Внеклассное урок на тему День незевисимости

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Внеклассное урок на тему День незевисимостиВнеклассное урок на тему День незевисимостиВнеклассное урок на тему День незевисимостиВнеклассное урок на тему День незевисимостиВнеклассное урок на тему День незевисимостиВнеклассное урок на тему День незевисимостиКүні: 15.12.2015жыл.

Өткізгендер: Алгалиева Г.С., Сауекенова А.Ғ., Байбулатова Л.У.

Сабақтың тақырыбы: «Лаула, Тәуелсіздік алауы» Сыныптан тыс сабақ

Сабақтың мақсаты: Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу; Ынтымақ, бірлігі жараса шалқыған елдің, көптеген ұлт өкілдеріне алтын бесік болған мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу;

  • Тәуелсіздікті аңсаған ата - баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға, бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйретіп, ұлтжандылық, отаншылдық сезімдерін оятып, ұлтының салт - дәстүрін, діні мен тілін сүйе білуге, рәміздерді құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың портреті, еліміздің рәміздерінің суреттері, презентация,шарлар, гүлдер, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы:

Екі елге бөлу

- «Елтаңба елі»

- «Әнұран елі»

1жүргізуші:

Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.

Ал самға әлем кезіп, Әнұраным, (әнұран орындалады.)

2жүргізуші: «Біреу озса сайыста, біреу артта қалады
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.» - дей келе сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін
І.Тақырыпты ашу
ІІ. «Шаңырақ» (өлең-тақпақ сайысы)
ІІІ. Тіл - өнер. (үш тілділік)
ІV. Тарих сызығы(даталар сөйледі).

V Мақал -сөздің мәйегі (мақалдың жалғасын тап).

VІ Сурет

VІІ. Ойлан, тап (сөз құрастыру)

VІІІ. Рефлексия (ертегі)
1жүргізуші: ал енді бүгінгі ашық сыныптан тыс сағатымыздың тақырыбын анықтайық:

Үн таспа «Лаула, Тәуелсіздік алауы»

Өсер елдің қай сәттеріде бірлік болмақ қалауы.

Лаула,лаула,Желтоқсанның мұзға жанған алауы.

Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда тиісті емес еңкеюге Жалауы !

(Сұрақ-жауап әдісі)

Балалар бұл үнтаспада не айтылған?

  • «тәуелсіздік» сөзінде қандай ұғым бар?

  • Ағалар мен әпкелер не үшін азат болды?

  • Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы барлық оқушылар хормен «Лаула, Тәуелсіздік алауы»

2 жүргізуші:

Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,

Елің алды егеменді теңдігін - деп бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған ашық сыныптан сағатымыздың бірінші бөліміне көшейік.

Ойын: «Шаңырақ»

Мақсаты: Шаңырақ құрып, уық арқылы оқушылар Отан туралы өз тақпақтарын айтады.

Асқар:

Желтоқсанда бір сыр бар

Жел соқсын,мейлі жаусын қар.

Ұмытылмас ешкашан

Қайрат,Ләззат,қыршындар.

Нұрканат:

Желтоқсаным-тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

Мерей :

Арайлы таң астанам

Тек өзінмен мақтанам

Бәйтерек пен Ақорда

Жаста болса бас калам.

-Жаса,жаңа Астанам,

Өркен жая бастаған

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған.

Мадина:

Отан-атам

Отан-әкем

Осы сөзім қате ме екен

Қате болса неге біздер

Дейміз-оны Атамекен.

Дима:

Отан - анам

Отан -әкем

«Туған ел» деп

«Туған жер» деп

Ол бекерге аталмаған.

Атам,

Әжем,

Әкем,

Анам

Төртеуі де Отан маған

Төртеуі де «ботам» -дейді

«Ер азамат атан»дейді

Мақтанамын Отаныммен

Отаныма ботамын мен

Владимир:

Заман жаңа, ел жаңа,

Күлімдейді кең дала.

Өз астанам -өз ордам,

Сүйенерім сен ғана.

Дильназ:

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Еткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Еваангелина

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей даласы бар.

Неткен сұлу неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Зарина:

Еңбегі ер шалқып, тасқан,

Ел еркіндеп бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Нұрсұлтан:

Жаса, жаңа астанам,

Өркен жая бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған!

Мимика жестпен көрсету:

  1. Отанымыздың шаңырағы биік болсын;

  2. Қазақстан көгінде бейбітшілік жалауы желбіресін;

  3. Отанымыз көркейе берсің.

  4. Отанымыздың тұғыры берік болсын.

Қазақстан халық бірлігі мен достығының ассамблеясының құрылғандығына 20 жыл.

1 жүргізуші мен 2 жүргізуші хормен «Шаңырақты ата-бабаң көтерген, уық болып шаншылайық балдырған».

1жүргізуші:

Білімдіден шығады алғыр шешен,

Шешендікпен болған ғой барлық көсем.

Сайра шәкірт, суырып шарықташы,

Қалмасын бұл сайыста сенің -келесі сайысымыз- «Тіл-өнер» деп аталады.
Бұл кезеңде берілген тапсырмадағы көп нүктенің орнындағы сөзді тауып, оны екі тілге аударамыз. Орысша, ағылшынша. Жауабын дұрыс тапса, орыс тіліндегі аудармасы дұрыс болса 20 ұпай, ағылшын тіліндегі аудармасы дұрыс болса, 30 ұпай беріледі.
1. Жұт неше ағайынды / Жеті- семь- seven/
2. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді /қалам-ручка-pen/
3. Екі қолға неше күрек /бір-один -one/
4. Кімнің баласы болма,
Адамның баласы бол /атаның - дедушка - grandfather/
5. Өнер алды қандай тіл? /ќызыл - красный- red/
6. Мысыққа ойын керек,
неге өлім керек /тышқан - мышь - mоuse/
7. Тілі бар, үні жоќ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен /кітап - книга - book/
8. Жылт - жылт етеді
Жылғадан өтеді /су - вода - water/
9 .Батыр туса - ел ырысы,
не жауса жер ырысы. /жаңбыр - дождь - rain/
10 не оттан да ыстыќ. (Отан-родина-.country)....
11.Отансыз кім -.ормансыз бұлбұл. (Адам-.человек-.people.)..
12.Туған жердің несі де ыстық, , түні де ыстыќ. (Күн-солнце-..sun).......

1 жүргізуші: би өнері жадында даусың қалсын,

Дала өзінді жарылқап, тау шындысын.

Ендеше осы бір кезде бір биге кезек берейік. (вальс)

2 жүргізуші:Әрқашанда алды бол,

Артыңдағыны ұмытпа!

Болашағыңды бүгіннен ойла,

Тарихыңды ұмытпа!

-деп келесі бөлім «Тарих сызығы» (даталар сөйлейді) , яғни әр топ мүшелері даталардың сырын ашу керек:

«Астана» қаласының тарихы

«Алматы » қаласының тарихы

1 Жүргізуші: Тауды биік деме сен,

Талаптансаң шығарсың.

Қарсылас мықты деме сен,

Білімді болсаң ұтарсың!

- деп келесі «Мақал сөздің мәйегі»(Отан туралы мақал-мәтелдің жалғасын табу).балалар орындайды.

2 жүргізуші:Баста бізді бақытқа, көзіндегі

Елге деген мейірім таусылмасын! (ән)

1)Туған жердей жер болмас...

(Туған елдей ел болмас).

2)Тіл тас жарады,

(Тас жармаса, бас жарады).

3)Ел елдің бәрі - жақсы,

(Өз елің бәрінен - жақсы).

4)Туған жердің қадірін

(Шетте жүрсең білерсің).

5)Жері байдың -

(Елі бай)

6)Ұстамен жақын болсаң,

(Ісің бітер).

7)Жеті рет пішіп,

(Бір рет кес)

8.Туған жер -

(Алтын бесік)

Тексеру ұпай сандарын қою.

1 жүргізуші:Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал, барыңды.
«Болашақтың ұрпағымыз сенімді,
Көрсетпексің мектепте алған білімді. (***********сурет)мен сендерге өлеңді мәнерлеп оқимыз сендер соны суреттеп саласыңдар.

2 жүргізуші Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша бау.

Болсын жер мен су да ортақ,

Болсын кен де, көл де ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

2 жүргізуші:.

Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар

Ойлан, тап! ҚАЗАҚСТАН сөзіне сөздер құрастыру

Көрермендерге сұрақ

  1. 1991 жыл 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент сайланды

  2. 1991 жыл 16 желтоқсан - Тәуелсіздік туралы Заң қабылданды

  3. 1992 жыл 2 наурыз - БҰҰ-на мүше болды.

  4. 1992 жыл 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер қабылданды

  5. 1993 жыл 28 қаңтар - Тұңғыш Конституция қабылданды

  6. 1993 жыл 15 қараша - Ұлттық валюта -теңге айналымға енді

  7. 1995 жыл 30 тамыз - Жаңа Конституция қабылданды

  8. 1999 жылы - Білім заңы қабылданды.

  9. Соңғы Президент сайлауы қай жылы өтті?

2011 жылдың 3 сәуірде.Сайлаушылардың 95, 5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев қайта сайланды.

  1. Мемлекеттік Әнұран қашан қабылданды? 2006 жылы 6-қаңтарда «Менің Қазақстаным» әні

1 жүргізуші: Елің үшін қуанғын және қайғыр,

Даңққа бөлен өзің де данадай бір.

Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,

Аяздарға тоңдырмай аялай біл.

-деп «Шалқан» туралы ертегіден сахналық қойылым (ортада алты оқушы әр оқушы ертегі кейіпкерлері)

2 жүргізуші:Атай шалқан егіпті шалқан өсіп шығыпты, ата шалқанды олай тартып бұлай тартып жұлып ала алмаған соң әжейді шақырыпты. Екеуі олай тартып бұлай тартып шалқанды шығара алмаған соң немересін шақырады шалқанды олай тартып бұлай тартып шығарып ала алмаған соң мысығын шақырады шалқанды олай тартып бұлай тартып жұлып ала алмайды мысық тышқанды шақырады тышқан келіп шалқанды жұлуға көмектеседі, бәрі жабылып шалқанды жұлып алыпты.

Шалқан - ата - әже - немере - мысық - тышқан

Мемлекет- президент - үкімет - парламент - әкім - азамат,

1 жүргізуші: Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,

Мемлекет мерейінің сенген күші.

«Жасасын, еркін Қазақ!»-деп шаттанар,

Шалқалап сол биіктен көрген кісі.

2 жүргізуші:Осымен бүгінгі «Лаула, Тәуелсіздік алауы» атты ашық сыныптан тыс сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер, әрқашан еңсеміз биік, жүрісіміз нық, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты да білімді болсын! Сау болыңыздар! Марапаттау.





© 2010-2022