Педагог-гуманист Ш. А. Амонашвили «Қанаттар » деген әңгіме туралы пікір

Ал енді баланың тәрбиесі тұралы айтсақ, ұстаздың алдында қолын созған , өмірге ерекше талпынған жас ұрпақ тұр. Бала тәрбиесі  ана сүтінен басталып,өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. «Адамның адамшылығы ақыл , ғылым , жақсы ата-ана, жақсы ұстаздан болады»,- деп Абай атамыз айтқандай.Санасына сызат түспеген періште көңіл сәбиді өмір баспалдағына жетелеп, адамгершілігін ақ желкеніне отырғызатын  рухани дүниесін байытып, біліммен нәрлендіретін абзал жан – ұстаз.«Ұстаз деген – өзінің уақытын бас...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Педагог- гуманист Ш.А.Амонашвили «Қанаттар » деген әңгіме туралы пікір

Қарт адамның сөзін алсақ, егер балаға тәрбие бергің келсе , өзіңмен мынадай даналықты ал: басқа адамға ағаш ексен, жеміс беретін ағашты егіп бер .Егер басқа адамға жылқы сыйлағың келсе ,ең жүйрік тұлпарыңды сыйла.Ал егер саған баланы тәрбиелеуге берсе , сен оны қанатты қылып қайтар.Бұл әңгіме жақсылықты , ізгілікті жасауға үйретеді .Адам жақсы , жомартты болса , өмір оған осыны екі есе ғылып қайтарады . Жай ағашты екпей , адамды жемісімен қуантатын ағаш ексең , жай жылқыны бермей , ең жүйрігін беріп басқа адамды қуантып өзің одан сайын өте жақсы , көңілді , қуанышты сезінесін.

Ал енді баланың тәрбиесі тұралы айтсақ, ұстаздың алдында қолын созған , өмірге ерекше талпынған жас ұрпақ тұр. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып,өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. «Адамның адамшылығы ақыл , ғылым , жақсы ата-ана, жақсы ұстаздан болады»,- деп Абай атамыз айтқандай.Санасына сызат түспеген періште көңіл сәбиді өмір баспалдағына жетелеп, адамгершілігін ақ желкеніне отырғызатын рухани дүниесін байытып, біліммен нәрлендіретін абзал жан - ұстаз.Ақ сүтімен тәніне қуат беріп,бесік жырымен тербеткен ана , асырып - сақтаған әке тәрбиесінен кейінгі жан жылуын бала бойына дарытатын да - ұстаз. «Ұстаз деген - өзінің уақытын басқаның бақытына сыйлайтын адам», - деген сөз бар.Сондықтан ұстазға жүктелер аманат , ұстазға артылар сенім ешқандай заңғар биікпен салыстырұға келмейтін өлшем.

Мұғалім - бұл ең қастерлі де , қасиетті де мамандық иесі «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де қымбат , өйткені , ол - мектептің жүрегі», - деген Ыбырай Алтынсарин. Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында . Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар - еліміздің ертеңі , ұлтымыздың болашағы.Ал сол ұрпақты тәрбиелеу - ұлағатты да ұлы іс .

Бала тумысынан жаман болмайды , жаман тәрбиеші ғана болуы мүмкін.Бала рухын дұрыс қалыптастыру үшін , өз мінезіңнің жақсы , шебер тәрбиелік қасиеті болуы қажет . Мұғалімнің міндеті - баланы ізгілікке жетелеу. Баланы қанатты қылу үшін , ұстаздың өзі қанатты болуы керек .Сондықтан әңгімеде қарт адам ұстаздың өзінің қанатты болғанына қуанды.

19.01.2015 Жакупова Б.Қ.



© 2010-2022