Шығыстың қос шынары Әлия, Мәншүк 8 сынып

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ескелді ауданы әкімдігінің

Ш.Уәлиханов атындағы орта

мектебі» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі

Сулейменова Айгүл Мақсұтханқызы

Тақырыбы: Шығыстың қос шынары

Мақсаты: Аттары аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырып, есімдері тарих

беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі алауын жаққан

қазақтың қос шынары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету.

Оқушыларды қазақтың қос аруы, шынары жұлдызы болған Әлия мен Мәншүк есімдерін қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мәншүк, Әлия портреттері, слайд және мултимедиа материалдары

Барысы:

1. Соғыс сойқан (Ұлы Отан соғысына арналған слайд)

2. Мәншүк Мәметова (Слайд)

3. Жотадан жау қайтарған жалғыз (көрініс)

4. Әлия Молдағұлова (слайд)

5. Әлия, Мәншүк - әнмен, жырмен өрілген шежіре (Әлия мен Мәншүкке арналған өлеңдер)

6. Әлия мен Мәншүк есімі мәңгі жадымызда (көрініс)

7. Би «Әскери би»

8.Ән «Жеңіс күні» .

1-жүргізуші: Кәрі жасты шулатып, аналарды боздатып, балаларды еңіреткен Ұлы Отан соғысы қалай басталып еді?( «Священная война» әні ойнап тұрады)

(Сахнада оқушылар әскери киіммен жүреді. Мултимедиадан окоп, соғыс бейнесі соғысқа балаларын шығарып салып жатырған аналар көрсетіледі, магнитофоннан мылтық дауысы естіледі. )

1-жүргізуші: 1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия опасыздықпен жарияламастан Кеңес Одағына тұтқиылдан соғыс ашты.

1-жүргізуші: Жеңіс...Ия, оны сан миллиондаған адамдар минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе?Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды.Тілектері орындалды. Бірақ, сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып,ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана, жарын жоғалтып жесір, бала әкесінен,анасынан айырылып жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді.

2- жүргізуші: Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы - қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады.

1-жүргізуші: Өздеріңізге белгілі, 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді.Халқымыз адам айтқысыз қиын- қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен Совет Одағының шекарасын бұзып, басып кірді.
Бұлт түнеріп аспаннан,
Тұтқиылдан жау тиіп,
Талай көзден жас тамған.

Қырғын соғыс басталды.
2-жүргізуші: Небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары да болды. Соның ішінде Кеңес Одағының Батыр қыздары Шығыстың қос шынары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова туған жерді қасиет тұтып, Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті.Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Отан қорғау соғысына бүкіл ел, жас та еңкейген кәрі де, өрімдей қазақтың қыздары да қатысты. Солардың бірі - Мәншүк Мәметова

1-жүргізуші:

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын .
Қолында пулеметі Максим оның ,
Бойында күш жігері тасқын оның .
Ерлермен тізе қосып шабуылда ,
Оғымен қырғын майдан ашты жолын.

Слайд: Мәншүк Мәметова

1-жүргізуші: Жотадан жау қайтарған жалғыз (көрініс) Музыка (Пулемет дауысы)

Сахнада күңіренген музыка ойнап тұрады, мылтық зеңбірек дауыстары.

Сахна қара көлеңке болып тұрады. Ортаға Мәншүк ролінде оқушы шығады

- Отаным үшін! Жерім үшін! Бауырларым үшін!

1-жүргізуші: -Жотадағы жалғыз жаудың бетін тойтарды. Бір мезет пулемет үні шықпай қалды. Бірақ бұрынғыдай дәл тигізе алмай,бет алды атып жатты. Нәзік саусақтары пулеметтің шүріппесін жіберместен намыстан жаралған найзағайдан қыршын ғұмыр үзіліп кетті. Осы кезде пулеметін құшақтаған күйі Мәншүк аяғы бүгіліп құлап бара жатады.

( Сахнаға жас жауынгер шығып Мәншүкті құлатпай көтеріп қолына алады. Күңіренген музыка ойнап тұрады. Мәншүкті жоқтаған Ана) Инерактивті тақтадан Мәншүктің суреті көрініп тұрады.Мәншүкті жоқтау. (Мәншүк суреті слайд) Музыка «Моцарт»

1. Жан пида етіп халқына-ау

Айнымай ата салтынан

Қыршында кетті-ау Мәншүгім,

Жете алмай туған ауылына

2. Жайықтың суын кім ішер

Ордаға енді кім келер

Жар сүйіп бала көрмеген

Ернінен енді кім сүйер.

3.Ғұмырың көктей жапырақ

Өмірің өтті жарқырап

Қойнында қалды сүйегің

Бұйырып содан топырақ

4.Ашығып талған өзегі

Жаманды жүрек сезеді

Айырылдық біз Мәншүктен

Келмеседе кезегі

5.Қара бір тауда қамал бар

Биік бір тауда самал бар.

Айналайын,халқым -ау

Алланың ісіне не амал

1-жүргізуші: Әлия мен Мәншүк халық үшін егіз есім бір ұғым.Мәншүк пен Әлия байтақ елдің бостандығы жолында шыбын жанын пида етті,ал тарих оларға өз төрінен орын берді. Әлия мен Мәншүк есімі мәңгі жадымызда.Олардың бейнесі, ерлігі келесі жылдарға, ғасырларға бізбен бірге...

1-жүргізуші: Әлия Молдағұлова (слайд) Ән «Әлия» әнінен үзінді естіледі.

1-жүргізуші: Әлия мен Мәншүк есімдері қастерлеуге де, ұлықтауға да лайық.Олардың ерлігі ертеңгі күнге ескірмей, кейінгі толқынды тәрбиелейтіндей болып баруы қажет.

Әлия мен Мәншүк - халық үшін егіз есім,бір ұғым.

Әлия мен Мәншүк әнмен, жырмен өрілген шежіре.

Кезекті оқушыларға берейік.(Интерактивті тақтада Әлия Мәншүк суреттері көрсетіледі.)

Әлия, Мәншүк - әнмен, жырмен өрілген шежіре (Әлия мен Мәншүкке арналған өлеңдер)

1-жүргізуші: Әлия мен Мәншүктің жауынгерлік жолы да қысқа. Өмірлері аққан жұлдыздай жар етті де жоқ болды. Қамшының сабындай қысқа ғұмырларында ел сүйсінерлік,ерлік жасады.Елінің, халқының тарихында аттары алтын әріппен жазылып,мәңгілік есте қалды.

Әлия мен Мәншүк есімі мәңгі жадымызда (көрініс) (Баяу музыка естіліп тұрады)

(Сахнада тұрған оқушы Анаға жақындап,сұрақ қоя сөйлейді)

Айтшы ана сезіппе едің ,сонда сен

Жақындаған қара бұлтты

Қара бұлтты, қара нөсер дауылды

Естіп пе едің сонда сен

Өз еліңе жақындаған

Үрейді алған сарынды

(Сахнаға әсери киімді Әлия мен Мәншүк келеді)

Ана: (көрермендерге жақындап)Музыка «Классика»

Бір сұмдықтың болатынын сезіп ем,

Елге дауыл тиетінін біліп ем,

Тыныш жатқан берекелі еліме

Қанішердің келетінін сезіп ем

Бірақ, бірақ бейбіт шақтың келеріне

Мен тәңірідей сеніп ем

Ел қорғайтын ерлерімнің

Мәншүк пен Әлиядай

Қыздарымның ерлігіне сеніп ем

Мәншүк (анаға қарап сөйлейді)

Мама, мама күнім деген сенсің ғой,

Әрең жетті-ау әлсіреген дауысың.

Жыламашы шыдап бақшы ерсің ғой,

Бар емеспе бір еркектей намысың.

Сағындың ба, менде сені сағындым.

Қандай ана сағынбайды баласын

Қандай бала сағынбайды анасын

Жүрегімде жалғыз өзің ғанасың

Батқан күнмен, батқан түнмен бірге күт

Мен де саған оралғанша ынтықпын

Оралмасам қош бол мама көрерсің

Қалған менен соңғы белгі мылтықты.

Ана (тебірене)

Тап таза мөп-мөлдір көгілдір,

Жан еді - ау жапырақтай көктемгі

Шырқайтын жыр қылып осынау өмірді,

Әнсің бір жарылып кетердей от кеуде

Жан берді жалғызым өрт топан майданда

Соғыс қой ақмарал аруды сындырған

О, бүгінге жауапты адамдар

Сақтаңдар ұрпақты

Апаттан,қырғыннан

(Әлия мен Мәншүк кезектесіп, залға қарап сөйлейді)

Мәншүк: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік

Жерге бақыт,елге бақыт тіледік

Отан ана отқа күйіп жатқанда

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Әлия: Отан -ана жылағанда шерленіп

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт

Қара бұлтты қақ жарайық дедікте

Қолымызға қару алдық ерленіп

Мәншүк: Қыздың жанын біз білмесек кім білер ,

Көктем келсе құлпырмайма мұңлы жер

Үстімізге біз кимедік ақ көйлек

«Жар-жар» жырын естімедік,сіңілілер

Әлия: Күліп қарсы ап бал бақыттың ақ таңын,

Айтпадық біз махаббаттың тәтті әнін

Бізге жылы хат жазатын жігіттер,

Қаныменен қарға жазды хаттарын

Мәншүк: «Отан» деген сөз көкейде жатталып,

Зор айқасқа кеттік біздер аттанып

Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,

Біз сендердей арман гүлін тақпадық.

Әлия,Мәншүк:

Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,

Қатар жүріп қырдан гүлдер тереміз,

Біздер өлдік,өлмесін деп басқалар,

Бізді қайта туды Отан, ел егіз

Жетсек деген арманымыз көп еді.

Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі

Біздің туған күнімізді құттықтап

Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.

(Ән «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» ақырын естіліп тұрады.

Бірақ ерте,тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз

Қолымыздан осы болды келгені

Біздей ерте солмау үшін басқа кыз

/Әлия мен Мәншүк ескерткіш тәрізді тұрып қалады/. Ана : Қош бол қыран қыздарым менің! От болып жанып кеткен, ер болып елге танылып кеткен, қос қарлығашым,өздерің ерте солғанмен,соңдарыңда өшпес ерліктің даңқы қалды. Ел мен жерің өздеріңді ұмытпақ емес.

(Ән «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» ақырын естіліп тұрады.1-3 шумақтары)

1-жүргізуші: Олар өлді тек аспан сау болсын деп,

Олар өлді туған жер бар болсын деп.

Олар өлді ақ арман сөнбесін деп,

Олар өлді өзгелер өлмесін деп.

1-жүргізуші: Олар жұтқан ауаны құлатпадық

Олар жыртқан даланы жылатпадық

Олар өліп кеткенмен өлмейтұғын

Даңқыменен Берлинге бір аттадық.

1-жүргізуші:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса- дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
Ешкім де ұмытылмайды. Еш нәрсе де ұмыт қалмайды

Соғыс құрбандарын 1 минуттық үнсіздікпен еске алайық;( үнтаспадан жай ғана Ұлы Отан соғысы туралы ән естіледі)
1-жүргізуші: Әлия -Мәншүк! Бұл есімдер халқымыздың қадір қасиетін ұлттық мінезін,патриоттық қасиетін биіктететін тұлғалар. Әлия мен Мәншүкті ардақтау иісі қазақты ардақтау.

1,2 -жүргізуші: бірге:

Әлия -Мәншүк ер қыздары елімнің

Әлия -Мәншүк -гүл қыздары жерімнің

Әлия -Мәншүк аттары әнге айналған

Әлия -Мәншүк қос жұлдыз көкте жайнаған.

ӘН. «Шығыстың қос жұлдызы» 1- шумағы тыңдалады.

1-жүргізуші: От шашты Отан аспаны

Төгілді көздің жастары

Окоптан шықты солдаттар

Атылды көкке соңғы оқтар

1-жүргізуші:Теңіз боп адам толқыды

Жалау боп жүзді армандар

Салют боп жанды сол түні

Соғыстан қайтпай қалғандар

2-жүргізуші: Соғыс бітті... Ауыр жылдар артта қалды. 1945 жылдың 30-шы сәуірінде Рейхстаг үстінде Жеңіс жалауы Желбіреді. Жеңіс! 8- мамыр Берлинде фашистік Германияның толық жеңілгені туралы құжатқа қол қойылды. 9 мамыр күні Жеңіс Мәскеуде тойланды.
1-жүргізуші:70-жыл-бейбіт көктем таң атқалы,
70-жыл -шуақты күн таратты әнін
Есімде сонан бері 70 рет,
Ашылды жеңіс күннің парақтары.

1-жүргізуші: Барша халық жеңіс күнін тойлайды ,
Жас сәбилер думандатып ойнайды,
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды. Ән (Ақжол Мейірбеков музыкасы)
2-жүргізуші: Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген ардагер ағаларымыз бен апаларымыз аға ұрпақтың жауынгерлік және еқбектегі ерліктерін әрқашан мақтан тұтамыз.

1-жүргізуші: Жасасын жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халық түрегел!

Ән. «Жеңіс күні»



© 2010-2022