Сабақ жоспарлары 2 сынып Өзін-өзі тану пәні

   «Өзін-өзі тану » пәнінің білім мазмұны үлкендерді және жасөспірімдерді  адамгершілікке, азаматтыққа, елжандылыққа тәрбиелеуге негіз болатын жалпыадамзаттық  құндылықтар жүйесінен тұрады.  Сабақ барысында, сабақтың соңында ,өтіп жатқан курсымызда   бұл пән әр адамның көңіл-күйін, сезімін,  сабақтан алған әсерін, анықтауға жол ашады. Біз қандай да болмасын тақырыптарды өткенде оларды өмірдегі болып жатқан жағдаяттармен дәлелдеп , қандай қателіктер кеткенін немесе қандай жетістіктерге жеткеніміз...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Мерзiм: 4.03, 5.03.15

№24

Тақырып: Жүрек жылуы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер:Мейірімділік, қайырымдылық

Сынып 2 «а», 2 «ә»

Сабақ мақсаты: Балалардың бойларындағы адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту,сүйіспеншілікпен әрекет жасау дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

Білімділік: мейірімділік қасиет пен өзара көмек әрекеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық:қамқорлық жасау өзара көмек көрсету дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:қайырымды,жағымды қарым-қатынастар жасауға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Видео

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлеу. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сұрақ: Қандай әсерде болдыңдар?

Қортынды:

Үнемі бір-біріңізге жақсылық тілеп жүріңіздер.

2.Үй тапсырмасын тексеру

«Қайырымдылық» тақырыбын сұрау.

қорытындылау

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Табиғаттағы барлық жылу - күннен,

Өмірдегі барлық жылу - адамнан. М. Пришвин Қорытынды: Өзің адамдарға, айналаға көмек көрсете алсаң, саған да қиналған сәтте адамдар, айналаңда көмек береді дегенді білдіреді.

Жан-жағына жақсылық жасап жүру жақсы адамның ісі.


  1. Әңгiмелеу

Мәтінмен жұмыс.

Балаларды табиғатқа қамқорлық жасауға жетелеу мақсатында З. Мейірхановтың «Маржан мен жауқазын» әңгімесін мұғалім оқып береді. Балалар сұрақ бойынша өз ойларын айтады.

- Маржан жауқазынға қандай жақсылық жасады?

- Маржанға баға бер.

Шығармашылық жұмыс.

«Жақсылық тамшысы»

Оқушылардың санына сәйкес алдын - ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін жазады. Тақтаға тамшыларды іліп, өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсы істерін жария етеді.

- Балалар, әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады. Яғни әр адамның жүрегі жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Қорытынды:

Оқушылардың алған білім - біліктерін нақтылау мақсатында тапсырма беріледі. Тапсырма бойынша балалар оқулықта берілген суреттерге қарап, осындай жағдайларда қандай жақсылық жасауға болатындығын әңгімелеп айтады. Балалардың жауаптары тыңдалады.

Жүрегінде жылуы бар адамдардың көмекке мұқтаж жандарға, жан - жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасайды. Жақсылық жасау - адам жүрегіндегі ең асыл қасиеттерінің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады.

5.Шығармашылық жұмыс

Дәптермен жұмыс.

Оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіру.

- Суреттегі бос тор көздерге «Ана деген кім?»сұрағына жауаптар жазыңдар. (Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, жария етеді)

- Расында да, адамның әдептілігімен, жан дүниесінің жылулығы ең алдымен балаға ақ сүт беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны жан жылуымен бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді.

Құрметті ұстаз - аналар алда келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймыз!(Оқушылар жауқазын гүлін ұстаздарға сыйлайды)

Жүректен жүрекке.

Оқушылар жүрегімізді жақсы тілекке толтырайық. (оқушылар жүрекке жақсы тілектер жазып оны үлкен жүрекке іледі)

Елімізде қайырымдылық жасаудың негізінде құрылған «Бөбек» қоры. «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева еліміздегі көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, аялы алақанын ұсынуда. ( Оқушыларға слайд арқылы көрсету

6.Топпен ән айту.

Қорытынды:Жақсы бала еңбекшіл болады, қиындықты женеді барлық табиғатда суйсінеді онда балалар есимізден жақсылықты шығармайық.


  1. Үй тапсырмасы.

25-сабақ Алпыстан асқаннан ақыл сұра. Оқу

8.Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қоямыз. Сонымен балалар бүгін қандай құндылықтар мен қасиеттерді үйрендік?

Қане бәріміз бірігіп есімізге түсірейік!

Жауабы: Сүйіспеншілікке, мейірімділіккке, әдептілікке, бауырмашылдыққа үйрендік. Осы қаситеттерді жүрегімізде сақтайық та, ақырын көзімізді ашайық. Деп музыканы сөндіреміз.

  1. Ал енді, демалып келіңдер!.


Мерзiм: 11.03, 12.03.15

№25

Тақырып: Халық даналығы

Құндылық: Адамгершілік

Қасиеттер:Мейірімділік, қайырымдылық

Сынып 2 «а», «ә»

Сабақ мақсаты:

«Даналық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері: -жұмбақ, мақал-мәтел, ертегі - халық даналығы екендігін түсіндіру; -халық даналығына сүйіспеншілігін арттыру; -халық даналығын сақтауға, бағалауға тәрбиелеу.

Ресурстар:оқулық , Данышпан атаның жіберген хаты, Ақботаның қоржыны.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Қортынды:

Үнемі бір-біріңізге жақсылық тілеп жүріңіздер.

2.Үй тапсырмасын тексеру

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз. «Ақыл шыңы - даналық» халық даналығы


Мәтінмен жұмыс

Өсиет әңгіме *Хан баласы «халық даналығын» қалай табады? *Халық даналығына нелер жатады?

Қорытынды:

6.Шығармашылық жұмыс

Даналық сөздерді оқып, суреттерде берілген тақырыптарға сәйкес топтастырыңдар. 1. Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы. 2. Адам деген - ардақты ат. 3.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. 4. Адам арын ойлайды. 5. Оқу - инемен құдық қазғандай. 6. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. 7. Адамның сұлулығы - шыншылдығында.

  1. Дәптермен жұмыс -Дәптерде жұмбақ шешуінің суреттері (доп, күн, өрмекші) берілген, олардың тұстарына қалдырылған бос жолдарға жұмбақтың берілуін жазыңдар. *Домалап кетеді, Қайта домалап жетеді. (Доп) *Қараңғыны түреді, Ылғи жалғыз жүреді. (Күн) *Шидей ұзын сирағы, Тастай керең құлағы. Сөйтіп жүріп көп жерге Аспалы тор құрады. (Өрмекші)

  2. Ойын. «Жұм - аш» Балалар партада өз орындарында отырады. Бір оқушы ортаға шығап, берілген бір заттың түрін, түсін, көлемін, ерекшелігін жұмбақтап жасырады, қалған балалар табуға тырысады.


  1. Үй тапсырмасы.

27-сабақ Халқым менің қонақжай. Қонақ күту рәсімін айту. Оқу

9.Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қоямыз. Сонымен балалар бүгін қандай құндылықтар мен қасиеттерді үйрендік?

Қане бәріміз бірігіп есімізге түсірейік!

Жауабы: Халық даналығына сүйіспеншілігін арттыру, оны құрметтеп, сақтауға, бағалауға үйрендік. Осы қаситеттерді жүрегімізде сақтайық та, ақырын көзімізді ашайық. Деп музыканы сөндіреміз.

Ал енді, демалып келіңдер!.





Мерзiм: 18.03, 19.03.15

№26

Тақырып: Халық даналығы

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер:Мейірімділік, қайырымдылық

Сынып 2 «а», «ә»

Сабақ мақсаты: «Даналық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Міндеттері: -жұмбақ, мақал-мәтел, ертегі - халық даналығы екендігін түсіндіру; -халық даналығына сүйіспеншілігін арттыру; -халық даналығын сақтауға, бағалауға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Видео

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлеу. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сұрақ: Қандай әсерде болдыңдар?

Қортынды:

Үнемі бір-біріңізге жақсылық тілеп жүріңіздер.

2.Үй тапсырмасын тексеру

«Қайырымдылық» тақырыбын сұрау.

қорытындылау

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Табиғаттағы барлық жылу - күннен,

Өмірдегі барлық жылу - адамнан. М. Пришвин Қорытынды: Өзің адамдарға, айналаға көмек көрсете алсаң, саған да қиналған сәтте адамдар, айналаңда көмек береді дегенді білдіреді.

Жан-жағына жақсылық жасап жүру жақсы адамның ісі.


  1. Әңгiмелеу

Мәтінмен жұмыс.

З. Мейiрханова

Маржан бала кезiнен табиғатты және оның байлықтарын сүйiп өстi. Ата-бабасынан берiлген қасиет шығар, атасы Есқалиды ауылдастары Мичуриннiң iзбасары дейтiн. Бiрде Маржан серуендеп жүрiп, бiр жылаған дауысқа құлағын түрдi. Абайласа, аяғының астындағы тастың қуысынан естiледi. Барлық күш-жiгерiн салып, тасты көтерiп едi, тастың астында қылтиып өсiп келе жатқан жауқазын гүлi, жапырақтары бүрiсiп қалыпты, күлтесi де мыжылған. Маржан тасты көтерiп қалған сәтте-ақ, жауқазын "ух!" деп тыныстады:

- Мұндай жағдайға қалайша тап болдың, айтшы?

Жауқазын әлсiз де нәзiк даусымен мән-жайды түсiндiре бастады.

- Күз айының аяқ кезiнде мына тас маған пана болам деп уәде берiп едi. Мiне, аяғы қандай жағдайға душар болдым.

Тасты алысырақ алып тастап, жауқазынның бүрiсiп қал­ған жапырақтарын жөндеп, топырағын қопсытып, су құйды.

- Жауқазын, сен налыма, менiң жауқазынымсың, саған қамқоршы боламын, - дедi.

· Маржан жауқазынға қандай жақсылық жасады?

· Тас пен Маржанның іс-әрекеттерінен қандай айырма­шылық байқадыңдар?

Суреттерге қараңдар. Тал мен мысыққа, үлкен кісі мен сырқат жанға қандай жақсылық жасау керек екендігі туралы айтыңдар.

Қорытынды:

Оқушылардың алған білім - біліктерін нақтылау мақсатында тапсырма беріледі. Тапсырма бойынша балалар оқулықта берілген суреттерге қарап, осындай жағдайларда қандай жақсылық жасауға болатындығын әңгімелеп айтады. Балалардың жауаптары тыңдалады.

Жүрегінде жылуы бар адамдардың көмекке мұқтаж жандарға, жан - жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасайды. Жақсылық жасау - адам жүрегіндегі ең асыл қасиеттерінің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады.

5.Шығармашылық жұмыс

Дәптермен жұмыс.

Оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіру.

- Суреттегі бос тор көздерге «Ана деген кім?»сұрағына жауаптар жазыңдар. (Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, жария етеді)

- Расында да, адамның әдептілігімен, жан дүниесінің жылулығы ең алдымен балаға ақ сүт беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны жан жылуымен бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді.

Құрметті ұстаз - аналар алда келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймыз!(Оқушылар жауқазын гүлін ұстаздарға сыйлайды)

Жүректен жүрекке.

Оқушылар жүрегімізді жақсы тілекке толтырайық. (оқушылар жүрекке жақсы тілектер жазып оны үлкен жүрекке іледі)

Елімізде қайырымдылық жасаудың негізінде құрылған «Бөбек» қоры. «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева еліміздегі көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, аялы алақанын ұсынуда. ( Оқушыларға слайд арқылы көрсету

6.Топпен ән айту.

Қорытынды:Жақсы бала еңбекшіл болады, қиындықты женеді барлық табиғатда суйсінеді онда балалар есимізден жақсылықты шығармайық.


  1. Үй тапсырмасы.

25-сабақ Алпыстан асқаннан ақыл сұра. Оқу

8.Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қоямыз. Сонымен балалар бүгін қандай құндылықтар мен қасиеттерді үйрендік?

Қане бәріміз бірігіп есімізге түсірейік! Халық даналығы деп нені айтамыз. Сендер қандай халық даналығын білдіңдер?


Мерзiм: 3. 03. 15ж

№24

Тақырып: Мақтану - мақтаншақтық емес

Қасиеттер:Кішіпейілділік, қайырымдылық , мақтану, мақтаншақ болмау

Сынып 3

Сабақ мақсаты :

Білімдік: оқушылардың кішіпейіл, қайырымдылық сияқты адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылық: жағымды, жағымсыз қылықтарды ажырата білу іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік: кішіпейілділікке, қарапайымдылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Видео

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлеу. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сұрақ: Қандай әсерде болдыңдар?

Қортынды:

Үнемі бір-біріңізге жақсылық тілеп жүріңіздер.

2.Үй тапсырмасын тексеру

«Қайырымдылық» тақырыбын сұрау.

қорытындылау

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз. «Мақтаншақ кісі - менмен кісі, менмендік - адамның міні» Жүсіпбек Аймауытов

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның білсеңіз.


  1. Әңгiмелеу

Әңгімелесу

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып, сұрақтарға жауап беру.

- «Мақтану» дегенді қалай түсінесің?

- «Мақтаншақ» адам қандай болады деп ойлайсың?

- Сендер қандай іспен мақтана аласыңдар?

Түйіндеу (мұғалім сөзі)

- Адам өз еңбегімен келген жетістіктерін дос, жақын, туыстарына айтып, өзінің қуанышын бөліссе, оның айыбы жоқ. Оны мақтану деп айтады. Бет алды істемеген істі, жасадым деп айту, кішкентай еңбегін үлкейтіп айту, қолынан келмейтін іске масаттану, өзін өзгелерден жоғары санау - мақтаншақтыққа жатады. Бұл адамды ұятқа қалдырады.

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді мәнерлеп, тізбектеп оқып, мақтану мен мақтаншақтықты ажырата білуге үйренеді. Мазмұныны айтады.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

- Алтын мүйіздің іс - әрекеті мақтану ма, мақтаншақтық па? Неліктен?

- Ол мақтаншақтығынан қандай қиындықтарға тап болды?

Қорытынды:

Мақтаншақтық ұятқа қалдырып, ыңғайсыз жағдайларға душар етеді, өтірік айтып, өзін басқалардан ақылды санайды. Ол адамға ешкім жақындағысы келмейді. Сондықтан да үлгі боларіспен мақтануға болады, ал мақтаншақ болмау керек.

Ойын «Кішіпейілділікке адымдар»

Егер «Иә» деген жауап болса балалар алақан соғады.

a) мұғалімнің түсіндіргенін мұқият тыңдау;

б) әңгімені бөліп, бөтен әңгімеге араласу;

в) қызға орын беру және үлкенге;

г) біреудің затын тартып алу;

д) үлкенге көмектесу;

е) жолдастарыңмен дөрекі сөйлесу;

ж) далаға бірінші болып шығу үшін, басқаларды итеру;

з) өтінішпен сұрау, талап етпеу;

5.Шығармашылық жұмыс

Топтық жұмыс

Әр топ өзіне берілген мәтінді сахналап көрсетеді.

1 - топ тапсырмасы

Үш оқушы бірігіп журналды қаптайды, бірақ Аян: Мен қаптадым,- дейді. Оған Адлет пен Тамерлан оған үндемейді. Мұғалім естуінше, үшеуі істегенін айтқанда Аян: Иә, үшеуіміз жасағанбыз, - дейді.

2 - топ тапсырмасы

Зубиля қалалық баскетбол жарысынан 2 орынды жеңіп алды. Сыныпқа келіп, «Мен екінші орын алдым»- деп айқайлады. Сынып оқушылары Зубилянің жеңісіне шаттана қуанды.

3 - топ тапсырмасы

Шаңғы тебумен айналысқанына үш күн болған Алихан достарына: «Мен ертең таудан әкеммен бірге сырғанайтын болдым. Шаңғыны жаңа үйренсем де, жаттықтырушым рұқсат етті»,- деді. Балалар оған күмәнданып, қарады.

7) Тапсырма

«Жарнама» ойыны

1-топ

2-топ

3-топ

Достарын жарнамалайды. Оқулықты жарнамалайды Өз сыныптарының жетістігін жарнамалайды

8) Жаңа ақпарат

Мақтаныш, мақтаншақ сөздерінің мағынасы ашып, түсіндіріп, неге жеткізетінін сызбаға түсір

мақтаныш мақтаншақ

Мақтаныш сезім өзімшілдік

менмендік

9) Қорытынды: Дәптермен жұмыс Менің ойымша... айдарымен берілген бос жолдарға мақтану мен мақтаншақтық туралы өз ойларын жазады.

Сендер кімді мақтан тұтасыңдар? Жүрекшеге жазып, ағашқа жапсырады.


  1. Үй тапсырмасы.

25-сабақ Мейірімділік- асыл қасиет. Оқу

8.Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қоямыз. Сонымен балалар бүгін қандай құндылықтар мен қасиеттерді үйрендік?

Қане бәріміз бірігіп есімізге түсірейік!

  1. Ал енді, демалып келіңдер!.






Мерзiм:17.03.15ж

№26

Тақырып: Жаным толған жақсылық

Қасиеттер:Мейірімділік, қайырымдылық

Сынып 3

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

- жақсылық жасаудың адами қарым - қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

- қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу

Ресурстар:

бейнефильм, слайдтар, оқулық, суреттер.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сұрақ: Қандай әсерде болдыңдар?

Қортынды:

Үнемі бір-біріңізге жақсылық тілеп жүріңіздер.

2.Үй тапсырмасын тексеру

«Қайырымдылық» тақырыбын сұрау.

қорытындылау

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз:

«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»


  1. Әңгімелесу

Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс.

Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан.

Атақты жазушы атамыз Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жаманшылыққа жақсылық ер кісінің ісі»

деген екен. Біреуді танымасаң да жақсылық жасау әр оқушының парызы. Әрқашан жақсылық жасар жақсы адам болу үшін жақсылық жайлы мақал - мәтел жаттап жүруіміз керек. Негізгі ойды тауып, өмірден мысал келтіру.

Жақсылық қылсаң - жасыр,

Жақсылық көрсең - асыр.

Өзгеге жасаған жақсылығың,

Өзіңе жасаған жақсылығың

Жақсылық жүрген жерде

Тапшылық болмайды.

Өзіммен - өзім

  1. - Балалар ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Өздеріңді жақсылық жасауға асығып барамыз деп елестетіңдер. Өздеріңді көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза су жағасында, жайқалған жасыл желек ортасында, сайраған әсем құстар, айнала асқар таулар әдемі табиғат аясында жүргендеріңді сезініңдер. Көрікті, сұлу табиғаттың, ғажап жерлердің ұзақ сақталуына өз қамқорлығыңды көрсетіп жатырсыңдар

5.Шығармашылық жұмыс

Оқушыларға алдын ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздарды үлестіріп, сол қағазға өзі жасаған жақсы істерінің суретін салып немесе жазып жеткізу.

- Жұмыстарын қорытындылау.

- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналды.(тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін ілу) Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Үй тапсырмасы

Дәптерде берілген « Жақсылық бастауынан» тараған тармақтарға төмендегі сұрақтарға жауап жазу

1. Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүресіңдер?

2. Өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді санамалап жазыңдар.

3. Қандай жағымсыз қылықтардан аулақ жүруге тырысасыңдар?

6. Оқушылар барлығы қосылып айтады.

Жақсы сөз, жақсы тілекті

Болайық ізгі ниетті

Жақсылық ойлап кісіге,

Тілейік үлкен - кішіге

- Ата - анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді.

- Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.

- Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.

- Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.

- Талапты достарыма табыс тілеймін.

- Сыныптастарыма амандық тілеймін.

- Отбасыма бақыт тілеймінСоңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қоямыз. Сонымен балалар бүгін қандай құндылықтар мен қасиеттерді үйрендік?

Қане бәріміз бірігіп есімізге түсірейік!тілектер айту

Ал енді, демалып келіңдер!.



Мерзiм:10.03.15ж

№25

Тақырып: Мейірімділік- асыл қасиет

Қасиеттер:Мейірімділік, қайырымдылық

Сынып 3

Сабақтың мақсаты : Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

- жақсылық жасаудың адами қарым - қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

- қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу

Ресурстар:

бейнефильм, слайдтар, оқулық, суреттер.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Орманға саяхат

Арқаларыңызды тік ұстап отырыңыздар. Көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әр тыныс алғаныңызда өзіңізді тыныш сезінуге тырысыңыз. Сіз сыныптың есігіне жақындадыңыз, есікті ашып, дәлізбен келе жатырсыз. Далаға шықтыңыз. Таза ауаны жұтып, самал жел мен күн нұрының сіздің бетіңізді жылытқанын сездіңіз. Орманға қарай жүріңіз. Абайлаңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минутқа тоқтап, айналаңызға қараңыз. Табиғаттың сұлулығы мен тазалығын сезініңіз. Жаныңыздағы гүлдердің біріне келіп, сәл иіліп, мұқият қараңыз, қандай нәзік. Оны иіскеп, хош иісін сезіңіз. Айналаңызға зер салып, ары қарай жүріңіз. Гүлдер, гулдер мен ағаштардың хош иісі, құстардың әні және жәндіктердің баяу үні. Орманда жүріп, ағаштардың көптігіне, жақындаған сайын биіктей беретіндігіне назар аударыңыз. Күн көзі сізге жапырақтар арасынан сығалап, жасырынбақ ойнағандай, оның сылдырын естіңіз. Орманда біз өзімізді бақытты және қауіпсіз сезінеміз. Жазыққа шығып, бірнеше минут тынығыңыз. Өзіңіз бір сәт саясында отырғыңыз келген бір ағашты таңдаңыз. Ағаштың жанына келіп, оны құшақтаңыз. Қандай мықты ағаш. Оның күштілігі мен ондағы өмір қуатын сезініңіз. Енді оның түбіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алып, сөзді қоршаған ішкі тыныштық пен үнсіздікті сезініңіз (Мұғалім осы жерде бірнеше минут тоқтай тұруына болады). Біз жеңілдік пен бақытты сезінеміз. Қандай таңғажайып табиғат, біз барлық тіршілік иесін қалай аялап, сүюіміз керек екенін түсінеміз. Енді бұл сіздің ағашыңыз, кез-келген уақытта осында келе аласыз. Мектепке қайта оралуға әзірленіңіз. Орныңыздан тұрып, айналаңызға тағы да мұқият қараңыз. Жәндіктерді басып кетпей, келген жолыңызбен қайтадан мектепке оралыңыз. Міне, мектептің ауласына жеттік. Айналаңызға тағы қарап, терең тыныс алып, есікті ашып ішке кіріңіз де орныңызға келіңіз. Осы тыныштық пен қанағат сезімін сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімдеңіз!

Сұрақ: Қандай әсерде болдыңдар?

Қортынды:

Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында үй тапсырмасын сұрау

«Мен мейірімді баламын» тақырыбында құрастырып келген әңгімелеріңді тыңдайық.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

- Жарайсыңдар, балалар, мен сендердің мейірімді істеріңді естіп, қуанып тұрмын. Адамға, қоршаған ортаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз:

Тақтаға «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қою.

- Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да адамды да дүниеге әкелуші ана дейді. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолыңда.


  1. Әңгімелесу

Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

- Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Балалардың жауаптарын түйіндеу:

Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады.

  1. Мәтінмен жұмыс

«Сары тауық пен балапандары»

М.Төрежанов

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.

Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.

- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.

- Ол тым жас.

- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.

- Cырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.

- Мен,-деді тұңғышы.

- Мен барайын?-деді оған тетелесі.

- Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.

- Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.

- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай ысырып.

- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.

Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.

Қорытынды:

5.Шығармашылық жұмыс

Ойын-тапсырма:

Мейірімділік сөздерімен гүл құрастырайық.

Балалар сендер мейірімді болуды үйде аналарыңнан, мектепте ұстаздарыңнан үйреніп жүрсіңдер. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық.

- Ол қандай адам? (Баяу музыка ойнап тұрады)

Кішіпейіл, мейірімді, сыпайы, әдепті, жанашыр, қамқоршы, кешірімді, бауырмал.

8) Жаңа ақпарат

Видеокөрсетілім: (Мейірімділік туралы)

9) Қорытынды: Дәптермен жұмыс Менің ойымша... айдарымен берілген бос жолдарға мейірімділік туралы өз ойларын жазады.

26-сабақ Жаным толған жақсылық. Оқу

8.Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қоямыз. Сонымен балалар бүгін қандай құндылықтар мен қасиеттерді үйрендік?

Қане бәріміз бірігіп есімізге түсірейік!тілектер айту

  1. Ал енді, демалып келіңдер!.


Мерзiм:6.03.15ж

№25

Тақырып: Сабыр түбі-сары алтын

Қасиеттер:Сабырлылық, ұстамдылық сияқты адами қасиеттер туралы түсінік

Сынып 4 «ә»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

- жақсылық жасаудың адами қарым - қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

- қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу

Ресурстар:

бейнефильм, слайдтар, оқулық, суреттер.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сұрақ: Қандай әсерде болдыңдар?

Қортынды:

Үнемі бір-біріңізге жақсылық тілеп жүріңіздер.

2.Үй тапсырмасын тексеру

«Қайырымдылық» тақырыбын сұрау.

қорытындылау

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз:

«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»


  1. Әңгімелесу

Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс.

Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан.

Атақты жазушы атамыз Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жаманшылыққа жақсылық ер кісінің ісі»

деген екен. Біреуді танымасаң да жақсылық жасау әр оқушының парызы. Әрқашан жақсылық жасар жақсы адам болу үшін жақсылық жайлы мақал - мәтел жаттап жүруіміз керек. Негізгі ойды тауып, өмірден мысал келтіру.

Жақсылық қылсаң - жасыр,

Жақсылық көрсең - асыр.

Өзгеге жасаған жақсылығың,

Өзіңе жасаған жақсылығың

Жақсылық жүрген жерде

Тапшылық болмайды.

Өзіммен - өзім

  1. - Балалар ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Өздеріңді жақсылық жасауға асығып барамыз деп елестетіңдер. Өздеріңді көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза су жағасында, жайқалған жасыл желек ортасында, сайраған әсем құстар, айнала асқар таулар әдемі табиғат аясында жүргендеріңді сезініңдер. Көрікті, сұлу табиғаттың, ғажап жерлердің ұзақ сақталуына өз қамқорлығыңды көрсетіп жатырсыңдар

5.Шығармашылық жұмыс

Оқушыларға алдын ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздарды үлестіріп, сол қағазға өзі жасаған жақсы істерінің суретін салып немесе жазып жеткізу.

- Жұмыстарын қорытындылау.

- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналды.(тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін ілу) Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Үй тапсырмасы

Дәптерде берілген « Жақсылық бастауынан» тараған тармақтарға төмендегі сұрақтарға жауап жазу

1. Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүресіңдер?

2. Өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді санамалап жазыңдар.

3. Қандай жағымсыз қылықтардан аулақ жүруге тырысасыңдар?

6. Оқушылар барлығы қосылып айтады.

Жақсы сөз, жақсы тілекті

Болайық ізгі ниетті

Жақсылық ойлап кісіге,

Тілейік үлкен - кішіге

- Ата - анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді.

- Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.

- Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.

- Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.

- Талапты достарыма табыс тілеймін.

- Сыныптастарыма амандық тілеймін.

- Отбасыма бақыт тілеймінСоңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қоямыз. Сонымен балалар бүгін қандай құндылықтар мен қасиеттерді үйрендік?

Қане бәріміз бірігіп есімізге түсірейік!тілектер айту

Ал енді, демалып келіңдер!.



Э С С Е

Осы курс мені шабыттандырды.

«Өзін-өзі тану » пәнінің білім мазмұны үлкендерді және жасөспірімдерді адамгершілікке, азаматтыққа, елжандылыққа тәрбиелеуге негіз болатын жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесінен тұрады. Сабақ барысында, сабақтың соңында ,өтіп жатқан курсымызда бұл пән әр адамның көңіл-күйін, сезімін, сабақтан алған әсерін, анықтауға жол ашады. Біз қандай да болмасын тақырыптарды өткенде оларды өмірдегі болып жатқан жағдаяттармен дәлелдеп , қандай қателіктер кеткенін немесе қандай жетістіктерге жеткенімізді аңғардық. Сабақ барысында шынайы ойлап, жүрегімізге түйіп, сол тақырыптағы кейіпкерлермен бірге өмір сүргендей болып қиналдық та, қуандық та. Бұның өзін мен ойлаймын өз-өзіңді танудың сатылары деп. Осындай жағдайларда дұрыс әрекет жасауға, дұрыс шешімдер қабылдауға өзіміз сабақ барысында оқушыларымызға көмектескендей, тренеріміз Дидар Бериковнаның еңбегі зор болды.

Абай данышпанымыз айтқандай : «Балама мылтық үйреттім ,

Ол мерген боп , мені атты» -деп өзінің ұстазы Айгуль Рымбаевна білім нәрін алып, өзінің жақсы оқушы, жақсы ұстаз болғанын мақтан тұтады.Осылай өмірден жақсы адамдардан жақсы білім алып, жанындағыларға тек нұрын жаудырып отырса, әр қазақ азаматы өз елінде, көптеген биік жетістіктерге жетері сөзсіз. Мен халқымның ең мәдениетті, әділетті, ынтымағы мол, нағыз тәуелсіз ел боларына сенемін.

Курс басталғанда кәдімгі үйреншікті, жылда өтіп жүрген дәріс сияқты қабылдадым. Күндер өте тренеріміз әр түрлі тақырыптарға байланысты, өмірімізге, өз өміріне байланысты жағдаяттарды талдағанда ,оның арасында видиороликтерді көргенде жан дүнием өзгеріп отырды. Өйткені тренеріміз Дидар Бериковна , уақыт тауып біздерді, қайтсем осы ұстаздарға көмегім тие ме?- деген , мазалап жүрген сұрағына жауап табумен болған. Иә, жауабы табылды. Бәріміз жауап алған сайын шабыттанып, ұстаздар өз өмірінен мысалдар келтіріп, әр берілген сұрақтың шешімін тауып отырдық. Яғни көптеген құндылықтардың түрлерін аштық. Бұл курс мені өзін-өзі тану пәніне деген құштарлығымды арттыра түсті, шабытым шыңдай түсті.



© 2010-2022