Открытый урок Қара өлең

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок Қара өлеңОткрытый урок Қара өлеңСабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев

Қара өлең.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ақын өлеңін мәнерлеп оқып, өлеңнің құрылысын талдау, тіл өнері, өлең-жыр тақырыбына жазылған шығарма екеніне назар аударту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, тіл, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, сатылай кешенді талдау т.б.

Түрі: Аралас

Типі: Жаңа

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, М.Мақатаев жыр жинақтары, үнтаспа, бейнебаян ақын жайында, ақынның жанды дауысы, портреттері т.б.

Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру бөлімі:

Үй тапсырмасы: Оқушылар өз қалаулары бойынша кез келген өлеңдерін жатқа айту.

Пысықтау сұрақтары:

  1. Ақын қашан, қай жерде дүниеге келген?

  2. Ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер?

  3. «Қайырлы түн» өлеңі қай тақырыпты қамтиды?

(Ел аман, жұрт тыныш болуы, Отанымыздың тыныштығы)

4)Өлеңде қандай эпитеттерді қолданған?

(көк аспан, ақ басты ала таулар, ақ аспан, боз көрпе)

  1. Ақын өлеңіне жазылған қандай әндерді білесіңдер?

Зағыпар Толқын ақынның сөзіне жазылған «Бақыт деген» әнін орындайды.

Жаңа сабақ:

Ақын өмірінен 1:45 минуттық бейнебаян көрсету.

Балалар «Қара өлең» шығармасы тіл өнері, өлең-жыр тақырыбына жазылған шығарма.

Қазақтың қара өлеңі он бір буынды, бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасатын, әр жолы төрт буынды сөзге бітетін бір шумақтан тұрады.

Төмендегі кестеден көруімізге болады.

Қара өлең ұйқасы а,

а,

б,

а.


«Өлең ұғымы» көне қыпшақ тіліндегі «ұла» сөзінен шыққан.

Бұл сөздердің бір-бірімен ұласуы, үйлесуі, ұйқасуы деген мағына береді.

Ол неге қара?

Бұл жерде қара түр, түс туралы айтылып тұрған жоқ.

3) «Қара» - ол әлемнің алғашқы қалпы, ежелгі, байырғы деген ұғымды береді.

Демек «қара өлең» дегеніміз - «ежелгі сөз ұланту». Қара өлең ауыз әдебиетіне жатады. Оның иесі, авторы-халық.

-Мұқағалидың жанды дауысы. 04.04 05.11.

-Өлеңді жатқа оқимын.

Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен.

Қазақтың қара өлеңі-құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.

Жат жерді жастанғанда жазатайым ,

Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым,

Қасиетіңнен қара өлең айналайын,

Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.

Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан ағызбайын.

Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын.

-Өлеңді талдау.

Жалқы есімдерді тап

Кімдер?

Лермонтов

Пушкин

Есенин

Орыс ақындары

Эпитет сөздер:

Қара өлең, қара көз

Теңеу

Дәл өзіндей қарапайым


Аллитерация, ассонанстарды табу

Қанымен жазды, мүмкін ағатайым,

Қасиетіңнен қара өлең айналайын,

Қазақтын дәл өзіңдей қарапайым.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан ағызбайын.


Сатылай кешенді талдау

Авторы

М.Мақатаев

Тақырып

Қара өлең-тіл, сөз өнері түр.

Шумақ

4 шумақ, 1 шумақта 4 тармақ

Тармақ

4

Буын

11 буынды

Ұйқас

а, а, б, а қара өлең ұйқасы


Мақал-мәтелдерді айту.

Тіл, сөз өнері туралы, нақыл сөздер, өлең айту

Бекіту.

«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», -дегендей, ақын өлген жоқ, халқымен бірге жасайды.

«Бабалар сыры» орындалады.

Бүгінгі сабағымызды Мұқағали ақынның «Мен дағы өлең жазбаймын» өлеңімен аяқтағым келеді.

Өлмеу үшін - құлқынды жемдеу үшін,

Мен дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.

Ендеше, оқушылар сол сәулені алаулата түскеніне оқушы көзін жеткізу.

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Тілім менің» тақырыбында шағын шығарма жазу.

Өлеңді жаттау.

1 шумақты өлең құрылысына талдау.



© 2010-2022