Қазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып Зат есім

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып Зат есімҚазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып Зат есімҚазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып Зат есімҚазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып Зат есімҚазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып Зат есімҚазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып Зат есімҚазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып Зат есімҚазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып Зат есімҚазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып Зат есімҚазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып Зат есімҚазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып Зат есімҚазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып Зат есімҚазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып Зат есімҚазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып Зат есімСабақтың тақырыбы:Зат есімнің түрленуі. Зат есімнің көптелуі.

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік Зат есімнің түрленуі туралы түсінік беру, зат есімнің қасиеттерін ашу;

2.Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту, еркін сөйлеуге баулу, ойларын дәл, нақты айтуға дағдыландыру;

3.Тәрбиелілік: өнер-білімге деген құштарлықтарын арттыру, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, деңгейлік тапсырмалар орындау, талдау.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка

Сабақтың барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі.2. Үй тапсырмасын сұрау.

3. Жаңа сабақ. Морфология (грек. «түр»)-тілдегі сөздердің формаларын,сөзге қатысты гарамматикалық мағыналарды тексеретін сала;тілдегі сөздердің өзгеруі,түрленуі туралы тіл білімінің саласы.

Зат есімнің түрленуі: Ой қозғау

  • Зат есімнің мағыналық ерекшелігі неде, яғни зат есім нені білдіреді?

  • Жалқы есім мен жалпы есімнің ерекшеліктері неде?

  • Жалқы есімдер қалай жазылады?

  • Қазақ тілінде неше жалғау бар? түрлері

ЗАТ ЕСІМ

Заттың атын білдіреді

Жалпы есім



Сөз табы

Жалқы есім



Бастауыш

Кім?

Не?




Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады.

Жалғау

Көптік Тәуелдік Септік Жіктік

Жалғау:

  1. Өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстейді;

  2. Өзі жалғанған сөзді екінші сөзбен байланыстырады.

Зат есім

Көптеледі Тәуелденеді Септеледі Жіктеледі

(тек адамға байланысты)

Мысалы: Мен бала-мын, сен бала-сың, сіз бала-сыз, ол-бала

  • Кейде салыстыру үшін адам мәнінде қолданылған зат есімдер де жіктеледі.

Мысалы: Мен асқар таумын, сен төбесің;

Сен темірсің, мен көмірмін, еріткелі келгенмін.

Көптік жалғау 6 түрлі: -лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер

  1. Сөзге(зат есімге) үндестік заңы бойынша осылардың біреуі жалғанып, заттың көптігін білдіреді.

Мысалы: оқушы-лар, үй-лер, қаз-дар, мектеп-тер т.б.

  1. Көптік жалғау өзі жалғанған сө заттың тек көптігін ғана емес, сонымен бірге сол зат көпке ортақ екенін де білдіреді.

Мысалы: Үйлеріңе қайтыңдар, қонақтар шайларын ішті. Зейнептер есік алдында тұр (Зейнептің көптігі емес, Зейнептің қасында бірнеше адам бар екендігі туралы ой жинақтау түрінде)

Жаңа сабақты меңгерту тапсырмалары.

36-жаттығу.

  1. Мәтінді түсініп оқып, Тоныкөк өздеріңе белгілі Орхон жазуының авторы екендігін біліп алыңдар.

  2. Зат есімдерді тауып, оларға жалғанған жалғаулардың түрлерін ажырытыңдар.

37-жаттығу.

Тапсырма:

  1. Көп нүкте қойылған орындардың қажетті деген жеріне көптік жалғауларының тиістісін қойып жазып, қандай үндестік заңына бағынып жалғанғанын түсіндіріңдер.

  2. «Боз іңген» күйін тыңдау, алған әсерлерін жазбаша жазып шығу.

Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей тапсырмасы. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есім қатысқан бір сөйлем құра және оған морфологиялық талдау жаса.

ІІ деңгей тапсырмасы. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдері бар өлең шумақтарынан мысал тауып айт.

Үлгі:

Қазақтың ірілері,

Абайдың інілері-

Сәкен, Ілияс, Бейімбет.

ІІІ деңгей тапсырмасы. Төмендегі сұрақтарға жауап жазып, бұл кісілер саған кім болатынын және сол сөздер қай сөз табына жататынын айт.

Бұлар кімдер?

  1. Ағаларыңның жұбайлары саған кімдер?

  2. Әпкелеріңнің күйеуі ше?

  3. Шешеңнің туыстары ше?

  4. Әкеңнің балдыздары ше?

  5. Шешеңнің сіңілісінің баласы ше?

Сабақты қорытындылау.

- Зат есім қалай жасалады?

- Көптік жалғау нені білдіреді?

Үйге тапсырма.

  1. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдерді қатыстырып, қазақтың салт-дәстүріне байланысты шағын шығарма жазу.

  2. 38-жаттығу.

Тапсырма. Мәтіннен көптеліп тұрған және көптелмейтін зат есімдерді тауып, себебін түсіндіру.

  1. Ережені оқу.











Тексерілді:__________ Досманова А.

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі

Сабақтың мақсаты:1.білімділік: зат есімнің тәуелденуі туралы түсінік беру, яғни заттың , қандайда бір нәрсенің біреуге тән , соның меншігі екенін білдіретін қосымша тәуелдік жалғау деп аталатынын түсіндіру;

2.Дамытушылық: сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту,

қызығушылықтарын арттыру;

3.Тәрбиелік: адамгершілік тәрбие беру, таза ,әдемі жазуға баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, пікірлесу, түсіндіру, талдау, ішінара ізденіс.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайдтар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдерді қатыстырып, қазақтың салт-дәстүріне байланысты шағын шығарма жазу.

  2. 38-жаттығу. Тапсырма. Мәтіннен көптеліп тұрған және көптелмейтін зат есімдерді тауып, себебін түсіндіру.

Өткен сабақты еске түсіру мақсатында сұрақтар:

- Зат есім қалай жасалады?

- Көптік жалғау нені білдіреді?

- Қазақ тілінде неше жалғау бар? түрлері

  1. Жаңа материалды қабылдауға дайындық.

Сабақтың тақырыбына қызығушылығын оятуға байланысты жұмыстар.

  1. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

  2. Оқушылардың бұрынғы білімдерін жаңғырту үшін сұрақ-тапсырмалар:

  • Жалғау дегеніміз не?

Жалғау дегеніміз...........

А) сөздің мағынасын өзгертетін қосымша

В) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша

С) түбір сөз

- Жұрнақ дегеніміз..............

А) түбір

В) сөздің мағынасын өзгертеді

С) сөз бен сөзді байланыстырады

Қазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып Зат есім

Қазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып Зат есім

Ортада тәуелдену деген сөз шықты. Бұл зат есімнің тәуелденуі . Зат есімнің жаңа бір қасиеті. Мақсатымыз зат есімді тәуелдеп үйрену.

Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншікті екнін білдіреді.

Тәуелдік жалғау өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады.

Тәуелденудің түрлері

Жақ

Тәуелді заттың иесі

Тәуелдік жалғаулы сөздер

Жалғаулары

жекеше

көпше



Оңаша тәуелдену

І

ІІ

ІІІ

менің

сенің

сіздің

оның

ел-ім,бала-м

ел-ің, бала-ң

ел-іңіз, балаңыз

ел-і, бала-сы

ел-дер-ім

ел-дер-ің

ел-дер-іңіз

ел-дер-і

-м,-ым,-ім

-ң,-ың,-ің

-ңыз,-ңіз

-ыңыз,-іңіз

-сы,-сі,-ы,-і



Ортақ тәуелдену

І

ІІ

ІІІ

біздің

(біздердің)

сендердің

сіздердің

олардың

ел-іміз,

бала-мыз

ел-ің,

бала-лар-ың

ел-іңіз, балаңыз

ел-і, бала-сы

ел-дер-іміз

ел-дер-ің

ел-дер-іңіз

ел-дер-і

-мыз,-міз

-ымыз,-іміз

-ың,-ің,-ң

-ыңыз,-іңіз

-ңыз,-ңіз

-сы,-сі,-ы,-і

Жақ

үй

киім

бала

Отан

бөлме

Оңаша

І

ІІ

ІІІ

үйім

үйің

үйіңіз

үйі


Ортақ

І

ІІ

ІІІ

үйіміз

үйің

үйіңіз

үйі


39-жаттығу.Тапсырма.Берілген жалғаулы сөздердің оңаша түрін ортақ, ал ортақ түрін оңаша тәуелдеуге айналдырып жазыңдар.

Қуанышым,әкеміз, кітабың, дәптері, үстеліңіз, мектебіміз, ұстазың, туысқанымыз, досыма, баласы, көршіңіз, інім.

Үлгі: қуанышым-қуанышымыз,...............

Әкеміз-әкем,................

Деңгейлік тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.

І деңгей тапсырмасы. Ағалар, апалар, аналар деген зат есімдерді ортақ тәуелде.

ІІ деңгей тапсырмасы. Төмендегі мәтіннің мазмұныныа мән бере отырып, ортақ тәуелденген зат есімдерді тап.

«Жақыныңды жаттай сыйла-

жат жанынан түңілсін»

Өзіміздің адамдар ғой деп жақын туыстарға көңіл бөлмей қарау- тәрбиелілік емес. Бір анадан туса да, ағасы буырына, қарындасына, інісі мен қарындасы әпке-ағаларына жанашыр болуы тиіс. Бауырмалдық, жанашырлық сезім жоқ жерде туысқандық, сыйластық, ауызбірлік те болмайды. Ал өзінің ең жақын адамдарын- үй ішіндегі туыстарын қадір тұтпаған адам басқа жұртты да сыйлап жарытпайды.

Бұл мақал татулыққа, сыйластыққа, жанашырлық пен мейірімділікке тәрбиелейді.

ІІІ деңгей тапсырмасы. Құрамында ортақ және оңаша тәуелденген зат есімдері бар өзің білетін өлең шумақтарын жатқа жаз. Қалаған бір сөзіңе фонетикалық талдау жаса.

Сабақты қорытындылау (оқушылармен бірге)

-тәуелдік жалғау бір заттың екінші затқа тәуелді, меншікті екенін білдіреді.

- бір не бірнеше заттың бір ғана затқа я адамға меншікті екенін білдіру оңаша тәуелдену;

- бір не бірнеше заттың көп затқа я адамға меншікті екенін білдіру ортақ тәуелдену дейді.

Үйге тапсырма.

  1. 40-жаттығу.

  2. Оңаша және ортақ тәуелденген зат есімдерді қатыстыра отырып, «Қазақстан баспанасы- киіз үй» атты мәтін құрастыру.

  3. Ережені оқу.












Тексерілді:__________ Досманова А.

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі

Сабақтың білімділік мақсаты: Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларының белгілі бір грамматикалық мағына үстейтіндігін меңгерту.

дамытушылық мақсаты: сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;

тәрбиелік мақсаты: : адамгершілік тәрбие беру, таза ,әдемі жазуға баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: баяндау, пікірлесу, түсіндіру, талдау, ішінара ізденіс.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайдтар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 40-жаттығу.

  2. Оңаша және ортақ тәуелденген зат есімдерді қатыстыра отырып, «Қазақстан баспанасы- киіз үй» атты мәтін құрастыру.

Септік аттарының өзі яғни, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес - өздерінің аттарын ашады. Бұл қазақ тіліндегі жеті септік. Олардың сұрақтары және септік жалғаулары бар екендігін сендер бастауыш сыныпта танысқан едіңдер. Соларды еске түсіріп көрейік.

Ілік септігі - сөздердің бір - бірімен іліктестігін көрсетеді.

Мысалы, кімнің кітабы? Асанның кітабы.

Барыс септігі - бару деген мағынаны білдіреді.

Мысалы, кімге бардың? Асанға бардым.

Табыс септігі - табу деген ұғымды білдіреді.

Мысалы, кімді көрдің? Асанды көрдім.

Жатыс септігі - орын, мекен дегенді білдіреді.

Мысалы, қайда болдың? Мектепте болдым.

Шығыс септігі - шығу деген мағынаны білдіреді.

Мысалы, неден оқыдың? Кітаптан оқыдым.

Көмектес септігі - жәрдемдесу, көмек ету деген ұғымды білдіреді.

Мысалы, кіммен таныстың? Асанмен таныстым.

Зат есімнің септік жалғаулары

Септіктердің аты

Сұрақтары

Септік жалғаулары

Атау септік

Кім? не?

Ілік септік

Кімнің? Ненің?

- ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің

Барыс септік

Кімге? Неге? Қайда?

- ға, - ге, - қа, - ке

Табыс септік

Кімді? Нені?

- ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті

Жатыс септік

Кімде? Неде?

- да, - де, - та, - те

Шығыс септік

Кімнен? Неден?

- нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен

Көмектес септік

Кіммен? Немен?

- мен, - бен, - пен

Сонымен септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде она басқа сөздермен байланысқа түсіреді.Тәуелденген зат есімнің септелуін жай септеумен салыстырғанда барыс, табыс, жатыс септіктерінде айырмашылық бар.

Септіктер

Тәу.жалғаудың І,ІІ жақтарынан кейін

Тәу.жалғаудың ІІІ жағынан кейін

Атау септік

Ілік септік

-ның,-нің

-ның,-нің

Барыс септік

-а,-е

-на,-не

Табыс септік

-ды,-ді

Жатыс септік

-да,-де

-нда,-нде

Шығыс септік

-нан,-нен

-нан,-нен

Көмектес септік

-мен

-мен

Суретте көрсетілген ұлттық аспаптармен таныс болып, септеңдер.

Қазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып Зат есім

Мәтінмен жұмыс.

41-жаттығу. Тапсырма.Өлең мәтінін рөлге бөліп оқу. Әр септіктің сұрақтары мен жалғауларын естеріңе түсіріңдер.

42-жаттығуТапсырма. Өлеңді көшіріп жазып, септік жалғаулы сөздердің қай септікте тұрғанын ажыратыңдар.

«Септеу эстафетасы» ойыны.

Шарты: Тақтаға үш қатардан үш оқушы шығып, берілген зат есімді септейді. Қайсысы бұрын аяқтаса, қатесіз орындаса, жеңімпаз болады. Септіктердің орны ауысып кетпеу және жалғаулары дұрыс жалғануы керек.

Отан, баласы, әжесі, ата, ел.

47- жаттығу. Берілген көмекші сөздердің негізгі сөздермен тіркестіріп, сол тіркесті қатыстырып сөйлем құраңдар.

Маң, қас, орта, үст, аст, іш, шет, қыр.

Үлгі: Ауылдың маңы көкорай шалғын. (Маңы- көмекші есім, ол ауылдың деген сөзбен байланысып тұр.)

46-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауын қойып жазып, қай септік екенін анықтаңдар.

Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат аңталас,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен,

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

(Абай)

Сабақты қорытындылау.

  • Септік жалағулардың ерекшеліктері неде?

  • Зат есімнің сөйлемдегі қызметі септік жалғаумен тікелей байланыстылығын қалай дәлелдейміз?

  • Көмекші есімдердің мағыналық қызметі жағынан қандай ерекшеліктері бар?

Үйге тапсырма.

  1. 45-жаттығу.

Төмендегі сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғап көшіріңдер, ол жалғаудың неліктен түрліше болғанын түсіндіру.

  1. 47-жаттығу.

  2. Ережені оқу.






Тексерілді:__________ Досманова А.

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі

Сабақтың білімділік мақсаты: Зат есімнің түрленуі туралы білімдерін кеңейте отырып, лексикалық мағынасы тек адамды білдіретін зат есімдер ғана жіктелетіндігін, бұрынғы түсініктерін тереңдету.

дамытушылық мақсаты: сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;

тәрбиелік мақсаты: : оқушыларды тілдік-эстетикалық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың өту әдістері : баяндау, түсіндіру жолымен қозғау салу, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайдтар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 45-жаттығу. Төмендегі сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғап көшіріңдер, ол жалғаудың неліктен түрліше болғанын түсіндіру.

  2. 47-жаттығу.Тапсырма. Ойлан.Ізден.Тап.

  1. Кімге кім ие? Неге не ие? Қайсысы қай жалғауда тұр?

  2. Нысананы (обьектіні) және мезгілді білдіретін барыс жалғаулы сөздері бар екі сөйлем ойлап айтыңдар.

  3. Салыстыру мәнін білдіретін қай септіктегі сөз?

  4. Істің бірлестігін және себебін білдіретін сөздері бар екі сөйлем тауып айтыңдар. Олар қай септіктегі сөздер болуы керек?

  5. Жуан, жіңішке буындарға бірдей жалғана беретін және бір ғана дыбыстан тұратын жалғау қай септіктікі?

  1. Жаңа сабақ.Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

  • Тапсырма. Төмендегі зат есімдердің қайсысы жіктеліп, қайсысы жіктелмейді? Жіктелетіндерін үш жақта жекеше, көпше түрде жіктеңдер.

Заңгер, құжат, заң, зейнетақы, зейнеткер, ғарыш, ғарышкер, үйрек, бүркіт, бүркіші, қой, жылқышы, ар, тілек, тілекші, Арман, Қанат, Сәуле.

Үлгі:

Жақ

Жекеше

Көпше

І

ІІ

ІІІ

Мен заңгермін, зейнеткермін

Сен заңгерсің, зейнеткерсің

Сіз заңгерсіз, зейнеткерсіз

Ол заңгер, зейнеткер

Біз заңгерміз, зейнеткерміз

Сендер заңгерсіңдер, зейнеткерсіңдер

Сіздер заңгерсіздер, зейнеткерсіздер

Олар заңгер, зейнеткер

Зат есімнің жіктелуі.

  • Лексикалық мағынасы тек адамды білдіретін зат есімдер ғана жіктеліп келіп, жіктеу есімдіктерімен қатынасқа түседі. Адам аттары мен мамандық кәсібіне қатысты зат есімдерді үш жақта бірдей жекеше, көпше түрде жіктеп айтуға болады.

  • Кейде көркем әдебиетте нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың аттары адамның әр алуан қасиеттерін бейнелеу үшін ауыспалы мәнде жұмсалады.

Мысалы:

Шамдансам, жығар асаумын,

Шамырқансам, сынар болатпын. (Махамбет)

  1. Мәтінмен жұмыс.

49-жаттығу.Төмендегі өлеңдерден жіктеліп тұрған зат есімдерді тауып, жіктелу себебін түсіндіріңдер.

50-жаттығу.

  1. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерге түсінік беру.

  2. Олар қай сөз табы және қай формада тұрғанын талдау.

  3. Қазақ халқы қолданған ыдыс-аяқтар неден және қалай жасалғанын мәтінге сүйене отырып әңгімелеу.

5.Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей тапсырмасы. Зат есімнің жіктелуіне сөйлем құра. Оған синтаксистік талдау жаса.

ІІ деңгей тапсырмасы. Мына өлең шумақтарынан жіктік жалғаулы зат есімдерді тап.

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн тірілген.

Мен-қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім! (Ж.Молдағалиев)

ІІІ деңгей тапсырмасы. Жіктік жалғаулы зат есмідер қатысқан жұмбақтарды жатқа жазыңдар.

6. Сабақты қорытындылау.

  • Зат есімнің жіктелуінде қандай ерекшелік бар?

Тапсырма.Ойлан.Ізден.Тап.

  1. Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздер бола ма?

  2. Тәуелдік жалғауы қандай сөзден соң түсіп қалып айтылады?

  3. Септік жалғауларын бір-бірінен қалай ажыратуға болады?

7. Үйге тапсырма.

  1. 50-жаттығу.

  2. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімдерді қатыстыра отырып, «Сүйінші» атты мәтін құрастыру. Оған синтаксистік талдау жаса.

  3. Ережені оқу.

8. Бағалау.























Тексерілді:__________ Досманова А.

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты: І. Білімділік: Оқушылардың зат есім туралы білімдерін еске түсірту, зат есімнің сөйлемдегі қызметі туралы мағлұмат бере отырып, оқушылардың зат есім туралы білімдерін кеңейту.

ІІ. Дамытушылық: Оқушыларды алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Тәрбиелік:Оқушылардың бойына адамгершілік, әдептілік, ұлтжандылық қасиеттерді сіңірту, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, плакатқа салынған суреттер, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Зат есімнің жіктелуі, оның жасалу жолдарын сұрау

  2. 49-50 жаттығуларды талабына сай тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ. Балалар, бүгін біз сендермен зат есім тақырыбын ары қарай жалғастырамыз. Бүгінгі біздің тақырыбымыз - зат есімнің сөйлемдегі қызметі. Бүгінгі біздің мақсатымыз - зат есімнің сөйлемдегі қызметін түсіну, осыған байланысты жаттығу жұмыстарын орындау.

Бүгінгі тақырыбымыз да зат есімге байланысты болғандықтан, зат есімнен өткенді еске түсірейік. Зат есім бойынша білгендерін топтастыру

Жалпы зат есімнің сөйлемдегі қызметі дегенді кім қалай түсінеді екен өз ойымызды ортаға салайық.

Зат есімнің сөйлемдегі қызметі ,оның қай септік жалғауында жұмсалуына байланысты болғандықтан септікті еске түсірейік. Қазақ тілінде қанша септік бар, сұрақтарымен кім айтып шағады.Әр қатардан бір-бір оқушы шығып бір сөздғ септейді.

Сонымен, зат есімнің сөйлемдегі қызметі септік жалғауларына байланысты жұмсалады.

Зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады. Кейде кім? Не? сұрақтары тәуелденіп қойыла береді (Кімім? Неңіз?)Мысалы: Жел күшейе түсті. Ер елімен көрікті, жер кенімен көрікті.

Зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде тұрып баяндауыш болады.

Мысалы: Біз-бейбіт еңбекті сүйетін елміз. Бала - артта қалған із, байлық - қолдағы мұз.

Зат есім ілік септігінде немесе түбір тұлғада тұрып анықтауыш болады.

Мысалы: Абайдың қонақтары ымырт жабылар кезде ғана көрінді. Дайрабай әрі әнші, күйші, ақын адам болған.Зат есім табыс септігінде және барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып толықтауыш қызметін атқарады.Мысалы: Тәрбие тілден басталады. Көкшетауды мұнар басқан, Бастары көкке байлап бұлттан асқан.

Зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып немесе түбір тұлғада мезгілдік, мекен-бағыттық, себеп-мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп, пысықтауыш болады.Мысалы: Біз мектепке қарай жүгірдік. Көлеңкеде атам отыр.

Балалар, оқулығымыздың 28-бетіндегі «Қосымша түсінік» дегенге қысқаша шолу жасайық. Оқушыларға оқытқызу.

ІV. Оқулықпен жұмыс:51-жаттығу. ат есімнің қай септікте және қай сөйлем мүшесі екенін айтыңдар.

Парашютпен (немен?) - көмектес септігінде, толықтауыш қызметін атқарып тұр.

Ұшақтан (неден?) - шығыс септігінде, толықтауыш.

Мұнарадан (қайдан) - шығыс септігінде, пысықтауыш.

Парашют (не?) - атау септігінде, бастауыш.

Ұшаққа (қайда?) - барыс септігінде, пысықтауыш.

Ұшақ (не?) - атау септігінде. Бастауыш.

Жерден (қайдан?) - шығыс септігінде, пысықтауыш.

Ұшақтың (ненің?) - ілік септігінде, анықтауыш.

Үшқыш (кім?) - атау септігінде, бастауыш.

Қолын (несін?) - табыс септігінде, толықтауыш.

Селоның (ненің?) - ілік септігінде, анықтауыш.

53-жаттығу. Әр қатардан үш оқушы шығып, сөздерді жекеше, көпше түрде жіктеп жазады.

І қатар - азамат, ІІ қатар - инженер, ІІІ қатар - оқушы

Шығармашылық тапсырмаБалалар, тақтадағы жаз, қыс, күз мезгілдерінің суреті бойынша І қатар жаз мезгіліне, ІІ қатар күз мезгіліне, ІІІ қатар қыс мезгіліне шағын мәтін құраңдар. Сөйлемдегі зат есімдерді тауып, сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын жазыңыздар.

Ү.Бекіту:Зат есімнен өткенді қорыту, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру үшін әр балаға үлестірмелі парақшамен жұмыс беріледі.

VІ .Үй тапсырмасы

  1. Зат есімнің сөйлемдегі қызметін оқу

  2. 28-беттегі «Қосымша түсініктің» анықтамаларын жаттау

  3. 55-57 жаттығулар

VІІ. Бағалау.




















Тексерілді:__________ Досманова А.

Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмыстары

Сабақтың мақсаты:І.Білімділік:Оқушылардың зат есім туралы білімдерін деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы тереңдету.

ІІ.Дамытушылық:Оқушыларды алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ.Тәрбиелік:Адамгершілікке,сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.55-жаттығу. Өлең жолдарындағы зат есімдер қандай мүшенің қызметін атқарып тұрғаныдығын анықтау. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын қойып, көшіріп жазу.57-жаттығу. Берілген сөз тіркестеріне бірнеше қосымша қатар жалғанған сөздерді бөліп алып, ретін біліп алу.

3.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

54-жаттығу.1.Сөйлемдерді оқып, негізгі сөздер мен көмекші есімдерді анықтаңдар. Негізгі сөздер қай сөз табы екенін талдаңдар.

Ой қозғау.

  • Негізгі сөз бен көмекші сөздің айырмашылығы қандай?

  • Көмекші сөздер сөйлемде не себепті сөйлем мүшесі бола аламйды?

  • Көмекші сөздер сөйлемде қалай қолданылады?

4.Шығармашылық тапсырма. Ауыл тіршілігін кеңейтіп жазыңдар.

58-жаттығу. Жұрнақ арқылы жасалған зат есімдердің есім түбірден жасалғанын бір бөлек, етістік түбірден жасалғанын бір бөлек жазып, оларды қатыстырып сөйлем құраңдар.Үлгі:

Есім түбірден жасалған зат есімдер

Етістік түбірден жасалған зат есімдер

Төбе-шік, тал-шық, іні-шек, ойын-шық, балмұз-дақ, бала-лық

Қондыр-ма, қапта-ма, түйін-шек, аялда-ма, Өндір-бай, өндір-іс, көрер-мен, оқыр-ман, суар-ма, бастыр-ма

5.Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей тапсырмасы. Мәтіннен ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздерді тап. Қалаған бір сөйлеміне морфологиялық талдау жаса.

-Мама, мына түріңде көзің мен мұрныңнан басқаның бәрі бөтен, бәрі бөтен.....Әжем түгіл мен әрең таныдым........Мама, сен қараңғы түндерде орман ішінде жүргенде неғып қорықпайсың?...... Түнде жиналысқа баратын болсаң, мені ерте жүретінің есіңде ме, мама! Қорықпайды деп әжемді айт....Ол түн ішінде қараңғы моншаға да жалғыз кіріп шыға алады,-деп, Лида ақырын ғана жымиып, шешесі алдында тұрғандай қолын соза беріп еді, әлсіз қолы сылқ етіп түсіп кетті. Өз шешесі әлдеқайда, алыс ормандарда жортуылда жүрсе, әжесі есіктен қарап жылап тұр еді.

- Иә, балапаным, шешеңді сағынатын уақытың да болды, құлыным,-деп наталья немересінің ыстық басына қолын салғанда, кемпір жүрегінде қызғаныш қытығы да бар еді.

ІІ деңгей тапсырмасы. Төмендегі өлең шумағынан жай септеулерді тап, морфологиялық талдау жаса.

Ақ көгершін, көгершін,

Қол қанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан,

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

ІІІ деңгей тапсырмасы. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар. Бұл шумақ қай өлеңнен алынған, авторы кім?

Бөкеннен ... аңды мен көрмедім,

Басқаға жануарды теңгермедім.

Көздері .......қара ақы бөкенді

Адамның баласынан кем көрмедім.

ІҮ деңгей тапсырмасы.

Зат есімнің септелуіне «Сыбаға» атты тақырыпта мәтін құрастыр.

6.Тест жұмысы арқылы сабақты қорытындылау.

1.Заттың атын білдіретін сөзді табыңыз.

А) Қызылкүрең В) Жиырма сегіз С) Отырып қалды Д) Қызметкер Е) Ілгері

2. Зат есімнің жалқы есім түрін табыңыз.

А) Әке - шеше В) Аспан әлемі С) Еңбекші халық Д) Қарағанды Е) Ата-ана

3. Зат есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр. Кітап оқыдық.

А) Бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) пысықтауыш Е) анықтауыш

4. Дара зат есімді көрсетіңіз.

А) Тұрған В) оқу С) күшті Д) қиял Е) ата-ана

5. Зат есімнің жалпы есім түрін табыңыз.

А) Нұра өзені В) Қазақстан Республикасы С) Ердің сыншысы - елі

Д) Тарбағатай өңірі Е) Ертіс маңы

6. Жіктік жалғауы дұрыс жалғанған зат есімді табыңыз.

А) Аспанбыз В) керегесіздер С) шәкіртпіз Д) оқулықтарымыз Е) тіліміз

7. Зат есімнің пысықтауыш қызметіндегі сөзді табыңыз.

А) Дала гүлін терді В) Еріншектің ертеңі бітпес С) Қарағым, кітабыңыз сөреде тұр

Д) Гүл үйдің көркі Е) Перизат өлең айтты

8. Зат есімнің баяндауыш қызметіндегі сөзін табыңыз.

А) Асығыс кетіп қалды В) Ақылды бала - арлы бала

С) Ақылды басшы болса, адаспассың Д) Бес жержегі бес - жиырма бес

Е) Жаз келді

9. Сөйлемдегі зат есім қай сөз табынан жасалып тұр?

Мен кеше күрегімді жоғалтып алдым.

А) сын есім В) зат есім С) үстеу Д) есімдік Е) еліктеу

10. Етістік сөзден жасалған туынды зат есімді табыңыз.

А) Қаламсыз В) басшы С) тарақ Д) еңбекші Е) жерлес

Үйге тапсырма.

59-жаттығу.

  1. Мәтінді оқып, әңгімелеу.

  2. Зат есімдерді табу, жасалу жолдарын түсіндіру.

  3. «Кішіпейілділік» тақырыбына ойтолғау.











Тексерілді:__________ Досманова А.

1.Заттың атын білдіретін сөзді табыңыз.

А) Қызылкүрең

В) Жиырма сегіз

С) Отырып қалды

Д) Қызметкер

Е) Ілгері

2. Зат есімнің жалқы есім түрін табыңыз.

А) Әке - шеше

В) Аспан әлемі

С) Еңбекші халық

Д) Қарағанды

Е) Ата-ана

3. Зат есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр. Кітап оқыдық.

А) Бастауыш

В) баяндауыш

С) толықтауыш

Д) пысықтауыш

Е) анықтауыш

4. Дара зат есімді көрсетіңіз.

А) Тұрған

В) оқу

С) күшті

Д) қиял

Е) ата-ана

5. Зат есімнің жалпы есім түрін табыңыз.

А) Нұра өзені

В) Қазақстан Республикасы

С) Ердің сыншысы - елі

Д) Тарбағатай өңірі

Е) Ертіс маңы

6. Жіктік жалғауы дұрыс жалғанған зат есімді табыңыз.

А) Аспанбыз

В) керегесіздер

С) шәкіртпіз

Д) оқулықтарымыз

Е) тіліміз

7. Зат есімнің пысықтауыш қызметіндегі сөзді табыңыз.

А) Дала гүлін терді

В) Еріншектің ертеңі бітпес

С) Қарағым, кітабыңыз сөреде тұр

Д) Гүл үйдің көркі

Е) Перизат өлең айтты

8. Зат есімнің баяндауыш қызметіндегі сөзін табыңыз.

А) Асығыс кетіп қалды

В) Ақылды бала - арлы бала

С) Ақылды басшы болса, адаспассың

Д) Бес жержегі бес - жиырма бес

Е) Жаз келді

9. Сөйлемдегі зат есім қай сөз табынан жасалып тұр?Мен кеше күрегімді жоғалтып алдым.

А) сын есім В) зат есім С) үстеу Д) есімдік Е) еліктеу

10. Етістік сөзден жасалған туынды зат есімді табыңыз.

А) Қаламсыз В) басшы С) тарақ Д) еңбекші Е) жерлес

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Ақынмен қоштасу»

Сабақтың мақсаты: Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың әдісі: баяндау, жаздыру.

Пайдаланылған әдебиет: Диктанттар жинағы Арын Е., Аққұлова А., Махамбетова Г., «Білім» баспасы, 2007.

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, жазба жұмысына дайындық, оның ерекшелігімен, мақсатымен, шартымен таныстыру.

ІІ. Мәтінді оқу.

Нөсер құйып берд. Жол лайсаң. Алтай күзінің басталысы қатты. Тау басы аппақ, қар жауып қалған. Күн нөсері үнсіз, күркіремей жауады. Терек басында қарғалар қарқылдап жүр. Жылдың қай мезгілінде де мынау атамекенінен ешқайда ұзап кетпей, туған жердің үстіне қалбақтап жүрудің өзі де ғанибет-ау. Шағиман шалдың баран торысы-бұл. Шағиман Махмұттың кітап толы қоржынын қанжығаға бөктеріп тұрып:

  • Шырағым, бұл әрі- бері ұшыртып барып, болдырып қалатын ұшқыр ат емес. Бүлкек желіспен-ақ жер танабын қуыратын шаруаның торысы. Мә, қамшы. Ал жолың болсын, балам! Артыңнан ай, алдыңнан Күн туғай!

  • Қош болыңыз,махмұт аға! -Бұл шәкірт бала Көксеген еді.

  • Қош , аяулы аға!- Бұл Нұрмаш еді.

(Оралхан Бөкей, 117 сөз)


ІІІ. Жазба жұмысын оқушылардың өздері тексеруі.

Ү. Жазба жұмыстарын жинап алу.

ҮІ.Үйге тапсырма.

Сүйікті ақындарың туралы шағын шығарма жазып келу.









Тексерілді:__________ Досманова А.


© 2010-2022