Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Модуль «Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз».

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ.

Сабақтың мақсаты:

1)Білімді: Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз модулі бойынша оқушылардың білім деңгейлерін тиянақтау, бекіту, пысықтау.

2)Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларының байлығын дамыту.

3)Тәрбиелік мәні: Балаларға Жаңа жыл мерекесін білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Нәтиже сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ- жауап, топпен жұмыс, жеке жұмыс.

Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім сөзі.

а)Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.

ә)Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

б)Ауызекі сөйлеу.

-Бүгін қаңтардың нешесі ?

-Аптаның қай күні ?

-Қазір қай сабақ ?

-Қазақ тілі сабағы бүгін нешінші сабақ ?

-Бүгін қазақ тілі сабағы екінші сабақ.

-Жақсы, балалар, сабақ кестесін білесіңдер екен.

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

4-тап. 122 бет.

а) Миға шабуыл:

-Қазақ тілінде неше септік бар?

-Атау септігі қандай сұрақтарға жауап береді оның жалғауы бар ма?

-Ілік, барыс, табыс, жатыс,шығыс, көмектес септіктері қандай сұрақтарға жауап береді?

- Ілік, барыс, табыс, жатыс,шығыс, көмектес септігінің қандай жалғауларын білесіндер?

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Қандай қыс айларын білесіңдер?

-Қыста ауа райы қандай болады?

-Қыста қандай мерекені тойлайды?

-Аяз ата мен Ақшақар не береді?

-Жақсы, сонымен, балалар, бізде бүгін «Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз» модулі бойынша нәтиже сабақ. Осы тақырып бойынша алған білімдеріңді көрсете біліңдер.Ал, енді мынау сандықшадан ашық хатты алып, екі топқа бөлінейік. 1.Сөздермен жұмыс. Айтылым.

Модуль бойынша сөздік қорларымызды тексерейік. Екі топ бір-біріне сөздерді айтып, аударады.

2.Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Айтылым. Екі топқа екі әртүрлі мәтін беріледі.

а)Мәтінді оқу.

ә)Орыс тіліне аудару.

б)Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

в)Мәтінді мазмұндау.

3.Сергіту сәті. (Музыкалық сәт)

4.Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларын қойып жазыңдар. Жазылым.

1.Аяз ата... (кімді?) әр ел түрліше атайды?

2.Америка.... (қайда?), Австралия.... (қайда?) мейірімді қария.. (кімді?) "Санта Клаус" деп атайды.

3.Орыстың Аяз атасы сыйлықтары .... (нені?) шырша... (ненің?) түбіне қойып кетеді.

5.Құттықтау сөздерінің жалғасын тауып, тақтаға ілу. Жазылым.

1.Жаңа жыл құтты болсын!

2.Жаңа жылыңызбен!

3.Жаңа жылда тілектерің орындалсын!

4.Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын!

6.Оқулықпен жұмыс. Тест тапсырмаларын орындау. Жазылым.

1. Жатыс септіктің сұрақтарын тап.

а) қайда? кімде? неде?

ә) қайда? кімге? неге?

б) кімді? нені? неге?

2. Қыс айларын ата.

а) шілде, тамыз, маусым

ә) қыркүйек, қазан, қараша

б) желтоқсан, қаңтар, ақпан

3. Жаңа жыл біздің елімізде қай күні тойланады?

а) 1 желтоқсанда

ә) 16 желтоқсанда

б) 31 желтоқсанда

4. Жұмбақты шешіңдер.

Тікен, тікен, тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте.

а)Аяз ата

ә) қырау

б) шырша

5. Аудармасын табыңдар.

безендіру украшать

ойыншық игрушка

жарқырау блестить

раушан роза

VІ. Сабақты қорытындылау.

-Сонымен, балалар бүгін біз не туралы әңгімеледік ?

-Дұрыс, Жаңа жыл туралы.

-Балалар жаңа жыл мерекесіне не дайындайды ?

-Жаңа жылда адамдар бір-біріне не айтады?

-Өте жақсы балалар.

-Иә, балалар бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан балаларға осындай баға қойғым келеді.

V.Білімді бағалау.

VІ. Үйге тапсырма.

А)Модуль бойынша сөздерді қайталап келу.








© 2010-2022