазылды.

«Дүниедегі жан - жануарлардың тіршілігіне ілтипат салып қарасақ,талас - тартыссыз тұрған заман көрінбейді: даладағы аңдар,ауадағы құстар,судағы балықтар бірін - бірі жеуде,бірін -бірі талауда,адам баласының тіршілігіне қарасақ, талас-тартыстан бұларда құр емес» - деп бастайды Ғұмар өзінің «Тіршілік даласы» мақаласын.

«Бұл жан - жануар арасында тоқтаусыз дуам етіп келе жатқан таласты ғылым иесі адамдар «тіршілік даласы»деп атайды. Тіршілік таласы деген сондай бір талас - жеңілгенге рахым ету жоқ,жеңілгеннің күні қараң. Адам баласының арасындағы тіршілік таласы мен хайуандар арасындағы таластың қаттылық,рахымсыздық жағынан айырмасы жоқ. Айырмасы сол. Хайуандар тіс - тырнақ жұмсағанда,адам балалары бір - біріне көбірек ақыл қаруын жұмсайды. Ғылым-өнер иесі адамдар яки халықтар тіршілік таласында үстем болып,надан,өнерсіз қалғандар әртүрлі реттен кемшілікте ғұмыр кешумен жарлылық басып,суқұйылмаған теректей болып құрып,ақырында дүние жүзінде өзі түгілі атағыда қалмайды» - дейді Ғұмар.

«Кең сахарада жайын өскен біздің қазақ баласының басына да тіршілік таласының заманы келіп жетті.Қазақ ішінен от арбалар салынып, жолдар ашылған соң күн батыста тар жерде отырған елдер бөгеп тұрған кедергісі алынған судай болып, қазақ сахарасына жайыла бастады. Бостаншылықта өскен қазақ елі тіршілік таласының қайнаған жерінен шыққан адамдармен қатар тіршілік етудің оңай емес екендігі көзге тез -ақ көрінді:жүздеп жылқы айдаған,мыңдап қой айдаған мырзалардың күні күнкөріске қалды,олардан соңғылар малдан айырылып,жалшылыққа жер - жерге тоза бастады.

Қазақ халқының бұндай күйге түскені - жоғарыдағы айтылған тіршілік таласына әзірленбей,жайын наданшылықта жатқандықтан.Егер ұйқымыздан бас көтермей, бұрынғыша жата берсек - шексіз тез заманда дүние жүзінен көшпекпіз. «Өнерлі өрге жүзер»деп қарттарымызда осындайды айтқан. Көзіміздің нұры ғазиз балаларымыз келешекте рахатшылықта өмір сүрсін,артымызда дұғашы болсын десек,тіршілік таласында шет милет балаларынан кем болмастай етіп,оларға ғылым-өнер үйретуі тиіс.

Әлбетте, Ғ.Қараш сыны - ұлтқа шын жаны ашыған адамның сыны. Оның елге, замандастарына айтқан ақылын да осы өреде түсінеміз. Заманаға шынайы көзбен қарайтын ақын: «Дүниеде не арзан?» деп сұраушыға «Біздің қазақ жігіттерінің ғұмыры» деп жауап берілсе, бек дұрыс жауап болмақ» дейді. Бұл пәлсапалық сұрақ пен жауап бүгін де көкейкесті естіледі. Қайраткер 1916 жылы бөкейліктер атынан Петерборға барып, Астрахан қазағы басып алған жерді және тиесілі жерді қазаққа орнымен бөліп бер деген өтініш хатты бас министрге тапсырады. 1917 жылы Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезіне қатысады. 1917-1919 жылдардағы Алаш козғалысына белсене араласады. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Өмірлік мәселелер мен діни ахуалды күн тәртібіне қойған Алаш орда үкіметі - Ұлт кеңесі анықталатын екінші сьезде қази болып сайланды. 1918 жылы Ордадағы педагогика техникумында сабақ береді. Қайраткер жаңа қоғам жұмысына белсене араласып, халық қамқоршысы ретінде танылды. Сөйткен тұлға 1921 жылы 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қашқын әскерилер қолынан қапияда мерт болады.[1]



© 2010-2022