6 сынып «Тест жұмыстары»

Мен осы  алтыншы сыныптарға тест жұмыстарын құрастыруда грамматикалық және лексикалық тақырыптарға байланысты  тақырыптардан сұрақтар құрастырдым. тест жұмыстарын орындай отырып оқушылар өздері тақырып бойынша өтілген тапсырмаларды естеріне түсіріп, өтілген материалды бекіте түседі. Тест жұмыстарын орындаған соң барлық оқушының білімдері сарапталып тексеріледі, жауап бере алмаған сұрақтары бойынша қайта жұмыстар, жаттығулар жүргізіліеді. Осы тест сұрақтарын орындалу барысында оқушылардың сұрақта...
Раздел Другое
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тест жұмыстары. 6 сынып

I нұсқа

1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

а ) 41 әріп б) 26 әріп

ә) 42 әріп в) 32 ріп

2. Дыбыстар неше топқа жіктеледі?

а ) 5 б) 3

ә) 4 в) 2

3. Дауыссыз дыбыстарды көрсетіңдер.

а) б,в,г,ғ,д... б) а,ә,ы,е,и...

ә) б,в,г,ю,э... в) ф,й,х,ғ,і,ь...

4. Ашық буынды сөзді көрсетіңдер.

а) доп б) ас

ә) ана в) үй

5. «Частный» сөзінің аудармасын көрсетіңдер.

а) жеке меншік б) шөбере

ә) немере в) юрист

6. Шалдың неше ұлы болыпты. «Байлық пен ақыл»

а) бір ұлы б) үш ұлы

ә) екі ұлы в) төрт ұлы

7. Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай қалай жіктеледі.

а) еріндік, езулік б) ашық, қысаң

ә) ашық, жуан в) жуан, жіңішке

8. Езулік дауысты дыбыстарды көрсетіңдер.

а) а,ә,е,э,ы,і,и б) о,ү,а,і,ә,и,ы

ә) о,ө,у,ұ,ү в) ұ,а,і,ә,е,о,ө

9. Ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңдер.

а) а,ә,е,э,ы,і,и б) п,ф,к,қ,т,с,ш,щх,ч

ә) р,л,м,н,ң в) б,в,г,ғ,д,з,

10.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып өлеңді толықтыр.

Мереке күніңмен

Қарсы алам өзіңді.

Сәбилік үніммен

Арнаймын ... .

а) өзімді б) анамды

ә) сөзімді в) үнімді

11. Жатыс септігінде тұрған сөзді көрсетіңдер.

а) Саматпен б) Қазақстанда

ә) Мектептен в) Астананың

12.Барыс септігі қандай сұрақтарға жауап береді.

а) кімге? неге? қайда? б) кімнен? неден? қайдан?

ә) кім? не? в) кімнің? ненің?

13.Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңдар. Төрт/ бір / болыпты / шалдың / ұлы.

а) Төрт ұлы болыпты бір шалдың. б) Бір болыпты шалдың төрт ұлы.

ә) Бір шалдың төрт ұлы болыпты. в) Болыпты шалдың төрт ұлы.

14. «Не вытерпеть» сөзінің аудармасын көрсетіңдер.

а) аузын томпайту б) мазасыз

ә) өпкелеу в) шыдамы жетпеу

15. Қанаттың шешесінің аты кім.

а) Ақдидар б) Ұлжан

ә) Аружан в) Ұлболсын

16. Жіктеу есімдігін көрсетіңдер.

а) мен, сен,сол, мынау,анау б) кім? не? неше?

ә) мен, сен, сіз, ол, біз в) өз, өзім,өзің,өзі

17. Жинақтық сан есімдерді көрсетіңдер.

а) бір, екі, үш, төрт,бес б) бірінші, екінші, үшінші

ә) бес-бестен,бір-бірден в) біреу, екеу, төртеу,бесеу

18. Үстеудің сұрақтарын көрсетіңдер.

а) қашан? қайда? қайдан? қалай? б) нешеу? қанша? кім?

ә) неше? қанша? қалай? в) кім? не? кімнің? ненің?

19. Заттың атын білдіретін сөздерді не дейміз?

а) зат есім б) сан есім

ә) сын есім в) етістік

20. Сөйлемдерді толықтыр. Былтыр жазда отбасымызбен ... бардық.

а) Астанаға б) Бурабайға

ә) Ыстықкөлге в) Көкшетауға

21. Көп мағыналы сөздер мағынасына қарай қалай жіктеледі

а) жуан, жіңішке б) дара , күрделі

ә) тура, ауыспалы в) еріндік, езулік

22. Қ.Р. мемлекеттік туының авторы кім

а) Нұрсұлтан Назарбаев б) Жұмекен Нәжімеденов

ә) Шәмші қалдаяқов в) Шәкен Ниязбеков

23.Туынды етістіктерді көрсетіңдер

а) биле, тазала, ақылдас б) оқып отыр, ойнап жүр

ә) тұр, күт, оқы,жаса в) барды, кетті, алды

24. Сөйлемнен есімдікті көрсетіңдер. Көктемде біз тауға бардық.

а) тауға б) біз

ә) көктемде в) бардық

25. Сөйлемнен мезгіл үстеуді көрсетіңдер. Биыл қыс кеш түсті.

а) түсті б) кеш

ә) қыс в) биыл






Тест жұмыстары. 6 сынып.

II нұсқа

  1. Фонетика нені зерттейді?

а) санын б) сынын, сипатын

ә) тіл дыбыстарды в) көлемін, мөлшерін

2. Буынның неше түрі бар.

а) 4 б) 3

ә) 2 в) 5

3. Үнді дауыссыз дыбыстарды көрсетіңдер.

а) б,в,г,ғ,д, ж б) р,л,й,м,н,ң

ә) п,ф,к,қ, т,с,ш в) б,а,г,о,и,к

4. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?

а) 3 б) 9

ә) 4 в) 10

5. Дауысты дыбыстар көрсетіңдер

а) а,ә,ы,е,и... б) а,в,ы,м,и...

ә) б,в,г,ю,э... в) ф,й,х,ғ,і,ь...

6. Бітеу буынды сөзді көрсетіңдер.

а) доп б) ас

ә) ана в) үй

7. «Дружба» сөзінің аудармасын көрсетіңдер.

а) жолдас б) жұбын жазбау

ә) жолдастық в) құрдас

8. Шалдың үлкен ұлы не көрсетті. «Байлық пен ақыл»

а) асыл киімдерді; б) асыл тасты жүзік салған қолын;

ә) күмістен әшекейленген белдік; в) бір сандық алтын;

9. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қалай жіктеледі.

а) еріндік, езулік б) ашық, қысаң

ә) ашық, жуан в) жуан, жіңішке

10. Еріндік дауысты дыбыстарды көрсетіңдер.

а) а,ә,е,э,ы,і,и б) о,ү,а,і,ә,и,ы

ә) о,ө,у,ұ,ү в) ұ,а,і,ә,е,о,ө

11.Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңдер.

а) а,ә,е,э,ы,і,и б) п,ф,к,қ,т,с,ш,щх,ч

ә) р,л,м,н,ң в) б,в,г,ғ,д,з,

12.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып өлеңді толықтыр.

Менің әжем гүл әжем,

Алтын әжем,күн әжем

Адам үшін, мен үшін

Нағыз ... ... әжем.

а) ана тілі б) баба тілі

ә) дана тілі в) қазақ тілі

13. Шығыс септігінде тұрған сөзді көрсетіңдер.

а) Саматпен б) Қазақстанда

ә) Мектептен в) Астананың

14.Табыс септігі қандай сұрақтарға жауап береді.

а) кімге? неге? қайда? б) кімнен? неден? қайдан?

ә) кім? не? в) кімді? нені?

15.Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңдар.

Киімдерін/ екінші/ әдеміленіп/ асыл/ келді/ұлы, / киіп.

а) Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келді.

ә) Келді екінші ұлы киімдерін киіп,әдеміленіп.

в) Әдеміленіп, асыл киімдерін келді екінші ұлы.

б) Киімдерін әдеміленіп келді екінші ұлы әдеміленіп.

16. «Наследник» сөзінің аудармасын көрсетіңдер.

а) мінезі шапшаң б) мұрагер

ә) өпкелеу в) шыдамы жетпеу

17. Қанаттың әкесінің атын.

а) Самат б) Азамат

ә) Болат в) Асқар

18. Сілтеу есімдігін көрсетіңдер.

а) мен, сен,сол, мынау,анау б) кім? не? неше?

ә) бұл, ол, мынау, осы,анау в) өз, өзім,өзің,өзі

19. Бөлшектік сан есімдерді көрсетіңдер.

а) бір, екі, үш, төрт,бес б) үштен бір, төрттен бір

ә) бес-бестен,бір-бірден в) біреу, екеу, төртеу,бесеу

20. Үстеудің сұрақтарын көрсетіңдер.

а) қашан? қайда? қайдан? қалай? б) нешеу? қанша? кім?

ә) неше? қанша? қалай? в) кім? не? кімнің? ненің?

21. Заттың түрін, түсін білдіретін сөздерді не дейміз?

а) зат есім б) сан есім

ә) сын есім в) етістік

22. Сөйлемдерді толықтыр. Биылғы жазғы деммалысты ... өткіздік.

а) Астанада б) Бурабайда

ә) Ыстықкөлде в) Көкшетауда

23. Синоним сөздерін көрсетіңдер.

а) биле, тазала, ақылдас б) жоғары -төмен, ауыр-жеңіл

ә) ақ-қара, таза в) сұлу-әдемі, алыс-қашық

24.Сөйлемден күрделі етістіктерді көрсетіңдер. Дана қызық кітап оқып отыр.

а) Дана б) оқып отыр

ә) қызық кітап в) Дана отыр

25. Туынды етістіктерді көрсетіңдер.

а) тазала, ойна, кешікпе б) кеш,бала, оқушы

ә) күт, оқы, шық в) ал, кет, бер








© 2010-2022