Открытый урок на тему Шокан Уалиханов

Тақырыбы:  «Шоқан  Уәлиханов» Сабақтың  мақсаты:  білімділік  - қазақ  халқының  ұлы  ғалымы Ш. Уәлиханов  туралы  мәлімет  беру , «Киіз  үй»  әңгімесімен  танысу, өз  ойын  жеткізе  білуді, дұрыс  сөйлем  құра  білуді  жетілдіру.  Дамытушылық- тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың  дүниетанымын, ойлау, жазба,ауызша тіл байлықтарын  және  шығармашылық  қабілетін арттыру . Тәрбиелік – оқушыларды  Ш. Уәлиханов  өнегесі  арқылы   білімқұмарлыққа,  еңбектенуге тәрбиелеу. Сабақтың  көрнекілігі:...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Подольск орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: «Спорт »

Мақсаты:

Білімділік: сөздік қорын арттыру, спорт тақырыбын бекіту.

Дамытушылық: дүниетану мен өрісін кеңейту,ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлем талдауға дағдыландыру .

Тәрбиелік: өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, салауатты өмір салтын тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

I. Мұғалім: Уа, спорт!

Сергектікті сенен алып келеміз

Ширақ біздің жанымызбен ,денеміз

Сенде әділдік, сенде шындық, тазалық

Сенде арман, сенде шабыт, толғаныс

Сенде ізгілік, құрмет және ар-намыс!

II. Балалар, «Спорт» сөзін немен байланыстырасыңдар, көз алдыңа не елестейді?

Ту,алау,жарыс,олимпиада,ұран,жеңіс,жанкүйерлер, жаттықтырушы,жеңімпаз т.б.

III. Ал, спорт түрі туралы қазақша айтып көрейік.

Спорттың түрлері көп. Бірі күшті болуға, екіншісі жылдамдылыққа, үшіншісі табандылыққа баулиды. Ал тағы бір түрі ойлауға үйретеді. Ұлттық спорт ойындарын атаңдар. /тоғызқұмалақ, бәйге, арқан тарту,қазақша күрес.

Оқушылар ұлттық ойындар туралы мәлімет береді.

Мұғалім: Балалар, І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасында Ақан сері Құлагерді осындай бәйгеге қосады. Бірақ, Құлагерді Ақан серімен өштескен Батыраш үлкен сойылмен өлтіреді.

IV . Қазақстан мерейін өсірген спорт.

Бұған дәлел 7-ші Қысқы Азия ойындары. Сендер қандай қазақстандық спортшыларды білесіңдер?

/Серік Қонақбаев, Ольга Шишигина ,Жақсылық Үшкемпіров туралы мәліметтер айтылады. /

V. Топпен жұмыс .

1)Мақал-мәтелдерді жалғастыр

2)Диалог құрастыру / берілген сөз, сөзтіркестері/

Мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығына баға беріңдер.

VI . Грамматикалық тапсырма :

Сөз құрамына талда: 1) Спортшылардың

Синтаксистік талдау жасаңдар: 2)Мен спортпен үнемі шұғылданамын.

VII . Бос ұяшықтарға сөздер жазу керек



© 2010-2022