През

Сабақтың мақсаты:а) білімділік: Сан есім туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.ә) Дамытушылық: Сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру.б) Тәрбиелік: Сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен...
Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ПрезПрезПрезПрезПрезПрезПрезПрез















Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Сан есім туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.

ә) Дамытушылық: Сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру.

б) Тәрбиелік: Сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысына негізделген сабақ.

Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, ауызша сөйлеу, тыңдап түсіну, жазу, екеуара сөйлеу, топпен жұмыс сұрақ-жауап жұмысы, қызығушылықты ояту.

Сабақтың көрнекілігі: кластер, үлестірме карточкалар, плакаттар, геометриялық фигуралар, сөз жұмбақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын даярлау, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс. Үй тапсырмасын терме диктанты арқылы тексеріп шығамын.

Сапалық сын есімді бір бөлек, қатыстық сын есімді бір бөлек теріп жазыңдар.

Көнетоз, мейірбан, таулы, өнерпаз, төзімді, жылы, әдемі, сұлу, пайдалы, шөлді, мақтаншақ, сүйкімді, қабілетті, сәулетті, тәтті, биік, әдепті, жемісті, әдеби, үлкен.

Сапалық сын есім

Қатыстық сын есім


ІІІ. Жаңа сабақ.

Алдымен тақтаға ай-күнді, сабақтың тақырыбын жазып қоямын да, сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Оқушылар төрт топқа бөлініп отырады.

Сөзжұмбақ «Сан есімдер»

1.


с




2.




а




3.


н


4.

5.

7.


е







с



6.


і






м





8.

9.



д







е



10.






р


1. Балалар ойыны; 2. Ел Ордасы; 3. Ең сүйікті адам; 4. Ұрпақ;

5. Нәрестенің төсегі; 6. Өзен аты; 7. Қазақ батыры әрі ақыны;

8. Құс аты; 9. Қоянның баласы; 10. Ұлттық саз аспабы

Ой шақыру: Сан есімді тізбектеп жазу.

Топтастыру



Сан есім




Алпыс бестен асқанда, Жетпіске қадам басқанда (Жамбыл), Атадан алтау, анадан төртеу Жалғыздық көрер жерім жоқ (Абай) деген сөйлемдердегі алпыс бестен, жетпіске, алтау, төртеу деген сөздер белгілі бір заттардың мөлшерін, ретін білдіріп, тікелей зат есіммен тіркесіп қолданылады. Осындай заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, қанша, неше, нешеу, нешінші деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейміз.

Мағынаны тану:

а) Кітаппен жұмыс

1, 2 топ: 158-жаттығу. Берілген тірек сөздерді қатыстырып, сан есімі бар сөйлемдерден тұратын мәтін құрастырыңдар

2, 3-топ: 159-жаттығу. Мәтіннің құрамында дара сан есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек екі баған етіп жазыңдар.

ә) «Сандар әлеміне саяхат»

1-топ: Қасиетті сандар мәтінді оқып, мазмұнын жарнамалап, айтып беру. Ішіндегі сан есімдерді атап шығу. Біреуін септеу.

2-топ: Мәтінді оқып, мазмұнын жарнамалап, айтып беру. Ішіндегі сан есімдерді атап шығу. Біреуін тәуелдеу.

3-топ: Мәтінді оқып, мазмұнын жарнамалап, айтып беру. Ішіндегі сан есімдерді атап шығу. Бір сөйлемге морфологиялық таладау

4-топ: Мәтінді оқып, мазмұнын жарнамалап, айтып беру. Ішіндегі сан есімдерді атап шығу. Дара және күрделі сан есімдерге

Сергіту сәтіндегі математикалық жұмбақтар.

1.Мұз айдында жеті бала,

Асыр сап жүр сырғанап,

Сырғанамай екі бала,

Жағалауда тұр қарап

Енді осы баланың

Санын айтсаң жарадың

9. екі аяқ пен екі қол,

Бір ауыз бен бір тілің,

Нешеу болды, қане, бол,

Санап шығар кім бұрын

16. бірім, бірім, бірім деп,

Үшеуі келеді біртіндеп

Екім, екім, екім деп,

Үш тұрып келеді екеулеп.

Қанша болды өзінде,

Үлпілдеген балапан.

12. мына алты ақ алма,

Нұрбибі мен Жанарға.

Үш сарысы - Анарға,

Қызыл алма - Манарға.

Қанша сонда бар алма.

13. Су құйып ем астауға ,

Үш қаз ұшты аспанға .

Үш қасқалдақ, бір қазан,

Екі үйрек, бір сазан,

Бір куөксерке, бір қарға,

Айт, неше құс ұшып жүр,

Неге екнін түсіндір

10. Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті біреуі,

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы бесеуі,

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі?

Ой толғау.

1-топ: жүгіртпелі мәтін (ертегі құрастыру)

2-топ: мақал-мәтелдермен жұмыс

3-топ: Венн диаграммасы

4-топ: ой толғау. «Маған сәттілік сыйлайтын сан»

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Бағалау. Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау, бағалау. Бағаларын журналға қою.

Үйге тапсырма 156-жаттығу. Ережені жаттау.





Көнетоз, мейірбан, таулы, өнерпаз, төзімді, жылы, әдемі, сұлу, пайдалы, шөлді, мақтаншақ, сүйкімді, қабілетті, сәулетті, тәтті, биік, әдепті, жемісті, әдеби, үлкен.

ҮІ. Мақал - мәтелдерді толықтыру.

  1. ... жасар бала келсе,

... шал алдынан шығар.

  1. ... ... білмеген жетесіз.

  2. ... рет өлшеп, ... рет кес.

  3. Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені.

5. ... ... тістен шыққан сөз ... рулы елге тарайды.

6. Ел құлағы ...

7. ... бірі қыдыр.

1 ... бірі қыдыр.

2 .Қызға ... үйден тыю.


ҮІ. Мақал - мәтелдерді толықтыру.

  1. ... жасар бала келсе,

... шал алдынан шығар.

  1. ... ... білмеген жетесіз.

  2. ... рет өлшеп, ... рет кес.

  3. Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені.

5. ... ... тістен шыққан сөз ... рулы елге тарайды.

6. Ел құлағы ...

7. ... бірі қыдыр.

1 ... бірі қыдыр.

2 .Қызға ... үйден тыю.


ҮІ. Мақал - мәтелдерді толықтыру.

  1. ... жасар бала келсе,

... шал алдынан шығар.

  1. ... ... білмеген жетесіз.

  2. ... рет өлшеп, ... рет кес.

  3. Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені.

5. ... ... тістен шыққан сөз ... рулы елге тарайды.

6. Ел құлағы ...

7. ... бірі қыдыр.

1 ... бірі қыдыр.

2 .Қызға ... үйден тыю.









Сапалық сын есім

Қатыстық сын есім




Сапалық сын есім

Қатыстық сын есім




Сапалық сын есім

Қатыстық сын есім




Сапалық сын есім

Қатыстық сын есім




Сапалық сын есім

Қатыстық сын есім





© 2010-2022